Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесі

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесі

Скачать материал

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесі

    Әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелерді үлгі ете отырып, ұстаздар қауымы үлкен өзгерістерге дайын болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларына ерекше қамқорлық,шыдамдылық,шеберлік,тапқырлық керек.Оқушылардың деңгейін ескере отырып,оларды мектеп өміріне бейімдеуіміз,жалықпайтындай етіп жұмыс жүргізу  керек. Сонда ғана білім нәтижелі болады деп есептеймін.

Менің түйгенім,сындарлы оқытудың басты идеясы механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын  сыни тұрғыда ойлануға қажет. Оқушылардың сабаққа белсене  қытысып,өз бетінше іздене білуге үйрене білуіне түрткі болатын « ... не болар еді?» «қалай өзгертуге болады?» « егер де  .... сен не істер едің?» деген сұрақтарға оқушылар өздерінің ойын пікірталаста еркін айта білетін,өз біліміне өзі жауап бере алатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.Ол үшін оқытудың жаңа стратегияларын пайдалану керек.Жаңа стратегияның бірі-ынтамықтастық оқу.

 Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?

Ынтымақтастық  оқу  –  өзара  іс-әрекет  жасау  философиясы,  ал бірлескен  жұмыс соңғы  нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып  табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады.  Адамдар  топтарға  бірлескен  барлық  жағдайларда  топтың  жекелеген  мүшелерінің  қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа  тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері  арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық  арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тап-сырмаларды  орындау  немесе  әлдебір  өнім  жасау  үшін  оқушылар  тобының  бірлесіп  жұмыс  істеуін  білдіреді.  Ынтымақтастық  оқу  оқуды  табиғи  әлеуметтік  әрекет  ретінде  қабылдауға  негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім  алады.

Педагогикада  ынтымақтастық  оқу  тәсілдерінің  саны  жеткілікті,  бірақ  та  бірлескен  оқу  үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген  білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2.  Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен  қайталауды  емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы  зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан  да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға  мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық  оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға  және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға

және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).

Мұғалімдер үшін маңызы

Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын  пәніне  қарамастан,  басқа  оқу  нысанында  ұсынылған  сол  ақпараттан  гөрі,  шағын  топтарда  жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде  алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда  жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып  көрінеді

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек  қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана  емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Бағалау  – оқу  сапасы  туралы  қорытынды  қабылдау  үшін  оқу  куәліктері  жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым. Бұл ұғым бағалаудың  екі  аспектісін  көздейді:  оқуды  бағалау  (жиынтық  бағалау)  және  оқыту  үшін  бағалау  (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті  тұрғысынан  сипатталған  және  бағаланған.  Сондықтан  да  осы  модуль  оқыту  үшін  бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.

Модуль мұғалімдерге:

•  бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

•  бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

•  бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;

•  әрбір  мұғалім  оқыту  мен  оқу  сапасын  жақсарта  алатынын/жақсарта  алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан  бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі  нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу  және  есеп  беру  үшін  өткізілетін оқуды бағалау  және  нақты  мақсаты  оқушылардың  оқуына  ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін  анықтауға  бағытталған  бағалау қалыптастырушы немесе оқыту  үшін  бағалау (ОүБ)  болып  табылады.  «Оқыту  үшін  бағалау»  дербес  тұжырымдама  ретінде  1999  жылғы  зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен

1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобының «Оқыту үшін бағалау» атты кітабы жарияланғаннан кейін белгілі болды.Егер  бағалау  мақсаты  баға  қою,  сертификаттау  немесе  оқытудың  алға  жылжуын  тіркеу үшін  оқыту  қорытындысын  шығару  болса,  онда  өзінің  функциясы  бойынша  бұл  бағалау

жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық  бағалау  оқушының,  мұғалімнің  немесе  мектептің  мәртебесіне  немесе  болашағына  ықпал етуі  (яғни,  анықтайтын  мәнге  ие)  мүмкін  болатын  шешімді  қабылдау  үшін  қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сы-ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты.

Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

•  қадағалау;

•  алынған мәліметтердің интерпретациясы;

•  бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Қадағалау

Қадағалауды  өткізу  үшін  оқушылардың  нені  білетіндігін  және  не  істей  алатындығын, сонымен  қатар  олар  қандай  қиындықтармен  кездесуі  мүмкін  екендігін  анықтау  қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орын-дап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру  бірталай  ақпарат  беруі  мүмкін,  бірақ  кей  жағдайларда  қажетті  ақпаратты  алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест

жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады.

Интерпретация

Интерпретация қызығушылық  тудыратын  мәселелерге,  мәселен,  ерекше  дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ  кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және

өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға  немесе  түсіндіруге  талпынуға  болар;  немесе  мінез-құлыққа  қарап  логикалық  қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табыла-ды. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ақпараттың қолдану мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әртүрлі ны-санда жүргізіледі.

Оқуды бағалау

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң

қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.

Оқыту үшін бағалау

ОүБ  кезінде  қолданылатын  қадағалау,  интерпретация  және  өлшемдер  оқытуды  бағалау кезінде  қолданылатын  өлшемдерге  ұқсас  болуы  мүмкін,  бірақ  олардан  туатын  қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса  назар  аударту  болып  табылады.  Бұл  жерде  мұғалімдер  жалғыз  бағалаушы  тұлға

болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және  өздерін  бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.

Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі  қажет,  сондықтан  оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы алынған  ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті,  қызығушылықты  және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.

жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер мұғалімдердің жұмыс үлгісін сәйкестендіруіне және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға ерекше на-зар аударуына ықпал етеді. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) және ЭЫДҰ сияқты халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген, қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті

білім мен икемділік қандай дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» жинақтай әдістемесін біліп, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.Сонымен  қатар  алдағы  нәтижелерге  қалай  қол  жеткізілгенін  біліп,  одан  кейінгі  іс-әрекеттерін жоспарлау үшін де мектептер «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы

деңгейінде  жиынтық  бағалау  жетістіктер  деңгейін  және  оқушының  әрі  қарай  дамуы  үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде  оқушыларды  қолдауды  қамтамасыз  ету  басты  міндет  болатын  болса,  онда  балл мен  деңгейлерді  анықтау  үшін  ұсынылатын  негіздемелер  мен  өлшемдер  міндетті  түрде  аса мұқият  зерделенуге  тиіс.  Орындалған  тапсырманың  негізгі  аспектілеріне  қатысты  сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мы-салы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не  істеу  керектігін  түсінуге  көмектеспейді;  бұл  үшін  баламен  бірлесіп  ненің  нәтижесінде мұндай баға алғандығын және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің  нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан  алғанда (сандық түрдегі) жиынтық бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз

болған  мәліметтерге  (қадағалау  және  интерпретация)  қайтып  оралады.  Одан  кейін  мұғалім  бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге  жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы қалыптастырушыбағалау (ауызша түрде) жүргізеді.

Бағалау  сипатын  өзгерту  арқылы оқуды  бағалау  оқыту  үшін  бағалауға ауыстырылуы  мүмкін. Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, оқыту үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл бағалау қолданылған мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда сыртқы тестілер одан да бетер проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде бұл балдар мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді,

оның үстіне мұғалім жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.

Мұғалімдер үшін маңызы

Әрбір  мұғалім  бағалау  әдістемесін  білуге  тиісті,  яғни  бұл  ретте:  дәрісханада  тек  емтихан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті.

Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.

Оқытудың  қиындықтарын  анықтау. Орта  мектептерде  мысалы,  сауаттылық  және

арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін  өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-ана-лар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша  тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер  олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топ-тар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

Стандарттарды  бақылау  және  орындау. Бағалау  нәтижесінде  біліктілік  дәрежесін, ал  мемлекеттік  емтихан  нәтижелері  бойынша  –  жоғары  білім  алу  мүмкін  болады,  мыса-лы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер  болуы  қажет.  PISA  (Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі  халықаралық  бағдарлама)  сияқты  халықаралық  тест  бойынша  алынған  мәліметтер  талдауы

халықаралық  стандарттарға  сәйкестікке  бағытталған,  одан  басқа  стандарттың  микро  және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.

Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін  бұл  бақылау  бағалаудың  негізгі  мақсатына  тікелей  қатысы  жоқ  екінші  кезекті  болып  табылады.  Алайда,  техникалық  тәсілдер  мен  бағалау  және  емтиханның  жиілігі  білім  беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім «Оқыту үшін Бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблема-ларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да.  Өздерінің  бұрынғы  тәжірибесі  бойынша  көптеген  мұғалімдер,  оқушылар  және  олардың  ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

•  Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына

ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.

•  Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе отырып, ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға кері байланыс ретінде пайдалана алады.

Бағалауды Реформалау Тобымен бірлесіп жүргізген зерттеулері бағалаудың көмегімен оқуды  жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс, бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:

•  Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

•  Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі  бағалауға қатыстырады.

•  Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

•  Бағалаудың  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  мен  қызығушылығына  едәуір  ықпал  ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

•  Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай  алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 5523
    • DOCX 32.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бикеева Карлыгаш Доскеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бикеева Карлыгаш Доскеновна
    Бикеева Карлыгаш Доскеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 54924
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 61 региона

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе