Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Бұқар жырау. «Қазақтың ханы Абылай» ашық сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Бұқар жырау. «Қазақтың ханы Абылай» ашық сабақ

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:  Бұхар жырау. «Қазақтың ханы Абылай»

М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы


Мақсаты:

Білімділік:  Бұхар жырау туралы білімдерімізді тереңдету, оның шығармашылығымен танысу

Дамытушылық:  мәнерлеп оқу, толғауды талдауға үйрену.

Тәрбиелік:  тарихымыздағы ұлы тұлғаларды үлгі етіп, Отанымызды сүйе, құрметтей білеміз

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнекілігі:   Бөгенбай батыр, Бұхар жырау  және Абылай хан, Жәнібек хан, Қазыбек бидің портреттері, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:


Жаңа тақырыпты таныстыру.   Интерактивті тақтада мына өлең жолдары көрсетіледі. Өзім мәнерлеп оқимын. Содан кейін оқушылардан авторын сұраймын.

  Ай, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде

Тұрымтайдай ұл едің,

 Түркістанда  жүр едің.

Әбілмәмбет патшаға

Қызметші болып тұр едің.

Бұл өлең жолдарының авторы кім?

Дұрыс айтасыңдар. 

Ендеше  келесі сұрақтарға жауап  беріңдер.

1.     Бұхар жырау кім?

Неге ол жырау деп аталады?

Жырау дегеніміз кім? Қандай тағы да жырауларды білеміз?



Мәтінмен жұмыс презентация

Бұқар жырау туралы сызба құру

Қалқаманұлы Бұқар жырау

  • қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл.

  • 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

  • 1668-1781 жылы өмір сүрген жылдары,113 жаста қайтыс болған

  • Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен,

  • Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан.

  • . Жоңғар шапқыншылары қазақ елін басып алу үшін бірнеше мәрте шабуылдар жасаған. Солардың ең үлкені – 1723 жылғы қазақ елінің үдере көшіп, елін-жерін тастап кетуге мәжбүр болып, қызын күң, ұлын құл етіп алған оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалады. қиын-қыстау заманда өмір сүріп, қазақ халқының ауыр қасіретін жырға қосқандардың бірі – Бұқар жырау Қалқаманұлы. Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген – Қанжығалы Бөгенбай болатын.

  • «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», шығармалары бар- ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған.

  • Бұқар жырау өлеңдерін, өмірбаянын алғаш зерттеп, қағаз бетіне түсірген – белгілі ғұлама, фольклорист әрі ақын – Мәшһүр Жүсіп Көпеев.

  • 2003 жылы 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші ашылды.

Проблемалық сұрақ: «Бұхар  жыраудың    толғаулары – Абылай  хан дәуірінің  айнасы» деп неге айтқан?


Бұқар қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл. Абылай ханның кеңесшісі . кемеңгер (выдающийся, гениальный)

Бұқар жыраудың «Абылай хан қасында» өлеңін талдау

  • Мәнерлеп оқу

  • Сызбаны құрастыру

  • Өлең авторы

  • Өлең атауы

  • Өлең тақырыбы отанына деген ыстық махаббат,абылай хан

  • Өлең идеясы отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді

  • Шумақ

  • Бунақ

  • Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады

  • Буын

  • Ұйқас егіз

  • Көркем ерекшелігі

  • Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы не?

Бұхар жырау Абылай   ханнан басқа тағы кімді даралаған? Бұл батырлар туралы не білесіздер? Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды

  • «Қазақтың абырой арына

  • Сарп  қылған бар күшін», - деген жолдарды  қалай түсінесіңдер? Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді.

Сонымен

«Бұхар  жыраудың    толғаулары – Абылай  хан дәуірінің  айнасы» деп неге айтқан?


Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған.


Сабақты қорытындылау:


Жедел жауап:

  1. Бұқар қай жылы дүниеге келді? – 1668 жылы

  2. Бұқар қай ханның кеңесшісі болған? – Абылай ханның

  3. Алғаш рет қалмақтарды жеңген батыр – Бөгенбай батыр

  4. Бұқар жырау өлеңдерінің құрылысы неше буынды? – 6-7 буынды

  5. Өлмегенде не өлмейді” деген сұраққа Бұқар қалай жауап берген? – Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

6.Бұқар жырау қайда өмір сүрді?

7.Бұқардың өмірбаянын алғаш зерттеген ғалым?


Рефлексия.Сөйлемдерді жалғастыр:

Бүгінгі сабақта  мен......................................................................білдім, .....................................................үйрендім. Ең қызығы .....................................................................

Маған..............................................................қиын болды.


 

Бағалау.  Оқушылар  өздерін өзі бағалайды.

 


  1. Бұқар қай жылы дүниеге келді? –..........................жылы

  2. Бұқар қай ханның кеңесшісі болған? –.................................ханның

  3. Алғаш рет қалмақтарды жеңген батыр –...................................батыр

  4. Бұқар жырау өлеңдерінің құрылысы неше буынды? –...............буынды

  5. Өлмегенде не өлмейді” деген сұраққа Бұқар қалай жауап берген?

  6. Бұқар жырау қайда өмір сүрді?.........................................оңірінде

  7. Бұқардың өмірбаянын алғаш зерттеген ғалым?.......................................

  8. Жырау шығармашылығының негізгі тақырыбы?.....................................






рефлексия

Бүгінгі сабақта  мен......................................................................білдім, .....................................................үйрендім. Ең қызығы .....................................................................

Маған..............................................................қиын болды.





Бағалау парағы

Үй жұмысы

Өмірбаяны

сызба

Өлең талдауы

Жедел сұрақ

Жалпы ұпай






20-18 ұпай-5

17-14 ұпай-4

13 ұпай- 3













Бұқар қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл.

18 ғ. болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін тудырғаны белгілі. Осы кезде «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі.

Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым

Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі

жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді.

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/biography/2266-buhar.html?Like
© www.ZHARAR.com

Қара керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Қаз дауысты Қазыбек.

Шашақ  ұлы Жәнібек,

Өкпе қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

2003 жылы 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші ашылды.

Қазақтың абырой-арына

Сарп қылған бар күшін,



Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады






Общая информация

Номер материала: ДВ-159521

Похожие материалы