Инфоурок Начальные классы СтатьиБАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Скачать материал

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Мамандық: 6М010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

2 курс магистранты Рахимбекова А.Т.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., aigul_unk@mail.ru

Ғылыми жетекші:п.ғ.к.,доцент Жолтаева Г.Н.


Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын [1]. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. 

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге үйретедi. 

Таным қабілетін дамыту туралы кеңестік педагог-ғалымдардың (Н. Дайри, М. И. Махмутов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, И. А. Лернер, А. И. Пискунов т.б.) тұжырымдары мен пікірлері бар[2]. Олардың идеяларының мәні мынадай:

1) танымдық қабілеттің дамуы  бұл мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеттері;

2) оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі;

3) оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру;

4) мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы  оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдары болып табылады.

Оқушының танымдық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Оны А.Х.Аренованың «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастыру бұл оқу әрекетінің субьектілері ұстаз бен оқушының бір-бірімен қарым–қатынасының бірлігін дәлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым» деген анықтамасынан көруге болады[3].

Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы білімдермен анықталмайды; отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.

Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек нақты бір білімге, біліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет.

Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі ұлғайып жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.

Балаларға сыныптан тыс жұмыстарының нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:

  • негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет көрсету саласын ауыстыру мүмкіндігі болумен ерекшеленеді;

  • еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтардың), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;

  • білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;

  • оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта болады.

Балаларға сыныптан тыс жұмыстар, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, балаларға сыныптан тыс жұмыс негізінде сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік–экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді[4].

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар:

  • сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;

  • олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;

  • кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;

  • мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;

  • жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін іске асыруда, мектеп, бір жағынан, білім беру стандарттарын меңгеру қажеттілігімен, екінші жағынан, білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын білім берудің жаңғыртудың маңызды принциптердің бірі – тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды шешеді.

Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.

Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.

Сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады.

Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады. 

Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В.А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын[5].

Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды. Сонымен қатар оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.  

Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай үйірме жұмыстар болып табылады. 

Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді.Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек. Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік.Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады.Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі танымдық іс-әрекетке қатынастыруға болады.

Л.Фейербах: «Іс - әрекет пен қарым – қатынас – адамның әлеуметтік тұрмысы мен өмір сүру тәсілінің екі қыры» - дейді[6]. Жеке тұлғаның ақыл – ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан – жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде,өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытудың жолдарын көрсетуге болады. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда қазақ этнопедагогикасын пайдалану мүмкіндіктері мол. Балаға математиканы оқытудағы қазақ халқының іс - тәжірибесінің ғасырлар бойы қалыптасып, дамып отыруына қазақ этнопедагогикасы материалдары айрықша рөл атқарады. Олар халықтық педагогикада математикалық білім берудің таптырмайтын құралдары, әдіс - тәсілдері, формалары бола отырып, балаларға математикалық білім беруге, олардың бойында біліктілік, дағды, құнды адамгершілік, эстетикалық қасиеттерді, танымдық қабілеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ауызекі поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерінің бірі ойындар мен ойын өлеңдері бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда маңызды орын алады. Оларды мазмұны мен құрылымы бойынша екі топқа жіктеуге болады: - сюжеттік – рөлдік ойындар ( саусақ санау ойындары, сан ішінде кім ұттық ойындары) - жаттығу ойындары (қаламақтар, санамақтар, жаңылтпаштар т.б.) Сюжеттік – рөлдік ойындар сан араласып келетін және санауға негізделген шағын сюжетке құрылады, оларда рөлдік ойындардың барлық элементтері бар: сюжет, рөл, ойын әрекеті, ойын ережесі. Қаламақ жаттығу ойындары балаларды анық сөйлеуге дайындайды, сандарды дұрыс айтуға жаттықтырады, көңіл - күйге тез әсер етіп, олардың санау қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамытады. Қазақ халқының санамақтары балаға жақсы таныс қоршаған дүние заттары мен адамдар өмірінің тыныс тіршілігі арқылы өлеңмен сан үйрету тәсілі іспеттес. «Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сандарды үйрету мақсатында шығарған. Санамақтар әрі дүниені танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады». Сондықтан санамақтарды бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың құралы ретінде пайдаланудың маңызы зор, олар сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді. Он көлеміндегі сандардың нөмірленуін игертуге септігін тигізеді, балаларда санның натурал қатары жөнінде түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылтпаштар тақырыпқа өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып келеді, оларды математиканы оқытудың дидактикалық мақсатына сәйкес төмендегідей топтарға жіктеуге болады: Заттарды салыстыруға үйрететін жаңылтпаштар: Мысалы: Ақ қақпақты көк қобди, Ақ тайлақ ақ па? Көк қақпақты ақ қобди. Қара тай ақ па? Сандардың атауларын дұрыс, анық айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар: Төсек үстінде төрт бөрік, Пеш ішінде - бес мысық, Төртеуі де көк бөрік, Пеш үстінде - бес мысық, Төртеуінде көк бөрік. Бес күзетші - бес мысық. Есептер сипатында тұжырымдалып, есептеу қабілеттерін жетілдіретін жаңылтпаштар: Үш кіші ішік піштім, Қырық үш қызғыш құсқа, Бес кіші ішік піштім, Қырық үш қызғыш құс қосса, Неше кіші ішік піштім? Қанша қызғыш құс болады? - Шамалардың өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыратын жаңылтпаштар : Бес мың теңге, Бір түп тұт, Бес мыс теңге, Бір тұп тұтта, Бес мың күміс теңге. Бір пұт тұт, т.б. Мұндай жаңылтпаштар математиканы оқытуда бала ширатудың құралы бола отырып, балаларға ана тілінің бай қорын игеруге, таза, анық, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді, сонымен бірге оларды айналасындағы әсем көріністермен таныстырады, сөздің мағынасына, мәнерлігіне көңіл аударуға жетелейді. Жаңылтпаш сөздері ұйқасты, қызықты және күлдіргі болып келеді.

Бастауыш сынып оқушыларының жаттап алуына, есте сақтауына оңай да жеңіл, сондықтан оны жаттығу ойындары ретінде сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланудың мәні осында. Сан ұғымын қазақ халқы аса қастерлеп, дәріптеп отырған, оған үлкен мән берген, мұның дәлелі – 3,7,9,40 сандары туралы халық санасында қалыптасып, ой – пікірінен туған мақал – мәтелдер. Мысалы: «Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «Тойған жерге тоғыз кел», «Жақсы әке – балаға қырық жыл азық», «Білгенім бір тоғыз,білмегенім тоқсан тоғыз», т.с.с. мақал – мәтелдер осы сандардың қасиетті сан болғандығын жеткізуді аңғарта отырып, балалардың халықтық салт – дәстүрлері туралы білімдерін молайтады, адамгершілік асыл қасиеттерінің қалыптасып, жетілуіне ықпал етеді. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды», «Ел құлағы – ел », «Алпыс қарсақ ат болмас», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» тағы сол сияқты мақал – мәтелдерде халық даналығы жеке мен жалпы ұғымдарының нақтылы мәнін тұжырымды оймен байланыстыра білген, мұнда отыз, елу, алпыс, тоқсан сандарының қолданылуы тегін емес. Өйткені, бұл сандар ондық санау жүйесінде толық ондықтар ретінде ерекше мәнге ие болып, санаудың негізін құрайды.

Мақал – мәтелдердің ішінде шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімді қалыптастыруда ерекше мәнге ие болатындары да бар. Мысалы: «Ауру мысқалдап кіріп, батпандап шығады», «Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер», «Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан» т.с.с.мақал – мәтелдер батпан мен мысқал, теңге мен тиын өлшем бірліктерінің өзара байланысын білдіреді. Мақал – мәтелдерге жасаған қысқаша шолудың өзінен – ақ балаға математикалық білімді меңгеруге байланысты қазақтың халық даналығының қаншалықты бай екенін көруге болады. Балалардың математикалық білімдерін дамыта түсуде қазақ халқының жұмбақ айтысы мен шешендік сөздерінің алатын орны ерекше. Олар ақындық пен шешендікпен қатар білгірлікті, тапқырлықты, математикалық көрегенді талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстарда осындай шешендік толғауларды талдау, терең ойдың, аталы сөздің астарын ұғындыру балалардың бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді [7].

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері әр түрлі болады. Жұмыс барысында оқушылардан есептеу әдістерін салыстыруды, есептеу әдістері арасындағы байланыстарды өздері анықтауды талап ететін тапсырмаларға көбірек көңіл бөліну керек[8].

Сыныптан тыс жұмыс кезінде кейбір жаттығулардың үлгілерін көрсетемін. Сонымен қатар шығарылуы күрделі тапсырмалармен жұмыс істеу әдістерін қарастырамыз. Мұндай бағыттаушы жұмыстар баланың пәнге деген қызығушылығын және өзіне деген сенімін арттырады.

Орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский:”Мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оның толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау, әрбір оқушының дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу” деген.

Танымдық қабілет әркімге тән. Бірақ бала өмірге қандай дарынмен келсе де оқусыз, шығармашылықсыз дамуы мүмкін емес. Тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымда алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.






ӘДЕБИЕТТЕР:



1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» /Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана,1998.

3. Аренова А.Х. Активизация познавательной деятельности младших школьников: дис. канд. пед. наук // - Актау: Актаус. филиал Атыраус. ун-та, 1996. - 140с.

4. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, 2015.

5. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям.-Киев: Рад. шк., 1974. 6.

6. Фейербах Л. Сочинения, тт. 1–2. М., 1955

7. Сарбасова Қ.А. Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру – Қ.: 2002 – б.3-7

8. Абдуллаева И.М. Математика пәні бойынша қиын тақырыптарды оқып үйрену– А.: «Мектеп» 1984 –б.11



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 929 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 3134
    • DOCX 32.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимбекова Айгуль Танатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимбекова Айгуль Танатовна
    Рахимбекова Айгуль Танатовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15224
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе