Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш мектеппен қоштасу сценарийі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бастауыш мектеппен қоштасу сценарийі

библиотека
материалов

Бастауыш –білім бесігі

Мұғалім:Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын. Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап жоғары сыныпқа өткелі отыр. Енді ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.

( музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады)

1.Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайтын ойланбастан тыныпта

Бақтияр біздің өнегелі өнерлі

Арасында достарының беделді.

2.Мен дәрігер боламын.

Үлкеннің де баланың

Деп, жүр біздің Карина

«Өзім емдеп жазамын!»

3.Математиканы ұнатады.

Қыздарды кейде жылатады.

Анвар біздің әрқашан

Таза жүруді ұнатады.

4.Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Біздің Дильназ күлімдейді жарқылдап.

Математика сабағында

Есептерді шығарады сартылдап

5.Мен үлкейіп толамын.

Сіздей ұстаз боламын.

Деп жүр біздің Аида

Үлгісі кіші баланың.

6.Сынып намысын ақтаған,

Жүрекке сыр жаттаған.

Арман мектеп ұясын.

Жан тәнімен сақтаған.

7. Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырып жанын.

Жаннұр біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

8. Сыйлап сәлем береді.

Үлкендерді көргенде,

Әлімжанды сыныпта

Ізетті деп біледі.

9. Қай кезде де ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін.

Айым біздің қуанып,

Қызарады біз үшін.

10. Мінезі сондай салмақты.

Бәрімізге ардақты

Суретші болу арманы.

Кім білмейді Ғибратты.

11. Жыр оқып, тарихын ол танытқан.

Кітап оқып білімін де дамытқан.

Торғын сыныбымыздың озаты.

Білімін ол болаттай қып қорытқан.

12. Ерке, бірақ ақылды

Сыйлап жүрер жақынды

Тілекжан біздің ұлдарды,

Тәртіпке әркез шақырды.

13.Әзілді жаны сүйеді.

Армансыз ол күледі.

Ақжол біздің әрқашан

Жып-жинақы жүреді.

14. Өзі сондай салмақты,

Ұқыпты да, тиянақты,

Темірлан біздің әрқашан

Таза ұстайды, сыныпты

15. Би билейді талмайды

Әсем әнін арнайды.

Сыныпта біздің Балғынайды

Барлық бала тыңдайды.

16. Әдепті ол сақтайды.

Әділетті жақтайды.

Сабинаны біздің апайлар

Тәртіпті деп мақтайды.

17. Бастауыштың түлегі.

Ел деп соққан жүрегі.

«МАЙ» қызметкері болам деп

Жалғас біздің жүреді.

18. Күні бойы тынбайтын,

Үлкендерді сыйлайтын.

Елгезек біздің Шерхан.

Жалқаулықты білмейтін.

19.Білімді алғыр жан-жақты.

Қыздарымыз сымбатты.

Жасмин біздің әрқашан

Досымыз болар қымбатты.

20. Өнер қуған жасынан.

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің Ақжан

Табылар дос қасынан.

21. Келеді сонау қашықтан.

Мектепке әркез асыққан.

Еркебұлан біздің ақкөңіл

Көңілі дария тасыған.

Бақтияр: Құрбыласпыз.

Дильназ: Тұрғыласпыз.

Тілекжан: 21-міз.

Балғынай: Күлімдейміз.

Еркебұлан: Бір бақшаның гүліндейміз.

Аида: Барлығымыз сыныптаспыз.

Ақжан: Таланттымыз.

Карина: Талаптымыз.

Арман: Қанаттымыз.

Жаннұр: Жақсы оқимыз, сабақты біз.

1-жүргізуші:Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2- жүргізуші:Қош келіпсіз, құрметті ата- аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

1-жүргізуші:

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші:

Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Бақтияр:

Жасмин, бүгін біз 4 жыл оқып, әріпті танып, жазу-сызуды үйреткен бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Осы сен бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?

Жасмин:

- Қалай сонда?

Бақтияр:

- Мінекей қара Жасмин. Мен саған талдап беремін. Қанекей, балалар Жасминге түсіндіріп берейік.


Б - Балалық шақта

А - алдағы

С - сан

Т - түрлі

А - армандарға

У - уайымсыз адымдайтын

Ы - ынталы

Ш - шақ.


- Түсіндің бе, Жасмин?

Жасмин:

- Бақтияр, сен мені таң қалдырдың. Сен бастауыш сөзін қалай талдауды білесің. Ал, сен мұғалім сөзін талдай аласың ба?

Бақтияр:

- Жоқ білмейді екенмін.

Жасмин:

- Ал, қанеки балалар, маған көмектесіп жіберіңдер.


М - мұнтаздай

Ұ - ұқыпты

Ғ - ғұлама

А - адал

Л - лағылдай

І - інжу

М - маржандай

кісілер екенін біле жүріңіздер.Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

1-оқушы: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

2-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ән: Ұстазым -хор

3-оқушы: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

4-оқушы: Есімде ерен ұстазым

Шашымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейір төккенің

5-оқушы: Балғын шақта келіп едім

Бал қызыққа еніп едім

Тағдырымның билігін де

Сеніп сізге беріп едім

6-оқушы: Ақылшым,асыл ұстазым

Жолымды айқын нұсқадың

Қасыма кеп қанша сен

Қамқор боп қалам ұштадың

7-оқушы: Үйретіп өмір «уставын»

Үлгілі іске нұсқадың

Ақкөңіл,іскер қашанда

Ақылшым менің,ұстазым

8-оқушы: Өткенде бізден ағаттық

Байсалдылықпен тағат қып

Балалық болса кешірген

Байыппен баурап өсірген

Үлгілі әр кез ұстамды

Сабырлы,ізгі ұстазды

Анадай көріп сыйлаймыз

Айрылар кезде қимаймыз

9-оқушы: Арманым болып аңсаған

Мәңгілік қалдың мекендеп

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем деп

Ән:

10-оқушы: Құрметті ,ұстаздар,біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз.Сөздеріңізді ықылас қоя тыңдап, зер салып оқып, үйреніп жүрміз.Әрбір пән мұғаліміне біздерге жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.

11-оқушы: Анашымдай сыр шерткен

Ақыл- білім үйреткен

Ана тілін оқимын

Ерекше зор құрметпен

12-оқушы: Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамын

13-оқушы: Ой жіберсем мәніне

Дүниетану пәні де

Өмір сырын үйреткен

Пәннің жақсы бәрі де

14-оқушы: Әлемде бар талай тіл

Үйренуге құмармын

Орыс тілі-қажет тіл

Тез үйреніп алармын

15-оқушы: Жазуларымызды қаттаған

Жақсыны көріп мақтаған

Ардақты ұстаз – жақсы адам

Айтқанын ұғып,жаттағам

Жетелеп әр сыныпта

Жеткізген бізді мұратқа

Ұлағат ісін сүйеміз

Басымызды иеміз

16-оқушы: Жүрегімді ұстаз берген сабағы

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын, ақылы

Барлығы хормен: Мәңгі, мәңгі мәңгі есімде қалады.

Ән:

1-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқндай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,әріптерді үйреткен, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан ұстаз екені баршамызға мәлім.Әлгінде біздің оқушылар да ұстазға деген сезімдерін,жүректерінен шыққан алғыстарын айтып жатыр. Ал,енді ұстаз туралы өзің не айтар едің?

2-жүргізуші: « Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі,тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті- тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адам- мұғалім», «Ол-ұстаз» - деп бекер айтпаса керек.

1-жүргізуші: Өте орынды айтасың,ендеше, оқушылардың мұғалімдеріне

деген өлең жолдарына кезек берейік.

Ақыл,сана, берген білім тереңін

Алғысы көп мектебіне өреннің

Ұлағатты ұстаздарға сол үшін

Ұрпақтары көрсетеді өнерін

( Ары қарай әрбір пән ұстаздарына, ата-аналарға арнау өлең оқылады.)

2-жүргізуші: Сынып жетекшісіне арнау

  1. Оқушы: Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты

Ойламайтын ертеңін

Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жөнге салдыңыз

Ел алғысын алдыңыз

Сабырлысыз құрыштай

Жөн айттыңыз ұрыспай

Түзедіңіз тентекті

Тұрғызбай – ақ бұрышқа

Сізден ізгі кішілікті

Үйренеміз кісілікті

1-жүргізуші: Пән мұғалімдеріне арнау

1-оқушы: Талаптанып білім шыңға самғауға

Мен мектепке алғаш рет барғанда

Сауле апай қарсы алып ең біздерді

Мерейіңіз биік болсын әрқайда

2-оқушы: Жетілдіріп жеткіншектер білімін

Сырын ашқан ағылшынның тілінің

Оксана апай еңбегіңді бағалап

Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым

3-оқушы: Санамызда тұрса дағы сан ұғым

Білмеуші едік көп нәрсенің анығын

Тілі менен әдебиетін орыстың

Маншук апай өзіңізден таныдым

Ән:

2-жүргізуші: Әкелерге арнау

1-оқушы: Әкелерді құрметтеп

Сүйеміз шын жүректен

Әке-асқар тауымыз

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы

Тура жолға салады

Әкелерге мың алғыс

Әлпештеген баланы

Би:



1-жүргізуші: Аналарға арнау

1-оқушы: Ойында мейірім,ақ тілек

Бойында ақ сүт, тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрғанбақ тілеп

Арадай балын жиятын

Ақылы дария құятын

Ана – көңілі кеңістік

Бүкіл әлем сиятын

Ән:

1-жүргізуші: Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер- білім-бәрі де

Оқуменен табылған, - деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па? Осыған сендерқандай пікір қосар едіңдер?

2-жүргізуші: Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та артықтық етпес деген де ой жетелейді.

1-жүргізуші: Олай болса балалардың да пікірін тыңдап көрейік.

1-оқушы: -Білім артық, өйткені ол- Пайғамбардан қалған мирас. Байлық-бақылдардан қалған мұра.

2-оқушы: - Білім артық , өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

3-оқушы: - Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды,байлық жұмсасаң азаяды.

4-оқушы: -Білім артық , оны ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрыдан күнде қорғау керек.

5-оқушы: -Білім артық , өйткені ол жан дүниеңді байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.

6-оқушы: -Білімді адам орнымен сөйлейді,мәдениеті артады,байлығы көп адам оған мас балып мақтанады, астамшылық көрсетеді.Сондықтан да әрқашанда білім артық.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекті сіздерге бергелі отырмыз.Мұғалімдердің сіздерге арнаған сұрақтары бар екен, соны сіздермен бірге шешсек дейміз.

  1. Сұрақ: «Ата-ана балаға сыншы» деген. Өмірде баланың жақсы да, жаман да қылықтары кездесіп жатады.Сіздер өз балаңыздың бойынан қандай жақсы қылықтарды байқай аласыздар?

  2. Сұрақ: Бала тәрбиесіне , сабағына қандай талап қояр едіңіз?

  3. Мысалы,қазіргі кезде кейбір ата-аналар баланың бағасын ақшалай болса да сый-сияпат көрсетіп жатады.Осыған сіздің ой- пікіріңіз.


Көрініс: Өтірік айтпаймын

Ән: Қос бәйтерек

1-жүргізуші: Осы біздің кітап деген сөз қайдан шыққанын және қандай мағына беретінін кім айтады?

1-оқушы: Кітап арабтың «жазу» деген сөзін білдіреді.

1-жүргізуші: Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік,балалар

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты

-Балалар біз кітаптан нені үйрендік?

1-оқушы: Оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтып, би билеуді.

2-оқушы: Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды.

3-оқушы: Жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік

4-оқушы: Әйтекенің жарып айтқан

Қазыбектің қазып айтқан

Төле бидің тауып айтқан

Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.

1-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен, оң мен солымызды танытқан, білім әлеміне жол ашқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші: Дегенмен біз мектебімізбен қоштасқалы отырғанымыз жоқ қой. Демек,біз сүйікті ұстаздарымызбен біргеміз.

1-жүргізуші: Келесі биімізді мектептің бүкіл ұстаздарына және ата-аналарымызға арнаймыз.

2-жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Бастауыштың шырқатып соңғы әнін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

(Бітірушілер вальсі)

(Оқушылар хорға тұрады, «Әнші балапанның әнінің сазына салып төмендегідей әнді орындайды)


Өтті бізден балалық

Өкінішті шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Текті мінез-даналық

Қ-сы:

Қош бол,қош бол бастауыш сынып

Өсті біздің ой мен санамыз

Шам-шырағың болып жанамыз

Өрге самғап біздер барамыз


Ұсынғаны адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт,табыс,амандық

Бақыт,табыс.амандық

Қ-сы

Сыныптың оқу озаты:

Бар білгенін аямаған

Өз гүліндей аялаған

Мың рахмет ұстаздарға

Қамқор әкем, аяулы анам

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Бәрі хормен: Серт береміз шын жүректен


1-жүргізуші: Осымен « Бастауыш білім бесігі» атты ертеңгілігіміз жабық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

Мұғалім:

Өздеріңмен адымдап аспандаймын

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын

Бастауышты бітірген сендер

Ал Мен тағы да бір белестен асқандаймын

Мен үшін бәрі бірдей қарақтарым

Орындалсын арман,тілек талаптарың

Самғаңдар биіктерге

Қайырылмасын енді ғана қатайған қанаттарың

Иә,иә, қатайды қанаттарың

Тағы бір өтсем бе екен санап бәрің

Мен келгенде 22 –ең, 21- ің қалды

21-іңді түрлі мінезбен парақтадым
















1. Адам тамақ істерде, ең бірінші не салады? (көз)

2. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, ал 2 аяқ пен неше кг болады?

3. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут кетеді?

4. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді

Жел соқса да үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның үзіліп

Түсті тағы біреуі

Тұр әлі де үзіліп

Жапырақтың нешеуі? (4)

5. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын екі алма

Біреуін бер Мұратқа

Сонда қалмақ неше алма? (0)






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров968
Номер материала ДA-046519
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх