Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / "Бастауы терең Ата заң" ашық тәрбие сағаты

"Бастауы терең Ата заң" ашық тәрбие сағаты

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m5a128995.gifТәрбие сағатының тақырыбы:« Бастауы терең Ата заң»

Мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жеріне атамекеніне деген сүйіспеншілік арттыру, Елбасына құрмет сезімін қалыптастыру, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Өтетін күні: 01.09.15 ж

Өтетін түрі: конференция.

Көрнекіліктер: ҚР картасы, Н.Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, рәміздер, слайдтар, кітаптар көрмесі.

Барысы:


І Жүргізуші: 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтау.

ІІ. Тәуелсіз елдін туы желбіресін! – баяндама.

ІІІ. Ата заң туралы

ІV. Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде. Мәнерлеп оқу.

V. Астана келбеті – ұлт келбеті. Слайдтар көрсету.

VІ. Ата-аналардың оқушыларға тілегі, өсиеті.

VII. Қортынды.


ІІ. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша Қазақстан дүние жүзінде 9 орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменістан және Өзбекістан елдерімен көршілес орналасқан. Казақ жерінде өзендері мен ормандар, таулар мен жазық далалар, көлдер мен шөлдер бар, 4750 түрлі өсімдік өседі. Сондай-ақ жан-жануарларға да өте бай.



Қазақстан

Тәуелсіз мемлекет

Салты, мәдениеті

Астанасы

Жері

Тілі

Халқы
















Қазақстан 14 облысқа бөлінген:

Алматы – жері жайсан облыс,

Ақтөбе – өлке ақ тарысы мол ырыс,

Атырау – мол Қазақстан мұнайы,

Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы,

Көкшетау – көп көгілдір көл аймағы,

Қарағанды – қара алтыннын қоймасы,

Қостанай – құт қызыл бидай қамбасы,

Қызылорда – күрішті Сыр ағасы,

Орал – көне Ақжайықтың жағасы,

Өскемен – өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар – қара Ертістің саясы,

Ақмола – арқада ыстың алқабы,

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.


Еліміздің Ата заңы мен мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қарулы Күштері құрылды. БҰҰ-ға мүше болдық. Осының барлығы президенттін атымен тығыз байланысты.

ІІІ. Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,- деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміздің кеше конституция күнін тойладық.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

«Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң»
1 - топ Қазақстан елі қандай ел?
2 - топ Оқушы қандай міндеттерді білуі керек?
3 - топ. Ата – аналар міндеттері мен құқықтары ( ата - аналардан құралған топ )
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ - жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары - ата - ана және мектептегі ата - анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

« Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным»
- 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
- Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью - Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
14 - бап
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 – бап Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар. Мұғалім: Ата – аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?
27 - бап Қайрат (ата – ана)
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
Бейнеклип « Көк тудың желбірегені»



IV. Оқушылар! Елбасымыз Қазақстанда тұратын 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің барлығына бірдей қарайды. Әрқайсысына өзінің әдебиетің, тілін дамытуға тендік берген, әркім өзінің ана тіліндегі мектептерінде оқиды. Бірақ солай бола біз қай жерде жүрміз, қай елдің азаматымыз, сол елдің мемлекеттік тілін білу парызымыз. Сондықтан барша қазақстандықтар қазақ тілін білуге ерекше көңіл бөлу керек. Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің мәртебиесінің көтерілгендігі осыдан 10,15,20 жылдығымен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Өзге ұлттардың өкілдері қазақ тілінде сайрап тұрғаны қаншама. Елбасы айтады: «Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде, қазақ тілі өз мәртебиесінде болады деген сенімдеміз».

ҚР Конституциясы. 7-бап: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі».

Мәнерлеп оқу.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнімменен сәнім бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып–ақ алыңдар.


Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


V. Астана келбеті – ұлт келбеті. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығынан тең аттап отырған ел. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдың ішінде халық игілігіне арналып орасан істер істелінді. Сонын бірі елімізде жаңа астананын бой көтеруі. Жыл сайын өркендеп, көркімен көз тартып, таңғалдырып келе жатыр. Слайдтар көрсету.

Астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі тарихи кезең болып есептеледі.

Астана – тәуелсіздік перзенті, Астана – жаңа Қазақстанның жарқын бейнесі.

Астана – дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы.

Астана – Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір.

Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы еске оралады. Астананы Алатау бауырынан Сарыарқаға көшіріп, аз уақытта үлкен қала тұрғызу Елбасымыздың көрегендігі, ұшқыр саяси шешімі, ерең еңбегі.

Мәнерлеп оқу: «Астанам» - газет материалынан.


VІ. Ата-аналардың оқушыларға тілегі, өсиеті.


VII. Қортынды.

Ән «Менің елім» - орындайтын оқушылар тобы.































Жәнібек колледжі





Бекітемін_________________

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары Г.Куанышкалиева

«____»________________2015ж
























Өткізген: М.Ашекенова

С.Оспанов













Жәнібек-2015ж

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров547
Номер материала ДA-041446
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх