Инфоурок Другое Другие методич. материалы"БҰҚАР ЖЫРАУ" сабақ жоспары

"БҰҚАР ЖЫРАУ" сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау .

Сабақтың мақсаттары:

        1) тыңдаушылардың  білімін тереңдету,салыстыру , ажырата білу дағыдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру,  тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту;

       2) жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;                

       3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  сәйкестендіру, сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат.

Бұқар жырау

 (1668-1781)

       Бұқар жырау – ХVIII ғасырдың екінші жартысында  хандық құрған Абылайдың кезінде өмір сүрген жырау. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.

       Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады.

 

ОҚИМЫЗ

1.Жырдың бірінші шумағын мәнерлеп  оқып шығыңыздар.

Әлемді түгел көрсе де

Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

Қызыққа тоймас адамзат!

Әлем – дүние жүзі

Алтын үй – бағалы, қымбат үй

Қызыққа тоймас – әлемді танысам, білсем деген танымдық қызығушылық

 

СӨЙЛЕЙМІЗ

2.Сұрақтарға жауап беріңіздер. Сөздіктен қараңыздар.

-«Әлем» деген сөзді естігенде, көз алдарыңызға нені елестетесіздер?

-Ақын  «Алтын үй» деп нені айтып тұр?

-«Ай нұрын ұстап міну» деген фразеологизмнің мағынасын білесіз бе?

 

3.Керекті сөзді  қойып, өлең жолдарын толықтырыңыздар.

Әлемді түгел ................ де,

Алтын үйге ................... де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап ................ де-

................... тоймас адамзат!

 

ТЫҢДАЙМЫЗ.ОҚИМЫЗ.

4.Жырдың  екінші шумағын тыңдаңыздар, мәнерлеп оқып шығыңыздар.

Ілімді түгел білсе де,

Қызығын  қолмен бөлсе де,

Қисынсыз күйге түссе де-

Өмірге тоймас адамзат!

 

СӨЙЛЕЙМІЗ

5.Сұрақтарға жауап беріңіздер. Жаңа сөздерді сөздіктен қараңыздар.

-«Ілімді түгел білу,қызығын қолмен бөлу» деген тіркестерді қалай түсінесіздер?

-«Қисынсыз күйге түсу» деген тіркестің мағынасын білесіз бе?

-« Әлемді түгел білсе де,

Қызығын  қолмен бөлсе де,

Қисынсыз күйге түссе де-

Өмірге тоймас адамзат!» - деп жырау неге айтқан?

 

6.Керекті сөзді қойып, өлеңнің әрбір жолын бір-бірлеріңізге түсіндіріңіздер.

Ілімді түгел ............ де,

Қызығын  қолмен ............. де,

Қисынсыз күйге  ............  де-

...............  тоймас адамзат!

 

7.Екінші шумаққа ат қойыңыздар.

 

8.Жырдың үшінші шумағын мәнерлеп оқып шығыңыздар.

Жақындап ажал тұрса да,

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап, көңілі қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да-

Үмітін қоймас адамзат!

Қалжырау – шаршау

Көзі қарауыту – көзіне қарайып көріну

Үмітін қоймау – үмітін үзбеу, сенімін жоғалтпау

 

9.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Жырау «Ажал жақындап келіп, жанына батса да, көзі қарауытып шаршаса да, адамзат болашақтан үмітін үзбейді» деп неге айтқан?

- «Үмітін қоймас адамзат» деген өлең жолын бір-біріңізге түсіндіріңіздер.

 

10.Керекті сөзді қойып, өлең жолдарын толықтырыңыздар.

Жақындап ажал ...........  да,

Жанына қылыш  ........... да,

Қалжырап, көңілі қарайып,

Қарауытып көзі  ............ да-

Үмітін қоймас адамзат!

 

ЖАЗАМЫЗ

11.Төмендегі кестеге жырдың мазмұны бойынша сөздерді тауып жазыңыздар.

Қызыққа  тоймас адамзат

Өмірге тоймас адамзат

Үмітін қоймас адамзат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.Қорытынды

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!

1.Шумақтағы көп нүктенің орнына қажетті  сөздерді қойып жазыңыздар.

Әлемді түгел................ де,

Алтын үйге .............  де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

Қызыққа тоймас адамзат!

1)    Көрсе де, кірсе де

2)     Барса да,тұрса да

3)    Көрсе де,жүрсе де

4)    Бөлсе де,түссе де

 

2.Көп нүктенің орнына қажетті  сөздерді қойып жазыңыздар.

Ілімді түгел білсе де,

Қызығын  қолмен бөлсе де,

Қисынсыз күйге түссе де-

Өмірге тоймас адамзат!

1)    Көрсе де, кірсе де

2)     Көрсе де,жүрсе де

3)    Білсе де,бөлсе де

4)    Бөлсе де,түссе де

 

3. «Әлемді түгел көрсе де» жырының мазмұны кім туралы?

       1)адам

       2)адамзат

       3)табиғат

       4)қоғам

 

14. Үйге тапсырма.

      Өзіңізге ұнаған өлең шумағын жаттап келіңіз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""БҰҚАР ЖЫРАУ" сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 018 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 2188
    • DOCX 17.1 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ақбанова Перизат Куанышпаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ақбанова Перизат Куанышпаевна
    Ақбанова Перизат Куанышпаевна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28558
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой