- 16.12.2014
- 1046
- 3
Курсы
Другое
Сабақтың тақырыбы: «Бар бақыттың бастауы – Тәуелсіздік»
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке
жету жолында талай боздақтарымыздың жалған
айыппен шейіт болғандарын, тәуелсіздікті
бағалай білу керектігін жете ұғындыру.
Оқушыларды өз Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа,
елжандылыққа, желтоқсандарға әрдайым құрмет
көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Миға шабуыл
3. Ой қозғау
4. Монолог оқу
5. Шығармашылық жұмыс.
6. Рефлексия.
Мұғалім: Сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге түрлі-түсті қағаз қиындыларын таратамын. Түстеріне байланысты топтасып аламыз.
Мұғалім: Желтоқсан көтерілісі адам құқы мен намысты жоғары ұстауды талап еткен қозғалыс еді. Бұрын – соңды Қазақстан білмейтін Г.В.Колбин басшы болып сайланды. Сонау 1919 жылы Қазақ өлкесі болып құрылған Республикамызды 1986 жылға дейін басқарған 19 адамның 3-і ғана қазақ ұлтының өкілі, қалғандары басқа ұлттан ғана болған екен.
І топ «Азаттық» тобы оқушылар
ІІ топ «Теңдік» тобы оқушылар
ІІІ топ «Тәуелсіздік» тобы ата-аналар
Мұғалім: Олай болса, тәрбие сағатымызды әнұранмен бастайық.
Әнұран орындалады.
Ғалымжан:
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Нашақор деп ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақтың қыздарын,
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басына күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз болып жатқан күн.
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы кезіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан мұң.
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарт атқан күн.
Миға шабуыл: Бейнебаян көрсетіледі.
Бір минут үнсіздік
Мұғалім: Міне балалар, соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған бұл күн туралы сендер де білесіңдер. Әр топқа сұрақтар беріледі.
Аружан. 1 сұрақ: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының шығу себебі неде?
Еркінбек. 2 сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады?
Жансая. 3 сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
Күлаш. 4 сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды. Ал осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп алаңда жүрген қыздар болды ма?
Ой қозғау.
Мұғалім: Мен сіздерге парақшалар таратамын. Онда қандай жазу жазылған? Бұл сөздердің бүгінгі сабағымызға қатысы қандай?
1 топ
![]() |
2 топ.
![]() |
|||||||||
![]() |
|||||||||
|
|||||||||
![]() |
![]() |
||||||||
ІІІ топ
Әр топ өздеріне берілген тақырыптың мән-мағынасын түсіндіріп, қорғап шығады.
Монолог
Мұғалім: Әр топ өз тақырыбын дайындап болғанша Әмірбек Толғанай М.Шахановтың «Желтоқсан оқиғасы» өлеңін оқып береді.
Желтоқсан алаңы.
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.
Желтоқсанды ызғырықтан тітіркеніп, көк пен бел.
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.
Ерте есейген аруды шаштан сүйреп тепкен жер.
Жатты мұзда естен танып, күзге айналған көктемдер.
Ақнұр: «Тәуелсіздік» өлең оқу.
Мұғалім: Желтоқсаншылардың бәрі де батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға теңейтініміз де осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны» - деп жазған екен. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік осы бір ұлы үш ұғымның салтанат құруы үшін шейіт болған боздақтарымыз көзден кеткенімен, көңілден кете ме?
Шығармашылық жұмыс.
Мұғалім: келесі кезекті шығармашылық жұмыс кезеңіне берейік. Бұл кезеңде оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғап шығады. 1 буклет қорғау, 2 сурет салу. Оқушылар қорғап болғанша Ата-аналар «Қайсар рухты халқыма хат» тапсырмасын орындайды. Бұл тапсырмада ата-аналар өз балаларының келешегіне, болашағына арнап хат жазады.
Нұртілеу: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың,
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысы жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
деп бүгінгі сабағымызды елбасымыз мына сөзімен қорытындыласақ. «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр, бәрін аянбай сарп етуге пейілмін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай ьөзе білген, қажырлы да қайсар халқының алдында мен басымды иемін... Менде қазақтың елдігін ҚР-ң Мемлекеттік Тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ» - деген еді.
Желтоқсан желі – Азамат.
Көк тудың желбірегені Әсел, Нұрзат, Өмірғали.
Нұргүл «Төрт ана»
Бақберген:
Қара мынау ғажапқа
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
Өзіңдіні елің де,
Өзіңдіні жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде.
Рефлексия.
Ата-аналар мен оқушылар тәрбие сағатынан алған әсерлерін стикерлерге жазып, іледі.
Сабақ SWOT талдау арқылы талданады.
Настоящий материал опубликован пользователем Абдуллаева Айнура Абдрахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалдиректордын оку ісі жоніндегі орынбасары
Файл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна
учитель биологии и химии
Об авторе
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником
Биология 8 сынып
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі
Оқу мақсаты: 8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
Сабақ мақсаты:
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
II. Қызығушылықты ояту (10 минут)
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Бар бақыттың бастауы – Тәуелсіздік» тақырыбына жасалынған сабақ жоспары Желтоқсан оқиғасына, еліміздің тәуелсізідік күніне орай өткізіледі. Жоспарда оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімізбен таныстырылады. Оқушыларды Отансүйгіштікке, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін ұғындыру мақсаты көрсетіледі. Сабақ әр топтың " Қазіргі Қазақстан жағдайы " тақырыбына SWOT талдауы арқылы күшті, әлсіз, мүмкіндік, қауіпті жақтары көрсетіліп сабақ қорытыланады.
7 365 387 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 355 290 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.