Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы

библиотека
материалов

hello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifБастауыш сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы

Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі  Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;

-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;

-сабақты ойын түрінде өткізу;

-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.

Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты. Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Полат Е.С. М., 1999.

2. М.Ф. Стронин Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттығулар.

 

http://sync.morgdm.ru/?src=s3

http://sync.morgdm.ru/?src=s3




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бастауыш сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы

Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;

-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;

-сабақты ойын түрінде өткізу;

-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.

Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты. Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Полат Е.С. М., 1999.

2. М.Ф. Стронин Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттығулар.

Автор
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1143
Номер материала 259294
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх