Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету" баяндама

"Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету" баяндама

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_6521be1b.gif
hello_html_635fe38a.gif
hello_html_635fe38a.gif
hello_html_1f33b14c.gif
hello_html_4b1d7122.gifhello_html_1920738b.gif

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Өмірлік орта мектебі











Төлегенова Мөлдір

бастауыш сынып мұғалімі

санаты – жоқ, білімі – арнаулы орта




Тақырыбы:

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету Құрылымы:


Мұғалім туралы мәлімет 3


І бөлім. Кіріспе (тақырыпқа талдау) 4-7


ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту

және тез оқуға үйрету бағытында істелетін жұмыстарының

мақсаттары мен міндеттері 8-9


ІІІ бөлім. В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесінің 8 резерві 10-11


ІV бөлім. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер 12


V бөлім. Қорытынды 13





Мұғалім туралы мәлімет



Тегі, аты, әкесінің аты

Төлегенова Мөлдір Маратқызы

Туған күні, айы, жылы

27.07.1991.

Қызметі

Бастауыш сынып мұғалімі

Білімі

Арнаулы орта

Қандай оқу орынын бітірген, жылы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж 2023 жыл

Мамандығы

Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты

Жоқ

Педагогикалық өтілі

2 жыл

Осы мектептегі өтілі

2 жыл

Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді

2012 жылдан

Әдістемелік тақырыбы

СТО технологиясының элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру


Қай жылдан бастап осы тақырыппен жұмыс істейді

2012 жылдан

Қолданатын инновациялық технологиялар түрлері

СТО технологиясының элементтері;




І бөлім

Кіріспе


Функционалды сауатты адамды қалыптастыру - қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бipi. Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті- елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;

-ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

-шығармашылық қабілетін дамыту;

-көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларыньң қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты қазақстандық ғалымдардың сүбелі еңбектерін кездестіре алмадьқ. Төменгі сынып оқушысының оқу шапшаңдығын қалыптастырып, жетілдірудің жоғары деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуде жақын шетелдік ғалымдар технологияларының маңызы айтарлықтай.

ІІ бөлім

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету бағытында істелетін жұмыстарының

мақсаттары мен міндеттері


Тақырыптың мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.

Міндеттері:

1.Ғылыми әдебиеттерді зерделеу

2.Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесін сипаттау.

3.Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу» пәнінің оқу шапшаңдығын арттырудағы маңызына талдау жасау.

Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың сүбелі еңбектері зерделенеді. В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесі зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.. Жобаның теориялық негіздемесі Оқу шапшаңдығын жетілдіруде авторлардың бipi (И, В. Федоренко) алдыңғы орынға оқушының оперативті жады мен зейінін шығарса, eкіншici- ерекше жаттығулар жүйесі мен оларды бірнеше дүркін қайталауды ( В. Н. Зайцев), үшіншici - ақпаратты құндылықтық тәсілді (А. М. Кушнир ) , төртіншісі- оқу дағдысының әртүрлі сапаларын есепке алу ерекшелігін ( М. И. Оморокова) шығарады.

ІІІ бөлім

В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесінің 8 резерві


Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы В.Н.Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесі. Аталған технология шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін құрайды.

1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес, жиілігі маңызды. Балаларға қандай-да бip біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бip уақыт аралығында, олармен күнде - күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет. Біз күнделікті өмірде мынадай жәйттерді жиі естиміз: «Мына ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға бармайсың...». Баласының - оқу шапшаңдығының төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді. Сондықтан үйдегі дайындық әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен аяқталады. Бір - екі сағаттан соң тағы 5 минут оқиды. Ұйықтар алдында тағы бip рет оқиды. Бұндай дайындық біp отырғанда 6ip жарым-екі сағаттан оқуға қарағанда әлдеқайда тиімді.

2. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы бip мезгілде, бір-біріне бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, 6ipeyлepi тез оқыса, енді 6ipi баяу оқиды. Ызыңдап оқуды сабақтың кез келген кезеңінде жүргізе беруге болады. Математика сабағындағы есептің немесе кейбір тапсырмалардың мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түpiн пайдалану өте тиімді.

3. Әр сабақтағы бес минуттық оқу. Егер мұғалімнің үлесінде үш-төрт оқу сабағы болса, онда бір аптада 25 оқушының әрқайсысы 6ip-екі peт оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал әр сабақ сайын (қазақ тілі, математика, дүние тану т.б.) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады.

4. Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы cәттepi адамның (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады, сегіз caғaт ұйқының барысында адам coл cәттің әсерінде болады. Бұдан 200 жыл бұрын "Студент, науками живущий, учи псалтырь на сон грядущий, то есть учи так, чтобы это 6ылo последним событием дня", -деген екен.

5. Үзінділермен оқу. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады. Оқудың бұл түрін ата-aнaлapғa кеңес ретінде беруге болады.

6. Көру диктанттарын жаздырту. Оқу техникасының қарқыны көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіні анықталған. Ол калайша? Мәселен, оқушы 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқиды. Үшінші-төртінші сөздерді оқуға келгенде алғашқы бipiншi сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен оқушы сөйлемнің мағынасын түсіне алмайды. Бұл жағдайда оқушының оперативті жадын жаттықтыру керек. Бұл профессор И.Т. Федоренко жасаған көру диктанттарының көмегімен жүзеге асырылады . Әp6ip 18 жинаққа 6 сөйлемнен енгізілген. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: Taқтaғa 6 сөйлемнен тұратын бipiнші жинақ ілінеді.(Әрине алдын ала) Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде ,бірінші сөйлемді ашамыз. Бала сөйлемді оқып еске сақтайды.(Арнайы көрсетілім уакыты беріледі) Берілген уақыт аяқталысымен мұғалім тақтадағы жазуды өшіреді. Оқушылар дәптерлеріне есте сақтағандарын жазады. Осылайша келесі сейлемдер ашылып отырылады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар есіне сақтай алмай не icтepiн білмей қалады. Мұндай жағдайда балаға «әзірше көршіңнен карап алып жаз», «келесі сөйлемді өзің eciңe сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Бастапқы кезде 6ip жинақты үш күн, үш рет қайталатып жаздыруға болады. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Бұл жұмыстың ерекшелігі 6ipiншi жинақта әpin саны 8-10, сөз саны 2-5 болса,18-ші жинақта бала 46 әріптен тұратын, 7-10 сөзден тұратын сөйлемді алғашкы жинақтағы көрсетлім уақытындай мезгілде есте сақтап, жазуға дағдыланады.

7. Бірнеше дүркін оқу. В.Н.Зайцев И.Т.Федоренко мен И.Т.Пальченконың жүйесінен үш типті жаттығуларды бөліп алады.

Бұлар: а) бірнеше дүркін оқу, ә) жаңылтпаш қарқынымен оқу, б) мәтіннің таныс емес бөлігіне өте отырып, мәнерлеп оқу. Аталған жаттығулардың барлығы ұжым болып жүргізіледі, яғни оқушылардың барлығы 6ip уақытта жартылай дауыспен оқиды.

Бірнеше дүркін оқу жаттығуы төмендегіше жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың барлығына бір минут барысында оқып шығуды ұсынады. Әp6ip оқушы өзінің 6ip минут ішінде оқыған сөзін белгілейді. Оқу қарқыны оқушыға жағымды көңіл- күй әкелгендіктен, ол қайта-қайта оқығысы келеді. Әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі екені ecкepiлyi тиіс. Сондықтан_көлемі бірдей үзінділерді ұсынуға болмайды. Алайда бір үзіндіні үш реттен артық оқуға болмайды.

Жаңылтпаш қарқынымен оқу кезінде оқудың мәнерлілігіне көңіл аударылмайды. Бұл жаттығу артикуляцияны дамытуға арналған. Жаттығу 30 секундтан аспайды. Әpi қарай мұғалім үшінші жаттығуды ұсынады. «Енді , балалар , мәтінді қайта оқыңдар, бірақ асықпай әдемі, мәнерлі оқуға тырысыңдар». Балалар мәтіннің өздеріне таныс бөлігін соңына дейін оқиды, мұғалім оларды тоқтатпайды. Сөйтіп, олар мәтіннің таныс емес бөлігіне өтеді. Міне, дәл осы сәтте, оқушының алдында күтпеген жәй пайда болады. Мәтіннің бір үзіндісін жоғары қарқынмен оқи береді. Әрине оның мүмкіндігі көпке бармайды ( жарты жол, 6ip жол). Егер бұл жаттығу күнде жүргізілсе, онда жоғары қарқынмен оқу ұзактығы біртіндеп көтеріле бастайды. Екі -үш жұмадан соң баланың оқуы едәуір жақсарады.

8. Дауыстап оқу. Шамамен балалардың үштен бip бөлігі дауыстап оқуда қиналады. Бұл балалардың ауызша сөйлеу дағдысының дұрыс қалыптаспағандығынан. Көп жағдайда мұндай балалардың сөйлеуінің дамуында кемшіліктер бар. Мысалы, тілі кеш шыққан балалар көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, айтқан дыбыстары анық емес т. с. с. Бұндай балалар ерекше назар аудару тобына жатады. Өйткені, бұл балаларда сөйлеу мәнеріндегі аздаған жетіспеушіліктер сақталып отырады. Бұл дыбыстың бұзылып айтылуы, сөздік қорының аздығы, сөзді дұрыс қолданбауы, суреттеу мен әңгімелесудің балаға қиындық туғызуы. Сондықтан да осы балалармен тіл дамыту жұмыстарын жүргізу керек. Тіл дамуының жоғарғы деңгейі баланың оқу жылдамдығын арттырады және бала оқып тұрғанын тез түсінеді. інің негізгі сипаттамалары.

Оқудың техникалық және мағыналық жағы болады.Оқудың техникалық жағы төмендегідей компоненттерді қамтиды: оқу тәсілі , оқу жылдамдығы, оқу жылдамдығының динамикасы (өciмі), оқудың дұрыстығы. Мағыналық жағы: мәнерлілік және оқылғанның мазмұны. Оқу дағдысының техникалық жағынын қалыптасу қадамы төмендегідей: Оқу тәсілі - оқу жылдамдығы —► оқу жылдамдығының динамикасы Бул қадамдар авторлардың зерттеулері арқылы және төменгі сынып оқушысының оқу техникасын меңгеру процесін талдау барысында анықталды. Оқу тәсілі мен оқу шапшаңдығы, шапшаңдық пен динамиканың арасындағы өзара байланыс тағайындалды. Осығанан толығырақ тоқтала кетейік. Бірінші сыныптықтардың кейбірі мектепке оқып келеді. Бірақ оқу тәсілдері әр түрлі. Бipeyлepi буындап оқиды, енді біреулері буындап және тұтастай оқиды, үшіншілері тұтас оқиды, төртіншілері тұтас сөзбен және сөздердің тобын оқитындай дәрежеде. :Яғни, балалар оқу техникасын меңгерудің әр түрлі кезеңдерінде орналасады. Ал мектепте мүлдем басқа жағдай орын алады: бала буындап оқиды, яғни сөзді тұтас оқи алмайды, оның оқу техникасының деңгейіне сәйкес келмейтін мәтін ұсынылады, әрі оқу жылдамдығын тексереді. Ғалымдардың пайымдауынша, баламен оның мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жүргізілуі керек, егер бала буындап оқыса, оған соғұрлым көбірек буын саны аз сөздер ұсынылуы қажет. Әрине, мәтінді де оқу керек, бірақ оның көлемі шағын болғаны жөн. Егер бала буындап және тұтас сөзбен оқыса, онда буындық құрылымы қарапайым және күрделі сөздерді оқыту маңызды. Мәтіннің көлемі ұлғая түседi, бала біртіндеп тұтас сөздер және сөздер тобын оқи бастайды. Әрі қарайғы міндет - бұл тәсілді тұрақты ету, яғни оны дағдыға айналдыру. Авторлар бұны балалар көтерілетін баспалдақ түрінде бейнелейді. Олар бұл баспалдақты әр түрлі игереді: 6ipeyi тез көтеріледі, енді 6ipeyi әр баспалдақтан бөгеліңкіреп барып жоғары өрлейді.

Уақыт өте береді, баланың оқу қарқыны көтеріле түседі, мұғалім оның жетістігін белгілеп отырады, оқу жылдамдығының динамикасын байқап отырады. Сыныптағы басқа оқушылардан шапшаңырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасы мен баяуырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасының көрсеткіштерін салыстыра отырып, оқу жылдамдығы мен оның динамикасының өзара байланысын байқауға болады. Минутына 20 сөз оқитын оқушы минутына 70 сөз оқитынға қарағанда аз сөз қосады. Егер біріншілері 15 сөздей қосса, екіншілері екі есе көп 30 сөздей қосады. Минутына 20 сөз +15 сөз Минутына 70 сөз + 30 сөз Енді, оқудың дұрыстығы жөнінде. Оқудың дұрыстығы - бұл қатесіз оқу:

а) Әріптерді тастамай, түгел оқу;

ә) әріптердің орнын ауыстырмау

б)артық әpin қоспау;

в) басқа әpinneн алмастырмау;

г) тыныс белгісіне мән беріп оқу;

ғ) түсініп оқу.

Бұл қателердің сипаты бірыңғай емес. Бірінші кезеңдегі (буындык ) қателіктер әріптердің бейнесін дұрыс түсінбеуден болады. Бұны оңай aңғаруға болады. Сондықтан, дыбысты меңгерту барысында әр баланың дыбысты дұрыс қабылдауына жете назар аудару керек. Оқушының оқу дағдысы тек мынандай жағдайда ғанa алға жылжиды. Біріншіден, дыбыстың дұрыс дыбысталуы, екіншіден буынға дұрыс бөліп оқуы. Бала оқу барысында буындап оқудан бастап, буын + буын, сөз + буынмен оқып жаттығады. Алғашында кейбір қысқа сөздерді тұтас, күрделі сөздерді буынға бөліп оқиды. Бала дұрыс, қатесіз, түсініп оқыған сайын, оның оқуға деген құлшынысы күшейе түседі. Жалпы оқу барысында баланың оқыған сөзді түсініп оқуы үлкен маңыз атқарады.Оқу турлерін салыстырып қарайтын болсақ, түсініп оқу алдыңғы орында тұрады. Оқу – сөйлемнің мазмұнын түсініп, ақпарат қабылдау үшін қажет. Оқыту барысында осыған көп көңіл аударылады. «Оқы, не түсіндің?» - деп сұралады. Бала сөздің мағынасын түсінгенше қайталап оқыту жүзеге асады. Бұндай оқу барысында оқушының оқу жылдамдығы төмендейді. Минутына бағдарлама талабындағыдай сөз көлемін оқып берген бала одан еш нәрсе түсінбесе, одан тапқан пайдамыз қайсы? Сондыктан баланың оқу шапшаңдығы мен түcіну шапшаңдығын қатар дамыту керек. Мәнерлеп оқу - көркем сөздің үлгісі. Ол адам ceзімін оятып, кісінің жан дуниесіне әсер етеді. Ондағы дауыс құбылысы - бейнелі сөздің әcepi, мимика, қозғалыс, тағы басқалардың бірлігі мәтін мазмұнын аша түседі. Мәнерлеп оқуға қойылатын бағдарламалық талаптар төмендегідей: әуенді - сазды ерекшеліктерді сақтап оқу , сөз екпінін дұрыс қойып оқу; ой екпінін дұрыс қойып оқу; кейіпкердің көңіл - күйін сезіне оқу.

ІV бөлім

Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер


Оқу шапшаңдығын тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі 7 кедергіні атап өту орынды.

1. 1с-әрекеттің табиғи қарқыны.

2. Регресс.

3. Антиципация.

4. Артикуляция.

5. Көрудің аз кеңістігі.

6. Зейіннің деңгейі.

7. Жады. Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді.

1.Іс-әрекеттің табиғи қарқыны. Ic - әрекеттің табиғи қарқыны адамның -темпераментін құраушы қасиет болып табылады. Бұл қасиет басқа да туа біткен қасиеттер сияқты тұрақтылық танытып, ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз сақталады. Іc -әрекеттің қарқыны - бұл жады, зейін, ойлау,қабылдау,елестету психикалық, процестері жұмыс істейтін жылдамдық. Бұл - адамның белгілі бір_уақыт ішінде орындайтын түрлі операциялар, ic - қимыл, қозғалыстарының мөлшері. Сөйтіп, қарқын туа біткен қасиет бола тұрып, адамның қаншалыкты тез жұмыс жасайтынын, есте сақтайтынын, ойлайтынын, оқитынын анықтайды. Қимыл -қозғалысы баяу оқушының оқу шапшаңдығы кедергілермен жүгіруді еске түсіреді. Егер бала берілген уақыт ішінде қажеттi мөлшерді оқи алмаса, оньң табиғи қарқынын (жылдамдығын) анықтау қажет. Бұны арнайы психологиялық тестің кемегімен жүргізуге болады. Сонымен бipгe ic-әрекеттің қарқынына басқа факторлар да әсер етуі мүмкін, мәселен зейіннің шоғырлану деңгейінің төмендігі мен тұрақсыздығынан бала жиі алаңдайды, содан да жұмыстың жылдамдығы төмендейді.

2. Регрестер. Регресс - бұл оқығанды қайталап оқу кезіндегі көздің қайта оралу қозғалысы. Бұл өте кеңінен тараған кемшілік. Оқушының оқуында регрестің бар - жоғын байқау әдісі арқылы анықтауға болады. Балаға таныс емес мәтінді оқытыңыз. Осы кезде баланың мәтінді қалай оқитынын жіті қадағалаңыз: көз қозғалысы мен оқу тіліне көңіл аударыңыз. Егер оқу барысында баланың көзі қайталап оқу үшін жиі -жиі артқа орала берсе (бала әуелі іштей оқиды, содан соң дауыстап оқиды) немесе ол бір жолдағы сөздерді түсіну үшін қайталап оқи берсе, онда оқудың бала қолданып отырған бұл тәсілінде регрестің бар болғаны. Peгpестің бар болу себептері:

1.Әдеттің әсері.

2.Мәтіннің қиын болып көрінуі.

3.Зейіннің жоқтығы.

3.Антиципация. __ Адамдар оқып отырып көптеген сөздің аяғын оқымайды. Яғни, ол сөздің мағынасын оқымай тұрып алдын-ала түсіне қояды. Мәтіннің әрі карайғы мәнін түсінудегі бұл тәсіл антиципация деп аталады. Бұл келешекті алдын-ала психологиялық тұрғыда болжайтын процесс. Ол жағдай оқиғаның даму қисынын ойлау, білуге негізделген, сөйтіп оқу жылдамдығын тездетеді. Оқырмандардың біршамасы осы тәсілді қолданады. Егер балада сөздің мәнін түсіну қабілеті дамымаса , онда oғaн әр сөзді аяғына дейін оқуға тура келеді.

4.Артикуляция. Оқу шапшаңдығын тежейтін келесі себеп – сөйлеу мәнеріндегі артикуляциялық аппараттың бұзылуы. Яғни, осы себептің өзі оқу жылдамдығы тежелуінің неден болатынын түсіндіреді. Артикуляциялық аппарат керекті жылдамдықпен дауыстап оқуына кедергі келтіреді. Әсіресе дыбысты дұрыс айтпайтын балаларға өте қиын. Олардың сөйлеуі анық емес және түсініксіз. Басқа балаларға қарағанда оларда сөйлеу қарқыны баяу. Бұл артикуляциялық аппараттың қозғалу жетіспеушілігімен айқындалады. Баланың тілі, ерні астыңғы жағы 6іp дыбыстан екінші дыбысқа ауысқанда 6ip- 6ірімен келісімді қозғалыста болмайды. Шынына келгенде, бұл бала сәби шағында алғашқы сөздерді дұрыс айтып үйренбеген. Бұл уақытта оның қатарластары таза сөйлей білген. Осындай балалардың оқу жылдамдықтарының арасында үлкен алшақтық болады.

5. Көру аймағының аздығы. Зерттеулер көрсеткіші бойынша оқып отырған адамның көзі екі жағдайда болады.

1. Бip нүктеге көз тоқтату (тоқтау)

2. Нүктеден нүктеге ауысу (қозғалыс). Мәтінді қабылдау тек көз тоқтату мезетінде icкe асады. Әрине, адамның ақпаратты қабылдау жылдамдығы көз тоқтатқан кездегі ақпарат көлеміне байланысты болады. Сонымен оку жылдамдығын тездету – көз тоқтатқан көздегі ақпараттың ұлғаюы. Жылдам оқитын адам мен баяу оқитын адамның арасындағы айырмашылық көз қозғалысының жылдамдығында емес, көз тоқтату мезгіліндегі қабылданған ақпараттың мөлшерінде. Оқу кезінде көз секірмелі қозғалыста болады. Сондықтан, ол сөйлемнің 6ip- екі сөзіне ғана көз тоқтатады.

6. Зейін деңгейін ұйымдастыру. Оқу кезіндегі зейін адамның басқа да іс-әрекеттері сияқты маңызды роль атқарады. Өз ойын жинақтау, қорытындылау, орындалатын жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Көп жағдайда бастауыш сынып оқушыларына берілген ақпараттың қызықсыздығы баланың зейінін тұрақсыздандырады. Мұны мұгалімдер біледі. Сондықтан да өз жұмыстарында оқушылардың зейінін тұрактандыру үшін ойлау қабілетін дамытуда әр түрлі жаттығулар мен тәсілдер пайдаланады. Егер баланың зейіні тұрақсыз болса, қиынырақ жаттығуды орындауда қиналса ( мысалы, оқуда) ,онда оған сіздің көмегіңіз қажет. Осы жетіспеушіліктерді түзеу үшін екі бағытта жұмыс істеу керек. Олар:

-зейіннің негізгі қасиеттерін қалыптастыратын арнайы жаттығуларды қолдану

-баланың қабілетін, ынтасын, ілтипатын дамытатын арнайы жаттығуларды қолдану

7. Жады. Жадының төрт типі белгілі: көру, есту, аралас. Бала жадының типін қалай анықтауға болады? Мәселен, бала кітаппен жұмыс жасай отырып, өзінің іштей оқығанда жақсы түсінетінін аңғарады. Өзіне :қажет мәтін жолын, оның бетін, қандай үлгімен жазылғанын есіне тез сақтап, алдын-ала білетін болады. Бұл баланың көру жады жақсы дамыған. Бұндай балалардың оқу жылдамдығы жоғары, сауаттылықтың деңгейі жоғары. Көру мүшесі (көз) оларға epікcіз түрде сауатты жазуға көмектеседі, себебі ол сөздерді біртұтас көлемді бейне ретінде қабылдайды. Егер бала дауыстап оқығанда немесе сіздің оқығаныңызды тыңдаған кезде тез қабылдаса, ол балада есту арқылы жадына сақтау қабілеті жақсы дамыған . Егер бала оқығанын жазып, салу арқылы жадына сақтаса, ол балада моторикалық жады жақсы дамыған. Көру арқылы жадыны сақтау қабілеті жақсы дамыған балалардың сөз бейнесін жадына сақтауда, сауатты жазуда, тез оқуда айрықша ерекшелігі бар. Көру арқылы жадына сақтау қабілеті төмен балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуі керек. Ал қатесіз жазу үшін дұрыс жазу ережесін 6ілyi қажет. Осыған байланысты баладағы көру арқылы жадыны сақтау қабілетін cypeттi көрнекіліктер арқылы дамытуға болады. Cypeттi көрнекіліктермен жұмыс іcтey 15 секунд көлемінде жүргізілсе де жадыны дамытудағы мәні зор.









V бөлім

Қорытынды


Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларыньң қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1298
Номер материала ДВ-444500
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх