Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / « Бас сүйектері мен қосылыстары» Әдістемелік талдау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

« Бас сүйектері мен қосылыстары» Әдістемелік талдау

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрлігі

Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

«Денсаулық» ЖМ колледжі/ колледж ЧУ «Денсаулық»











Тақырып

« Бас сүйектері мен қосылыстары.»

Әдістемелік талдау



















Сәтпаев , 2015.




Мазмұны


Кіріспе 3.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері 4.

Сабақтың жоспары 5.

Қолданылған әдебиеттер 6.

Қосымша 7-10.

Пікір 11.




























Жалпы кәсіптік пәндердің «Бекітемін» ЦӘК отырысында қаралды Директордың оқу ісі «10», « 09 »2015ж. жөніндегі орынбасары Хаттама № 1 «11» « 09 » 2015ж Төрайымы ------ Копабаева Н.Қ. «-----------» Каримова А.Н.









Әдістемелік талдауды дайындаған –Оразбекова Алма Тулековна, жоғары санатты анатомия пәнінің оқытушысы.


Пікір жазған – Калиева Б.А. –жоғары санатты анатомия пәнінің оқытушысы.



Аннотация

-әдістемелік талдау анатомия пәнінен

«Бас сүйектері мен қосылыстары» тақырыбына

тәжірибелік сабақ өткізу мақсатында

құрылған.ІІ курс «Емдеу ісі» тобына

сабақ жүргізетін оқытушыларға арналған.













Кіріспе

І Студенттер білуі тиіс:

  • бас сүйектердің, құрылысын

  • бас сүйектерінің байланысуын

  • ми сауытының сүйектерінің орналасуын

  • бет сүйектерінің орналасуын, құрылысын.


Студенттер істей білуі тиіс:

  • бас қаңқасынынан сүйектерді көрсете білу

  • бас сүйектерінің тігістерін, еңбектерінің орналасуын білу

  • бас сүйектерінің жас аралық айырмашылығын анықтау

- бет сүйектерінің құрылысын, байланысуын көрсете алу

Негізгі үғымдар мен терминдер:

  • бас сүйектерінің орысша, латынша атаулары

  • бас сүйектерінің тігістерінің жіктелуі

  • бас сүйегінің мөлшерлерінің өлшеу тәсілдері

- самай-жақ буынының құрылысы

  • бас сүйекткрінің қойнауларының орналасуы


ІІ Өткізу орны –анатомия кабинеті



ІІІ Бағдарлама бойынша - «Бас сүйектері мен қосылыстары»-

Тәжірибелік сабағына – 180 мин. берілген.


ІV Әдістемелік талдау- 180 минутқа, құрылған

















V Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты- жаңа түсініктемелермен танысу,

Бас сүйектердің құрылысымен танысу,жаңа түсініктермен

жаңа терминдерді оқып үйрену



Дамыту мақсаты- оқушының логикалық ой-өрсін дамыту,

ойлау қабілеттерін дамыту, қойылған сұрақтарға жылдам ойланып жауап беру, пәнге қызығушылығын, өз беттерімен шешім қабылдауды, жаңа ғылым технологияларымен таныстыру.



Тәрбиелік мақсаты - оқушыларды салауатты өмір сүруге,

бас сүйектерінің даму процесіндегі өзгерістерге байланысты

түсініктерді білуге,дәрумендердің сүйекке қандай әсер ететінін айтып өту,жақсы маман иесі болуға тәрбиелеу.



Сабақтың типі мен түрі:

Тәжірибелік, аралас сабақ,оқушылардың өздік жұмыстарының шығармашылығын дамыта отырып оқыту,өздік шешім қабылдауға баулу.



VІІ Пәнаралық және пәнішілік байланыстар:

1.Бұлшық еттердің орналасуымен

2.Физиология

3.Латын тілі

4.Травмотология пәнімен

5.Терапия пәнімен

6.Хирургия пәнімен.



VІІ Көрнекті құралдар:Бас қаңқасы, жеке бас сүйектері, анатомиялық таблициалар, атластар, слайдтар, интерактивті тақта.



Сабақ жоспары.

Тақырыбы: Бас сүйектері мен қосылыстары.

Әдістемелік тақырыб- тәжірибелік сабақ үстінде студеттердің өздік жұмысын қалыптастыру, дамыту.

Нәтижесі:- әр түрлі әдістемелік әдістерді қолдана отырып, студенттерді ынталандыру,ойлау қабілетін дамыту, жеке баста жауап алып, білімдерін бағалау.

І- ұйымдастыру кезеңі – 1 мин.

ІІ- өткен тақырыпты қайталау, топты үш кіші топқа бөліп, әр топқа 10 сұрақтан қойып , жауап алу.- 10мин.

ІІІ – өздік жұмыс кезінде, студенттерге сүйектер, бас қаңқасы, атластар таратылып беріледі. Әр топтың ішінен жақсы оқитын оқушыдан көшбасшы тағайындалады, ол өз тобының оқушыларының сабақ оқуын қадағалап отырады. Оқытушы әр топқа кезек- кезек жақындап түсінбегендерін түсіндіреді. – 15мин.

ІҮ – өздік жұмыс аяқталған соң, бекіту кезеңі – студенттерге слайд көрсетіледі- бас сүйектерінен дайындалған.Әр суретте бір сүйек көрсетіледі, оқушылар атын тауып, құрылысын айту керек.- 20мин

Ү –келесі кезеңде – сүйектерді «сипаттама» тәсілінің сұрақтарын, слайдқа жасырып көрсету арқылы жауаптар алу. -15мин.

ҮІ – келесі кезекте «миға шабуыл» тәсілін қолдана отырып, сүйектердің латынша аттарын жасырып, жауап алу. -15мин.

ҮІІ – 15 сұрақтан құралған, графикалық тест өткізу.- 10мин.

ҮІІІ – бағалау – 5 мин.

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Уақы-ты

Дәлелдеме

1

Ұйымдастыру кезеңі

3

а) Оқушылардың формаларын тексеру, сабаққа қатысуын тексеру, аудиторияның дайындығына көңіл бөлу, көрнекті құралдардың дайындығын бақылау.

б) Сабақтың жоспарымен таныстыру, мақсатын айту.

2

Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

30

а) Теорияда өткен тақырып бойынша жалпы сұрақтар қойып, «Бәйге» жарысын қолданып,әр қатарға 10 сұрақтан қойып жылдам жауап алу.

б) Теориядан өткен «Бас сүйектері» слайдын көрсете отырып қайталау.

3

Жаңа тақырып өту жоспары:

Бұл кезеңде жаңа тақырып өтілмейді, теориядағы өткен тақырып бойынша қайталанады.

20’

Сүйектерді, қайталап, көрсетіп,

түсіндіріп тұрғанда тақырыпқа сай, бас сүйегінің қаңқасынан, жеке сүйектерден ,құрылысын көрсету.

Әр бөлімін өткен сайын оқушыларға сұрақ қойып қайталап, бекітіп отыру.

«Адымдау» тәсілі арқылы.

4

Өзіндік жұмыс:

60’

Бұл кезеңде оқушыларға атласты, лекцияны қолданып, сүйектерді,жеке- жеке алып әр оқушы қайталайды. Түсінбеген оқушылардың қасына барып көрсету, түсіндіру. Топ- топқа бөлініп, бір-біріне «Тренинг ойны»тәсілі бойынша түсіндіру, бір-біріне сұрақтар қойып қаталау.

5

Бекіту кезеңі:

Бүл кезеңде тәжірибе сабағында әр оқушыны бағалап үлгеру керек.

60’

Қайталап болған соң, оқушыларды жекелеп сұрау, сұрақ-жауап қолданып білімдерін тексеру. Сұрақтарға «Сипаттама» тәсілі арқылы жауап алып бекіту.Латынша сүйектердің атын «Миға шабуыл»тәсілімен жауап алу.

6

Сабақты қорытындау бағалау:

5’

Оқушылардың білім деңгеін, барлық кезеңдер бойынша, сабақ үстіндегі белсенділіктерін ескере отырып, қорытындау, бағалау.

7

Үйге тапсырма беру:

Ә. Күзенбаева «Адам анатомиясы» -56-60.

Лекция

2’

Үйге өткен тақырып бойынша, «Бас пен мойын бұлшық еттері» тақырыбын қайталау.










Қолданылған әдебиеттер:

1. Студенттерге арналған:

А. «Адам анатомиясы» Ә. Күзембаева

Б. «Адам анатомиясы» М. Дайырбекова

В. «Тәнтану» Е. Керімбеков


2. Оқытушыға арналған:

А. «Адам анатомиясы» А. Рақышев

Б. «Анатомия человека» М. Р. Сапин

В. «Атлас анатомии человека» ІІ том, Синельников

Г. «Анатомия» Л. Ф. Гаврилов

Д. «Адам анатомиясының практикумы» М. М. Юсупова

Е. «Денсаулық» журналдары.







































Тақырып бойынша ,әр қатарға 10 сұрақтан «Бәйге» жарыс түрінде ойын өткізу:

І-топтың сұрақтары:

1.Бас сүйектерінің латынша аталуы? 2.Бас сүйектерінің тігістері? 3.Төбе сүйектің пішіні? 4.Самай сүйектің қызыметі? 5.Маңдай сүйектің латынша аталуы? 6.Сыртқы есту түтігі қандай сүйекте орналасқан? 7.Жоғарғы жақ нешеу? 8.Түрік ершігі қай сүйекте орналасқан? 9.Сүйектің құрамына кіретін тұздар? 10.Бас сүйектері қандай екі топқа бөлінеді?

ІІ- топқа сұрақтар: 1. Сүйектерді зерттейтін ғылым? 2. Самай сүйегі қандай сүйектермен байланысады? 3.Пирамда бөлігі қандай сүйекте орналасқан? 4.Гипофиз ойысы қандай сүйекте орналасқан? 5.Сүйектің жасушаларын ата? 6.Көбелек пішіндес сүйектің аты? 7.Самай сүйектің латынша аталуы? 8.Жоғарғы жақ латынша? 9.Таңдай пластинкасы қандай жақпен байланысады? 10. Ұйқы каналы қандай сүйекте орналасқан?

ІІІ- топқа сұрақтар: 1.Гаймор қойнауы қай сүйекте орналасқан? 2.Үлкен,кіші қанаттар қай сүйекте орналасқан? 3.Жоғарғы жақ қандай сүйектермен байланысады? 4.Ми сауытының сүйектері қандай байланыспен байланысқан? 5.Ішкі есту мүшесі қандай сүйекте орналасқан? 6.Төменгі жақтың латынша аталуы? 7.Шықшыт сүйек қандай топқа жатады? 8.Самай- жақ буыны, қандай сүйектердің қосылуы? 9.Шүйде сүйектің латынша аталуы? 10.Әтеш айдары қандай сүйекте орналасқан?











Графикалық тест тақырыбы: «Бас сүйектері мен қосылыстары».

1.Остеология зерттейді? 1. Сүйектерді. 2.Қосылыстарды.

2.Бас сүйектері бөлінеді: 1.Мисауытына және бет сүйектеріне.2.Бас сүйектеріне және тігістеріне.

3.Ми сауытының сүйектеріне жатады? 1.Шықшыт, самай сүйегі. 2.Шүйде, сына сүйектері.

4.Бас сүйектерінің байланыстары? 1.Қимылды байланыс. 2. Қимылсыз байланыс.

5.Түрік ершігі, гипофиз ойысы орналасқан? 1. Самай сүйекте. 2. Сына сүйекте.

6. Кебіс тәрізді буын ойысы орналасқан? 1. Шүйде сүйекте. 2. Тор сүйекте.

7.Тәждік тігіс байланыстырады? 1. Екі төбе сүйекті. 2. Маңдай сүйекпен, төбе сүйектерді.

8.Ішкі есту тесігі орналасқан? 1.Самай сүйектің пирамида бөлігінде. 2.Сына сүйектің денесінде.

9.Төрт өсіндісі бар сүйек? 1. Астыңғы жақ сүйек. 2. Шықшыт сүйек.

10.Бет сүйектеріне жатады? 1.Жоғарғы жақ сүйек. 2. Самай сүйек.

11.Сына сүйек байланысады? 1.Жоғарғы жақпен. 2. Астыңғы жақпен.

12.Қимылды байланыс пайда болады? 1.Астыңғы жақпен маңдай сүйек арасында.2.Астыңғы жақпен самай сүйек аралығында.

13. Гаймор қойнауы орналасқан? 1.Тор сүйекте. 2. Жоғарғы жақ сүйекте.

14.Жақ сүйектерінің латынша атаулары? 1.Oss macsilla, oss mandibula. 2.Oss temporale, oss lacrimalis.

15.Қойнаулары бар сүйектерге жатады? 1.Сына сүйек,тор сүйек. 2.Төбе сүйек, шүйде сүйек.



Жауаптары: 1-1,2-1,3-2,4-2,5-2,6-1,7-2,8-1,9-2,10-1,11-1,12-2,13-2,14-1,15-1.





Бекіту кезеңінде студенттерге «Сипаттама» тәсілі бойынша сұрақтар қойылады:

1.Жұп сүйек, өзі төрт бұрышты? 2.Тақ сүйек үлкен тесік орналасқан? 3.Жұп сүйек, үш өсіндісі бар-шықшыт,біз тәрізді,еміздік тәрізді? 4.Тақ сүйек, үлкен- кіші қанаты бар? 5.Тақ сүйек, байланысқанда буын түзеді? 6.Есту мүшесі орналасқан жұп сүйек? 7.Көз ұяшығы орналасқан сүйек? 8.Көбелек пішіндес , түрік ершігі, гипофиз ойысы орналасқан? 9.Гаймор қойнауы бар, тістік ұяшықтары орналасқан? 10.Қойнауы бар сүйектерге жатады, мұрынның жоғарғы бөлігін түзейді?

«Миға шабуыл»- тәсілі бойынша, студенттерге сүйектердің атын латынша жасыру:

1.Oss frontale. 2.Oss temporale. 3.Oss parietale. 4.Oss occipitale. 5.Oss sphenoidale. 6.Oss maxilla. 7.Oss mandibula. 8.Oss palatinum. 9.Oss lacrimalis. 10.Oss zigomaticus.

Өзіндік жұмысты өткізгеннен кейін, студенттер жеке баста жауап беріп, білімдерін қорғайды. Әр студент жауап бере отырып, әр сүйектің құрылысын, латынша аталуын, орналасуын, қандай сүйектермен байланысуын білу керек, бас сүйегінен көрсете алу, өзінің басынан проекциясын көрсете білу.

Бұл кезеңде тақырыпты қаншалықты меңгергенін, жауаптарының қаншалықты нақты екенін бақылауға болады

Әр түрлі тәсілдерді қолдану студенттердің ойлау қабілетін дамытады, өз бетімен қорытындылауды жасауға үйретеді.

Студенттердің білімдерін жан – жақты тексеру, қандай деңгейде тақырыпты қабылдады, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алдыма ,өзіндік жұмыс кезіндегі дайындықары білімдерін тереңдеттіме – осы сұрақтарға оқытушы зейін қоюы керек.







Сәтпаев, қаласының медициналық колледжінің оқытушысы

А.Т. Оразбекованың «Бас сүйектері және қосылыстары» тақырыбына

құрылған әдістемелік талдауына :



Пікір.

Әдістемелік талдауда бас сүйектерінің құрылысы, анатомиялық ерекшеліктері, орналасуы туралы толық мағлұмат берілген.

Әдістемелік талдаудың тақырыбы оқу жұмыс бағдарламасы мен күнтізбелік- тақырыптық жоспарға сай дайындалған. Тәжірибелік сабақта студенттердің білімі мен біліктілігін, дағдыларын қалыптастыруда , оқытудың белсенді түрлері таңдап алынған.

Пәнаралық байланыс кеңінен қолданылған. Білім деңгейін тексеретін әртүрлі әдістер қолданылған, ол студенттердің ойлау жүйесін, өзіндік шешім қабылдай алуды, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге үйретеді.

Әдістемелік талдауды жоғары деңгейде бағалап, бекітуге ұсынуға болады деп есептеймін.







Пікір жазған: Калиева Б.А. анатомия пәнінің жоғары санатты оқытушысы.
































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров501
Номер материала ДВ-130737
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх