Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Бар мейірім анадан" атты сыныптан тыс шара

"Бар мейірім анадан" атты сыныптан тыс шара

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,Жалпы білім беретін-Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғаліміC:\Users\Admin\Desktop\20.jpeg

Нургалиева Айнур Искаковна







Тақырыбы: «Бар мейірім анадан»


Мақсаты: С.Алпысқызының мерейтойына байланысты мәнерлеп оқу сайысын өткізу.Ананы қадірлеуге, құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Анаға деген бала махабатын ояту.

Көрнекілігі: ана туралы нақыл сөздер, гүлдер, шаралар.

Барысы:

1-жүргізуші: Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

2-жүргізуші:Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым.

1- жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі, қадірлі сөз- ана.

2- жүргізуші: Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ.

1-жүргізуші:- Дұрыс айтасың,Наргиза.Ендеше оқушылардың ойын білу үшін мынадай сұрақтар қойғым келіп тұрғаны.

2-жүргізуші:- Ол қандай сұрақ?

1-жүргізуші: -Балалар дүниеде ең қымбат кім?

-Ол ана.

-Дүниедегі ең жұмсақ не?

-Ол ананың алақаны.

-Дүнеде ең тәтті не?

-Ол ананың сүті.

2-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі ана тақырыбында өткелі отырған «Бар мейірім анадан»атты мәнерлеп оқу сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен және әділ қазы алқаларымен таныстырып өтелік,

2-жүргізуші: -Таныстырсақ, таныстыралық.

1-жүргізуші: Сайыс шарттары мынадай қатысушылар дауыс мәнері, сахна мәдениеті, өлеңді жатқа айтуы, актерлік шеберлігі бойынша бағаланып отырады.

2-жүргізуші: Сайыскерлерімізді бақылау үшін әділ -қазы алқасын ортаға шақырамыз.

1.Тәрбие ісінің меңгерушісі: А.А.Аманғалиева

2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: А.Е.Сарсенова

3.Оқу ісінің меңгерушісі: М.Ж.Байниязова

1-жүргізуші: Қасиет,сайыс алдында қатысушыларымыз жүректегі толқыныстарын бассын деген оймен кезекті әнге берелік.Ән: « Анама» 5 сынып оқушысы Базарғали Ұлдай.

2-жүргізуші: Ұлдай әніңе рахмет! Ендеше сайысымызды басталық.

1-жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Төрт ұйқыңдыбөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшақтың аясындай гүл бақтың.

Ортаға Жолдыбаева Сабина 1-сынып

Мәлік Аяна 2-сынып

Зағыпар Назерке 3-сынып

Жанғожиева Самал 4-сынып

Ахметжанова Айда 5-сынып сынды оқушыларды ортаға шақырамыз. Іске сәт, достар!

2-жүргізуші: Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

-дей келе келесі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1.Сағидоқас Гүлден 6-сынып

2. Утеғалиева Алтынай 7-сынып

3. Нұрғалиев Оразбек 8-сынып

4. Жамбыл Ақкенже 9-сынып

Сайыста сәттілік тілеймін.

1-жүргізуші:-Әйел-ана, дүниедегі жалғыз күш қой: Оның алдынды Азияның айбарлы арыстаны, Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иді.

2-жүргізуші: -Дұрыс айтасың,Наргиза! Ана-барлық өмірдің бавстауы.Ол адамды өмірге әкелді, оны тәрбиелейді, өсіреді. Ана-ұлы адам. Ана-құдіретті жан.Ендеше келесі кезекті биге берсек қайтеді.

1-жүргізуші:-Берсек, берелік. Тыңдаушыларымыз бен сайыскерлеріміз бір серпіп қалсын.

Би: «Анаға сый» Мәлік Малика 5 сынып оқушысы.

2-жүргізуші:Қүрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызды одан әрі жалғастырамыз.

1.Карина Ғабделсамат 1-сынып

2. Амангелдина Айнұр 4-сынып

3. Махсотова Инабат 3-сынып

4. Нұрланов Арнұр 2-сынып

5. Қабекен Жұпархан 6-сынып


1-жүргізуші: Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке,-дей келе, келесі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1. Болат Темірлан 10-сынып

2. Нұрғалиева Рысханым 9-сынып

3. Утеғалиева Айман 8-сынып

4. Мақсот Ақберен 7-сынып

5. Бейсенғалиева Ақмаржан 5-сынып

6. Зағыпар Дильназ 4-сынып.

1-жүргізуші: Шуақ төгіп, күлімдейсін қарасам,

Анашымды күнге қарап баласам.

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

2-жүргізуші: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

Аналық махабаттың кәусар-бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ,-дей келе, әділ-қазыларымыз бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын нықтағанша кезекті қазақ биіне береміз.

1-жүргізуші:Сөз кезегін әділ-қазы алқаларына береміз.

2-жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

1-жүргізуші:Аналарды аялайық әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

2-жүргізуші: Сайыскерлерімізді бүгінгі шағын жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

1-Жүргізуші: Баласын сүйген ананың көзінің жасы тамбасын! Біз аналар жүрегінің қалауы- әлемде бейбіт күн болуын қалаймыз.

2-жүргізуші: Ата-ана мен бала бақытты болғай?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бар мейірім анадан" атты сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 857 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 689
    • DOCX 788.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Айнур Искаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургалиева Айнур Искаковна
    Нургалиева Айнур Искаковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18577
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой