Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Баскетбол ойынының ережелері (8 сынып)

Баскетбол ойынының ережелері (8 сынып)

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: “Футбол ойынның негізгі ережесі” әдіс - тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Футбол ойынындағы ең негізігі ережелерді үйрену.
Білімділік:. Біліктілік қасиеттерін дамыту.
Дамытушылық: . Оқушылардың күшін және икемділік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Доп тосықтар, ысқырық, уақыт өлшегіш құрылғы.
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы, Спорт алаңы
Түрі: Жаңа сабақ


І. Ұйымдастыру бөлімі: 2минут
1. Сапқа тұру 1мин
2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу - 1мин (кезекші оқушы)
Даярлық бөлімі: 13минут
1.
Саптық жаттығулар орындау( Оң ж/е солға бұрлу, кері бұрлу)— 1 мин
2. Алаңда жәй жүру ж/е жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау - 5 мин
3. Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5 мин
4. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау – 3 мин


Негізгі бөлімі: 20 - 25 минут
1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Көрекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орндату.
5. Футбол ойнау ережесін үйрету.
Футбол ойынның тарихы:
Футбол ойынның негізгі ережесі:
1 - жаттығу. 2 - жаттығу. 3 - жаттығу
Допты алып жүру1.Теорялық түсіндіру. Футбол ережесін үйрету.
Футбол ойыны допты жүргізу тоқтату,айла тәсіл жасаудан, аяқ ұшымен жүргізу, тебуден тездікте ойнаудан тұрады. Футболшылар алға қарап тездікпен жүгіріп кенетен тоқтап бұрылып білу керек. 2.Оқушыларды сапқа тұрғызып екі сапқа бөлу. Бірінші тобын,оң қапталға екінші тобын сол қапталға тұрғызамыз. Жаттығу барысында оқушылар белгіленген жаттығуды толық орындау керек.
Допты тебу.
Допты тебу футболшылар негізгі ойын тәсілі. Допты қозғалыста алып жүру, допты аяқтың ұшымен тебу жанмен, қапталмен, ұшымен, санмен тебіп жүргізе білу. (Оқушылар кезекпен қайталау)
Допты тоқтату.
Допты жеке өзі алып жүріп тоқтата білу керек. Аяқ үшымен, жанмен, кеүдемен тоқтату. Допты қақпаға соға білу тәсілдерін жетілдіру. (Оқушылар кезекпен қайталау)
Допты алып жүру.
Допты тіке алып жүргенде табанның ішкі жағымен алып жүрген тіиімді, қысқа бағытқа алып жүргенде алақан ішкі жағымен алып жүру тиімді. (Оқушылар кезектесіп қайталау)
Допты тосықтар арқылы жүргізу.
Допты белгілеген жерден тосықтардан айналып жүргізу алақан ішкі жағымен жүргізу. (Оқушылар кезектікпен қайталау)
Қақпашының ойыны.
Қақпашының ойыны футболшыларға өте қажет. Ойында шапшаң қозғалу, ойын тәсілін білу керек. Допты қағып жіберу, ұстап алу, қысқартылған ережемен ойнау. Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді.
4 - жаттығу
Допты тартып алу.
Допты тартып алу - өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді басқа да тәсілдерді қолдануға болады.
5 - жаттығу
Қақпашының ойны
6 - жаттығу
Допты ойынға қосу
Игерген әдіспен екі жақты ойын: Футбол ойнау


Қорытынды бөлім 5минут
1. Оқушыларды бір сызық бойымен сапқа тұру
2. Бағалау
3. Үйге тапсырма:доппен жаттығу



















Сабақ тақырыбы: Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дене қасиеттерін дамыту.
Білімділік: Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет
ету әдістерін үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын
спорттық ойындар арқылы жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, адамгершілікке,
жасөспірім бойында спортқа деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа мағлұматты игеру
I. Оқушыларға баскетбол ойынының элементтерін үйрету.
II. Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, күш және т. б. қасиеттерін дамыту.
III. Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт алаңында.
Сабақтың көрнекілігі: Баскетбол добы, ысқырғыш, шығыршық, кедергі, суреттер.
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорт секторынан мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру. Бір қалыпты жәй жүгіру. Бой жазу жаттығулар. Үй тапсырмасын тексеру.
Дайындық бөлімі
1. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға екі рет, солға екі рет айналдырамыз.
2. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қолды иыққа қою. Бір, екі иықты алға айналдыру. Үш, төрт артқа айналдыру.
3. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бір, екі алға. Үш, төрт артқа қолды ауыстыра сілтеу.
4. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда сол қол белде. Бір, екі солға иілу.
5. Б. Қ. Қолды белге қойып секірудің әр түрлі әдістерін жасаңыз.
II. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері»
Екі қолмен кеудеден беру. Допты кеудеде ұстайды , шынтақ төменде, қолды алға жылжытуға байланысты доп алға қарай ұшады, осылай беру қолдың толық түзелуімен аяқталады.
Бір қолмен иықтан беру Б.қ. доп иық деңгейіндегі екі қолдың біреуінің алақанында шантақтан бүгулі тұрған қолда ұстайды. Қолды алға қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымен аяқталады. Осылау берудегі жетілідіру мынадай жаттығулар арқылы жүзеге асырылады.:
- Екі қатарда тұрып, допты бір- біріне бір адым жасау арқылы беру;
- ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айналады ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа оқушыға беріп, соның орнына барып тұрады. Осылай ойынға қатусышылардың барлығы допты бір- бірден беріп шығады.
1. Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3. Ойын элементтерін үйрету.
- бір орында тұрып оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршытып жаттығу.
- допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту.
- екі қарама - қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып ыршытып тоқтамай бір - біріне кеуде тұстан лақтырып жаттығу.

Оқушыларды екі топқа бөліп баскетбол ойын ойнату.
- кедергінің арасынан допты соғып алып өту
- допты жоғарыдан беру
- допты төменнен беру
- жерге қатар қойылған 5, 6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіре ыршыту
- бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу.

III. Қорытынды бөлім:
Сыныпты сапқа тұрғызу.Жіберген қателіктерін айтып ескерту жасап.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Баскетбол добымен жаттығулар орындау

Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров23
Номер материала ДБ-309628
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх