Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / «Барлық буынға ұлттық білім берудің көзі – төл әдебиетіміз бен тарихта»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

«Барлық буынға ұлттық білім берудің көзі – төл әдебиетіміз бен тарихта»

библиотека
материалов

«Барлық буынға ұлттық білім берудің көзі – төл әдебиетіміз бен тарихта»

Тлепбергенов Мурат Хасанович

Тарих пәнінің мұғалімі

Жаңақала АББ М.Жүнісов атындағы ОЖББМ

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылы

....адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақстанның білім беру жүйесі идея, адам ресурстары, технология бойынша әлемдік алмасу жағдайында ұлттық білім беру мен тәрбие идеяларын сақтай және қолдай отырып әлемдік білім беру аясына кіруге бағытталғаны анық.

Осындай асқақ үміт пен мүдеден туған «Қазақстан – 2050» стратегиялық құжаттан кейін, елбасының халыққа жолдауын асыға күткенбіз. Бұл ұзақ мерзімді бағдарлама. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуын анықтайтын толық мүмкіндік бар деп көрсетті мемлекет басшысы. Ұлт көшбасшысы атап өткендей, әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына ену үшін, біз барлық дүниежүзілік озық тәжірибелерді пайдалануымыз қажет. Басқа да даму тетіктері белгіленді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идесы айтылды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы, мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұл жас ұрпақ үшін. Жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастарға үлкен мүмкіндік береді деп атап көрсетіп, ұлттық білімді дамыту мен сапасын арттыру туралы нақты тапсырма берілген (3).

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Қазақстандықтардың потенциалы, сонын ішінде білім саласында дүние жүзі мойындайтын деңгейде деуге болады. Бүгін президент жаңа межені белгілеп- білім сапасын, және оны сапалы іске асыруда, дүниежүзінің білім саласындағы озық тәжірибелерін пайдалануды ұсынды.

Заман өзгерді. Сол жаңа кезең қарым-қатынасына халқымыз тез икемделе білді, себебі еркін қатынас қазақтың қанында әуелден бар еді. Сондықтан басқалардың жүз жылдап жүрер жолын жиырма жылда-ақ өте алдық. Енді осы қарқынымыздан айырылып қалмау үшін заманға сай ұрпақ дайындауымыз керек- ақ.

Ғасырлар бойғы бодандықтың табынан толық арыла алмағандықтан болар, өзімізді елемей, басқаға жалақтауымыз әлі қалмай келеді. Сондықтан ғұламаларымыздың ескертпелеріне мән бере бермейміз. Әл- Фарабидің «тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Осы бағыт болмағандықтан, тек қана білдіруге ұмтылдыру өз жемісін бере алмайтынын күнделікті тіршіліктен айқын көріп отырмыз. Біздің пайымдауымызша, білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар, олар: білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу; шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.

Осындай жауапты істердің баянды болуы жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, білімді, парасатты, ана тілін, ата-бабасының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруді ұсынатын басты тәрбие құралымыз – бағзы заманнан бері, ұрпақ тәрбиесінің, алтын діңгегіне арналған халық ауыз әдебиеті, ақын-жазушыларымыздың таңдамалы туындылары.

Ұлттық құндылықты түгендеу, оны бала санасына ұлан жасынан құю – қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі ең үлкен жетістігі, оның нәтижесі – бабалардың «он үште отау иесі» деген түйіні болмақ. Ата – бабаның осы қадір-қасиетін қазіргі заманға сәйкестендіріп атқаруды өз міндетіне компьютерлік ойындар ала алады, себебі оның құрылымының өзі осы жүкті көтере алатынын айғақтап тұр. Қай ойынға да ата-бабалардың ұлағатты ойларын, тәлім-тәрбиесі тақырыпқа сайкестендірілген үйлесіммен қазақтың әсем табиғаты фонында, ұлттық саз, әуен арқылы өрнектеліп берілсе құба құп болар еді. ХХІ ғасырда жастарды Отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп халықаралық деңгейге көтеру, сонымен қатар білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу көзделіп отыр.

Әлемдегі Жапония, Англия, Германия, т.б. мемлекеттермен өркениет көшінің басында тұрғанын ешкім де жоққа шығармайды. Қазақ елінің де жаңа заманға лайық болуы үшін сол елдердің көшіне ілесуі – бүгінгі өмір талабы. Себебі Қазақстан – экономикалық жағынан қарқындап өсіп келе жатқан ел. Мұны Ресейдің академик – ғалымы Аганбегян: «Дүниежүзінде қарқындап дамып келе жаткан екі ел бар, ол – Қытай мен Қазақстан»,- деп мәлімдеді (2).

Бұл қысқа мерзім ішінде елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдетуді, ғылымның пәрменділігін күрт арттыруды қажет етеді. Өмірдің қай саласында болмасын ғылымсыз ілгерілеу мүмкін емес.

ХІХ ғасырда- ақ ұлы Абай көрегендікпен алдағы өмірді болжап: «Тегінде адам баласы бір- бірінен ақыл, ғылым... деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» деген екен.

Кеңес Үкіметі халыққа білім беруді 1930 жылдан бастады. Одан бері де қаншама белестен өтті. Диалектиканың заңы бойынша, қоғам ілгері дамуда болды. Оның мәдениеті де ілгеріледі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері әлем алдында нарықтық экономика елі ретінде танылып отырмыз. Осы мерзім ішінде экономикада сілкініс жасалды. Осыған орай білім саласында да алдағы уақытта үлкен-үлкен сілкініс жасау міндеті қойылып отыр.

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесіне нағыз гуманистік дәрежеге көтеру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын, сөз жоқ мұғалім.

Осыған орай, егемен еліміздің білім беру ісінде реформалар жасалуда. «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұнын бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қасандық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог- педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде екі жүздей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым- қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстармен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді.

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» дегендей (1) қолына шырақ пен кітап ұстаған мұғалімнің қоғамдағы рөлі ерекше. Әрбір білікті ұстазға білім жолында бұлдыр нәрсе жоқ демейміз. Өнегелі ұстаз «өзім бол» демейді, «өзің бол» дейді. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту.

Біріншіден, бұрын оқулықтар мен бағдарламалар ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән менталитеттерін ескермей, оқыту мен тәрбие үрдісі орталықтан басқарылды. Соның нәтижесінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға нұқсан келтірілді, өз ана тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Оның орнын толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан бүгінгі әрбір ұстаз Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның, Мағжанның, т. б. Қазақ зиялыларының педагогикасын оқып үйрену ғана емес, сонымен бірге қолдана білу керек. Жаһандану үрдісі жүріп тұрған мына ғасырда өз ұлтының болашағына, тіліне, ұрпағына жаны ашитын адам-оның тылсымына жұтылмауы үшін білім берудегі олқылықты жібермеуі керек. Ол үшін әрбір ұстаз білімді-біліктілігіне қоса «ұлттық білім» көзі туралы ұмытпағаны жөн

Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді.

Ұлттық тәрбиенің негізі – төл әдебиетімізбен, тағылымы мол тарихында. Баланы мектеп алды оқыту жүйесінде, бастауыш сыныптың білім беру стандартында өзгерістер енгізу керек. Баланың негізін қалыптастыратын жас аралығы 3-10 болса, сол жас аралығында ертегі мен қиял-ғажайыпқа сеніп, жақсыға еліктеп, жаманнан жиіркеніп, не түрлі бейімделу процестері жүріп тұрған жас аралығын тиімді пайдалану арқылы елім-жерім деп өсетін ұрпақ алуға болады деп ойлаймын. Мемлекетіміздің қазіргі уақытта білім саласына жасап отырған орасан зор жағдай мен мүмкіндік әрбір дені сау баланың түрлі тілді де, өркениеттің кез келген жаңалығын да қалаған жас та, яғни негізгі мектеп курсында да алып үлгереді.

Жасынан халық ауыз әдебиетінің жауһарларымен сусындап, батыр бабаларының тарихына тамсанып өскен ұл-қыз ел ертеңі, ұлт болашағы боларына мен кепіл.

Білім мен тәрбиенің негізі ұлттық болуға тиіс. Өз Отаның алдында борышыңды өтемей, жалпы адамзатқа қызмет ету мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі қазақ мектебінде ұлттық білім беру – ұлттың болашағына сәуле шашумен тең.

Бір кездері Шоқан, Абай, Ыбырай көтерген ағартушылық қозғалысы ХХ ғасырдың басында А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар жалғастырды. Қазақ халқының іргелі ел болу үшін олар ұлттың тілі мен әдебиеті, тарихында екеніне жұртшылықтың назарын аударды.(2) Тек сонда ғана «... Мұндай балалар мектеп бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды,... қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт болып қалады,» - М. Дулатов.





Аннотация

В послании народу «Казахстан – 2050» Единая цель, единые интересы, единое будущее, Президент сделал упор именно на образованную и прогрессирующую молодежь. Глава государства подчеркнул, что все заложенное в стратегии «Казахстан – 2050» - это реальная возможность для молодого поколения жить в лучших , комфортных условиях.

Потенциал казахстанцев и, в частности, образовательный признан в мире. И сегодня Президент поставил новую планку – чтобы качество образования, качество его использования, применения аккумулировали лучшие наработки образовательной системы мира.

На сегодня для молодежи созданы все условия для развития, мы имеем возможность получить качественное образование, не выезжая за пределы нашей страны. Обращаясь к молодежи Президент призывает ее участвовать в реализации стратегии, не оставаться равнодушными, создавать судьбу страны вместе со всем народом. Эти слова Президента, его вера в нас придают большую силу и уверенность, вдохновляя на большой труд во благо нашей страны.





Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Үсенбек Р. Қазақ педагогикасы. Түркістан.-1999. 159-б.

  2. Күзенбаев Е. Білім. Алматы. -2006. 25 -б., 23-б.

  3. Айтимова Б. Казахстанская правда . 2014. 3-б.

  4. Егеменді Қазақстан газеті




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров207
Номер материала ДВ-239971
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх