Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Бас иіп өтем өзіңе 7-сынып тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Бас иіп өтем өзіңе 7-сынып тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Бас иіп өтем өзіңе !

7-сынып оқушыларының аналары үшін мерекелік тәрбие сағаты

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарына деген шексіз сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме.

Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.

   Слайд арқылы жіберілетін көрнекі суреттер мен қанатты сөздер.                                  

«Ананың көңілі балада,

                                      баланың көңілі далада»

  Анаңды Меккеге арқалап барсаң да,

                                      қарызынан құтыла алмайсың. 

  «Ана - өмір себуші»

Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті Аналар, қыздар, сіздерді келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, зор денсаулық тілеймін.

         Сіздердің алдарыңызда 7-сынып оқушыларының «Бас иіп өтем өзіңе» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

  Досымхан:       Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты шуақтан тұратын ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар, бүгінгі тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз .

  «Ана» әні орындалады

Ақбота:               Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

                            Ана дейді жас сәби де жарқылдап

                            Ана деген бәйтірегі өмірдің

                            Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай

                            О адамдар қадірлей біл ананы

                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

 

Айдос:             Ана деген сезім білем тым ыстық

                            Жарасымды адамдарға туыстық.

                            Бар адамға берсе ананың мейірін

                            Орнар еді бар әлемде тыныштық.

  Бүгін – наурыздың сегізі

                            Сұлулықтың негізі

                            Әдемі сөз – Адамның

                            Анаға айтар лебізі

 

Еркебұлан:             Менің әжем, бұл әжем,

                            Айтқан сөзі дәл әжем

                            Аман болса көреді,

                            Қызығымды әлі әжем

                            Менің әжем, нар әжем

                            Көп жасаған кәрі әжем

                            Ауырғанда мен үшін

                            Әр сүйгені дәрі әжем ән: «Асыл әжем»

Гүлсезім:   Мама – бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейірімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі. Ол – тіршілік, ол - үлкен тағдыр. Ана сөзі елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

 

Көрініс: қатысушылар – 7-сынып оқушылары

Құдық басында екі қария әңгімелесіп отырады және үш әйел адам су алғандай кейіп танытады. Олар қарияларға амандасып жатқанда үш баласы келе жатады.

Бірінші ана – Тұрлан:

  • Мамасының баласы, папасының баласы, атасының баласы, әжесінің баласы. Осы болар түбінде, бар қазақтың панасы. Әй, осы баламның жұдырығы бар ғой қорғасын дерсің, қорғасын! Соққан жерін ойып түсіреді. Тіл-көзім тасқа, түбі атағы шыққан боксшы болады, көр де тұр. О, жаным, садағаң кетейін!

Екінші ана – Ералхан:

  • Әй, немене, бала тек сенде ғана ма? Көз салып қарасаңшы, қасында келе жатқан палуанды көрмеймісің. Жауырынын қарасаңшы, қақпақтай ғой, қақпақтай! Алысқанын алып ұрады, қатарластарының арасынан әлі ешкімнен жығылып көрмеген! Сен білесің бе, ол нағашыларына тартқан! Олар шетінен палуан ғой!

Бірінші ана: - ей, қой әрі, жалпы бүкіл қазақтың әдеті ғой, кішкене бір жақсысын өзіне ұқсатып әлек болатын.

Екінші ана: - Әй, сен неге үндемейсің, балаңның мақтана қояр қылығы, қасиеті болмаған соң аузыңа құм құйылды ма? Айтсаңшы бірдеме деп...

Үшінші ана – Гүлсезім: + Не дейін өмір көрсетеді де, бастысы балам адам болса болғаны.

Айдос мамасын, қасындағы Досымханды қолымен түйгіштеп жібереді, Досымхан оны алып ұрғандай қылықтар жасап, алға түсіп, бірін-бірі қуалап кетеді, ал Ақбота мамасының қолындағы шелегін алып ақсақалдарға сәлем береді де кетіп бара жатады.

Сол кезде екінші ана – Ералхан: Иә, ақсақалдар, сіздер айтыңыздаршы, балаларымыздың бойынан қандай ерекшеліктер байқадыңыздар?

  • Менің баламның соққысын байқаған шығарсыздар, ә? (Тұрлан)

Ақсақал – Еркебұлан: - Ау, Саламат, мен тек бір баланы ғана көрдім, сен қалай ойлайсың?

  • Ау, Ереке, нені меңзегеніңізді түсіндім. (С)

  • Менің балам болар байқағаныңыз? (Е)

  • Жоқ, менің баламды көріп қалған ғой. (Т)

  • Уа, аналар, әліптің артын бақсаңдаршы, Ерекеңнің айтары бар екеніне сенімдімін. Сөйлеңіз, Ереке, бұлар да сабасына түссін. (С)

  • Уа, аналар, әрине, бәріңді де ана атандырған бала бар. Бірақ тәрбие тал бесіктен басталады. Жасынан ата-анаға сүйеу болмаған бала, өскенде халыққа қамқор бола алар ма? Менің бір ғана көрген балам, ол – анау, үндеместен анасының қолынан шелегін көтеріп кеткен көрегенді бала. Ақылмен жұмсалған күш қана адамды жақсылыққа, жетістікке жетелер. Осыны балаларыңның құлағына құйғайсыңдар, ей, алтын құрсақ аналар! Мен осылай дедім, Саламат, дұрыс-бұрысын өзің айт. (Еркебұлан)

  • Иә, Ереке, бұл аналар, әрине, балаларын шексіз жақсы көргендіктен, әзірше оларды жұмсамай отырған шығар, алайда қолдарында күші бар балаларды кеш болмай тұрып тәрбиелеп жіберсе, елдің ұлы боларына сенімім мол. Өздерің не дейсіңдер, аналар? (С)

  • О, аталар, сөздеріңіз жөн, шынымен біз оларды әлі баласынып жүр екенбіз. (Т)

  • Кешірім сұраймыз, өрекпіп артық сөз айтқанымызға, бұл айтқандарыңыз бізге үлкен сабақ болды. (Е)

  • Иә-иә, ештен кеш жақсы. Балаң жақсы болса – жердің үсті жақсы, жаман болса – асты жақсы деген. Еңсеңді тік көтеріп, жердің бетімен жүргенге не жетсін! (Еркебұлан)

 

Тұрлан:                Ойлы қызы халқымның

                            Отаным деп туады

                            Бос жібермей әр күнін

                            Ана жолын қуады.

                            Қанаттанса балапан,

                            Қалайынша ұшпайды.

                            Әрбір қызы адамның

                            Мамасына ұқсайды. Ән: Қыздар туралы

 Саламат:              Ана десем, алғыс алам халқымнан,

                            Ана десем, теңіз болам шалқыған

                            Ана десем, ашылады қабағым,

                            Ана десем, әділдікті ұғамын.

   Ана - өмірдің қуанышы, тірегі

                            Бала – оның жұбанышы, жүрегі.

                            Ана алдында ел жауы да бас иген,

                            Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Ералхан:             Өзіңсін сүйікті анам, құдіретім,

                            Жанымды жадыратып күлдіретін.

                            Сендегі маған деген махабатты

                            Нұр толы қос жанарың білідіретін.

                            Бар ана туған елдің гүлі дер ем,

                            Анажан қайғың болса күңіренем.

                            Таусылмас тау суындай ақылың бар

                            Сен барда менің әрбір күнім өлең.

 

Досымхан: Әрбір ана - өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі - мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.

Енді бір сәт осы құлыншақтарыңыздың шын жүректерінен шыққан сзімді  ш ы ғ а р м а л а р ы н а құлақ түрсеңіздер...

«Анаға сәлем» әні қатысушы Аналардың хорында орындалады.

 Досымхан:            

              Бас қосты бүгін жиынға

                            Аналардың қауымы.

                            Таусылмасын әрдайым

                            Отбасының сауығы.

  Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының қажеті де жоқ.

Қонақ – Аналар қадесі: Тақтадан ана туралы ән сөзімен беріледі, аналарымыз хорда орындайды.

Мұғалім: Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдімі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық  болса да бәрібір шексіз сүйеді.Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Иә, ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дегенмен, Аяулы Аналарымыз да бала болған, ойын да ойнаған. Алайда бұл ойын бұрынғыдын өзгерек, балаларыңызбен жұптаса ойнайсыздар. (қажет құралдар: әр жұптың қолын байлар орамал, ине-жіп, қайшы мен өрнек, алма мен пышақ, ілгегі ағытылған жейде, ілгек пен сабақталған ине, шашты жинап өру, бүктеу үшін теріс айналдырылған киім, ыдысты жуып, шүберегін сығу) Үздік жұпты анықтау.

Ойнадық, енді ойланалық. Оқушыларға арналған  ситуациялық жағдаят.

1)    Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің? (Оқушыдан соң, аналар пікірі)

2)    Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. (оқушыдан соң, аналар пікірі)

Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп,  өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі.Сенің әрекетің. (оқушыдансоң аналар пікірі)

3)    Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауға тапсырған. Сенің әрекетің. (оқушыдан соң аналар пікірі)

4)    Бүгін анаң жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра калып іні-қарындастарыңмен қосыла жедің де, далаға ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың?

(оқушыдан соң аналар пікірі)

 Жағдаяттар: «Біз қабылдаған шешім» Аналар үшін және әрқайсысынан соң балалар пікірі

1-жағдаят: Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен сабақ үлгерімі төмендеді.

2-жағдаят: Күннің суықтығына байланысты балаңыз ауырып көп сабақ жіберіп алды. Осының салдарынан ол сыныптас достарын көп уақыт көрмеді.

3-жағдаят: Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп, бөлмесінен шықпай қойды, әрекетіңіз

Қорытынды.

«Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек. Сонымен бүгінгі сабағымыз өз шегіне келіп жетті.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!



Сынып жетекші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-

Есентемірова Мейрамгүл Наурызбайқызы


Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені

Қособа ауылы

Сырым ауданы

Батыс Қазақстан облысы



Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров103
Номер материала ДВ-557111
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх