Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш сынып оқушыларына арналған пайдалы кеңестер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бастауыш сынып оқушыларына арналған пайдалы кеңестер

библиотека
материалов











hello_html_5e1aea34.png





















Велосипед айдағанда

hello_html_4e76b9e6.pngҚұрметті балалар, велосипедпен жолға шығудан алдын өз-өздеріңе сұрақ қойыңдар: Мен велосипедті жақсы айдай аламын ба? Бұл велосипед маған ыңғайлы ма? Жол ережелерін, белгілерін білемін бе?

Велосипед айдаған кезде мыналарды ұмытпаңдар: Велосипедтің тежегіштерін тексеріңдер! Айдаған кезде өте жоғары жылдамдықпен айдамаңдар! Алдарыңдағы көліктерге тым жақындамай, арақашықтықты сақтаңдар! Велосипедтеріңде тежегіш шамдары мен фаралары болмаса түнде айдамаңдар!

ҰМЫТПАҢДАР: Велосипедпен қауіпті көріністер жасамаңдар! Әрқашан жолдың оң жағымен жүріңдер! Велосипедті оңға-солға бұрып, керексіз әрекеттер жасамаңдар! Велосипедке бір адамнан артық мінбеуі керек, велосипедтің бір адамға арналған көлік екендігін ұмытпаңдар. Велосипед айдап келе жатқанда алда кетіп баражатқан көліктің артына асылмаңдар. Оңға немесе солға бұрылудан алдын қолмен көрсетіп белгі беріңдер. Кейін алдан және арттан келе жатқан көліктерге мұқият болыңдар. Велосипедті бір қолмен айдамаңдар. Ойнаған кезде жолдың бойында ойнамаңдар, жолдар ойын ойнайтын алаң емес. Жолдың бойында доп ойнау, жүгіру және велосипедті ұқыпсыз түрде айдау қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін. Ойнаған кезде ойын алаңдар, парк немесе спорт алаңдарында ойнаңдар.



















Дүниедегі алғашқылар



Гhello_html_mee950f.pngаллея Құйрықты Жұлдызы алғаш рет б.з.д. 240 жылы көрінді.

Алғашқы Рентгенді 1895 жылы Wilhelm Rontgen тапты.

Алғашқы компьютерді 1895 жылы Charles Babbage, Digital компьютерді 1944 жылы Гарвард университеті, ал дербес компьютерді (РС) 1981 жылы ІМВ жасады.

Алғашқы теледидарды 1926 жылы John Logie Baird жасады.

Алғашқы телефонды 1876 жылы Alexander Graham Bell жасады.

Алғаш рет Оңтүстік Полюсқа 1911 жылы Норвегиялық Ronald Amundsen барған.

Алғаш рет Солтүстік Полюсқа 1909 жылы Америкалық Robert Peary барды.

Алғашқы радионы 1901 жылы Guglielmo Marconi жасаған.

Антарктикаға алғаш рет қадам басқан 1958 жылы Ағылшын саяхатшысы Vivian Fuchs.

Алғашқы лампаны 1879 жылы Thomas Edison ойлап тапты.

Алғаш рет ғарышқа 1961 жылы сәуірдің 12-інде "Восток" ғарыш кемесімен ұшқан адам Юрий Гагарин.

Аhello_html_6163539e.pngлғашқы Нейлонды 1938 жылы Wallace Carnotlers жасады.

Алғашқы Вертолётты 1939 жылы Игор Сикорский жасады.

Эверест щыңына алғаш рет 1953 жылы Edmund Hillary мен Tenzing Norgey шыққан.

Алғашқы атом бомбасын 1939 жылы Otto Frisch, Niels Bohr және Rudolf Peierls жасаған.

Алғаш рет ашық ғарышқа шығу 1965 жылы наурыздың 18-інде ғарышкер Алексей Леонов тарапынан "Восход-2" ғарыш кемесімен жүзеге асырылды.











Ғhello_html_55975623.pngарышқа алғашқы жер серігі 1957 жылы 4-қаңтарда Ресей тарапынан жіберілді.

Дүние жүзінің алғаш рет ғарыштан түсірілген суреті 1959 жылы 17-ақпанда "Вангуард-2" ғарыш кемесімен АКШ тарапынан түсірілді.

Ғарышқа ұшқан алғашқы әйел - Валентина Терешкова, 16 маусым, 1963 жыл, «Восток-6».



Алғаш рет айға қадам басқан адам Neil Armstrong, 16-шілде 1969 жыл, «Apollo II».

Ең алғашқы CD 1979 жылы Philips және Sony компаниялары тарапынан жасалған.

1993 ж Антарктиканы алғаш рет жүріп өткен кісі ағылшын Ranulph Fiennes.

Алғашқы клондау 1997 жылы "Dolly" атты қойға жасалынған.























Саусақтарымыз не үшін тырсылдайды?



hello_html_6e9a6346.pngСаусақтарымызда екі сүйектің қосылған жерінде байланыс капсуласы бар. Бұл капсуланың ішінде сүйектердің әрекет етуі барысында сол жерлерді майлайтын бір сұйықтық бар. Бұл сұйықтықтың оттегі, азот және көміртегі газдарынан құралған.

Денеміздің ең оңай тырсылдайтын буындары саусақтарымыз болып табылады. Саусақтарымыз керілген кезде буындар түзеліп, капсула да керіледі. Капсуланың ішіндегі сұйықтықтың қысымы азайып, газ көпіршіктері жарылады. Біздің құлағымызға естілетін міне осы дыбыстар. Жарылған көпіршіктер нәтижесінде газдар бұл сұйықтықтан бөлініп шығады және сұйықтық тағы да кеңейіп буындардың әрекет ету қабілетін арттырады.

Бір саусағыңызды бірнеше рет тырсылдата алмайсыз. Біраз уақыт күтуіңіз керек. Өйткені газ көпіршіктері сұйықтықтың ішінде тағы да түзілуі үшін біраз уақыт қажет болады.

























Үйдегі қауіпті заттар

hello_html_m3f0349f8.png

Бір реттік пакет шайы, фольга, баклажка, пластмас стакан...

1) Метал степлермен жабылған пакеттегі бір реттік шайларды ішпеңіз! Жіппен байланғанын таңдаңыз!

2) Консерві банкаларының ішкі беттері пластикалық затпенен қапталған болса ғана стандартқа сай болады.

3) Ұзақ уақыт сақталған азық өнімдерін қолдану өте қауіпті.

4) Алюмин фольгаларды тағамды пісіру кезінде және сақтау кезінде қолданбаған жөн.

5) Пластикалық ыдыстар да денсаулыққа зиянды. Олардың орнына шыны ыдыстарды қолданған жөн. Қыштан жасалған ыдыстарды да қолдануға болады.

6) Пенопласттан, пластмастан жасалған бір реттік стакандар және ыдыстарды ыстық тағамдармен сусындарда тұтынуды міндетті түрде тоқтату керек.

















Үй тазалығының жаңа әдісі

Адамның өмір сүруі үшін ауа мен су ең басты элементтер болып табылады. Ішетін суды ақша төлеп сатып алуға болады. Бірақ, таза ауаны сатып ала алмаймыз. Біз өмір сүріп жатқан орта өкінішке орай лас ауа жұтуымызға, ауруға шалдығуымызға себеп болуда. Барлық адам таза ауа жұту үшін далаға шығады. Сырттағы ауаның үйдегі ауадан 15 есе таза екендігі анықталды.

hello_html_m869d094.pngДемалысқа шыққан кезде үй бос қалса да 15-20 күн ішінде заттардың үстіне шаң тұрып қалатындығы байқалады. Бұрын жерлерде кілем, көрпеше, диван, төсек, матрац, жамылғы, көрпе тысы, жайма және жастық тыстары көбіне ақ немесе ашық түсті болып, кірлегендігі тез аңғарылатын. Оларды жиі-жиі жуып отыратын. Қазір барлық үйлерде түрлі-түсті кілем, кресло, түрлі-түсті жамылғы комплекттері, төсеніштер, перделер кірі көрінбейтіндей сипатқа ие. Олардың түктерінің түбі кене, бактерия және қара күйеге ұя-мекен қызметін атқаруда.

Әйелдер шаңсорғышпен үй тазалаған кезде бастары ауырады және біраз терлейді. Бұл терлеуді шаршағандықтың белгісі деп ойлайды. Алайда, бұл терлеудің себебі шаң сору кезінде айналаға көп шамада ұшқан бактериялар мен вирустардың тыныс алу мүшелері арқылы ағзаға енуімен ағзаның қорғаныш механизмінің хистамин бөлуі және осының нәтижесінде жүректің артық шамада жұмыс істеуінен. Бұл жағдайда шаңға қарсы аллергия және бронхит бастамасы пайда болады. Аталмыш бактериялар мен вирустар адам терісі, тері қабыршағы және түк қалдықтарымен қоректенетіндіктен жатын бөлмелерде және төсегімізде олардың миллиондағаны өмір сүреді. Олар ашық тұрған тамақтың үстіне де қонады. Мысалы, қазандағы май, зәйтүн, ірімшік сияқты азықтардың үстін аз уақыт ішінде басып қалады. Жайлы мекен тапқаннан кейін тез көбейеді.

Шаңсорғыштар шаң мен бактериялардың тек ірілерін ғана шаң қалтасында ұстап, қалған ұсақ шаң тозаңдарын қайтадан ауаға үрлейді. Өйткені, шаң қалтасына келген ауа қайтадан сыртқа шығады. Шаң сорылып болғаннан кейін жиһаздардың үстінде шаң қалады. Бактериялар мен вирустар тыныс алу мүшелері арқылы өкпемізге барып, тіндерге жабысып, қан тамырларынан қан сорады. Уақыт өте келе тыныс жолы ауруына, бронхитке, одан соң астмаға айналуына себеп болады. Бұдан ең көп зиян шегетіндер әйелдер мен балалар.

hello_html_17a785ce.pngОсы айтылған бактерияларды жоятын «Тазалық роботы» сумен ауаны тазалау жүйесі ретінде 1948 жылы АҚШ Наса ғарыш станциясында ғарыш құралдарының құрылуы кезінде қолданыла бастады. Жұмыс істеу жүйесі: кәдімгі шаңсорғыштардағы қалтаның орнына су қойылады. Күшті моторы арқылы сырттан тартылған ауаның ішіндегі шаң мен бактерияларды суға араластырып тазалап, сыртқа шаңсыз, таза ауа үрлейтіндіктен ауаны да тазалайды.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.08.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров102
Номер материала ДБ-171239
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх