Инфоурок Другое СтатьиБАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Ибрагимова Тоты Жунусовна

бастауыш сынып мұғалімі

№56 мектеп-лицей, Астана қаласы

 

 

     Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Тәрбиенің сан –саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып. Олай болса, байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныпқа көшкенде шығармашылық жұмыстың қай түрін болса да меңгеруге бейім болады. Олар жаңа идеялы проблемаларды өздігінен шешуге тырысады. Оқушының шығармашылыққа даму бағытын жан-жақты арттыру үшін мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы. Сондықтан менің таңдаған тақырыбымның мақсаты – баланың жазба тілін дамытуда жаңа технологияларды жүйелі түрде пайдалану.Бастауыш сыныптың жас ерекшелігіне байланысты жазба тілді дамыту түрлерін былайша топтастырдым: мазмұндама, шығарма, өлең жазу, мәтін жазу, реферат, сөзжұмбақ, түсінік жазу, диктант. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережелерге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме диктант есту арқылы болады және көру арқылы жазатын түрлері де бар. Ол былай жүргізіледі, алдымен кітаптан бір үзінді алып, оны оқытып, оқығаннан кейін жатқа жаздыру, олардың қаншалықты дұрыс жазылғанын тексеру қажет немесе тақтаға тақырыпқа байланысты сөздер жазып, оны көшіріп, қайта дәптерге жаздыру. Бұл балалардың сауатты жазуын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Диктант түрлері:

1.      Шығармашылық диктант

2.      Өзіндік диктант

3.      Бақылау диктанты

4.      Еркін диктант

5.      Шолу диктант

Терме диктант. Текст ішінен өтілетін ережеге сай сөздер мен сөз тізбектері немесе сөйлемдерді теріп жазу үшін қажет. Терме диктант фонетика, лексиканы және грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Баланың ақыл  ойын дамытуға көмектеседі.

Өздік диктант. Бұрыннан белгілі мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысын жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Шығармашылық диктант. Оқушылардың өз бетімен жазған жұмыстарында қателер жібермеуге дағдыландыру үшін, өз ойларын сауатты жазуға машықтандыру үшін жүргізіледі. Мысалы тақтаға жеке сөздерді жазып, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау немесе суреттер іліп, сол суреттерге қарап сөйлем құратып жаздыру.

Еркін диктант. Оқыған текстің мазмұнын оқушылардың өз беттерімен жазу үшін беріледі. Сын жұмысының бұл түрі оқушылардың тілін байытады, дұрыс, қатесіз жазуға төселдіреді. Оқушыларға тексті бір рет оқып беріп, біреуіне мазмұнын айтқызып, содан кейін еркін диктантты жаздыру керек. Еркін диктант жаздыру шығарма, мазмұндама жаздыруға үйретеді.

Шолу диктанты. Бұрын оқып кеткен тақырыптарды пысықтау үшін қолданылады.

Бақылау диктанты. Орфография мен пунктуациясын және грамматикасын, оқушылардың білімін сынау үшін, олардың қандай дәрежеде сауатты екенін білу үшін жүргізіледі. Сын жұмысының тексті балалардың білім дәрежесіне сай болуы керек.

 

Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі – мазмұндама.

1.      Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Бұл мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады.

2.      Сурет бойынша мазмұндама . Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды жетілдірер бір құрал.

3.      Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді.

Оқушылардың жазба тілін дамытудың тағы бір түрі – шығарма.Шығарма белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспар арқылы баяндау. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа бөлуге болады:

1. Экскурсия бойынша

2. Оқушылардың естіген, оқыған әңгімесіне байланысты.

3. Өнер саласына байланысты.

4. Суретке қарап жазу.

     Ең тиімдісі экскурсия бойынша шығарма жазу. Экскурсия бойынша шығарма жазу табиғатқа саяхатқа шығып, ондағы құбылыстар мен жыл мезгілдеріне байланысты жаздырылады. Мысалы: қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки, шанамен сырғанау сияқты қызық ойындары туралы жаздырылады. Шығарманың бұл түрінің тиімділігі балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамытудың, сонымен бірге табиғаттың сұлулығын қызықтай білуге, аялай білуге, эстетикалық тәрбие беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың дұрыс нәтиже беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың жаңа жүйесі, жаңа технологиясының алатын орны ерекше.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге жазба тілін өз дәрежесінде меңгерту,  оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, сөз мәнін түсінуі мен сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.10.2016 1051
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрагимова Тоты Жунусовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибрагимова Тоты Жунусовна
    Ибрагимова Тоты Жунусовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1632
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе