Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.

Бастауыш мектепте балаларда туынды назар, зерде, қиял, танымдық қабілеттер, бақылау, өз әрекеттерін талдау, жоспарлау және алға қойылған міндеттерді шешу икемділіктері тез дамиды. Алайда, оқушылардың жеке тұлғаларының қалыптасуында, олардың танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуында маңызды рөл атқаратын барлық осы қабілеттер мен икемділіктердің дамуы бірден орын ала қоймайды. Барлық балалардың маңызды психикалық қасиеттерін дамыту мен қалыптастыру бойынша табанды, қажырлы және мақсатты еңбек қажет. Төменгі мектеп жасы аталған психикалық үрдістерді, қабілеттерді, икемділіктерді дамыту үшін ең қолайлы жас болып табылады. Егер бұл уақытты жіберіп алсақ, егер балада рефлексия, іс-әрекеттердің ішкі жоспары, зерде, байқағыштық, туынды назар және т.б. уақытында дамытылмайтын болса, онда жасы үлкейгенде бұл сапарларды дамыту айтарлықтай қиынға түседі, ал кейде тіпті мүмкін де болмайды.

Егер төменгі мектеп оқушыларында осы психикалық үрдістердің, қабілеттер мен икемділіктің барлығы тиісінше деңгейде қалыптасатын болса, онда жоғарғы – мазмұны бойынша одан да күрделі мектеп курсына өту оларда қандай да бір қиыншылықты туғызбайды.

Бұл үшін іс-әрекеттің сан алуан түрлеріне (ойын, оқу, танымдық және т.б.) қуана – қуана қатысатын төменгі мектеп оқушыларының басым көпшілігің табиғи белсенділігі мен іс-әрекетін пайдалану қажет. Төменгі мектеп оқушыларының іс-әрекетін бағыттау және реттеу керек, яғни іс-әрекетке, оқуға деген мұқтаждықтарға деген талпыныстарының жиынтығын қалыптастыру керек. Егер оқушыда оқуға деген ниет қалыптаспаса, онда мұғалімнің жұмсаған бар күші бекер кетеді.

Баланы мектепке көп жағдайда «мектеп оқушысы болу», жаңа, одан да ересек мәртебе алу себебі жетелейді. Алғашқы кезде бұл тенденцияның себепші күші таң қаларлықтай күшті. Алайда уақыт өте келе мектеп оқушының ұстанымы қалыпты жағдайға айналады.

Аталмыш сыртқы себептердің санатына (оқу үрдісінен тысқары жатқан және тек оның нәтижелерімен ғана байланысты) әлеуметтік себептер жатады. Әлеуметтік себептер баланың басқа адамдармен араласуға, олардың ризалығын алуға, қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға деген мұқтаждықтарына сәйкес келеді.

Төменгі мектеп жасындағы кең мағынадағы әлеуметтік себептер көп жағдайда білетін, түсінетін себептердің санатына жатады. Нақты әрекет ететін себептер тар мағынадағы әлеуметтік себептер болып табылады. Тек нәтижеге (мақтауға, бағаға) ғана зейін қою оқудың мазмұнын тарылтады. Мектептің мәжбүрлеу жүйесін туғызады.

Оқушыларда оқуға қажетті себебін, оқуға деген тұрақты және салмақты тілекті қалыптастыру үшін:

  • балалардың белсенді іс-әрекетке, эмоционалыһ өанығуға, ұжымда өз-өзін көрсетуге және т.б. деген мұқтаждықтарына сүйене отырып, қажетті себепті туғызу керек;

  • бұл іс-әрекет оларға ең жағымды эмоционалдық толқулар әкелуіне, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыруына, оларды дамытуды, оқушыларға өз қабілеттеріне сенімін тудыруға олардың өз табыстары на деген қуаныштары мен мақтаныштарына жағдай туғызу керек;

  • мектепте, сыныпта, отбасында білім мен икемділіктерге деген үлкен құрмет пен ізет қалыптасрыу, олардың меңгеруін өалыпты, маңызды емес іс ретінде емес, өте маңызды, қоғамдық маңызы бар, жоғары бағаланатын іс, әр оқушының абыройлы ісі ретінде қалыптастыру керек.

Қажетті мұқтаждықтар мен себептер оқушыларға тек олардың өзіндік іс-әрекетінің үрдісінде ғана қалыптаса алады. Бұл үшін оқудың мазмұны, оқушылардың алдына қойған мақсаттар мен міндеттер олар үшін түсінікті болып, жеке тұлғалық маңызды мағына бар болуы керек.

Танымдық қызығушылықтар балаларда түрлі деңгейде болады. Бірақ, әдетте, танымның себептері төменгі мектеп оқушыларынң алдыңғы қатарда тұрған жоқ. Танымдық қызығушылықтың төменгі сыныптарды пайда болуы мен оны сүйемелдеу дәстүрлі түрде оқуды ойындармен жәнеи эмоционалдық амалдармен ұйымдастырумен, меңгерілуі тиіс материалды тартымды жасаумен және т.б. байланыстырылады. Осы тәсілдерге сүйене отырып, оларды негізге ала отырып, ішкі танымдық себепті, теориялық қызығушылықты қалыптастыру қажет.

Сонымен қатар баланың назарын өзін өзгерту үрдісіне аудару, өз мүмкіндіктерінің өсу құбылысын баса көрсету және оған баға беру, мектеп оқушысын өзін-өзі бағалауға бет бұрғызу маңызды болып табылады.

Танымдық қызығушылықтар мен себептердің ерекшеліктер, себептік саланың жасқа байланысты динамикасы мектеп оқушыларына біржолата берілмеген және белгілі бір жас кезеңінде міндетті бір тән болып табылмайды. Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі күнгі әдістерін пайдалану оқуға деген қатынастың түрін тереңдетуге және тіпті қайта құруға, оқу іс-әрекетіне деген тұрақты оң себепті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай тәсілдердің бірі оқу міндетін алға қою болып табылады.

Оқу міндеті – не нәрсені игеру керек екені, не нәрсені меңгеру керек екені туралы анық ұғым. Нақты тәжірибелік тапсырмаларға қарағанда оқу міндеті одан да жалпы сипатқа ие болады. Тапсырма мен оқу міндетінің айырмашылығына арнайы назар аударусыз көптеген оқушылар жоғары сыныптарға жеткенге дейін оқу міндетін саналы түрде ажырата білмейді; жекелеген жаттығулады орындаудың мағынасын түсіндіру (ол неге керек), бір ғана ережеге арналған түрлі тапсырмаларды салыстыру; келешекті және өткенді қарастыру амалын пайдалану.

Төменгі мектептің орталық міндеті – «оқу икемділігін» қалыптастыру. Тек оқу қызметінің барлық құрама бөлшектерінің бірегейлігі және оны өз бетінше орындау ғана оқудың өзінің жетекші іс-әрекет ретіндегі қызметін орындауының кепілі бола алады.


Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров59
Номер материала ДВ-472456
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх