Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

библиотека
материалов


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. ңБұлақ көрсең, көзін ашң деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.

Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.

Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынңан жөн;

  • Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;

  • Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектьердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;

  • Тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

  • шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойла÷уы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату;

  • мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сþжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше естиді. Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды;

  • шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;

  • Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – ңсәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейдің деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу;

  • Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;

  • Мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармышылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

  • шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;

  • шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

  • көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;

  • шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ. Қабілет дегеніміз не?

Қабілеттер (способности) – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға кез-келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады. Дарыныдылықтың жоғарғы дәрежесі – талант.

Қабілеттерді оқушыларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дпмуына ықпал жасайды.

Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының нақты іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық қабілеттері – азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр оқушыда әр түрлі болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.

Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант нышаны жатыр.

Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің өзгеруіне де байланысты.

Шығармашылық деген не?

ңШығармашылықң сөзінің төркіні, этимологиясы ңшығаруң, ңойлап табуң дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жетікізу деп түсіну керек. Филисофиялық сөздікте: ң… шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекетң, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выгоский ңшығармашылықң деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны ңдамуң ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары ңшығармашылықң сөзімен ңжаңалықпенң қатар ңбастамалылық, белсенділікң ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық - өте күрделі психикалық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Шығармашылық (твор÷ество) - қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін, адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Әр түрлі іс-әрекетте (ғылымда, техникада, өнерде қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана түрлерінде, өндірісте, тұрмыста) адамдардың бардық жасағандары – шығамашылық күш –жігерінің нәтижесі.

Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан адамдардың кез-келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекеті және оларды өмірге ендірудеге дене еңбегі іс-әрекетін біріктіреді. Әртүрлі іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай, шығармашылық барасы да сан-қилы болады.

Мұғалімнің оқушылардың дүниеге көзқарасы, өмірге және еңбекке ұлықтық-талғамдық қатынасы сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде шығармашылықтың ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығы теорияны терең білу, осы заманғы келелі мәселелерді мағыалы ұғыну болып табыдалды. Ол оқу –тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуден, ойлаудың томаға- тұйық еместігін, өз ойын сауатты баяндау беруінен, зор сенімнен көрінеді, осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап теіп отыр.

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санысында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой –санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығанмашылықтың мәнін аша отырып, оның ңәрекетң ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекетшығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырсы, ол шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық ақбілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығын, икемдігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.

Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол оқушыда шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.

Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатынбастауыш мектептің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш мектеп:

  1. Оқушылардың интеллетуалдық рухани, табиғи нышандарын дамытуға - өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;

  2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;

  3. ұжымдық және іс-әрекеттер тәсіліне үйретуге;

  4. Балының еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне дегенсенімінің болуына жағдай жасауы керек.

Шығармашылық - жаңа нәрені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Қабілеттер проблемесы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психологияғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқындығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады. ңҚабілетң деген термин адамдарың белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық қабілет – іс-әрекеттің белгілі бтүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т.Тәжібаев. ңҚабілеттерң – адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері.

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Монтев, А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқысыз ад дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесізерттеушілердің назарын көптеп аударып келуде. Енді сол еңбекьердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең алғаш қабңлеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтлады. Осыдан бастапқабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа ғалымдардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағыәлеуметтік жағдайлардың шешуші роль болатындығына назар аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузмина оның құрамының үш түрлі қасиеттертобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.


Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров501
Номер материала ДВ-228363
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх