Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Басқару стильдері" тақырыбында ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Басқару стильдері" тақырыбында ашық сабақ

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: «Басқару стильдері»

Сабақ мақсаты:

студенттердің топтасып жұмыс істеу қабілетін, бірін-бірі тыңдай білу қабылетін дамыту;

студенттердің басқару стильдері - билік, көшбасшы, билік түрлері, басқару ықпалдары туралы түсінігі мен дағдысын қалыптастыру;

негізгі мәселелер бойынша әртүрлі шешімдер қабылдауға үйрету;

әркімнің өз ойын айта білуін жетілдіру;

басқарушылық шешім қабылдауға үйрету;

теориялық білімдерін нақты жағдайларды талқылауда қолдана білуге үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: модульдік оқыту технологиясы, топта жұмыс істеу, деңгейлік дифференциация

Көрнекті материалдар: слайдтар;

Ойынға қажет құралдар: мультимедиялық проектор; маркер, ватман.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.

Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады.
Билік – бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкіндігі.

Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді қамьамасыз ету.

Стиль- басқарушы орган басшы қызметкер жұмысының тәсілі ретінде өзіндік формалық сипатқа ие. Белгілі бір басқарушы орган өздерінің жетекшілік іс-әрекетінде қолданған әдіс-форма тәсілдер жүйесімен сипатталады.Левиннің басқару жүйесіндегі 3 типтік классификациялық белгісі бар:

1.демократиялық

2.авториторлы

3.либералды

Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсаттыв процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

Сондықтан бүгінгі тақырып – басқару стильдері.

Аудиториядағы оқушыларға сұрақ:

Бұл тақырып бойынша қандай сұрақтар қызығушылық тудырды?

Неге бұл тақырыпты оқу керек?

¥йымдағы басшлық. Өкілеттілік, жеке ықпал ету және билік түсініктері сіздерге таныс па?

Сабақтың негізгі сұрақтарын жазу:

Басқару стильдерінің түсінігі мен сипаттамасы

Басшының басқару стилінің қалыптасуы

Басшы сипаттамасы, басқарушылық қасиеттері

3. Басқару стильдері туралы негізгі мәселелердің өзектілігін қарастыру:

негізгі басқару стильдерінің түсінігі мен сипаттамалары;

басқару стильдері туралы негізгі теориялар;

адамдарға ықпал ете алатын, басқару алатын басшы сипаттамасы.

Ықпал ету және билік формалары. Марапатауға негізделген билік. Оң, дұрыс ықпалды нығайту арқылы әсер ету. Занды билік. Дәстүр арқылы әсер ету. Эталондық билік (үлгі билігі). Харизма арқылы ықпал ету. Сараптау билігі. Салихалы сенім арқылы ықпал ету.

Сендіру мен қатысу. Сендіру арқылы ықпал ету. Қызметкерлерді басқаруға қатыстыру арқылы ықпал ету. Ықпал етуді тәжірибе жүзінде пайдалану.


Сабақты жүргізу барысында оқушылар араласып, басқару стильдеріне сай 3 топқа - «Автократ», «Демократ», «Либерал» бөлінген.

1 тапсырма – 10 минут

2 тапсырма – 10 минут

3 тапсырма – 10 минут

Алынған нәтижелерді жинақтау – 10 минут

Қорытындылау – 5 минут


Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі

Өндірістік жағдай:

2008 жылы құрылыс саласында дағдарыс басталды. Сіз құрылыс-монтаждау кәсіпорнында өндірістік-техникалық бөлімінің басшысысыз. Сіздің кәсіпорында объектілерді несиелеу мен жоспарларды орындауда қйыншылықтар пайда болды. Сіз басшы ретінде аталған жағдайдан шығу үшін басқарушылық шешім қабылдауыңыз керек. Шешім әртүрлі болуы мүмкін: жұмысшыларды қысқартудан бастап, технологиялық процесстерді өзгертуге дейін. Сәйкесінше сіз осы кездері өзіңізді қалай ұстайсыз және қате шешім қабылдамау үшін басқару стиліңіз қандай болады?

Адамдарды басқарудың тиімді жолын табу менеджерлер үшін ең басты мәселе. Аталған жағдайға байланысты өзекті сұрақтар:

  1. негізгі басқару стильдерінің түсінігі мен сипаттамалары;

  2. басқару стильдері туралы негізгі теориялар;

  3. адамдарға ықпал ете алатын, басқару алатын басшы сипаттамасы.

Блиц-сұрақтар: (мултимедиялық проектормен сладйтарды көрсету)

  • Менеджмент

  • Билік

  • Қажеттілік

  • Маслоу

  • Менеджер

  • Өкілеттілік

  • Ықпал ету

  • Билік түрлері

Аталған сұрақтардың басқару стильдеріне қатысты жауаптарын айту.


Студенттерге басқару стильдерінің сипаттамалары туралы слайдтар берілген:

1.Авторитарлық

2.Демокартиялық

3.Либералды

Слайдтағы басқарушыларды талдап, студенттер келесі сұрақтарға жауап берулері керек:

Авторитарлық стильді кім және қалай қолданады?

Демокартиялық стильді қоодану қалай жүзеге асырылды?

Либералды стильді кім қалай қолданды?

Студенттер топтарға бөлінеді:

Автократтар – 1 топ.

Демократтар – 2 топ.

Либералдар – 3 топ.

Күмәнданушылар – 4 топ.

Студенттер микротоптарда бірігіп, жұмыс жасайды.

Ескрету: Студенттер өз топтарында өздері таңдаған басқару стилін ең жақсы стиль ретінде көрсете білулері қажет. Егер, басқа топтағылар сіздерді қолдап, сіздің оймен келісетін болса, немесе күмәнданушылар сіздердің топтқа қосылса, онда сіздердің жеңгендеріңіз. Сендіру, ықпал ету – сіздерге берілетін 1,2,3 тапсырмаға сай болады:

1 тапсырма:

Өздеріңе берілген басқару стилімен мұқият танысып, өздеріңіз келесіні таңдау жасаңыз:

Басшының қарамағындағы қызметкерлеріне ықпал ету әдісін

Басшының қолданатын билік түрін

Басшының 5 негізгі жеке басқарушылық қасиеттерін жазыңыздар

Күмәнданушылар да басшының 5 негізгі жеке басқарушылық қасиеттерін жазып дайындалады.

Орындалу уақыты – 10 минут.

Топтар өз сипаттамаларын таныстырады.

Күмәнданушылар – өздерінің сипаттамаларын – салыстырады.

2 тапсырма:

Ұсынылған баламалардан басшы іс-әрекетінің біреуін таңдап алыңыздар. Мимика,пантомима арқылы басшының басқару стиліне сай тапсырма беру сәтін көрсетіңіз.

Уақыты – 10 минут.

3 тапсырма:

Берілген басшының басқару стилі слайды мен өз сипаттамаларыңа сай басшының шарж-портретін салыңыздар. Басшыларыңыздың қандай қасиеттері сіздерге ұнайды, ал қандай қасиеттері ұнамайды.

Орындау уақыты – 10 минут.

Күмәнданушылар да өз басшыларының суретін салады. Және жақсы, жаман жақтарын сипаттайды.

Күмәнданушылар ойын барысында өз басшыларын басқа топ басшыларымен салыстырып, ойланып, талдау жасайды.

Күмәнданушылар – өз шешімдерін айтады.

Аталған стильдердің қайсысы сіздерге жақын?

Қай топқа қосыласыздар?


Нәтижесінде 1-топқа – 1 адам, 2-топқа 3 адам өтті, ал 3-топқа ешкім қосылмады. Күмәнданушылар өз дәлелдерін жеткізді.

  1. Жаңа материалды бекіту

Фронтальды сұрау:

Басқару стилі және басқару

Негізгі басқару стильдерінің авторы кім?

Қандай басқару стильдерін білесіз?

Қандай басқару стилі дұрыс деп есептейсіз және оның себебі.

  1. Сабақты қорытындылау

Іскерлік ойын қорытындысы

Біріншіден: Басқару стильдерінің барлығы жан-жақты қарастырылды.

Екіншіден: Жағдайларды талдау арқылы басқару стильдерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері жан-жақты талқыланды.

Үшіншіден: оқушылар басқару стильдері әртүрлі өндірістік жағдайларға сай өзгеріп отыратынын түсінді.

  1. Үйге тапсырма.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров414
Номер материала ДБ-079080
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх