Инфоурок Другое КонспектыБастауыш класс оқушысымен жұмыс негіздері

Бастауыш класс оқушысымен жұмыс негіздері

Скачать материал

Байқоңыр қалалық № 1 балалар музыка мектебі.

Ашық сабақ:     29.10.10 ж., мұғалім: Досжанова Д. Қ.,

                                                   оқушы: Ғалымжанова Айдана 1 класс.

Тақырыбы: «Бастауыш класс оқушысымен жұмыс негіздері».

Мақсаты: оқушыны музыка әліппесімен таныстыру, домбыра аспабын жете менгеруге талпындыру.

Міндеттері: үйрету - домбыра аспабында дұрыс отырып, оң қол мен сол 

                                      қолды дұрыс қою. Қағыстар, пернелердегі ноталарды  

                                      үйрету.

                       оқыту - музыка әліппесін жете түсіндіру, оқушының жалпы 

                                     сауатын аша түсу.

                      тәрбиелеу - музыка әлеміне жетелеп, әсемдікке, жақсылыққа

                                    тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: нота әдебиеті, ережелік таблицалар, суреттер, өлең-шумақтар.

Еңбек құралдары: домбыра, фортепиано аспаптары.

Сабақ жоспары

I.                   Ұйымдастыру.                                1 мин

Кіріспе.                                            2 мин

II.                Домбырада дұрыс отыру. Оң қол мен сол қол саусақтарын қоюға арналған жаттығулар.                     5 мин

III.             Нотамен ойнау:

1.     «1 сабақ»  (Б. Ғизатов)   

2.     «Жаңбыр»   балалар әні

IV.            Бойды сергітуге арналған жаттығулар      3 мин

V.               Музыкалық әліппе                                       3 мин

« 4 сабақ»    (Б.Ғизатов)

VI.            Нотаны бірден оқып ойнау                         5 мин

(чтение нот с листа)

VII.         Нота әліппесі                                                2 мин

«Во саду ли в огороде»  (орыс халық әні)

VIII.      Фортепианоның сүйемелдеуімен шығарманы жатқа ойнау  7 мин

1.     «Как пошли наши подружки»  (орыс халық әні)

2.     «Тау астындағы төбе»                (латыш халық әні)

IX.            Музыкалық лото                              5 мин

«Қарлығаш»   (қазақ халық әні)

X.               Сабақты қорытындылау. Оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма беру. 2 мин.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу. Оқушыны таныстыру.

2. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Оқушыны шығармашылық жұмысқа бейімдеу.

3. Кіріспе:

а) табиғатта кездесетін дыбыстар: «шулы», «музыкалық».

ә) регистрлер - мына дыбыстарды кімнің даусымен салыстырасың?

б) І, ІІ октава ноталарының орналасуына арналған жұмбақтар.

Атымды айтар бірінші

Дұрыстап тыңдап ұғыншы.                                                   «До»

Таппағанға түк те жоқ,

Тапқандарға сүйінші.

   Әнді жақсы сүйемін,

   Орныма мен де иемін.                                                        «Ре»

   Алдында «Ми»-дің тұрамын,    

   Өзің білер «….»мін!

Не білесің, не түйдің,

Білдің бе мәнін ән-күйдің?                                                     «Ми»

Үшінші болып тұрамын,

Орнымды тапқан мен «…» мін.

   1-ші, 2-ші сызықтың,

   Арасында тұрамын.                                                              «Фа»

   Мен де өзімше қызықпын

   Ән мәнерін құрамын.

«Кілт белгісі» басталар,

Таласпайды басқалар.                                                              «Соль»

Білгендерге сый дайын,

Білмегендер құр қалар.

   «Әләләйді» аударсаң,

   Орысшасы «….» болар.                                                         «Ля»

   Орыным бар тұрақты,

   Жайым жоқ ешбір қозғалар.

Сендерге қояр сұрағым,

3-ші сызық - тұрағым.                                                               «Си»

Табыңдаршы, кәнекей,

Не болып сонда шығамын?

 

  

Октаваның екінші,

Нотасын еске түсірші.

Жауабын айтып, дәл тауып,

Сұрағын дұрыс түсінші.

   Ноталардың санынан,

   «До» деп мені таныған.                                          3-4сызықтар арасы

   Сызықтардың қайсы бір,

   Арасына жазылған?

Ән мен өмір сүремін,

Нота ішінде жүремін.                                                4-сызықтың  бойы                                  

Бір сызыққа иемін,

Мен кәдімгі «Ре»-мін.

   Бар ғой орын бізде де,

   Білмесең сен үндеме.                                             4-5 сызықтар арасы

   «Ми» дыбысы оңай-ақ,

   Айту үшін тілге де.

Ұмтылыңдар жүлдеге,

«Соль» қасымда, іргеде.                                           5-сызықтың бойы

Сәл төмендеу тұрамын,

«Фа» деген мен білгенге.

 

   Биікке де жеттім-ау,

   Шырқап көкке кеттім-ау.                                       5- сызықтың үсті

   «Соль»-дің орны осы екен,

   Сан сызықтан өттім-ау.

«Соль» айтады мақтанып,

Бекерге ол шаттанып.                                                Қосымша сызықтың бойы

«Ля»-дан асып ол қайда,

Бара жатыр аттанып?

   Мен де кімнен кем екем?

   Жетті ғой көппен теңесем.                                   Қосымша сызықты үсті

   Айтпай-ақ жұрт біледі,

   Жетінші дыбыс мен екен.

 

ІІ. Домбырада дұрыс отыру:

1.     Оң қолға арналған: ПППП, VVVV, ПVПV қағыстар;

2.     Сол қолдың 1,2,4,3,ББ саусақтарын қоюға араналған ноталарды атап, әндетіп ойнау.

3.     «Аппликатура» деген не?

ІІІ. Нотамен ойнау:

1.     «2-сабақ»   Б. Ғизатов   (ноталарды атап ойнау);

2.     «Жаңбыр»,  балалар әні  (санап ойнау)

IV. Бойды сергітуге арналған жаттығу.

(Оқушы орнынан тұрып, аяқ-қолын созып, сергіту жаттығуларын жасайды).

   Бауырға қысып аспапты,

   Шәкіртке ұстаз ұстатты.

   Иық, қол талды, күй қалды,

   Ұйыды аяқ ақсатты.

Мұғалім аяп баланы,

Қойдырып жайлап аспапты.

Орындықтан тұрғызып,

Жаттығуды бастатты.

   Қимылдап, мойын бұрылсын,

   Жазылсын  ептеп  құрысың.

   Иықты көткр, қолды соз,

   Ашылсын кеуде тынысың.

Айтқанды бала ұғады,

Жаттығу тіпті ұнады.

Аяқ та қойды дызылын,

Мойын да еркін бұрады.

   Шаршайды талы, көбіне,

   Иық, қол келді ебіне.

   Ойынды ары жалғайды,

   Шырайы кіріп өңіне.

V. Музыкалық әліппе.

1.     Ноталардың ұзақтығы;

2.     Паузалар. «4-сабақ», Б. Ғизатов, (санап ойнау)

VI. Нотаны бірден оқып ойнау. В.А.Моцарт «Аллегретто».

1.     Шығарманы талдау (шығарманың атауы, тональдігі, өлшем, ритмін санап шапалақтау;

2.     Ноталарды іштей атап, бірден оқып ойнау.

VII. Нота әліппесі.

1.     «Альтерация» деген не?

2.     «Во саду ли в огороде», орыс халық әні, (қандай «альтерация белгісі» қолданылуда?

VIII.  Шығарманы фортепианоның сүйемелдеуімен жатқа ойнау:

1.     «Как пошлы наши подружки», орыс халық әні;

2.     «Тау астындағы төбе», латыш халық әні.

IX. Музыкалық лото

«Қарлығаш», қазақ халық әнін тақтаға жазуға арналған жаттығу. Оқушы бес сызыққа скрипка кілтін, кілттік белгісін, такт сызықтарын қойып алады. Ноталардың орнына кішкене карточкаға жазылған ноталардың атауларын кояды. (Ритмикалық сурет есептелмейді).

X.               Сабақты қорытындысы.

Сабақтың жұмысын қорытындылап, оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма беріп, оқушыны шығарып салу.

   Айырап нота түрлерін,

   Санашы оқып, ойланып.

   Ұмытып кетпей сабақты,

   Жадыңда ұста, ойға алып.

Отырып алып, жайлана,

Жаттығуды қайтала.

Әр дыбысты санаңа,

Құйып ал, бекер ойнама.

   Домбыра алып қолыңа,

   Түс өнердің жолына.

   Талаптанып, талпынып,

   Күйшінің қосыл тобына!

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

   

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш класс оқушысымен жұмыс негіздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 435 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 668
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досжанова Дина Калдыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досжанова Дина Калдыбековна
    Досжанова Дина Калдыбековна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 8294
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой