Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бастауыш сынып оқушыларымен өтілген ой бөліс

Бастауыш сынып оқушыларымен өтілген ой бөліс


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Тәрбие сағатының тақырыбы: Ғұламаның бәрі кітапхана алдында қарыздар

Мақсаты: Оқушылардың кітапханамен байланысын нығайту. Мектеп оқушыларын сөйлей білу мәдениетіне дағдыландыру. Ой бөліс барысында өзіндік көзқарасын дәлелдеп, қарсыластарының дәлелдеріне сын тұрғысынан қарап, кемшіліктерді таба білуге дағдыландыру.

Тәрбие сағатының түрі: ой бөліс

Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру сәті.

ІІ.Ой бөлістің мақсатымен оқушыларды таныстыру.

ІІІ.Тікелей эфир. Бұқаралық ақпаратпен байланыс.

Астана телеарнасынан берілген хабарды тыңдау.

ІҮ.Екі топтың міндеттері.

1.Топпен таныстыру.

2.Әрбір топ өзінің резолюцияларымен таныстыру.

3.Әр дәлел бойынша өз дәлелдерін келтіру, өз көзқарастарын қорғау.

4.Эксперт тобының дәлелдері.

І топтың ойлары:

Біздің ұсынылатын резолюциямыз

«Қазақстанға кітапхананың көптігі қажет емес»

Дефинициямыз: Қазір білім алатын ақпарат көздері көп.

Критерийіміз: Қазақстанда кітапхана санын азайтып, жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.

Дәлелдеріміз:

1.Кітапхана ғимараттары ескірген.

2.Кітапхана қоры азайған.

3.Жаңа технологияның негізінде ақпарат көздері көбейген.

ІІ топтың ойлары:

Біздің ұсынылатын резолюциямыз:

«Қазақстанға кітапхананың көптігі қажет»

Дефинициямыз: Ешкандай да кітапхананы жабуға болмайды.

Қайта білім алу ошақтарын жаңа заман талабына сай көтеру керек.

Критерийіміз:Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептейміз.

Дәлелдеріміз:

1.Кітапхана ғимараттары ескергенімен, әрбір кітап құнын жоймайды.

2.Кітапхананы жаңарту керек, кітап оқи білу мәдениеттіліктің негізі.

3.Кітап оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.

Жүргізуші:

Оқушылар, біздің шарамызға Астана қаласынан эксперт тобы келіп отыр.

Топ жетекшісі: Каюпбаева Әсем Ерболқызы бірге топ мүшелерін таныстырып шықты.

Ү.Эксперт тобының дәлелдері.

а).Таныстыру сәті.

Өзім келсе,Каюпбаева Әсем –Филология әдебиеттану мен әлем тілдері факультетінің доцентнің орынбасары.

Қасымдағы серіктестерім осы салада көптен бәрі зерттеу жұмыстарын атқарып келеді.

Жумажанова Асель Болатбекқызы – Ғылым әдебиеттану кандидаты.

Құрал Гульфия Жомартқызы –Ғылым академиясының кандидаты.

Ерсаинов Нурлыбек Қадирбекұлы – Филология әдебиеттану кандидаты.

Сабитова Жанна Жалгасқызы – Денсаулық сақтау министрінің өкілі.

ә).Эксперт тобының оқушыларға «Қазақстанға кітапхананың қажеттілігі» жөнінде дәлелдемелері.

1 –дәлелдеме.

Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

2- дәлелдеме.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. 

3-дәлелдеме.

Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі оқып,үнемі кітап оқудан бас тартпаған

4- дәлелдеме.

Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала,Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.

Аударып кітап - дала көне бетін,
Жаяды жаңа бетін - кереметін.
Абайдың жырларындай оқи берсең,
Рақатқа жаның батып кенелетін, деп Мұзафар атамыздың өзі айтқандай өлеңдерін оқимыз.

5-дәлелдеме.

Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы

Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да керемет пайдалы екендігін дәледеніп отыр. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар.Жақында ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді.Қан тамырдың, өкпе, жүрек және басқа да ағзалардың сау денелі болуы үшін дене әрекеті маңызды орында тұратыны белгілі. Бірақ, барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу. Кітап оқу – жүйке жүйесін шынықтыру, дене-бітімді күшейту, әртүрлі аурулардың алдын алуда тамаша маңызға ие.

Эксперт тобының жетекшісінің қорытынды сөзі.

Сонымен балалар, көріп отырсыздар кітап адам баласының басты құндылығы, рухани байлығы. Сондықтан кітапты көп оқыңыздар. Біздер сіздерге төс белгімізді сыйға әкеліп тұрмыз. Соны табыс етейін.

ҮІ. Бастауыш сынып оқушыларының концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Ән. Туған жер. Орындайтын: Алауова А.

Қазақ биі. Орындайтындар: 4 сынып оқушылары.

Көрініс «Қайта-қайта оқу». Орындайтындар: 2 сынып оқушылары.

Ән . Сүйікті туған ел. Орындайтындар: Сабитова Ж, Жумажанова А.

Ән. Домбырасыз сән қайда. Орындайтындар: Сиражева А, Харисова Н.

Ән. Ақ әжем. Орындайтын: Құрал Г.

Көркем сөз. Оқитын: Каюпбаева Ә.

Оқы талмай,түй санаңа, жас ұлан,
Сыр құямын, жыр құямын санаңа.
Білім – қару, білім керек адамға,
Ал білімді мен құямын санаңа.

 Сауатымды ашатын
Кітап білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол – өмірдің шырағы.

Кітапта алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.

Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Абай Құнанбайұлы.

Шарамыз 2 сынып оқушысы Ерсаинов М-дің орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды.

ҮІІ. Қорытынды сөз.

Мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Есмаганбетова Г.С.






Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДВ-482458
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх