Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Статьи / БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

библиотека
материалов


ӘОЖ 370.13

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Рахимбекова А.Т.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., aigul_unk@mail.ru

Ғылыми жетекші:п.ғ.к.,доцент Жолтаева Г.Н.


Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,- деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын[1].

Білім беру жүйесінің мазмұны қоғамдық ағымдағы және болашақ қажеттіліктерді ескеріп және адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму ағымын есепке алудың негізінде қоғамда қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс[2].

Жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың іс-әрекет мен қызығушылығын арттыруды талап етеді[3].

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. 

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен . Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге үйретедi. 

Таным қабілетін дамыту туралы кеңестік педагог-ғалымдардың (Н. Дайри, М. И. Махмутов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, И. А. Лернер, А. И. Пискунов т.б.) тұжырымдары мен пікірлері бар[4]. Олардың идеяларының мәні мынадай:

1) танымдық қабілеттің дамуы  бұл мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеттері;

2) оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі;

3) оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру;

4) мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы  оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдары болып табылады.

Оқушының танымдық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Оны А.Х.Аренованың «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастыру бұл оқу әрекетінің субьектілері ұстаз бен оқушының бір-бірімен қарым–қатынасының бірлігін дәлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым» деген анықтамасынан көруге болады[5]. Осы анықтамаға сүйене отырып бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінің қалыптастыру моделін шығаруға болады. Оны төмендегі сызбадан көруге болады.


 

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық

іс-әрекетін қалыптастыру моделі

Сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау

Тақырыптың мазмұны мен құралдарын таңдау

Оқытудың ұйымдастыру түрі

Тапсырмаларды іріктеп алу

Әдіс-тәсілдерін таңдау

Танымдық іс-әрекет

Қызығушылығын ояту

Мағынаны тану, ой толғаныс

Жеке, жұппен, топпен

Танымдық іс-әрекеттің нәтижелері

Өзіндік ойын айту, пікірлесу, дәлелдеу, басқаның ойын тыңдау, еркін қарым-қатынас жасау


















Н.Ф.Талызина: «Формирование познавательной деятельности младших школьников» атты еңбегінде екі тәжірибелі мұғалім бала жауабын екі түрлі бағалауы мүмкін деп көрсеткен[6]. Оған мысал ретінде Мәскеу бастауыш мектептерінің бірінде математика сабағында жүргізген тәжірибесінде оқушы үшбұрыштың перпендикуляр қабырғалары тең болатынын теория жүзінде айтып бергенде мұғалім жауапты беске бағалайды. Бірақ оқушыдан үшбұрышты сызып, бұрыштарын латын алфавитімен белгілеп, дәлелдеп беруін сұрағанда тапсырманы орындай алмайды.

Бұдан шығатын қорытынды оқушы теорияны түсінбей жаттанды түрде оқыған, сондықтан балада білімнің ешқандай негізі қаланбаған. Ол үшін берілетін білім танымдық іс-әрекет процесі негізінде жүзеге асуы керек.

Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен шындық танымдық әрекеттерінің бірлігі арқылы орындалады. Ал, танымдық әрекеттердің ар түрінің өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар. Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған мектептік оқытуда, жалпы кез-келген оқытуда құрылады да, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту үрдісінің өзімен қоса өрбіп отырады.

Математика пәні бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін анықтайтын құрал болып табылады. Ол білім, іскерлік дағдыны меңгеру және практикалық қолдану барысында жүзеге асады. Ол үшін мынадай міндеттер шешілуі керек:

-оқыту үрдісінің ойлау деңгейі оның құрылымын анықтап алу, құрылымына оқыту үрдісінің қатарлары, танымдық іс-әрекеттің кезеңдері кіреді;

-таным міндеттерін жете білу;

-жаңа тақырыпты қабылдау,ұғыну;

- жаңа оқу тақырыптарын түсініп, жинақтау;

-білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;

-білімді, іскерлікті, дағдыны тәжірибеде қолдана білу;

-оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бағалау.

Математика сабақтарындағы танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ оқу материалының мазмұнымен тығыз байланысты. Оған мазмұнның жаңалығы, меңгерілген білімдерді жаңарту, хабарланатын материалға деген тарихи тәсіл жатады. Екінші топ – оқыту үдерісін ұйымдастыру. Мұнда өзіндік жұмыстың түрлі нысандарын, проблемалық оқытуды, зерделенетін материалға ізденушілік тәсіл, шығармашылық жұмыстарды жатқызуға болады. Үшінші топ оқушылар мен мұғалімдер арасында қалыптасатын қарым-қатынастармен анықталады, мұнда оқушылардың қабілеттері, мұғалімнің өз пәніне деген қызығушылығы, оның оқушыларға үнемі көмекке дайын тұруы, олардың күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімін жатқызады.

Енді, математика сабағында оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіру үшін осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.

  1. Оқу мазмұнын ғылым тарихы туралы материалдармен және шешуі қиын, дәстүрлі емес есептер шығарумен байыту керек. Есептеп шығару, дәлелдеу, түрлендіру мен зерттеу әдістерінің кереметі мен қызықтылығын үнемі ерекшелеп отырған жөн. Сабақты таптаурын болған құрылымнан арылтып, әр сабаққа өзіндік сипат беретін элементтер қосу арқылы жаңаша құру, оқытудың техникалық құралдарын, көрнекіліктерді, ауызша есептің алуан түрін қолдану арқылы түрлендіру қажет. Мысалы, 2-сынып оқушылары өз ойлауын, ойын, дәлелдеуді қажет ететін тапсырманың түрімен таныса отырып, өз ойларын дәлелдейді.

  • Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда бір таңбалы сан шығуы... (мүмкін емес, әбден мүмкін) Неге? Мысал келтір.

  • Екі үлкен бір таңбалы сандардың қосындысы екі таңбалы сан болуы.... (мүмкін емес, әбден мүмкін) Неге? Мысал келтір.

  • Қандай болмасын бір таңбалы сандардың қосындысы бес ондық болмайды. (мүмкін емес, әбден мүмкін) Неге? Мысал келтір.  

  1. Оқушылардың сабақтағы танымдық іс-әрекетін өзіндік және шығармашылық жұмыстардың алуан түрлерін пайдалану жолымен арттыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніндегі өзіндік жұмыстардың бір бөлігі математикалық диктант болып саналады. Диктант тапсырмалары жас шамасына сай күрделеніп отырады. Мысалы, үшінші сынып оқушыларына төмендегідей диктант түрлерін қолдануға болады:

  • 30 және 6 сандарының айырмасын 4-ке көбейт (96);

  • 20-ның 8-ге көбейтіндісіне 16 – ның 5-ке көбейтіндісіне қос (240);

  • Қандай санды 3 есе арттырсақ, 27 саны шығады? (9)

  • 9 саны 72 –ден неше есе кем? (8)

      Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттырудың тағы бір әдісі – логикалық есептер шығару. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында  барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастырып,  ойлау белсенділігін және өзбеттілігін жетілдіріп отыруға болады:

  • Дастан Нұржаннан биік, ал Ержаннан төменгі қабатта тұрады.Сұлтан Дастаннан төмен тұрады. Олар төрт қабатты үйдің қай қабаттарында тұрады?

  • Әпкесі 16 алма сатып алды. Оның жартысын Гүлжан жеді, Бақытжан үш алма жеді, ал қалғанын Маржан жеді. Маржан неше алма жеді?

  • Қайсар ойын кубигін 4 рет лақтырды. Ол қоржынына 25 ұпай жинады. Қайсарға неше рет алтылық түскен? 

    Математика сабағынан үйге берілетін өзіндік жұмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеруіне және ата – ана мен мұғалімге оқушының жетістігін біліп отыруына, сондай – ақ баланың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектеседі.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстармен қатар, олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жаттығулары жатады: цифрлармен жазылған сөздерді жаз және оқы. 1-қ, 2-с, 3-р, 4-д, 5-а, 6-ұ, 7-ы, 8-з, 9-н,10-т. 169478, 10587, 2537, 159510, 107395, 7472, 1053587, 259510, 6879471, 15859.

  1. Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр.

Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту – оның мінез – құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т.б. үйретеді.

 Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.Мұғалім мен оқушы арасында қалыптасатын қарым-қатынасқа кері байланысты қолданған абзал, оған сабақты жүйелі түрде сұрау, қысқа ауызша және жазбаша бақылау жұмыстарын, түрлі тест тапсырмаларын, үй тапсырмаларын түрлендіру, пәнішілік және пәнаралық байланыстар орнату, математиканы өмір мен өндірісте қолдану орындарын көрсету және түсіндіру жатады.

Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады. Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды, сонымен қатар қушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.

 Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай үйірме жұмыстар болып табылады. 

Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады. Математика сабақтарында танымдық іс-әрекетті белсендіру барысында ең бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделімен қадір – қасиет іскерлік дағдысын дамытуға болады. Осылайша математика сабағында оқушылардың танымдық, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға болады.

Қорыта келгенде Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде бастауыш сынып оқушылардың математиканы оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда және танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болaды.


ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» /Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7

желтоқсандағы №1118 Жарлығы.

3. ҚР Білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзе ге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген).

4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана,1998.

5. Аренова А.Х. Активизация познавательной деятельности младших школьников: дис. канд. пед. наук // - Актау: Актаус. филиал Атыраус. ун-та, 1996. - 140с.

6. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. М.:Просвещение, 1988.

.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров275
Номер материала ДВ-524303
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх