Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу(баяндама)

Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу(баяндама)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

11 Ы. Алтынсарин мектебі




Баяндама

Тақырыбы: « Басауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»





Сынып жетекшісі: Нұрасилова Д. Е.








Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар

біліммен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттеді. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі өркениеттіпрогрессшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеттері мол, сондайақ ұлттық тілін жоғалтпаған өзге тілдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі тең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әорбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуын заңдылық. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы, педогогикалық міндеттері-оқушылардың белсенді өміршілік, сапалық көз қарасын, сөзбен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын анықтайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу. Іс әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі-ниеттілігін, адалдығын кішіпейілділігін қалыптастырады.

Кішіпейілділік отбасынан дамиды, оған ата-ананың берген тәрбиесі, тұрмыс тіршілігі көп әсер етеді. Балаларды сыныптық ұжым ішінде қарым-қатынас кезінде, достарымен аралас-құралас кезінде қандай екенін білуге және сол мінезіне қарай отырып оның мінез- құлқын жөндеуге және кішіпейілділікке тәрбиелеуге болады.

Халық ауыз әдебиеті адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде баланың ой-өрісін дамытады. Дүниетаным жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің реттеуші қызметін атқарады. Мінез, адамгершілік сезімдер туғаннан пайда болмаса да, нерв жүйесінің адамның табиғи ерекшеліктері мінез-көрністерінде, оны жекелегенбітімінің қалыптасуында аңғарылып отырады.

Адамгершілік сезім дегеніміз-әлуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарынан эмоциялық қатынас.

Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу, олардың бір-бірімен достық-жолдастық қарым-қатынасының нығаюын қарастыру, олардың әрдайым жақсы қатынаста болуын қамтамасыз ету адамгершілік сезімнен туады.

Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • Өмір талабына сай қоғамның моральдықнормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу.

  • Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

  • Оқушылардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау.

  • Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие соральды балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады. Оқушыларды кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі-ертегі-қисса. Оларда халықтың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрыпының дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, баланың өзара қарым-қатынастары өз халқына, Отанға, туып өскен жерге, оның табиғатына сүйіспеншілігі бейнеленген.

Мәселен: Жақсы адам-елдің ырысы.

Жақсы жер диханның ырысы,- деп адам қасиетін білдірсе,

Ұлық болсаң – кіші бол,- кішіпейілділікті,

Әдеаті бала –арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала,- деп көргендікті,


Шешеннің тілі ортақ,

Шебердің қолы ортақ,- деп адам бойындағы өнер жалпы халықтың қазынасы екенін уағыздайды.

Балалардың мінез-құлқы, бойындағы шынайы қасиеттері туралы жаңылтпаш, жұмбақтарда баланы тәрбиелеу үрдісінде қолданылады. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке, кішіпейілділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сыныптардың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы бас кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиалдарға беріледі. Мысалы: Ана тілі оқулығындағы адамгершілікке, патриоттыққа, кішіпейілділікке, парасаттылыққа еңбек сүйгіштікке, мамндықтыңбәрі жақсы екендігінде, оны қадірлей білуге тәрбиелейтін түрлеріне қарап, оқушының бейіміне қарап, көркем әдебиетті пайдалануға болады.

Балалар бұл тамаша педагог жазушылардың шығармаларын беріле отырып оқиды. «Жақсыдан үйрен» (Ы.Алтынсарин). «Таза бұлақ», «Балалардың айналасы»- әңгімесін, «Өнер білім бар жұрттар» өлеңін оқығанда балаларды білімге насихаттаған.

Қорыта келе, кіші мектеп жасындағы оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, оның адамдық қасиетін ашу, инабатты, кішіпейіл, зейінді етіп шығару ата-ана мен мұғалімнің тікелей міндеті.


Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-492595
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх