Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар,жаттығулар мен тренингтер" "

"Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар,жаттығулар мен тренингтер" "

Скачать материал

                 

Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар, жаттығулар мен тренингтер.

 

       Жаттығу «Сөмкені жинау». 
Мақсаты: өзге затқа деген сезімін білдіруге, ынта-ықыласын дамыту. Кішіпейілділік, қамқорлық көрсетуді дағдыға айналдыру. 
Құрал-жабдықтар: сөмке, әр түрлі заттар, бояу қарындаш. 
Түсіндіру: 
- Балалар, қазір өткен сабағымыздың қорытындысы ретінде арал жеріне саяхатқа шығамыз. 
Мұндағы мақсатымыз әр кейіпкердің тапсырмасын мұқият тыңдап, жақсы орындасақ, соңында бізге берер сыйы бар екен. Мінеки, балалар, бізді бірінші қарсы алып отырған тоты құс екен. Қанеки тоты құстың тапсырмасын көрейік, ол бізге мынадай тапсырма беріп отыр. Егер де сендер осындай алыс сапарға шыққан кезде өздеріңмен бірге қандай зат алар едіңдер, соны көрсетіңдер. Балалар тапсырмадағы жолға керек заттарды белгілейді. Тоты құстың жауабы. Сендер дұрыс орындаған екенсіңдер, мен де енді алыс сапарға шыққанда не алу керектігін білетін болдым. Көп рахмет. Бізге ары қарай жолды ашып көрсетіп жіберді. 
Талқылау: 
- Сендерге тапсырма ұнады ма? 
- Балалар, несімен ұнады, неге? 

Жаттығу: «Көрпені жамау». 
Мақсаты: заңдылықты қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қиял, елес ұғымдарын жетілдіру. 
Көрнекілігі: пираттың суреті, әртүрлі кілемшелер, үлкен түрлі-түсті кілем. 
Ал енді ары қарай жүреміз. Алдымызда пират тұр екен. Оның бізге берер тапсырмасы қандай, соны орындап көрейік. Жақсы орындасақ, онда бізге жол көрсетіп жібереді екен. Бірақ, балалар, пират өте кәрі, ол тоңғақ, біз оған көмектесіп көрпесін жамап берейік, жылы жүрсін. 
Талқылау: 
-Балалар, тапсырма ұнады ма? 
-Несімен ұнады? 
-Қандай қайырымдылық көрсеттік? 

Жаттығу: «Неден жасалған». 
Мақсаты: балаларға бағыт ұғымының көп мағыналы екендігін түсіндіру, сөз бен істі бағалай білуге үйрету, барға қуана білу, өз айналасын жағымды қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру. 
Құрал-жабдықтар: түрлі түсті заттар. 
Түсіндіру: 
-Балалар, біздің жолымызда айдаһар кездесті, бізге мынадай тапсырмасы бар. Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып, заттардың қасына келіп, мен берген тапсырмаға сәйкес заттарды қоямыз және неден жасалғанын айтамыз. Сонымен қатар болған бала орнына отырып, қорытынды жасайды. 
Талқылау: 
-Балалар. сендерге ойын түрі ұнады ма? 
-Несімен ұнады? 
-Сендер дұрыс орнын таптық деп ойлайсыңдар ма? 
-Неден жасалғанын қалай түсіндіресіңдер? 
-Орындарымен ауыстыруға бола ма? 

Релаксацияға байланысты жаттығу: «Өзіңмен өзің». 
Балалар орындықтарында отырып, көздерін жұмады. Әуен ойнайды. Күн суытты. Қыстың аязды күндері сезіледі. Ал, біз болсақ, ыстық жазды елестетейік. Алтын күн аспанда өз шуақтарымен қызыл құмды қыздырып тұр. Сендер табандарыңмен оның қызуын сезесіңдер. 
Сендер мөлдір теңіздің жағасында асықпай жүріп бара жатырсыңдар. Ол сендерге сыбырлап: «Сәлеметсің бе, балақай! Айналаға қарашы, табиғат-ана неткен сұлу! Оның әдемілігіне сүйсінудің өзі қандай бақыт! Күнді көріп, оның шуақтарына қыздырынған қандай бақыт! Құстардың сиқырлы үнін тыңдаған, осы күнге қуанған қандай бақыт! Сенің осындай кең дүниеде бар екенің қандай бақыт» - дейді. 
- Өздеріңді тыңдаңдаршы... (кідіріс). 
- Өздеріңді бақытты сезіндіңдер ме? Оны қалай түсіндіңдер? 


Жаттығу: «Лабиринт» 
Мақсаты: балаларға «Лабиринт» ойынының мағынасын түсінуге көмектесу, ізгі сезімдерін көрсете білуді дамыту, бір-бірімен мейірімді қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу. 
Құрал-жабдықтар: «Лабиринт» суреті, маймыл, банан суреті, түрлі-түсті бояу қарындаш. 
Түсіндіру: 
-Балалар, біздің аялдамамызда маймыл кездесті. Бірақ ол жай жүрген жоқ, өзінің азығын іздеп жүр екен. Маймылдың азығын тауып берсек, ол бізге ары қарай жол көрсетеді. Барлықтарың қолдарыңа түрлі қарындаштарды алып, сонымен жолдың басынан бастап, адаспай аяғына дейін жүреміз. 
Талқылау: 
- Жол жүру барысында қандай қиыншылыққа тап болдыңдар? 
- Маймылдың азығын тауып берген жағдайда қандай сезімде болдыңдар? 

Жаттығу: «Не жетіспейді?» 
Мақсаты: «Не жетіспейді?» ойынының мағынасын түсіндіру. Сөйлеу қабілетін дамыту. Заттың мағынасын жетілдіре меңгерту. 
Құрал-жабдықтар: әр түрлі суреттер, түрлі-түсті қарындаш. 
Түсіндіру: 
-Балалар, біз сендермен сиқырлы сөйлейтін тауға да келіп жеттік. Тау бізге мынадай тапсырма берді, біз оны орындасақ, сөйлейтін тау да бізге жол көрсетеді екен. «Не жетіспейді?» деген тапсырманы дұрыстап ойланып өз орнына рет-ретімен қоя білу қажет. 
Талқылау. 

Жаттығу: «Сиқырлы сандық» 
Мақсаты: балаларға сөздік қорын молайту, алдарына мақсат қойып, соған жете білуге қалыптастыру, береке-бірлікті нығайту. 
Құрал-жабдықтар: сиқырлы сандық, кәмпит. 
Түсіндіру: Балалар, мінеки саяхат барысында әртүрлі кедергілерден мүдірмей, сүрінбей өтіп, сиқырлы сандықшамызға да келдік. Енді сендер жақсы білімдеріңді көрсеткендерің үшін сиқырлы сандықшаны ашуымыз керек, ашпас бұрын кілтті құрастырып, сандықтың аузын ашайық, сонда сиқырлы сандығымыздың аузы ашылып, бізге берер сыйы бар. 
Талқылау: 
- Кілтті құрастыруда қандай қиыншылықтар болды? 
- Қандай жағымды, жағымсыз жақтары болды? 

 

 

 

   «Ассоциаация»

Қазір ойынды бастап, жүргізетін адамды таңдап алайық .Жүргізуші боламын деген бала ортаға шығады. Соннан соң ойынға Қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын, қандай ой туғызтынын айту керек. Мысалы, өсімдікке, затқа, жануарларға. Бір-біріңді есімдеріңмен атауды ұмытпаңдар (ойыншылар ойнайды).

 

«Жұдырықты аш»

Жұптаса бөлініңдер. Жұптағы біреу жұдырығын қатты жұмады. Екінші адам оны ашуға тырсады.Қолды немесе дененің кез-келген жерін ауыртуға боламайды.Кейін ойыншылар орындарын ауыстырады. Күш көрсетпей қолданған амалдар талқыланады:келісім сөздер, өтініштер,қулықтар.

 

«Тілсіз итеру»

Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір-бірін түртіп итереді , жай ұрып, соғып, шымшып көреді,бірақ, сөйлемейді.Кейін балалар ойыннан алған әсерлерін бөліседі

 

«Иә және жоқ»

 

Барлық ойыншылар жұптаса бөлінеді. Әркім өзіне «иә» немесе «жоқ» деген көзқарасты таңдайды.Дауыстап,тек қана осы сөздерді айтуға болады. Ойынның мақсаты : қарама-қарсы көзқарастағы ойыншыны өз позициясынан бас тартқызу. Барлық ойын  аяқталған соң,өздерінің ойларын бөлісужүреді:Сіздер қандай көңіл-күйнде бөлісу жүреді: Сіздер көңіл-күйінде болдыңыздар? Сіздің ашуланған  немесе қиналған сәттеріңіз болды ма?

 

«Қораздар ойыны»

Ойын жұптаса орындалады. Бір ойыншы бір аяқпен секіріп, екінші ойыншыға соққан кезде, екінші ойыншы екі аяқпен жерді баспауы керек.

 

«Тез-тез қайтала»

Алдымен жүргізуші ойыншылармен келісіп алады. Балалар жүргізушінің сөзін айтып тұруы керек. Бірақ, жүргізуші «мені қайталаңдар» деген сөзді айтуы керек. Одан кейін жылдам диолог-«атысу»өтеді. Кімде-кім жаңылсып кетсе,ойынан шығады.Ешқандай жаңылыспаған адам жеңімпаз атанады.

 

 

«Ұста-ұстама»

Ойынға қатысушылар үш командаға бөлінеді,бір-біріне үшбұрыш  түрінде қарап тұрады (Әр команданың ойыншылары бір жағы үшбұрышты құрайды,арақашықтықтары бір-бірінен 2 метр).

Ойыншылар ашық және қоңыр түсті 2 допты бір-біріне алма-кезек лақтырады.Ашық түсті допты әрқашанда ұстап алу керек, ал, қоңыр түсті допты үндемей лақтырғанда ұстау керек. Мұндай «жәй» допты кімде-кім ұстай алмаса, сол ойыннан шығады.

Үшбұрыштың ортасында жүргізуші тұрады. Ол допты лақтырады, құлап қалғандар үшбұрыш ортасында.Жүргізуші және ойыншылар допты жанында тұрған келесі топқа лақтырады.Егер доп жерге кетсе, онда оған топ ие болады.

Егер де топта ешқандай ойыншы қалмаса, онда ойын аяқталды.Ал,жеңімпаз- қай жақтың ойыншысы көп, сол жақ болып табылады.

 

«Жақын және таныстар»

10-12 бір-біріне жақын, таныс, достар жиналады.Олар бір-бірн жақсы біле ме? Ол үшін олар өздерін бақылауға арналған ойындардың көмегімен тексетсін. Әрбір ойнағысы келетіндер уақытша жүргізуші болып бір ойыннан жүргізсін. Ең болмаса мынадай.

1.Ең ұзын және ең қысқа

Бақылауды тексеріп тұратын 2 бала қалғандарына арқасымен тұрады. Қалғандары бір түзеудің бойына бой-бойларымен тұрады. Жүргізіуші ана балаға, мына балаға кезек-кезек сұрақ қояды:

-Осы жерде ең бойы ұзын кім?

-Ең қысқасы кім?

-Рет-ретімен ең ұзыннан,ең қысқасына дейін атап беріңіздер

Содан кейін жаңадан жүргізуші және жаңа ойыншылар шығады.

2.Көздің және шашатың түсі.

Жүргізуші қасындағы «бақлаушыға»ойыншылардың қайсысынңкөзінің және шашының  түсі қандай екенін есіне түсіріп,айтып беруі керек.

3. Киімінің, костюмнің бөліктері

Мұнда мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

-Ішімізде қайсымыздың сыртқы киіміміздің сырты бар?Жұлдызшалар?Темірлері?

-Бүгінгі күн үшін кім қызыл(сары,көкшіл және т.б.) басқа түстерді таңдады.

-Ішімізде кімнің киімдерінің үлгілері бірдей?

 

«Сақиналар»

Ойыншылар дөңгеленіп отырады, байлаулы тұрған жіпті екі қолдарымен ұстайды.Жіптің ортасында сақина кигізілген,ойыншылар ол жіпті қолдарымен жауып. Кезек-кезек бір-біріне жылжытып отыруы керек. Жаңадан келген жүргізуші әрқйсысына «қолыңды аш»деп. Сақинаны тауып алуы керек.Кімнің қолында сақина болса. Сол жаңа жүргізуші болады.

«Не жетіспейді?»

Бұл ойынды балалар стол басына келгнде ұсынуға болады. Біріншіден,біз стол басында не бар, соны зейін қойып, қарап алыңыздар және естеріңде сақтаңдар деп ескертуіміз керек: конфеттер,бутербродттар,пирогтар,варенье және т.б. Енді бір қонақ сыртқа шыға тұрсын,ал,сіздер балдармен кеңесіп алып,қандайна тарелкіні алып тастай тұрасыз,т.б. Енді сыртта тұрған адамды шақырып аламыз, ол адам мына жеде не жетіспейтінін айтуы керек(Тауып алған адам ең бірінші болып, конфетті немесе печеньені алуға рұқсат етіледі, ал, содан кейін қалғандарын столға шақырады).

«Кім жоғын тауып ал»

Ойыншылардың барылығы  көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші  бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз  жәй кетіп қалады.Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін  ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте сақтау қабілетін  және бақылауды тексереді.

«Пульс» ойыны

Дөңгеленіп отырамыз. Қатысушылар бір-бірінің қолын ұстайды. Бір ойыншы ортаға шығады. Жүргізуші:     «басталды» деген сөз айтады.Ортадағы ойыншы пульстің қайда кетіп бара жатқанын табу керек. Жүргізуші:«тоқта»деген белгі береді.

«Саяхатқа шығу»ойыны                                                             

 Дөңгелніп отырамыз. Жүргізуші басталды дегенде, әрбір қаысушы керек затты алып шығуы керек.       «Рахмет»деген сөз айтылуы керек.

 

 

 

 

1. «Бәріміз  бірге».

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланы  орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс  темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде  жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап доптытүсіріп алмау.

 

2. «Керісіншелер  елі».

Мақсаты: Ойша әрекетету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допт лақтырады. Допты ұстағанойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы  болмауы мүмкін. Ойынның күрделену ісөздің ұзақтығына байланысты.

 

3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға  қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендерағашқаайналуғадайынсыңдарма?

Бір-біріңніңартынатұрыңдар. Ормандакүншығыпбарлықағаштароғанжапырақтарынжайыпқараптұрды. Күнгеәрбіржапырағыжылынуүшінжоғары-жоғарысозылды. Саусақ-жапырақтаркүнніңастындабилептұрды. Кенеттенқаттыжелтұрып, талдардыжан-жаққашайқайбастады. Бірақталдыңтамырларытереңгекеткен, оларжәйғанатербеледі. Желдіңартынанжаңбыржауып, талдаралғашқыжауынтамшыларынсезінді.

Алдыңғытұрғанттұрғанбаланыңарқасынсаусақтарыңменжауынтамшыларындайтырсылдат. Кәдімгімайдажаңбыржауыпжауыптұрғандайқимылжеңіл болу қажет.

 

Жауыноданәрікүшейіпқаттыжауабастады... Талдарбір-бірінежанашырлықбілдіріпжаңбырдыңқаттысоққысынанқорғапр, сипалайбастады. Көпұзамайкөкжиектенкүнкөрініп, талдарқуанды, оларөздеріндегіартықжауынтамшыларынсілкіптастады. Өздерінсенімді, сергек, тап-таза сезініпқалады.

 

4. "Ондай болуы мүмкін емес"

Қазақ халқының салт-дәстүріндеөтірікшілерсайысыкеңтарағаншығармашылықтыңтүріболған. Солөнердіңэлементтерінбастауышсыныпоқушыларыныңқиялындамытуғакеңіненпайдалануғаболады.

Топтағыоқушылардыңбіреуіешқандайболуымүмкінемесөтірікнәрсеніайтады: ақиқаттаболмайтынзаттар, оларменболғаноқиғаларды,болуымүмкінеместабиғатқұбылыстары мен олжағдайдағыөзініңәрекеттері,табиғаттакездеспейтінжануарларжәнеолардыңхикаяларытуралыоқиғалардыайтыпбереді. Бес өтіріксюжеттіқатарынанқисынынкелтіріпайтыпбергенкездеешкім "ондайболуымүмкінемес" депайтпаса, солұтады. Олардыңбарлығымараппатталады.

 

5. "Егеросылайболса..."

Балалардыңбіреуіфантастикалықжағдайдыойлаптабады, ал басқаларыоныңшешімінтабуыкерек. Мысалы:

- егерәрадамтруғаннанбастапбарлықбасқаадамдардыңойлағанойларыноқуғақабілетіболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді?

- егержербетіндегіадамдардыңәрқайсысыөзінеғанатүсініктітілдеғанасөйлейтінболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді?

- егержануарлартілінадамдартүсінеалатынболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді?

- егерадамдарқұссияқтыұшаалатынболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді?

- егеройменбарлықөсімдіктерөмірінбасқаруғаболатынболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді?

- егерадамдаржерастындаөмірсүреалатынболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді?

- егерадамдар су астындаөмірсүреалатынболса, ондаЖердегіөмірқалайөзгеререді? т.с.с.

Фантазиялықәңгімелергеүлесінқосқандардыңбарлығымарапатталынады.

 

6. "Сиқырлықалам"

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізушібарлыққатысушыларғажаттығудыорындаушартынтүсіндіреді. Ойынғақатысушықаламдықолынаалмастан, оны төрттүрлібұйрықберіп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" дегенбұйрықтарберіледі.) қашықтықтанбасқарыпотырады. Бұйрықбойыншақаламқағазбетіменжоғары, төмен, оңға, солғажылжып, сынықсызықтарретіндеізқалдырады. Қаламныңбарлыққадымдарыбірдейболуыкерек.

Жаттығудыорындаудыңбастапқыкезеңіндеойынғақатысушыларкезекпенбұйрықбереді, ал жүргізушіқаламғаолбұйрықтардыорындауға "көмектеседі".барлыққатысушыларойынережесінмеңгергенінежүргізушініңкөзіжеткенненсоңбалаларғатапсырманықиялыменорындаутапсырылады. Өздерініңойындағықаламдарыменкөзалдынаелестеткенқағазғажорамалдағысызықтардытүсіруүшінқатысушыларбіріненкейінбіріқаламғабұйрықберіпотырады. Еңбіріншіқарапайымфигуралар (квадрат,үшбұрышт.с.с.) салынады. Кімніңбұйрықберетініотырғанретіменшеңбербойыншаанықталады.

Ешкімешкімменқандай фигура салатынытуралыалдын ала келіспейтінітуралыжүргізушіойынғақатысыпотырғанбалаларғатүсіндіріпбереді. Сондықтан қатысушылардыңбарлығыөзіненбұрынғылардыңбұйрықтарынзейінсалыптыңдапотыруыкерек. Біртіндепсалғанфигураларыкүрделі бола бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Лозовой жалпы орта білім беру мектебі» ММ

 

 

 

                                                           

Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар, жаттығулар мен тренингтер.

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Педагог-психолог: Нурахметова М.И.

 

 

 

 

 

 

Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын  кеңейту деңгейін әртүрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық  экологияны  сақтаған, жағымды  микро ахуалда, табысқа  жетуін  қамтамасыз ететін жағдайда  тәрбиеленгені  жөн.

Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. Бала-шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғаттың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін психологиялық ойындар, жаттығу-тренингтерді ұсынамын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар,жаттығулар мен тренингтер" ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2016 59401
    • DOCX 242.5 кбайт
    • 518 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурахметова Маржан Искаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурахметова Маржан Искаковна
    Нурахметова Маржан Искаковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84837
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование, психокоррекция, психотерапия

Психолог-консультант

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1010 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 934 человека

Курс повышения квалификации

Телефон доверия как способ оказания экстренной психологической помощи

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 89 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека