Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі (баяндама)

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі (баяндама)

Скачать материал

Жаным толған - жақсылық

 

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

 

Міндеттері:

 

- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

 

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

 

- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.

                                                                           «Жақсылық істеуден жалықпа,

                                                                           Істеген жақсылығыңа өкінбе!»

                                                                                                         Кабуснама

    Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде уақыттан ба, заманнан ба бойымыздағы адамгершілік қасиеттерімізді азайтып, кейінгі ұрпақ бойынан көре алмай қалып жатырмыз. Осы өзекті мәселеге мойын бұрмай  өзіміздің тәніміз бен жанымыздан адамгершілік құндылықтарын жоғалтып алмайық дегім келеді. Осы мақсатпен бүгінгі жобамның тақырыбын «Жаным толған - жақсылық» деп алдым.

    Менің есімім Салтанат, 7 сыныпта оқимын. Жәй қарапайым жанұяда дуниеге келіп, ата-анамның, әжемнің тәрбиесін бойыма сіңіріп өсіп келемін.Әжемнің айтқан өсиеттерін, әңгімелерін, аңыздарын мұқият тыңдап, солардан сабақ алып журемін.Сондай өсиеттерінің бірі жан жағыңа мейірімді болып, жаксылық жасап жүру. Мен әжемнің айтқан бір аңызын айта кеткім кеп тұр.

      «Өте ертеде бір патшалықта  екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың  екі жағында  болса да,  олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні  ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы  ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп  бөліп алдық, бұл дұрыс емес.  Інім жаңа ғана шаруашылығын  бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».   Ағасы тұрып, түнде інісіне  бір қап бидайды апарып тастайды.  

       Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады:  «Жоқ,біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен  үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де  білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар  өз қамбаларына  қарап,  таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой,  ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен  інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.   Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың  түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда  бара жатырсың?

Інісі айтады:-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?  Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді. Міне  осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ, риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Жоғарыда айтып өткенімдей осы дамыған заманда әркім тек қана өзін ойламай жан-жағына мейірімін төгіп жақсылық жасай жүрсе біздің елімізден керемет, біздің мемлекетімізден артық мемлекет болмас еді.

      «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды»-деп ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай барлық ізгілік ана сүті арқылы беріледі деп білем. 

       Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек.Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолыңнан келгенінше жақсылық жасауға тырыс. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!» деген Ыбырай   Алтынсарин атамыз. Бұл нақыл сөзідің мағынасы, яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап, міндет етпеу керектігін айтқан. Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен, жанашырлықпен  адал ниетпен жасаған іс. Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Істеген ісіңе ақы сұрама деген.  Жақсылықты әрбір адам адал жүрегімен, ақ ниетімен жасау керек деп ойлаймын.

        Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға,табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.

         Жағымсыз әдеттерден аулақ болуымыз керек!Айналамыздағы адамдарға  жақсы тілектер айтып жүрейік!  Мейірімді адамның жасаған жақсылығы өзіне жақсылық болып оралады. Біреуге жақсылық жасап, әрқашан қол ұшын беріп, көмектессең, сол жақсылық өзіңе мол бақыт, қуаныш болып оралады деп үлкендер бекер айтпаған.

       Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал - мәтел жаттап жүруіміз керек. Егер де әрқайсымыз күніне бір тамшыдай жақсылық жасасақ, ол улкен көл болар еді. Көптің тілегі - көл. Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рақмет деп алғыс білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді деп ойлаймын.

       Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы - жақсылық. Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласы дүниеге келгеннен  кейін айналсындағылардан алған тәлім-тәрбиесі, әсері арқылы сана-сезімі қалыптасып, әрнені ойлап, сана сарабынан өткізе бастайды. Ақ пен қараны ажыратып, жақсылықтың, жамандықтың не екенін ұғына бастайды. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тілейді. Мен жақсылық ұғымын ең кемел, ең игі дүние ретінде білетінмін. Әлденеден артығырақ көрінетін, биік, игі көрінетіннің бәрін жақсылық деп ойлайтынмын. Жалпы, жақсылық ұғымын түсіндірген өмірімде үлкен сабақ болды.Мен басында айтып өткенімдей әжемнің жанында көп болып, сол кісіні үлгі тұтып өсіп келемін. Менің әжем - адам баласына жамандық тілемейтін, жамандық жасамайтын, жамандыққа қас, жақсылыққа дос адам. Ол адамның бәріне көмектесіп жүреді. Бүгінде жасы жетпістен асқанына қарамастан, әлі де тың. Үйдің шаруасын да тындырады, немерелерін қарайды, барлығына қамқор болады, әлдекім ауырып қалса, жанынан табылады. Ол кісінің өзгелерге жасаған жақсылығын көріп, таңданамын. Ол жақсылықты түсінетін де, түсінбейтін де жандар бар. Көмегін міндет көріп, қит етсе шақыратын адамдар да бар. Бірақ әжем көмек қолын аяп қалған емес. 

     Ол осы бейнесімен маған аяулы, қамқор, ардақты ана үлгісі болып көрінеді. Ол өз балаларына ғана емес, өзгелерге де аналық жылу, қамқорлық бере білді Олардың қай-қайсы болмасын әжем туралы жақсы сөздер айтып, құрақ ұшып жүгіріп тұрады. 

      Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам, өмірде көрген бейнеті үшін жүрегім езіледі. Ол - рухы мықты, күшті жан. Аяқтан шалып, қастық жасағандарға да күле қарап, ішіндегі ренішін ұмытып кетеді. Тіпті, оған жақсылық тілейді. Кішкентай күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екенін біліп өсіп келемін. Біліп қана қоймай, әжемнің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы жақсылықтың не екенін көріп өстім. 

        Жақсылық - әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін үлкен қасиет.  Жақсылық - игілік атаулының түп бастауы болғандықтан, ол қашан да әлемге жылу сыйлайды. Бойыңдағы жамандықты, арам ойды еңсеріп, жақсылыққа жеңдірудің өзі оңай іс емес. Әр адамның бойында өзіне деген махаббаттан әлемге, адамзатқа деген махаббат жоғары тұрса, оның адамгершілігі болмақ. Ал адамгершілігі бар жан тек жақсылыққа құмар болады. 

       Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемес еді, ешкім ұрсыспас еді, бір-бірін күндемес еді. Әлем жайдары жандарға толар еді. Бірақ жақсылыққа құмар болу үшін, сана-сезімің, жүрегің таза болуі тиіс. 

Біреуге біреу жақсылық 

Тілесе әркез жаны ашып 

Осы бір, шырын тәттілік 

Тұрмай ма жанға жарасып! дегендей тек қана жақсылық жасап жүрейік!

 Қанағат, Рақым, Терең ой

Талап, Еңбек - өркенді

Бәрі саған керек қой

Ұлы өмірің ертеңгі

Бес асыл іс бұл арлы

Үлгі болған ғасырдан

Қастер тұтып бұларды

Ардақтап өс жасыңнан!

      Мен сондай ақ  елбасымызды үлгі тұтамын. Неге деп ойлайсыздар...

Өйткені, елбасымыз жүректі адам. Жұдырықтай жүрегіне барлық елдің қамын жеп, жағдайларын жасап, тілегі елінің бейбіт бақытты өмір сүруі!

Ендеше, бүгінгі таңдаған тақырыбымызға сай, «ЖАНЫМЫЗ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ» болсын!!! Өмірді сүйіп, жақсылықты бағалайық!!!

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Жақсылық жасау әр адамның» ісі атты 3-4 топ студенттерінің шарасына қош келдіңіздер. Оқушылар «Бумеранг добра» деген роликті қарап, талқылады.

- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатігез болсаң  сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды

Олай болса барлығымыз назарымызды бейнероликке аударсақ. Бумеранг.

Оқушыларға  көрген бейнероликтен алған әсерлерімен бөлісу және сұрақтар қою.

 Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

Адам дүниеге ештеме қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген.

Жақсылық жасаушыға жеті өсиет

«Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды» демекші, расында өзгеден жақсылық көргеннен гөрі, біреуге жақсылық жасаған ләззаттырақ. Мұның сыры, бәлкім, жақсылық жасаудың өзге үшін ғана емес, өзіңнің де Ақыретіңе есепсіз көп пайда келтіретініңде жатқан шығар. «Алла кімді сүйсе, оған адамдардың ісін түсіріп қояды», ‒ дейді хадис. Игі іс қылудың саған нәсіп етілгенін білу, мұқтаждығы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында да керемет емес пе?!

Алла Тағала мейірімдіге Мейірімін төгеді, рахымдыға Рахымдылық қылады, кешірімдіні кешіреді, қайырымдылық қылғанға Алла да қайтарымын арттырып береді. Кім қандай жақсылық қылам десе де оған тыйым жоқ. Қайырымдылық қылу да арнайы ережеге тәуелді емес. Дегенмен, жасаған жақсылықтың сауабы зая кетпеу үшін кейбір нәрселерді ескерген артықтық етпейді. Осыған байланысты, пайдасы тиер деген үмітке сүйеніп, аз-кем насихатпен бөліссек дейміз.

Ниетті дұрыста. Жақсылықты тек Аллаға арна. Жақсылық жасауға бағыт алған адам, ең әуелі: «Мен бұл амалымды тек қана бір Алланың разылығына арнаймын» деп ниет еткені абзал. Себебі, ізгі амал 100 пайыз Аллаға арналғанда ғана иесіне Ақыретте орасан зор пайда алып келеді. Себебі, адам тез ұмытады, ал, Алла шаңның тозаңындай жақсылығыңды ұмытпайды. Адам жақсылығыңды қайтара алмауы мүмкін, ал, Алла еселеп қайтарады. Сондай-ақ, адамға жағу мүмкін емес. Адам кейде, жақсылығыңның өзін дұрыс түсінбей, өзіңді ренжітуі мүмкін. Сондықтан, титтей жақсылық болса да оны бір Алла үшін жасаңыз. Сонда есепсіз игілікке бөленесіз.

Жақсылықты есеппен жасама. Рахмет күтпе. Жақсылығыңды міндет етпе.Алла жолында не берсек те, қандай қайыр-жақсылық қылсақ та, сөзсіз, ол өзімізге қайтады! Ол ‒ Алланың Уәдесі.

Алла Тағала: «Әрі жақсылықты ‒ көп болып қайтуы үшін жасама», ‒ деп бұйырады. («Муддәссир» сүресі, 6-аят)

Яғни, адамдарға өзің ұсынған дін және дүние игіліктері үшін, оларға міндет қылма. Керісінше, сен адамдарға мүмкіндігің жеткенше жақсылық жаса және оларға жасаған жақсылығыңды ұмыт. Істегендерің үшін қайтарым сыйды, тек аса ұлы Алладан тіле. А.Саъди

Сондай-ақ, Алла Тағала «Бақара» сүресінің, 264-аятында: «Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға  рия /көрсету/ үшін жұмсап, Аллаға және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер», ‒ деп ескертеді.

Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын): «Жақсылық жасаудың әшекейі ‒ міндетсінбеу», ‒ деген екен.

Туысына немесе танысына жақсылық жасаған кейбір адамдардың аузынан кейде: «Кезінде осындай қайыр қылып едім», «осынша беріп едім», «жұмысқа тұрғызып едім» деген секілді сөздерді естіп жатамыз. Немесе, ата-енесіне деген қызметін «келінім не күйеу балам да ертең мені осылай сыйласын» деп, яки «менің де балаларыма осындай жақсылық қылынсын» деп, қылмақ қайырын есепке құрып жататындар да бар.Ал, шын мәнінде жақсылықты ескеруші Алланың тағдыр еткені ғана орындалады. Алланың есебі ғана болады. Егер, қай амалыңды да шын ниетіңмен, бар ықыласыңмен Алла үшін жасасаң, Раббың сені, сен күткеннен әлдейқайда артық марапатқа, сый-құрметке кенелтуі мүмкін. Әбу Бәкір әс-Сыддық (Алла оған разы болсын), ел көзінен таса жерде, ешкімге жария етпей, көзі көр әлгі қарт кісінің үйін сыпырып, тамағын беріп, ыдысын жуғанда «менің де қыздарым кемпір болғанда, оларға да осындай жақсылық қылынсын» демеген болар? Олар үшін Раббысының разылығынан артық ештеңе керек емес-ті. Ендеше, жақсылықты дүниелік есеппен емес, Ақыреттегі есебіңді ойлап жасауға ынтық болмақ керек.

Жақсылықты жасаған соң, оны ұмыт. Бір істен соң тояттап, тоқтап қалма.Кейде жасаған болмашы бір жақсылығымыз өзімізге ірі көрініп, нәпсімізге тау қопарып тастағандай күй сыйлауы мүмкін. Жақсылығыңның шырын дәміне рахаттанып, қуанған әрине жақсы. Алайда, бұндай сезімде көп жүріп қалу келесі бір жақсылықтарды елемеуге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, жасаған жақсылығыңды ұзақ есте ұстау ‒  адамдардан мақтау дәметуіңе, адамнан қайтарым күтуіңе немесе міндетсінуге алып келуі де мүмкін. Сол себепті де қандай үлкен қайыр қылынса да дереу оның ұмытылғаны жақсы. Адам бір жасаған жақсы амалына тояттап, тоқтап қалмауы керек. Лұқман хакім: «Жасаған жақсылығыңды және көрген жамандығыңды тез ұмыт», ‒ деген өсиет айтқан.  

 «Мен жасадым» деп өз-өзіңе сүйсінбе.

Әбу Зу-Жимһир: «Алладан қорықпаған адам: тілін тыймайды, жүрегі харам күдіктен арылмайды, өзін риядан құтқармайды және өзіне-өзі тамсанумен болады», ‒ деген екен. Ақиқатында, қай амалымыздың Алла алдында қабыл етіліп, қай амалымыздың зая кетуде екені бізге беймәлім. Ең кішкентай амалдың өзі ниетіміз арқылы үлкейтілуі мүмкін. Немесе біз үлкен санаған амалымыздың Алла құзырында қауырсын құрлы салмағы да болмауы мүмкін. Шын мәнінде, жақсылық жасау сізге нәсіп болып жатса, ондай мүмкіндікті тарту еткен Аллаға мадақ айтып, шүкірді арттырғаныңыз ‒ абыройлы іс. Өйткені, себептерді де жасайтын, жағдайды да туғызатын ол ‒ Алла. Ал, адамның өз-өзіне сүйсінуі Нуъман ибн Башир (Алла оған разы болсын) айтқандай, шайтанның тұзағы болмақ.

Халқымыз: «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,

Батырмын деп мақтанба, барып қайтпай», ‒ деген.

Күлімсіре. Жұмсақтық таныт. Адам кейде бір ауыз жылы сөзге зәру болуы мүмкін. Жақсы сөз бен жылы қабақ адам жанын жадыратса, жігерлендіруші сөз ‒ төмендегіні жоғары көтереді. Алла тағала: «Жақсы сөз және кешірім ‒ артынан реніш араласқан садақадан қайырлы», ‒ деген. («Бақара» сүресі, 263-аят) Шын мәнінде, адамның бауырымен қарым-қатынаста шынайы әрі жұмсақ болуының өзі үлкен жақсылық. Қайбір істе жұмсақтық болса, ол сол іске көрік береді. Нәби (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жұмсақ мінезді бол! Ақиқатында, жұмсақ мінез ‒ адамды көркемділіктен басқа ешнәрсеге алып бармайды. Жұмсақ мінезді болмаған адам ұятқа қалады»«Алла Тағала жұмсақ. Әрі жұмсақтықты жақсы көреді. Ол қатігез кісіге нәсіп етпеген нәрсесін, оған /мейірімдіге/ нәсіп етеді», ‒ деген. (Бұхари)

Жасаған жақсылығыңды жасыр. Сахабалар, әуелгі ізгілердің ізгілік істеудегі іздеріне қарасаңыз, олардың жақсылықты барынша жасырын жасауға тырысқанын байқайсыз. Мұның себебі, қай істе де шайтанның үлесі болғандықтан, жүректеріне шайтанның рия құртын енгізуінен сақтануында жатыр. Ислам тарихындағы игі амалдарын жасырған көптеген ізгі кісілердің қисса, оқиғалары бұған дәлел. Шын мәнінде, жақсылықтың сауабын риякерліктен асқан жоюшы жоқ. Сондықтан да болар, Әбу Хазим Саләма ибн Динар: «Өздеріңнің қайырлы істеріңді тіпті зұлымдықты (күнә, жамандықтарыңды) жасырғаннан да қаттырақ жасырыңдар», ‒ деп өсиет қалдырған.

Жақсылықтың ең азы болса да оны менсінбей қойма. Мүмкін, дәл сол кішкентай ғана игі амал сізді үлкен сауаптарға қауыштыратын шығар. Ең бастысы, қандай көлемде болса да жақсылықтың ықыласпен, Алла үшін жасалғаны маңызды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман бауырыңды күлімсіреп, жарқын жүзбен қарсы алудың өзін, жақсылық атаулының ешбірін азсынба», ‒ деген. (Муслим)

Алла Тағала баршамызға жақсы адам болуды, айналамызға пайдалы болуды, Өзі разы болатындай ізгі амалдарды көптеп жасауымызды және жасаған амалдарымыздың сауабы толық болуын нәсіп етсін!

 

Мақалдар

Адамға қылсаң жақсылық,

Жақсылық білмес кей заңғар.

Жақсылыққа жамандық жасайтын,

Дүниеде бейиман көп жандар.

**************************************

Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,

Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.

*************************************

Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.

**************************************

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,

Түбі жоқ сырлас.

**************************************

Аз жақсылық —

Ақылды тең етеді.

Көп жақсылық —

Ақылды кең етеді.

****************************************

Елге қылған жақсылық,

Еленбей қалмайды.

Еңбек еткен ерінбей —

Кенелмей қалмайды.

***************************************

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,

Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.

Қайыр қылсаң, бүтін қыл.

Қайыр бар жерде ырыс бар.

***********************************

Жақсылықтың ерте - кеші жоқ.

**********************************

Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.

**********************************

Жақсылық еккен алғыс орады.

************************************

Жақсы адамның танысы көп, жаман адамның жақыны жоқ.

**************************************

Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.

**************************************

Істеген жақсылығын біреуден болмаса, біреуден қайтар.

*************************************************

Жамандық пайда етпейді, жақсылық зая кетпейді.

*************************************************

Егінші мәрт – жер жомарт.

Не ексең, соны орарсың.

*************************************************

Көзі жаманның сөзі жаман.

************************************************

Жақсы туса – елдің ырысы,

Жаңбыр жауса – жердің ырысы.

************************************************

Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.

**************************************************

Жақсы кісі текшіл,

Жаман кісі кекшіл.

****************************************************

Жақсы болсаң - озарсың,

Жаман болсаң - азарсың.

*****************************************************

Жақсы көргенін мақтап жүрер, жаман көргенін даттап жүрер.

**********************************************************

Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады.

***********************************************************

Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың.

************************************************************

ӨЛЕҢДЕР

               Жақсылық көрсем өзімнен

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен.

Өзім қылдым деулерді

Таса қылман көзімнен.

 

 

Жазалы емес құдай да,

Күн мен жұлдыз һәм ай да.

Жұмақ күткіш наданның,

Орны дозақ әр қайда.

\"Теңгерер соңыра\" - деген сөз -

Тек жұбаткан бір айла.

                               Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жақсылықтың бағасы

Бітер емес сағынышым,

Сезім неге жомарт тым?

Бір бақытты табу үшін

Бір бақытты жоғалттым.

Кімге жетті өкінішім,

Кімнен нені сұраймын?

Бір шаттыққа жету үшін

Бірнеше рет мұңайдым.

Бір шумақты баптау үшін,

Он шумақты өшірдім.

Достың өзін сақтау үшін

Сатқындығын кешірдім.

Жартастың да қатты тәнін

Жарып өтер қарағай.

Күттім күннің сәтті таңын,

Жастығыма қарамай.

Күлер жерде түнеріппін,

Жаным ашып жақынға.

Айырбастап жіберіппін

Жастығымды ақылға.

Бірде ойымды нұрландырдым,

Бірде, бейне, құйын — ішім.

Басқа арманды құрбан қылдым

Бір өзіңді сүю үшін.

Тіршіліктің, әр күнінің

Ғұмырға бар қатысы.

Жақсылықтың барлығының

Жақсылық па ақысы?

Алып өтіп сапар - күннен

Өлеңімнің жарқылы.

Асуларға бет алдым мен,

Қия жолдар арқылы.

Қорытынды: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!  Рахмет!

                                     Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Ғаламтор материалдары

2.     Қазақ энциклопедиясы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі (баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2019 639
    • DOCX 40 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байменова Қарлыға Сейталимханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 754180
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе