Инфоурок Начальные классы Научные работыБастауыш мектеп оқушысын тәрбиелеудің негізгі құралы - қазақтың ұлттық ойындары

Бастауыш мектеп оқушысын тәрбиелеудің негізгі құралы - қазақтың ұлттық ойындары

Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш мектеп оқушысын тәрбиелеудің негізгі құралы - қазақтың ұлттық ойындары"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • « Бастауыш мектеп 
оқушысын 
тәрбиелеудің 
негізгі құралы – 
қазақтың ұлттық...

    1 слайд

    « Бастауыш мектеп
    оқушысын
    тәрбиелеудің
    негізгі құралы –
    қазақтың ұлттық
    ойындары»
    Орындаған : Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна
    Өзін – өзі жетілдіру тақырыбы:

  • Мамандығы:
Бастауыш оқытудың педагогикасы  мен әдістемесіТансыкбаева Акбота К...

    2 слайд

    Мамандығы:
    Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
    Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна
    «Степногор ауылының орта мектебі» ММ

  • 1.ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ
2. БАСТАУЫШ  МЕКТЕП...

    3 слайд


    1.ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

    2. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

    1.1 Ойынның педагогикалық – психологиялық маңызы, мәні, ерекшеліктері, тәрбие ұғымымен байланыстылығы
    1.2 Ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеудің дидактикалық негізі
    1.3 Ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділігі
    2.1 Ойын теориясының қалыптасуы және оқу тәрбие процесінде қолданылуы
    2.2 Қазақ мектептерінде ұлттық ойындарды оқу үрдісінде қолдану жағдайы
    2.3 Ұлттық ойындарды оқыту процесіндегі эксперименттік жұмыстары
    Қорытынды
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
    Қосымшалар

  • Кіріспе           Еліміз Егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқы...

    4 слайд

    Кіріспе
    Еліміз Егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, ақыл- ойы жетілген жеке тұлғаны дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Осыған орай кіші мектеп оқушыларының бойында жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (жеке тұлғаның ақыл- ойы, этикалық, эстетикалық, адамгершілік, салауаттылық тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасы ұлттық ойын арқылы қалыптастыруды жүзеге асыруға болады. Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби :« Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім–адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі » -деген екен. Сонымен баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан оның мәні ерекше.

  • Тақырыптың өзектілігі         Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге адамның...

    5 слайд

    Тақырыптың өзектілігі
    Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идиологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» - деп айтқандай, Қазақстан Республиасының Білім туралы заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген.

  • Зерттеудің мақсаты 

    Бастауыш  мектеп оқушыларының 
тәрбиелеуін  ұлттық...

    6 слайд

    Зерттеудің мақсаты

    Бастауыш мектеп оқушыларының
    тәрбиелеуін ұлттық ойын арқылы
    тәрбиесін қалыптастыру үшін оқыту-
    тәрбие процесінде ұлттық ойындарды
    қолданудың теориясына негіздеп,
    әдістемесін жасау, оны тәжірибе
    жүзінде тексеру.

  • Зерттеу міндеттеріБастауыш мектеп оқушысын  тәрбиелеудің  негізгі 
құралы –...

    7 слайд

    Зерттеу міндеттері
    Бастауыш мектеп оқушысын тәрбиелеудің негізгі
    құралы – қазақтың ұлттық ойындары;
    Ойын теориясының қалыптасуы және
    оқу тәрбие процесінде қолданылуы;
    Қазақ мектептерінде ұлттық ойындарды
    оқу үрдісінде қолдану жағдайы;

  • Зерттеу пәні

  Бастауыш мектеп оқушысын тәрбиелеудің негізгі құралы – қаза...

    8 слайд

    Зерттеу пәні

    Бастауыш мектеп оқушысын тәрбиелеудің негізгі құралы – қазақтың ұлттық ойындары.
    Зерттеудің әдістері
    Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық -синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті–дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибелерін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

  • Зерттеудің  ғылыми болжамы   Егер бастауыш мектептегі оқыту - тәрбие процесі...

    9 слайд

    Зерттеудің ғылыми болжамы
    Егер бастауыш мектептегі оқыту - тәрбие процесі барысында ұлттық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемесі жасалса, онда оқушыларды тәрбиелеп, оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.

  • Зерттеудің нысаны

      Жалпы орта білім беретін орта мектептердегі бастауы...

    10 слайд

    Зерттеудің нысаны

    Жалпы орта білім беретін орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық процесі.
    Жұмысының құрылымы екі бөлімнен, тәжірибелік жұмыстар барысы мен қортынды, қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық ұжымдық ерекшелікті сараптау жағдайы қарастырылады. Екінші бөлімде бастауыш мектептегі ұлттық ойындарды қолданып оқушыларды тәрбиелеу әдістемесі, оның тиімділігін тәжірибелік- эксперимент арқылы тексерудің нәтижесі


  • Бастауыш  мектеп оқушыларын тәрбиелеуді ұлттық ойындар арқылы дамытуда оқушыл...

    11 слайд

    Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуді ұлттық ойындар арқылы дамытуда оқушылардың теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың ақыл-ойын арттырып,оқу сапасын жақсартуға болады.

    Зерттеудің жетекші идеясы:

  • Зерттеудің жетекші идеясы:     Бастауыш  мектеп оқушыларын тәрбиелеуді ұлттық...

    12 слайд

    Зерттеудің жетекші идеясы:
    Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуді ұлттық ойындар арқылы дамытуда оқушылардың теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың ақыл-ойын арттырып, оқу сапасын жақсартуға болады.

  • Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен...

    13 слайд

    Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс – әрекеттің бір түрі.

  • Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен 
еліктеудің маздап жанған  оты....

    14 слайд

    Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен
    еліктеудің маздап жанған оты.
    Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз
    толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.
    В.М. Сухомлинский .

  • ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ
     Ойын өмірде өте ерте жа...

    15 слайд



    ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

    Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.
    Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

  • Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты...

    16 слайд

    Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез - құлықтың ерекшеліктері мен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып - ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.

  • Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте 
дербе...

    17 слайд

    Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте
    дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады.
    Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді игеруде ақыл
    ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық құбылыс. Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқыту барысында баланы қызықтыра отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді.
    Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,сезімдерін күшейтеді.Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.

  • Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

    18 слайд

    Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

  • ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІойын жаттығуойын сабақдидактикалық 
ойындаройын –
 есептерұлтт...

    19 слайд

    ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ
    ойын жаттығу
    ойын сабақ
    дидактикалық
    ойындар
    ойын –
    есептер
    ұлттық
    ойындар
    логикалық
    ойындар
    сөздік
    ойындар

  • Ойындарды қолданудың тиімділігі жаңа тақырыпты ой...

    20 слайд







    Ойындарды қолданудың тиімділігі
    жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

    шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

    сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
    оқушының өз – өзіңе деген сенімділігі пайда болады;
    логикалық ойлау қабілеті дамиды.

  • ҰтымдылыққаШыдамдылыққаОЙЫН ҰтқырлыққаТалаптылыққа ТапқырлыққаАдамгершіліккеБ...

    21 слайд

    Ұтымдылыққа
    Шыдамдылыққа
    ОЙЫН
    Ұтқырлыққа
    Талаптылыққа
    Тапқырлыққа
    Адамгершілікке
    Белсенділікке
    Шапшандыққа

  • Ойын түрлерітөмендегідей

    22 слайд

    Ойын түрлері
    төмендегідей

  • Қозғалмалы ойындар
Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындарТабиғи заттарды қолданып о...

    23 слайд

    Қозғалмалы ойындар

    Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар
    Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар
    Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар
    Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар

  • Ұлттық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, мазмұнына қарай топтастырылад...

    24 слайд

    Ұлттық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, мазмұнына қарай топтастырылады
    7-8 сынып оқушылары Қазақша күрес
    Бастауыш сыныптар «Асық ату»
    5-6 сыныптарда «Жібімді атта»
    9-10 сыныптар «Арқан тарту»
    5-6 сыныптарда «Қол күрес», «Ат жарыс ойыны»
    7- сыныптарда «Тақия тастамақ»
    6- сыныптарда «Сақинамды тап»
    8- сыныптарда «Сиқырлы таяқ»
    4- сыныптарда «Тиыным кімде?»

  • «Адасқан әріптер» ойыныАйлардың атауын дұрыс жазылуы:
- қаңтар
- ақпан
- наур...

    25 слайд

    «Адасқан әріптер» ойыны
    Айлардың атауын дұрыс жазылуы:
    - қаңтар
    - ақпан
    - наурыз
    - мамыр
    - маусым
    - қыркүйек
    - қараша
    - қазан
    - желтоқсан
    - тамыз
    - шілде
    - сәуір

  • Ғұлама ғалымдар мен жазушылардың айтқан пікірлері         Е.Сағындықов өз еңб...

    26 слайд

    Ғұлама ғалымдар мен жазушылардың айтқан пікірлері
    Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
    Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
    Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
    М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.
    Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
    Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

  • Тест тапсырмасы1. Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.а) футбол;ә) бәйге;б) тени...

    27 слайд


    Тест тапсырмасы
    1. Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.
    а) футбол;
    ә) бәйге;
    б) тенис;
    2. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.
    а) бәйге;
    ә)алтыбақан;
    б) арқан тарту;
    3. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?
    а) есек;
    ә) жылқы;
    б) сиыр;
    4.Тоғызқұмалақ ойынын неше адам ойнайды?
    а) 2;
    ә) 3;
    б) 1;
    5. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?
    а)бетінен сүйеді;
    ә)басынан сипайды;
    б)қамшымен ұрады;
    6. Қыз қуу ойынының қатысушылары кімдер?
    а) жігіт;
    ә) қыз бен жігіт;
    б) қыз;

    7. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.
    а)жамбы ату;
    ә)арқан тарту;
    б)аударыспақ;
    8. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын:
    а)жамбы ату;
    ә)арқан тарту;
    б)теңге алу.
    9. Ұлттық ойынға жатпайтын ойынды
    көрсетіңіздер
    а)тоғызқұмалақ;
    ә) аударыспақ;
    б) футбол;
    10. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді?
    а) әдемілік пен жомарттылықты;
    ә)адамгершілік пен сұлулықты;
    б)ерлік пен тапқырлықты;
    Бағалау критерийлері
    0-2 – «2»
    2-5 – «3»
    5-8 – «4»
    1-9 – «5»

  • Оқушыларды сабақ үстінде жинаған ұпай сандарына байланысты бағалау....

    28 слайд


    Оқушыларды сабақ үстінде жинаған ұпай сандарына байланысты бағалау.

    Сабақтағы мұндай ойын сәттері оқушылардың ойлау және өздігінен шешім шығару қабілетін жетілдіреді,ой-өрісін дамытады, есте сақтау түйсіктерін қалыптастырады, өз халқының ауыз әдебиетін құрметтеуге тәрбиелейді. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу
    материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.

  • Төмен деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері...

    29 слайд

    Төмен деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері туралы білім сапасы төмен, үстүрт, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін атай алмайды, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін түсінбейді, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі шамалы, қоғам ұлттың алдындағы жауапкершілігін сезінбейді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы төмен, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түсінбейді, қазақ халқының әдептілік ережелерін толық білмейді, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптаспаған, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінбейді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толық қалыптаспаған, өзінің мінез-құлқын толық басқара алмайды, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынаспайды, Отанына, өз ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі толық байқалмайды, ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу, адамдармен ізгілікті қатынас жасау дағдыларын меңгермеген, оқу және оқудан тыс уақытта саналы тәртіп пен жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті төмен.

    Төмен деңгей

  • Орта деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері, қазақ ха...

    30 слайд

    Орта деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері туралы алғашқы білімі болғанымен, ол бір жүйеге келмеген және берік тұрақты емес, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін шамалы түсінеді, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі бар, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезеді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы орташа, ұлттық мәдениеттің мәнін түсінеді, қазақ халқының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптасқан, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі қалыптасқан, өзінің мінез-құлқын басқара алады, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға қатынасады, Отанына, ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық мәдени қарым-қатынас пен адамдармен ізгілікті ќатынас жасауға тырысады, оқу және оқудан тыс уақытта тәртіпті, бірақ толық жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игерген.

    Орта деңгей

  • Жеткілікті деңгей - ғылыми білімнің біршама барлығымен сипатталады,...

    31 слайд

    Жеткілікті деңгей - ғылыми білімнің біршама барлығымен сипатталады, ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз қасиеттері, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері, еліне, Отанына, табиғатқа, халқына сүйіспеншілік, елжандылық, ұлттық намыс, ар-ұят, абырой-ождан мейірімділік, адал болушылық туралы ұғымдарды толық түсінеді, қоғам алдындағы әрбір ұлттың жауапкершілігін толығымен сезеді, этникалық-мәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түрде түсінеді, қазақ халқының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері биік, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне берік, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынаспен қарайды, толеранттық, патриоттық сана-сезімі жоғары, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасады, Отанына, халќына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі жоғары, адамдармен ізгілікті қатынас жасай алады, оқу және оқудан тыс уақытта саналы тәртіп пен жауапкершілік танытады.
    Жеткілікті деңгей

  • Анықтау барысында оқушылардың 
ұлттық  тәрбиелігінің төмендігі мынадай жағдай...

    32 слайд

    Анықтау барысында оқушылардың
    ұлттық тәрбиелігінің төмендігі мынадай жағдайлардан көрінеді:

    - ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімнің жеткіліксіздігі;
    - ұлттық мәдениетке жағымсыз көзќарас;
    - ұлттық сана-сезімінің қалыптаспауы;
    - өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігінің қалыптаспауы;
    - ұлтжандылық қасиеттерінің жеткіліксіздігі;
    - басқа ұлттарға сыйлы қатынасының көрінбеуі;
    - ұлттық мәдениетінің төмендігі.

  • Бастуыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің эмоциялық компонентінің қалы...

    33 слайд

    Бастуыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің эмоциялық компонентінің қалыптасу нәтижелері
    Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің өзгеру қарқыны

  • Эксперимент тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткі...

    34 слайд

    Эксперимент тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткіштері
    Бақылау тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткіштері

  • Қорытынды

    35 слайд

    Қорытынды

  • Қазақтың ұлттық ойындары ата-бабаларымыздан бізге жеткен. Өйткен...

    36 слайд

    Қазақтың ұлттық ойындары ата-бабаларымыздан бізге жеткен. Өйткені мен бүгінгісін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойын арқылы дені сау, салауатты, ақыл-ойы дамыған, тіл байлығы жетілген, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа, қырағылыққа баулыған, психологиялық, физиологиялық жағынан қалыптасқан, ұлттық дәстүрге ие, жан-жақты жетілген тұлға дайындаймыз. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойынарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып отыруды ата-аналар, тәрбиешілер де бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да, білсін!Ойымды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндеймін. Ұлттық ойындар түрлерін қазіргі уақытта әр сабақта көрсетіп,ұлттық тіл өрнектерін пайдалана білсе, қазіргі жеткіншек біле бермейтін ұғым – түсінігін өмірге жанастыра көңіл аудартса сол арқылы танымдық мақсат қойылады.
    Сонымен ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім – тәрбие беруге назар аударылады. Кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет – кафе сияқты зиян ойындарға әуес болып барады. Біріншіден бұл ойындардың адамға тигізер зияны көп, екіншіден баланың ойлау шеңбері, ойлау қабілеті шектеліп қалады.Ал ата – бабамыздан ғасырлар бойы көш – керуен арқылы жалғасып келе жатқан ұлттық ойындар күш – жігерді жетілдіріп, дәлділік пен мергендікке үйретеді.Оған қоса бұл ойындарды кез – келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемей – ақ ойнай аласын. Санамызды улап жатқан құмар ойындардың көптігінен асық ойнау, ләңгі т.б. ойындарға мән берілмейді. Негізінен бұл ойындарды жастармен бірге ересектерде ойнаса, күш қуаттары арта түседі. Сондықтан ескінің көзін көрген ер азаматтар ұрпаққа үлгі ретінде ұлттық ойындарды көрсетіп, үйреткендері дұрыс болар еді.


  • Зейін қойып 
тыңдағандарыңызға 
рахмет!

    37 слайд

    Зейін қойып
    тыңдағандарыңызға
    рахмет!

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 929 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 3785
    • PPTX 7.2 мбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7661
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 37 регионов

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 99 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 62 регионов

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 9 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 16 регионов