Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Бастауыш сыныпқа арналған дидактикалық ойындар

Бастауыш сыныпқа арналған дидактикалық ойындар

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жоспар 
Кіріспе...........................................................................................................................4-5 
I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері. 

1.1. Ойын туралы ұғым..........................................................................................6-10 

1.2. Ойынның түрлері мен рөлі...........................................................................11-16 
ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану................................................................................................................17-21 

2.1. Қарапайым түсініктер...................................................................................22-32 

2.2. Он көлеміндегі сандар...................................................................................33-40 

2.3. Кестелік қосу және азайту.............................................................................41-47 

2.4. Толық ондықтар. Жүз...................................................................................48-52 

2.5. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі. Біз нені үйрендік?.....................53-68 
Қорытынды..................................................................................................................69 
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................70-72 

Кіріспе.

Қазақстан білім беру тұжырымдамасында «Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады» -деген . Осыған орай әр пәнді , соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда. Сондықтан да бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе .

Ғылыми жұмыс бойынша материалдар №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық эстетикалық гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Оспанова Ш., Әбуова Т., Әлімтаева Ж. және Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық гимназия мектебінің озат мұғалімдері Тойшыбекова Дина, Керімбекова Кәмшәт апайлардың сабағына қатысып, математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесімен танысып , педагогикалық іс - тәжірибеде қолдандым . 

Жұмыстың мақсаты бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау. 

Жұмыстың болжамы егер бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарлайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады. 

Зерттеу әдісі - тақырыпқа байланысты психологиялық- 
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, әдістемелік 
тұрғыдан талдау; алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс- 
тәжірибелерімен танысу; бақылау, ізденушілік және зерттеушілік 
жұмыстар. 

Зерттеу нысаны бастауыш мектептегі математика пәнін оқыту үрдісі. 

Зерттеу пәні бірінші сыныпта дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту жолдары мен әдістері. 

Зерттеу жұмысының міндеттері: 


  1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып , 
    оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау; 


  2. Бірінші сыныпта математика сабағында дидактикалық 
    ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін 
    дамыту мүмкіндіктерін анықтау. 


  3. Бірінші сыныпта математика сабағында дидактикалық 
    ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну . __ 


Жұмыстың практикалық құндылығы - бастауыш сыныпта математиканы оқытуда; студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде және математиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық, практикалық сабақтарда пайдалануға болады . 

I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері. 

1.1. Ойын туралы ұғым.

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-


тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, 
зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б.

Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.

Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп

болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты

танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол –

ойын.

Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады .



Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж.Аймауытов, Л.С. Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т. Собиров, Г.Усманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар .

Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л.С. Выготский төменгі ісласс оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез-құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады.

Выгодский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л.С. Выготский төменгі класс оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.

М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан- тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.

«Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады». Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?» - деген.

М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де, ата- ана да керек.

Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б.

Төменгі кластағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.

Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың»,«Бала - щапшаң, бала - ұрыншақ» , «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған.

Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .

М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән 
берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын 
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны 
әсерлене пайдаланады. '

7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі.



Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау. 


  • Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады? 
    Тағы сол сияқты . 


  • 2-ден 1-ді азайт. Сұрақтар берілді. 


Жоғарыда бірнеше сабақтардың күнделікті іс-жоспарлары көрсетілген, осы тақырыптар бойынша жұргізілген эксперимент - нәтижесі төмендегінше. 


Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды. Көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді.

Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес, көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, тіптен секіру, бұғалық тастау, допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнап жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс- әрекетті игеру міндетін орындайды.



1.2. Ойынның түрлері мен рөлі.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.

Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар: 


  1. Дидактикалық ойындар. 


  2. Сөздік — дидактикалық ойындар . 


  3. Ролъді сюжетті ойындар . 


  4. Драмалық ойындар. 


  5. Творчестволық ойындар. 


  6. Әдеби – музыкалық ойындар . 


Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап, жоспарлайды. Оның дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді. Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан, оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады .

Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сала тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастардың игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.

Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. «Ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады.

Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен колданудың маңызы зор.

Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.

Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горький «Бала ойынды сүйедіОйнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез танидыБала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренедітілдің музыкасын ұғады» , дегені мәлім.

Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық, сөздік, творчестволық, сюжеттік, рольді ойындардың маңызын ерекше атап көрсетуге болады .

Оқушының математикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар. Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету, математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар. Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп, ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күйі артып, жүйелері жақсарады .

Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды, күні бұрын дайындау қажет. Сондықтан да бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап- байқағанын, естігенін-білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, творчестволық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.

Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская«балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды.

Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады.

Бірінші сыныпқа арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар тапшылығынын орнын қалай толтыруға болады? Шамасы, бізге бірінші кезекте балабақшалардың тәжірибесін пайдалану керек болар. Бала-бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие жағдайларына арналып көп мөлшерде алуан түрлі дидактикалық ойындар мен ойыншықтар жасап, оларды балалармен жүргізген жұмыстарында ойдағыдай қолдануда. Ондай практика, әрине мақтауға тұрады және жинақтауды талап етеді. Алайда мүның бәрі кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың жүйесін жай алмайды .

Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар ғылыми психологиялық- педагогикалық негізде талдау жасалуы тиіс, олар біртұтас педагогикалық концепцияның бір бөлігін құрайтын болуға тиіс.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде қандай орын алуға тиіс? Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін шешуге байланысты пайдалануға тиіс? Қазіргі оқыту процесіне қандай дидактикалық ойыншықтар керек? Оларды қандай психологиялық-педагогикалық концепцияға сүйеніп жасаған жөн. Оқыту процесінде ойын балалар үшін өзінің тамаша тартымдылығынан айрылып қалмау үшін, ойыншық әдеттегі әдістемелік құрал- сайманға айналып кетпеу үшін, мұғалім дидактикалық ойындар мен ойыншықтарды пайдаланып, материалды балаларға қалай жеткізуі керек? Осы және басқа толып жатқан мәселелер бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды. Өндірістің мүмкіндіктері мен мүдделерін ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте балаларды дамытудың, олардың жеке басын қалыптастырудың мүдделері ескерілген, ғылыми жағынан негізделген дидактикалық ойыншықтардың жиынтықтарын шығаруды жолға қою керек.

Сонымен бірге оқу - тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне , сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісі мен шеберлігіне байланысты. Мұғалім ойынды пайдалану әдістемесінде ойын түрлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс. 

ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды.

Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін 1-сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа гңгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған . 


  1. Қарапайым түсінтер. 


  2. 10 көлеміндегі сандар. 


  3. Кестелік қосу және азайту. 


  4. Толық ондықтар. Жуз. 


  5. Біз нені үйрендік ?. 


Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады.

Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді.

Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды .

Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады.

Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.

Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.

Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.

Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім 1-сыныпты оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрады.

Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда 1 - сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап кетсек .

Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге , 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.

Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұның түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым. 


  • Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер? 


  • Құстарды . 


  • Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы. 


  • Үйрек , тауық , қаз , қораз , күркетауық . 


Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім. 


  • Балалар, мына суреттегі құстар нешеу? 


  • Барлығы бесеу. 


  • Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы 
    суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер. 
    Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті 
    орындарын белгілеттім. 


  • Үйрек нешінші орында ? 


  • Бірінші. 


  • Тауық ше? 


  • Екінші. 


  • Қораз ше? 


  • Үшінші. 


- Қазше?

- Төртінші.




  • Күркетауық ше? 


  • Бесінші. 


Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды.

Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .

Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік үштастыруға қолайлы . Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақ басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін.

Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне үялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң , ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып , логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына , логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар . Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда : «Қай қолымда?» «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б. 

«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде 
математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкінділік 
береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе ойына 
сақтау қабілеті төмен балалар үшін қолданған жөн. 
Мысалы : бір дегенім білеу —. 

екі дегенім егеу 

үш дегенім үскі 

төрт дегенім төсек 

бес дегенім бесік 

алты дегенім асық 

жеті дегенім желке 

сегіз дегенім серке 

тоғыз дегенім торқа 

он дегенім оймақ 

он бір қара жұмбақ

Бұл ойынның оқушыға әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.

Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - ата бабамыздың бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз . Енді әр бағдарламалық тақырыптар бойынша ойын түрлерін қарастырайық . 


2.1. Қарапайым түсініктер.

«Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар .

Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында «нешінші?» сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.

Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.



Олардың қатарына : «Түс және пішін»«Қанша?», «Сәулетші», «Біз нешеуміз?» , «Таныс фигураларды ата» , «Жеміс жинау» , «Жылдам ойлан» , «Жалгасып man» , «Телефон» , «Дукен» «Ойыншықтар» , «Байқагыш бала» , «Жыл он екі ай» , «Аяңта», «Қатесін man»«Сиқырлы сандар», «Тізбек»«He байцадың?» , «Қателеспе!» , «Багдаршам» «Сиңырлы қоржын» , «Ойнайық та, ойлайьщ» , «Ханым , дат» , «Эстафета» , «Багыт» , «Кім қай партада отыр?» «Қай уаңыт, сагат нешеу?», «Жеті кун» , «Көңілді санамақтар» т.б. -ойындары бар . 

«Жеміс жинау». 

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету. 

Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері. 

Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады . Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады .

Мысалы : «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?

Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. 

«Поезд құрастыру». 

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру . 

Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар. 

Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады. 

«Кім жылдам ?» 

Дидактикалық мақсаты . Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын», «кейін», «әуелі», «алдымен», «сонан кейін». 

Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар. 

Ойын мазмұны . Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.

Мысалы : Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.

Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. 

«Нені қайда қою керек ?» 

(Заттардың кеңістіктегі орны) 

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру. 

Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар. Жылжымалы сөрелер. 

Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына - көк шаршыны (квадрат), ал сол жағына - жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.

Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? - деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.



«Нені қайда қою керек ?» 

(Салыстыруға) 

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру. 

Қажетті құрал - жабдықтар . Түрлі геометриялық фигуралар. Магнитті тақта. 

Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта орналастыруы керек .

Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын .

Тапсырма орындалғаннан кейін , заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады . 

«Көру диктанты». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың көз зердесін , есте сақтау қабілеттерін дамыту. 

Қажетті құрал — жабдықтар. Геометриялық фигуралар. 

Ойын мазмұны. Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық фигуралар туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық фигуралардан сурет құрастырылады . Балаларға мұқият қарап, есте сақтауларына уақыт беріледі . Енді құрастырылған суретті жасырып , жауып қояды .

Енді оқушылардан не бейнеленгені, қандай фигураларды құрағандығы жөнінде сұралады . Осыдан кейін еске түсіре отырып, өздері қайтадан салады . Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып , еске түсіріледі.

Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала марапатталады. 

«Көршілерін ата»

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін тиянақтау. 

Қажетті құрал - эюабдықтар. Әртүрлі заттық суреттер. 

Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады. Олардың әрқайсысының оң жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады. Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы сол жақтағы, алдындағы, артындағы көршілері анықталады. Осыған ұқсас жұмысты заттың суреттерімен де орындауға болады 

«He жасырдың?». 

Дидактикалық мақсаты . Заттың белгілері (түрі , түсі , пішіні , өлшемі) туралы түсініктерді тиянақтау . 

Қажетті құрал жабдықтар . Геометриялық фигуралар , жылжымалы сөре. 

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мәселен : сөреге қызыл (үлкен) , сары (үлкен) , жасыл (кіші) , көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады . Қызыл үлкен дөңгелек , сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында , ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында , ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелектің арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн . Енді оқушылар көздерін жүмады , сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады . Сол фигураның орнын , түр - түсін оқушылар анықтап және айтып береді . Әрі қарай оны өз орнына қойып , тағы басқа біреуін жасырып , ойынды жалғастыруға болады . 

«Бағдаршам». 

Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы , жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру. 

Қажетті құрал - жабдықтар . Әр түсті (қызыл , жасыл , сары) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер). 

Ойын мазмұны . Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп , әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды . Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі.

Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені) , «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді . Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады .

Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде - оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді . «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды . «Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады . Осы қимылды бірнеше рет қайталап , ойынды жалғастыруға болады . 

«He байқадың ?» 

Дидактикалық мақсаты . Заттарды санауға, түр-түсін анықтай, ажырата білуге дағдыландыру. Көз зердесін қалыптастыру. 

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға түрлі - түсті қарындашты , фломастерді пайдаланады . Қарындаштарды көрсете отырып , олардың түрін -түсін анықтатады . 


  • Мынау қандай қарындаш (фломастер) ? 


  • Нешеу ? 


Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды , кейін дұрыстап барлық оқушы хормен санап шығады . Бір сәт оқушылар көздерін жүмады . Мұғалім не өзгергенін сұрайды . 


  • Қараңдар , не өзгерді ? 


  • Қарындаштар бесеу , біреуі жоқ . 


  • Қандай қарындаш жоқ ? 


Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау арқылы ойын жалғасады . 

«Жылдам ойлан !» 

Дидактикалық мақсаты . Оқушылар есептеп шығару барысында жиі кездесетін қарсы мағыналы (антонимді) сөздермен таныстырып жаттықтыру : биік - аласа , жоғары - төмен , қалың - жүқа , ұзын -қысқа. 

Қажетті құрал - жабдықтар . Сөздер жазылған карточкалар . 

Ойын мазмұны . Ойынға барлық оқушылар қатысады . Ойынды сынып бөлмесінде , спорт залында , ашық алаңда өткізуге болады . Балалар қол ұстасып қатар құрады . Мұғалім :

- Қазір біз қақпадан өтеміз ! Егер мен қақпа «биік» десем , сендер осылай жүре бересіңдер , қақпа «аласа» десем , еңкейесіңдер .

Кімде - кім уақытында еңкеймесе , ойыннан шығады . Бұл ойынды бірнеше рет қайталауға болады . Мұғалім: 


  • «Қыран жоғары көтерілді» десем, қолдарыңды жоғары 
    көтеріп , құс қанатының қимылын жасайсыңдар . 


  • «Ұшақ қонуға төмендеп келеді» десем, аяқтарыңды бүгіп, 
    қолдарыңды жандарына созып отырасыңдар . 


Мұғалім :

- Біз орманға келдік. Орманда ағаш түрлері көп екен. Егер мен


сендерге осы ағаштар ішіндегі ең «ұзыны» қарағай десем, үш 
қадам алға қарай секіресіңдер .

Ал ең «қысқасы» шырша десем , орындарыңда екі рет секіресіңдер .

Бұл ойындарды осы тәртіппен бірнеше сабақ бойы балаларды

сергіту сәтінде қайталауға болады .

Ескерту : Бұл ойынды, сондай - ақ , дөңгелек жайында түсінік

беру кезінде де пайдалануға болады .



«Ханым, дат!» 

Дидактикалық мақсаты . Санауға дағдыларын дамыту . 

Қажетті құрал - жабдықтар . Асықтар . 

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мұғалім әр қатардан бір оқушыдан тақтаға шақырып , асық береді. Оқушылар асықтарын иіріп тастайды . Кімнің асығы алшы болып түссе «хан» , тәйкі түссе - «уәзір» сайланады , ал шік түскен асық иелері айыпкер «ұры» саналады .

Енді «уәзір» , «ұрыны» қолынан ұстап «ханға» апарады . Ұры барғысы келмей қарсыласады . Ал , уәзір болса , ұрының жылқының иесін қүрметтемегеніне ашуланып «дат» деп ханға сөз салады.

Ол : «О менің зор мәртебелі ханым , мына күнәһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырысқанда ұстап алдым , оған үлкен жаза қолдануға тұрады» дейді. Ашуланған «хан» ұрыға жаза береді.

Жаза түрлері әр түрлі болуы мүмкін (санау , санамақ оқыту , айтқызу , т.б. ) . Сан қүрамын атату . Жаза түріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады . Ойын осылайша жалғаса береді.



«Багыт». 

Дидактикалық мақсаты. Оқушылар кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту. 

Қажетті құрал - жабдықтар . Конверттерге салынған тапсырмалар. 

Ойын мазмұны . Мұғалім бүгінгі сабақтың әр кезеңін жұмбақтап , конверттерге салып жасырып қояды . Енді осы кезеңдердің тапсырмаларын анықтау керек.

Тақтаға бір оқушы шақырылып , конверттің жатқан жерін табу үшін бағытты нұсқау беріледі.

Мысалы : Алға қарай үш адым атта , оңға бір қадам жүр . Солға бұрылып , шкафқа дейін жүр . Шкафтың жоғарғы сөресінің оң жағындағы бірінші қораптың астындағы конвертті алып оқы . Оның ішіедегі сабақтың , ойынның немесе басқа тапсырманың аты болуы мүмкін . Ойынды осылайша бағытты өзгерте отырып жалғастыруға болады . 

«Ойланңандай ойыншықтарды жасырдым ?» 

Дидактикалық мақсаты . Логикалық ойлауға үйрету , заттарды алмастыру ұғымын қалыптастыру түрі , формасы , тұрған орнына қарап және заттарды салыстыру арқылы «үлкен» , «кіші» , «қанша болса сонша» , «тең» қатыстарын үғындыру , бнрілген мысалдарды өздігінше орындауға төселдіру. 

Ойынның жабдығы . Үлкен және кіші суреттер немесе ойыншықтар , қуыршақ , машина т.б. 

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы полотноға немесе бәріне көрінетіндей орынға ойыншықтарды қояды да , естеріңде сақтаңдар деп ескертеді. Мысалы екі үлкен және екі кішкене қуыршақ немесе әр түсті екі бірдей машина оқушыларға көздеріңді жүмыңдар деп , тез бір қуыршақты жасырып қояды. Көздеріңді ашыңдар , кәне , мен қандай ойыншықты жасырдым , айтыңдар ?

Балалар жасырылған ойыншықтың атын , түсін , үлкен немесе кіші екенін айту керек .

Ойынға дұрыс жасап берген бала келесі ойында ойыншықтарды жасырып , балаларға сұрақ береді . Келесі ойындарда ойыншықтармен бірге басқа да түрлі түсті суреттер , немесе ясидектер пайдалануға болады . Ойын соңында жауап берген балалар дәріптеледі. 

«Ою - Өрнек құрастыру»

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларға қарапайым сандарды үйрету , заттың түсіне , формасына және құрылысына қарай ажырата білуге үйрету. 

Ойын жабдығы . 10 фигураның жиынтығы . Олар : 2 қызыл дөңгелек , 2 сары және 2 жасыл үшбұрыш , 2 қызыл және 2 көк квадрат. 

Ойын мазмұны . Мұғалім бір оқушыға магнитті тақтаға өрнек құрастыруды , ал басқа оқушылар партаның үстіне құрастырады . Осы мақсатпен мынадай тапсырма беріледі : магниттік тақтаның ортасына 1 парта үстінде немесе 1 парақ қағаздың бетіне қызыл дөңгелекті орналастыру , дөңгелектің жоғарғы және төменгі жағына 2 сары үшбұрырышты , оң және сол жағына 2 жасыл үшбұрышты орналастыру . Енді осы өрнекке байланысты мұғалім оқушыларға басқаша өрнек құрастыруды үйғарады : дөңгелек ортасында , 2 қызыл квадратты жоғары және төменгі жағына , ал 2 көк квадратты оң және сол жағына орналастыру керек . Содан соң оқушылардан фигуралардың санын , түсін сұрайотырып , өрнектегі фигураларды санату керек. 

«Керісінше». 

Дидактикалық мақсаты . Балаларға «үлкен» , «кіші» , «жуан» , «жіңішке» , «кең» , «тар» ұғымдарын қалыптастыру , тіл байлығын дамыту. 

Ойын мазмұны . Мұғалім балаға допты лақтырып , бір сөзді айтады, ал бала топты қағып алып , айтылғанға кері сөзбен жауап беріп допты қайтадан мұғалімге лақтырады . 

«Гараж құрастыру». 

Дидактикалық мақсаты . «Бұрын» , «кейін» , «алдымен» , «сонан соң» , «оңға» , «солға» , «арасында» , «жанында» деген түсініктер бойынша оқушылардың білімін тиянақтай түсу . 

Оқыту құралдары . Жеңіл , ауыр машиналар мен автобустардың иллюстрациялық суреттері. . 

Ойын мазмұны . Мұғалім немесе оқушылардың бірі магниттік тақтаға жолақ сызықтардың көмегімен гараж құрастырады , қалған балалар өздерінің жұмыс орнында гараж құрастыруға кіріседі . Гараждың сол жақ бөлігіне жеңіл машинаны , ал автобусты жеңіл және ауыр машиналардың арасына орналастырады . Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар гараждағы машиналардың орнын анықтайды және түсіне , көлеміне қарап оларды салыстырады . 

«Екі қолымда ңанша?». 

Дидактикалық мақсаты . Балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын , «оң жақ» , «сол жақ» ұғымдарын қалыптастыру 

Оқыту құралдары . Түрлі заттар суреттері, тиындық макеттер, моншақтар, түймелер. 

Ойын мазмұны . Бір оқушы тақтаға шығып :

Екі қолымда барлығы 6 моншақ бар . Сол жақ қолымда 3 моншақ бар деп қолын ашып балаларға көрсетеді де , ал оң жақ қолымда қанша моншақ бар ? - дейді.



«He өзгерді». 1 - түрі. 

Дидактикалық мақсаты . Балалардың көру мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру. 

Оқыту құралдары . Алманың , сәбіздің иллюстрациялық суреттері. 

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы полотноның бірінші қатарына бір алма суретін іледі . Ал екінші қатарына көп сәбіздің суреттерін іліп , одан соң бірнеше баладан сұрап салыстырады . Енді мұғалім керісінше бірінші қатарға көп сәбіз суретін , ал екінші қатарға бір алма суретін іледі. Осыдан соң балалардан не өзгерді ? - деп сұрайды . 

«Пішіні ұқсас заттарды man». 

Дидактикалық мақаты . Түрлі заттарды пішініне қарай ажырата білуге және сабақта алған білімін тиянақтауға көмектесу . 

Оқыту құралдары . Пішіні ұқсас әртүрлі заттарды және түрлі пішінді бейнелейтін карточкаларды үстел үстіне қояды . Сұрақ балаларға жалпы беріледі . Мысалы , мұғалім : «Кімде домалақ зат бар» деп сұрайды . Балалар қажетті затты өз суреттері немесе ойыншықтары ішінен тауып , мұғалімге көрсетеді. Егер жауап бере алмаса келесі баладан сұралады . Ойын соңында жауап берген балалар аталады. 

«He өзгерді». 2-ші түрі. 

Дидактикалық мақсаты . «Үлкен - кіші» , «көп - аз» сияқты ұғымдарды қалыптастыруға , көргенін есте сақтауға көмектесу . 

Оқыту құралдары . Алма , шие , жапырақтың иллюстрациялық суреттері. 

Ойын мазмұны . Ойын шарты бойынша оқушылар тақтаға ілінген заттарды бір қарап алып , көздерін жүмады . Осы кезде мұғалім сол заттардың ішінен біреуін тез алады да «көздерінді ашындар , не өзгерді ?» дейді . Оқушылар «үлкен жапырақ жоқ» деп жауап береді . Ойын әрі қарай жалғастырылады . Мұнда ескертетін бір жайт : алғашқыда заттардың саны біртіндеп азайтып немесе біртіндеп арттылып отырады . Мұндай ойындар үлкен - кіші, көп -аз ұғымдарын қалыптастыруға , көргендерін есте сақтап қалуға зор ықпалын тигізеді. 

«Қай уақытсағат неше ?» 

Дидактикалық мақсаты . Уақыт туралы түсініктерін дамыту . 

Қажетті құал - жабдықтар . Сағат моделі. 

Ойын мазмұны . Мұғалім топтағы оқушыларға арналған күн тәртібі туралы суреттер іледі . (Оқушы үйқыдан тұрып жатқан , тамақ ішіп отырған және т.б.) . Мұғалім суреттерді көрсете отырып, бұл қай уақыт ? Оқушы сағат нешеде түрды ? Сабақ нешеде басталады ? - деген және т.б. сұрақтар қоя отырып , оқушылардың уақыт жөніндегі білгендерін тиянақтай түседі . Сабақтың басталу уақытын , т.б. кезеңдерді де осылайша орындатуға болады.

Бұл ойын қандай уақыт мөлшерінде не бітіруге болады және уақытты босқа жібермеу , орынды пайдалануды да көздейді.



«Қаршақыз сыйлығы»

Дидактикалық мақсаты. Санның реттік қатарын есте сақтау . Санау дағдыларын бекіту. 

Қажетті құрал - жабдықтар. Шырша суреті . Шырша ойыншықтарының сыртында қажетті сөзге , сөйлемге байланысты жазады. 

Опын мазмұны . Сандар жазылған ойыншық үлгілері оқушыларға таратылады , Ойыншықтың бір бетінде сандар , келесі бетінде әріп жазылған . Қолдарында карточкасы бар оқушылар тақтаға шақырылады . Олар (01... 10) сан ретімен can түзеп тұрады .

Сынып оқушылары құралған сан тізбектерін өсу және кему ретімен қайталап шығады . Ал келесі бетіндегі әріпті (буынды) жеке оқушылар дауыстап оқиды . Сонда «Қаршақыздың» құттықтау сөзі шығады.

Ойыншықты санай отырып , әріптерді сәйкестендіре оқып , шыршаға іледі. Сонда : «Мерекеңмен», «Жаңа жыл құтты болсын» - сөздерін оқуы мүмкін . Ойынды мұғалім қалауынша өткізуге болады. 

2.2. Он көлеміндегі сандар.

«Он көлеміндегі сандар» тақырыбына арналған ойындар .



Мұнда дидактикалық ойындардың екінші тобын құрайтын : 10 -ға дейінгі сандардың атауы , реті және жазылуы ; сандарды салыстыру ; санның сәйкес таңбасы ретінде цифр жайында түсінік беру ; көпбұрыш элементтерінің атауын санауға негіздей отырып енгізу (төбесі , бұрышы , қабырғасы) ; әр санның құрамының барлық жағдайларын шығарып алу , санды өрнек және теңдік пен теңсіздік түсініктерін еңгізу , теңдіктер құру , оны оқу , өрнектерді салыстыру ; 10 саны , оның жазылуы . Бір таңбалы және екі таңбалы сандар жайында түсінік беру ; кесіндінің қосындысы мен айырмасымен алғаш таныстыру , қосу және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу ; санды санауға сүйене отырып , қосу және азайту амалдарын орындау арқылы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде шығарып алудың негізгі үш көзімен таныстыру ; затқа санды , оған цифрды сәйкестендіру сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында қолданылатын ойындар қарастырылады. 

Олардың қатарында : «Қызықты санау» , «Көршісін man» , «Келесі санды man» «Құрамын man» , « Білемін» , « Менің орным қайда?» , «Сан ретінman», «Құстарға қамқорлық» , «Тізбек» , «Есте сақта» , «Қимақ» , «Математикальщ телефон», «Жалгастыр» , «Сыңарын man» , «Артьщ па?», «Кем бе?» , «Сонша ма?» , «Жете ме?» , «Көру диктанты» , «Жалгастыра санау»«Көршілерін man», т.б. ойындар бар . 

«Қол шапалақтау». 

Дидактикалық мақсаты . Суреттер мен цифрлар арасындағы сандардың үйлесімдіктерін орнықтыру. 

Оқыту құралдары . 1 - ден 10 - ға дейінгі суреттерді сектор бойынша көрсету , оқушыларға суреттерді санатып , қанша болса сонша рет қол шапалақтауды үйғарды . Сонымен бірге оқушылар көрсетілген суреттің санына сәйкес цифрларды қолдарына алып , мұғалімге көрсетеді . Мұғалім сол санды тақтаға іледі . Мүнан соң осы ойынның барысында мұғалім екі бірдей сектордағы суреттерді көрсетіп , оқушыға суреттердің санын салыстыруды үйғарады . Оқушылар осы кезде қайсы суреттің көп , қайсы суреттің аз екенін айтады. 

«Поезд». 

Дидактикалық мақсаты . Балаларға «бір» және «көп» түсінігін қалыптастыру. 

Оқыту құралдары . Мұғалім флоеграфқа жануарлардың суреттерімен бірге бір шыршаның суретін жапсырады , мұғалімнің үстелінің үстінде бір үйшік пен ойыншықтар жатады, ал оқушылардың бірінің партасының үстінде көп түрлі - түсті қарындаштар мен бір қаламсап жатады . 

Ойын мазмұны . Жүргізуші - паровоз , қалғандары оқушылардың вагоншылары болады . Паровоз жүреді де , әр бір станцияға келіп тоқтайды . Мысалы , тақтаның алдына , мұғалімнің үстеліне , оқушының партасына . Сол кезде оқушылар заттардың аттарын атайды , яғни қандай зат немесе суреттер , ойыншықтар , оқушы қандай құралдар көп , қандайлары біреу екенін айтып шығады . Заттарды салыстыру арқылы қандай заттар көп немесе аз екенін оқушылар көз жеткізеді. 

«Поезд құрастырамыз». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды кез келген санды ретіне қарай оның тікелей алдында келетін санға 1 - ді қосу арқылы және тікелей одан кейін келетін саннан 1 - ді азайту арқылы шығарып алу жолдарымен таныстыру. 

Ойын мазмұны . Мұғалім тақта алдына оқушыларды кезегімен шақырады . Әрбір оқушы вагонның қызметін атқара отырып , өз қатарын атайды . Мысалы , бірінші шақырылған оқушы былай дейді : «Мен бірінші вагонмын . Екінші оқушы екінші вагонның қызметін орындай отырып , бірінші вагонға келіп тіркеседі . Сол қолын алдындағы оқушының иығына салады да , реттік нөмірін атайды , қалған оқушылар мысал құрастырады . «Бірді бірге қосқанда екі болады» . Содан соң үшінші вагон тіркеседі . Оқушылар мұғалімнің басшылығымен қосу амалына мысал құрастырады . «Екіге бірді қосқанда үш». Сол сияқты онға дейін жалғастырылады . Содан соң вагондар оқушылар бір - бірлеп ажыратылады , ал класс әрі қарай мысалдар құрастыруды жалғастырады : «Үш біреусіз - екі . Екі біреусіз - бір т.с.с». Оқушылар бұл ойында сандардың реттік және сандық мағыналарын тиянақтай түседі. 
«Сандардың реттік қатарына ңарап орналастыруына 

көмектесу»

1 – турі. 

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың сандардың реттік мағынасының түсінігін қалыптастыру. 

Оқыту құралдары . 0 - ден 9 - ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім флогеграфқа 0 - ден 9 - ға дейінгі цифрлар жазылған карточкаларды орналастырады , бірақ бұл сандар араласып тұруы керек . Мұғалі оқушыларға бұралып : «Балалар біздің сандарымыз адасып кетіпті , сондықтан да оларды өз орындарын тауып тұруына көмектесіңдер» . Балалар сандарды оңға дейін реттік қатарымен қойып шығады : 1,1,2,3..-10 . Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды . Балалар 10 цифрын құрастыру үшін қанша цифр қажет болады ? - екі цифр . Олар 1 және 0 саны . 

«Сандардың реттік қатарына ңарай орналастыруына көмектесу». 

2 - турі. 

Дидактикалық мақсаты . Реттік сан түсінігін қалыптастыру . 

Оқыту құралдары . 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім оқушыларға ондық көлеміндегі жазылған сандарды таратып береді . Содан соң мұғалім бөліп береді . «Сандар реттік қатарларыңмен тұрыңдар! . Балалар кіші саннан бастап реттік қатарларын тауып тұрады . 

«Бір немесе екі»

Дидактикалық мақсаты . 1 және 2 сандарын ажырата білуте машықтандыру. 

Оқыту құралдары . Суреттер , фигуралар , заттар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім оқушыларға бір немесе екі сурет , фигура, заттарды көрсетеді , керісінше , мұғалім көрсеткен бір немесе екі цифрларына байланысты балалардан таяқшалар немесе суреттер көрсетілуі талап етіледі. 

«Қандай сандар жетіспейді». 

Дидактикалық мақсаты . Балаларды тез ойлап , шапшаң жауап беруге қалыптастыру. 

Оцыту цүралдары . Кеспе цифрлар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім кеспе цифрларды балаларға көрсетеді . Мысалы , 1,6 . Ал балалар 1 мен 6-ның арасындағы сандарды атап шығады . 
«Көрші санды ата». 

Дидактикалық мақсаты . Натурал сандар қатарын есте сақтауға қалыптастыру. 

Оқыту құралдары . Карточкадағы жазылған сандар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім бірнеше карточкаға жазылған сандарды балаларға көрсетіп, көрші сандарын атауды талап етеді. Мысалы , 2,4,8,5,7,9 т.с.с. Бұл ойынды балалар сандарды ұмытып қалмау үшін жиі қайталап отырған жөн . 

«Қол шапалақтау»2-түрі. 

Дидактикалық мақсаты . Балалардың есту мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру . 

Ойын мазмұны . Мұғалім қанша рет қол шапалақтаса , бала сол санның цифрын көрсетуі керек . Мысалы , мұғалім 6 рет шапалақтаса , балалар алдындағы цифрлардан 6 цифрын көрсетеді. 

«Өз орныңды man». 

Дидактикалық мақсаты . 1 - ден 10 - ға дейінгі натурал сандар қатарының орнын білуге жаттықтырады . 

Оқыту құралдары . 1 - ден 10 - ға дейінгі кеспе цифрлар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім бірнеше баланы тақтаға шығарып , қолдарына кеспе цифрлар жапсырылған карточка береді . Осыдан соң мұғалім балалардан қолдарындағы сандарға байланысты өз орындарын тауып тұруды талап етеді . «Мен - біриін» деп бір цифрын ұстаған бала бірінші тұрады . Мұғалім балаларға сұрақ қояды . Бір санынан кейін қандай сан тұрады ? Екі цифрын ұстаған бала «Мен екімін» деп екі цифрын ұстап , бір цифрын ұстаған баланың қасына келіп тұрады . Ал қалған балалар да өздерінің цифрларына байланысты осылайша өз орындарын тауып түруы тиіс. Бұл ойынды 10 - ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады . 

«Керекті цифрын қой». 

Дидактикалық мақсаты . Балалар сандарды үмытпау үшін , жаттықтыру және ойлау қабілетін арттыру . 

Оқыту құралдары . Түймелер түрлі геометриялық фигуралар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім бірдей бес қорапқа әртүрлі зат салып қоюы керек . Мысалы , түймелер , түрлі геометриялық фигуралар , қорапқа салынған заттың саны әртүрлі болуы керек . Балалар қорапты ашып , ішіндегі затты санай отырып , қанша болса , сол санның кеспе цифрын көрсетеді. 

«Бірде бір». 

Дидактикалық мақсаты . Сандардың бірліктерден құралатынына балалардың көздерін жеткізу. 

Ойын мазмұны . Тақта алдында 10 оқушы шығып , қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп , бір қадам алға шығып тұрады , бір қосу екі деп , екінші бала бірінші баланың жанына келіп тұрады . Екі қосу бір үш деп , екінші баланың қатарына тұрады , қалған 

«Буратинаның жұмбақтарып man»

Дидактикалық мақсаты . Заттарды түріне қарап ажыратуға және дөңгелектен , квадраттан , үшбұрыштан әртүрлі суреттер құрастыруға үйретеді . балалар да ойынды осылайша жалғастыра береді. 

Оқыту құралдары . Дөңгелектер , квадраттар және үшбұрыштар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім күні бұрын магниттік тақтаға дөңгелек, квадрат және үшбұрыш сияқты геометриялық фигуралар жапсырады . Сонан соң оқушыларға былай дейді : «Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан Буратино қонаққа келіп отыр. Буратино өзімен бірге бірнеше жұмбақ ала келіпті» . Мұғалім Буратиноның жұмбақтарын оқушыларға дауыстап оқып береді . Оқушылар жұмбақтың шешуін табады . Дөңгелектеп не салуға болады ? Мына алма , қарбыз , доп т.б. Квадраттан не салуға болады ? Портфель , жәшік , печенье . Үшбұрыштан не салуға болады ? шыршаны , қайықты т.б. Жақсы жауап берген балаларға арнап геометриялық фигуралардан бір - бірден ұсынуға болады . 

«Ойлан man». 

Ойынның мақсаты . 0 санын ажырата білуге үйрету . 

Оқыту құралдары . Буратиноның макеті, шие бұтақтың суреті. 

Ойын мазмұны . Мұғалім күні бұрын қалталы полотноға бір бұтақта тұрған үш шиенің суретін іліп қояды . Содан соң балаларға сұрақ қояды.

-Балалар бұтақта қанша шие бар екен ?

-Үшеу.

Осы кезде Буратино бізге қонаққа келе жатып бұтақтағы шиелерге көзі түсіп кетеді. Содан бұтаққа жақындап келіп , шиенің біреуін үзіп алады . Кәне , балалар , айтыңдаршы , бұтақта қанша шие қалды.



Оқушылар мысалдар құра бастайды , яғни «Үш біреусіз - екі» деп айтып , тақтаға 3-1-2 түрінде жазып көрсетеді . Дәл осы кезде Буратино екінші шиені жүлып алады . Ал енді қаншасы қалды ? деп мұғалім тағы балалардан сұрайды . Балалар «Екі біреусіз - бір» деп тақтаға 2-1-1 түрінде жазып көрсетеді.

Енді Буратино әрі - бері ойланып тұрып , қалған бір шиені де жүлып алады . Енді қаншасы қалды ? - деп мұғалім тағы да сұрайды . Сонда балалар бұтақта шие қалған жоқ деп жауап береді. Олай болса балалар шиенің қалмағанын білу үшін Буратино бізге ноль деп аталатын санды алып келген екен . Ноль санын символика түрінде былай белгілейміз деп «0» цифрымен таныстыра отырып , 0 саны әр уақытта 1 санының алдында түратын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.



hello_html_m357264ba.jpg

12 3 4 
«Жалгастыр».



Дидактикалық мақсаты . Сан мен цифр арасындағы сәйкестікті анықтау . Дұрыс сануға дағдыландыру . 

Қажетті құрал - жабдықтар . Қалталы үяшық, санау материалдары , цифрлар жазылған карточкалар . 

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы үяшыққа біртіндеп санау материалдарын салады . Оқушылар орындарында отырып дауыстап санап , сәйкес цифрларды көрсетіп отырады . Оқушылардың есте сақтауын дамыту мақсатында тақтаға да жаздырып отырған дұрыс . 
«Менің орным кайда?». 

Дидактикалық мақсаты . Сандар қатары туралы түсініктерін бекіту, цифрлардың жазылуы , оны дұрыс орындауға дағдыландыру. 

Қажетті құрал - жабдықтар . 0-ден 10-ға дейінгі кеспе цифрлар. 

Ойын мазмұны . 0-ден 10-ға дейінгі кеспе цифрлар таратылып беріледі.

Мұғалім «өз орнынды тап» , - деп хабарлағанда , қолдарында кеспе цифрлары бар оқушылар сәйкес орынға тұрып , сандар тізбегін құрайды . Қалған оқушылар дұрыстығын тексереді . Егер дұрыс тұрса жасыл , қате болса қызыл текше көрсетеді. Барлық сандар дұрыс орналасып болған соң мұғалім әр цифрдың орнын нақты сұрақтар арқылы анықтайды . «2» неліктен бұл жерде тұрсың ?

Менің 1-ден 1 бірлігім артық , 3-ден бір бірлігім кем . Сондықтан 1-ден кейін , 3-ке дейін тұрамын , немесе менің орным -1 мен 3-тің арасы .

0-дің орны қайда ?

0-дің орны сан тізбегінің басында , себебі 1-ден кем және т.с.с. жауаптар беріледі. Осылайша әр цифрдың орны анықталып , ойын жалғасады. 

«Келесі санда ата. Көршісін man !». 

Дидактикалық мақсаты . Сандар тізбегін тиянақтау , бекіту . 

Қажетті құрал - жабдықтар . Кеспе цифрлар . 

Ойын мазмұны . Оқытушы ойынды кез келген санды атаудан бастайды . Мысалы : «2» , жалғастыр ; оқушы «3» санын , т.с.с. атайды . Сұрақты түрлендіре отырып , сандар тізбегінің орындарын тиянақтау керек болады . Санды атап , келесі бір бірлікке , екі, үш бірлікке артық (кем) санды ата , деген тапсырмалар беру арқылы көрші сандарды атайды . 0-ден бастап 10-ға дейін санау , кему ретімен санау жұмыстары жүргізіледі. 

«Сан ретін man». 

Дидактикалық мақсаты . Санның ретін есте сақтау қабілетін қалыптастыру. 

Қажетті құрал - жабдықтар . 10X10 см өлшемімен дайындалған карточканың бет жағында сан және буын жазылады . 

Ойын мазмұны . Дайындалған карточкалар магнитті тақтаға шашырап орналастырылады . Мұғалім сандар ретін қайталатады . Оқушылар сан тізбегін жаза отырып , келесі жолға , сан ретіне 
«Құстарга қамқорлық». 

Дидактикалық мақсаты . Ауызша дұрыс есептеулер жүргізуге дайындықты жүзеге асыру . Экалогиялық тәрбие беру . Адамгершілікке баулу. 

Қажетті құрал - жабдықтар . Құстар , ағаш , және жемсауыт суреттері. Мысал жазылған карточкалар . 

Ойын мазмұны . Ойынды жыл мезгіліне лайықтап , пысықтау сабағына қолдануға болады . Ағаш бұтағына тапсырма жазылған карточкалар орналасқан . Әр карточка бекітілген бұтақта құстар отыр . Тақтаның келесі ыңғайлы жеріне жемсауыт ілінеді . Оқушы карточкадағы мысалды дұрыс орындаса , құсын жемсауытқа қалдырады . Карточкадағы тапсырма толық орындалып бітсе , барлық құстар жемсауытқа қонады . Мысалды дұрыс орындаған оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады . 


2.3. Кестелік қосу және азайту.

Мұнда : Бір санын қосу (арттыру) және азайту (кеміту) тәсілдері; кесінділер сызу ; қосу кестесін құру ; кестелік қосу және азайту , қосындыны және қалдықты табуға есептер шығару; есептерді шығару тәсілдерін және мәтіндерін салыстыру ; «сонша», «артық» , «кем» , ұғымымен байланысты мәтіндерді салыстыру,, есептер шығыру ; «Қанша артық ?» , «Қанша кем ?» ұғымымен байланысты есептер , яғни айырмалық салыстыру , кері есептер құру ; өзара кері есептер (артық , кем , қанша артық? қанша кем?) . Санды өрнек және әріпті өрнек , олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтау ; 9 санын қосу және азайту тәсілдері; 10 санын азайту , әріп бар қосынды және оның мәнін табу ; сұрағы жоқ тапсырма мен есепті салыстыру және т.б. мәселелерді оқытып - үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар қарастырылады . Олардың қатарына: «Жыл он екі ай», «Математикалық домино» «Ақсуйек» ,« Құлпынай жинау» , «Лото», «Сацырауқұлақтар»«Доп қагу» «Шырша безендіру», «Үндемес» , «Хан талапай» , «Орамал тастамаң» , «Heөзгерді?», «Плюс па , әлде минус па?» , «Жазуды толықтыр» «Жауабы бірдей мысалдарды man» «Мысалды ойлап man» «Бір тусті дөңгелек нешеу?» , «Поезд щрастыр» , «Санды ойлап man» «Баспалдақ» , «Математикальщ эстафета» , т.б. ойындар бар .



«Поезд құрастырамыз». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды 2,3,4 сандарын қосу және азайту тәсілдерін үйрету. 

Ойын мазмұны . Мұғалім тақтаның алдына 5 қыз баланы шақырады. Олар 5 вагоннан поезд құрастырады . Яғни бір – біріне тіркесіп , оң қолдарын алдыңғы оқушының иығына салып тұрады . Содан кейін тағы да 1 вагон бала және тағы 1 қыз келіп тіркеседі .

Мұғалім тақтаға мынадай мысал жазады :



5+2=7

5+1+1 


Оқушылар 2-ні қосу амалын бірнеше рет қайталайды . Содан кейін

екі вагон бір - біреуден ажыратылады . Оқушылар



5-2=3

5-1-1 


2-ні азайтудың амалын қайталап шығады .

Осыған ұқсас 3 және 4 сандарды қосу және азайтудың тәсілдерін көрсетуге болады . Мысалы , тақта алдына 6 ер баланы шақырады , олар 6 вагоннан поезд құрастырады . Оларға 3 вагон біреулеп қыз , бала , қыз тіркеседі . Бұл тәсіл тақтаға жазылып , оқушылар айтып шығады . 6+3=9 6+1+1+1

Бүдан соң поезд құрастыру үшін басқашалап көрсетуге болады , яғни 6 вагонға бірінші екі вагонды құрастырып , немесе тіркестіріп, содан соң тағы да 1 вагонды тіркестіруге болады . Бұл жағдайды да тақтаға жазып , оқушыларға түсіндіруге де болады . 6+3=9 6+2+1

Осыған ұқсас қосу мен азайтудың басқа жағдайларын құрастыруға болады.



«Үндемес». 

Дидактикалық мақсаты . Сандарға 1-ді қосу және олардан 1-ді азайту амалдарын оқушыларға үйрету . 

Оқыту құралдары . 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар.


hello_html_1c49bff8.jpg




hello_html_545a75fd.jpg 

Ойын мазмұны . Тақтаға 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар ілінеді.

Мұғалім балаларға берілген плакаттарқағы сандарға 1-ді қосып және 1-ді алу керектігін түсіндіреді . Мұғалім үндемей сандарды көрсетеді.

«Жеміс теру». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды математикалық мысалдарды тез , дұрыс шығаруға үйретумен қатар , түрлі жемістермен таныстыру. 

Оқыту құралдары . Қиылып алынған түрлі жемістердің суреттері, мысалдар. 

Ойын мазмұны . Магниттік тақтаға екінші бетіне әртүрлі мысалдар жазылған бірнеше жемістердің суреттерін жапсырып қою керек . Мұнан кейін оқушыларға: «Қәне балалар , кім қандай жемісті жақсы көреді ?» - деп сұрайды . Сол кезде оқушылар қолдарын көтеріп кезегімен жақсы көретін жемістерін алады , артына

жазылған мысалды ауызша шығарып беруі тиіс . Мәселен , мынадай мысалдар жазылуы мүмкін .

4+2, 3+7, 5+1+1, 8-2, 6-1, 2+1+1, 10-1-2, 9-2

Егер оқушы мысалды дұрыс шығарса , онда ол өзінің жақсы көретін жемісін алып, орнына барып отырады .



«Доп қағу». 

Дидактикалық мақсаты . Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып , амалдарды тез ауызша орындауға жаттықтыру. 

Оқыту құцуралдары . Доп . 

Ойын мазмұны . Оқушылар ойынғада ерекшк қызығушылық танытады . Сол арқылы мысалдарды тез орындауға жаттығады . Мұғалім 7 санын қалайып алуға болады , - дейді де қолындағы жеңіл допты бір оқушыға лақтырады .

Оқушы : допты ала салып 4+3 деп мұғалімге кейін қайтарады . Мұғалім : - Тағы қандай алуға болады ? Оқушылар : 5+2, 6+1 т.с.с. деп жауап береді.



Содан кейін ойын «8 санын» қалай шығарып алуға болады» 5 санын 2-ге арттыр , 4-пен 7 санының қайсысы көп? 5-пен 7 санының қайсысы көп ? деген түрінде жалғастырылады . Әр сабаққа байланысты ойын тапсырмалары мен шарттарында өзгерістер болып отырады. 

«Диспетчер және контролерлер» . 

Дидактикалық мақсаты . 10 көлеміндегі сандардың құрамын бекіту. 

Оқыту құралдары . Геометриялық фигуралар және 10 жеңіл машинаның суреті. 

Ойын мазмұны . Мұғалім магниттік тақтаға сабаққа дейін тік бұрыштардың көмегімен автовокзал бір - бірінен ара қашықтағы алыс тау жақын тұратын аялдаманың құрылысын жасап қояды . Бір оқушы тақтаның алдында диспетчердің қызметін атқарады . Ол машиналарды бір - бірлеп аялдамадан автовокзалға жіберіп тұрады, яғни бір төртбұрыштың ішінен екінші төртбұрышқа ауыстырып отырады . Ал қалған оқушылар контралер , яғни бақылаушы қызметін атқарып отырады . Олар есеп жүргізеді, яғни қанша машинаны автовокзалға жіберді және жіберілгеннен кейінгі әрбір машинаның саны қанша қалғанын айтып отырады . Жіберілген және қалған машинаның санын оқушылар үмытып қалмау үшін , алдарындағы цифрларды былай құрастырыпотырады


«Дөңгелек мысалдар көру». 

Дидактикалық мақсаты . Дөңгелек мысалдар құру арқылы бірінші мысалдың жауабы келесі мысалдың бірінші компоненті болатынына есептер шығару арқылы машықтандыру және өрнектерді тез құруға үйрету . 

Ойын мазмұны . Мұғалім тақтаға мысал жазады да , мысалдың жауабы келесі келесі мысалдың бірінші компоненті болатынын түсіндіреді . Ал балалар мысалды шығарып , жауабы келесі мысалдың бірінші компоненті болатынын түсіндіреді . Ойын осылайша жалғастырыла береді. Мысалы , 7-5=2 , 2+6=8 , 8+2=10 , 10-8=2 , 2+5=7 ,7+2=9 Балалар берілген ереже бойынша тізбек құрады . 

«Ордан өту».

Дидактикалық мақсаты . Берілген мысалдар дұрыс және тез шығартуға машықтандыру.

Ойын мазмұны . Ақ қағаздан жасалған карточкаларға мыслдар жазылып .

7+2=, 8+1= , 8-3= , 10-4= , 7-5= , 5+5= ,

6-3= , 2+1+3= , 9-2= , 4+2= , 10-2-1= .

жазуды көрінбейтіндеп етіліп , еденге төңкеріліп қойылады .

Бұлардың әрқайсысы бір - бір «Ор» деп саналады . Балалар «Ордан» соншалықты еппен секіріп отыруы тиіс . Мұғалім бұл ойынды жарыс түрінде өткізеді . Алдымен балалар екі қатарға тұрғызылып , әр қатардан бір - бірден екі бала шақырылады . Олар бірінші «Ордағы» мысалды алып , сыныпқа дауыстап оқып беріп , жауабын айтқан соң , ол оқушы ордан секіріп өтті деп есептеледі . Ойынды келесі оқушы әрі қарай жалғастырады . Қай қатар оқушылары мысалдарды тез шығарып , «ордан» өтіп кетсе, сол қатар жеңген болып есептеледі. Ойын көбейту , бөлу таблицасын меңгертуге де пайдаланылады. 

«Самалет қозгалысының багытын анықтау» . 

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды жауабы бойынша мысалдар құрастыруға үйрету . Санақ бойынша сандар қатарын есте сақтау және самалет қозғалысының бағытын анықтау . 

Оқыту құралдары . Самалеттің суреті және жауабы ғана жазылған бірнеше мысалдар. 

Ойын мазмуны . Мұғалім оқушыларға былай дейді: «Үшқыш командир сендерге арнап мынадай тапсырма ойлап тапты. Ол бір қаладан екінші қалаға самолеттің үшуын жоспарлай отырып, әрбір бөлімшенің маршрутын нөмірмен белгілеп отырды Самолет қаланың үстщде кіші саннан үлкен санға қатарымен ұшуы керек . Әрбір қаланың нөмірі мысалдарды бөлшектеу арқылы жазылған да тек қана жауабы бар . Қаланың нөмірін анықтау үшін осы жауап арқылы мысалдар құрастыру керек . Содан соң самолеттің қалай қозғалғанын кішкентай сызықтар арқылы көрсету керек . Ол үшін бормен қаланың үстіне шеңбер жасап №1 деп көрсетіп , әрі қарай үту арқылы №1,3,т.с.с. деп шеңбер жасап отыру керек .

Мұғалім үшқыш - командир қызметін , ал оқушылар үшқыш -курсанттар қызметін атқарады . Ойын тапсырмаға сәйкес этап бойынша орындалады .




  1. Балалар қалаларға нөмір қойып шығып , яғни жауап бойыеша 
    мысалдар құрастырады . Осындай мақсатпен әрбір оқушы карточка 
    арқылы құрастырған мысалдарын полотнолы қалтаға салып 
    отырады. 


  2. Оқушылар кіші санын үлкен санға қарай әрбір қаланың 
    нөмірін атайды . 


  3. Оқушылар кезегімен кішкентай сызықтар арқылы самалеттің 
    қозғалу бағытын тақтады көрсетіп отырады . 


  4. Тізбек бойынша самолеттің үшқышы қай бағытта қозғалғаньін 
    балалар айтып шығады. 


Мұғалім ойын жүргізілмей тұрып тақтаға күні бұрын былай жазып қояды .

Ойынды жүргізіп болғаннан кейін тақтаға мынадай жазулар пайда болады .


«Баспалдақ» 

Дидактикалық мақсаты . Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және машықтандыру. 

Ойын мазмұны . Бұл ойынды оқушылар төмендегідей мысалдарды баспалдақпен шығарып , жеңімпаз оқушылар баспалдақ үстіндегі түрің заттарды алады . Мысалы: жануарлар , доп , орындық , т.с.с. 



«Хан талапай». 

Дидактикалық мақсаты . Санау дағдыларын бекіту . Артық , кем түсініктерін тиянақтау. 

Қажетті құрал эюабдықтар . Асық (саны 20) . 

Ойын мазмұны . Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады. Әр қатардан оқушы шақырады . Ойын басқарушы : 

Талапай - ау шалапай, 

Табылды ойын, алақай ! Асықты алга шатамыз, 

Талапайга басамыз , - деп өлең шумағын айтып , асықты шашып жібереді . Оқушылар шашылған асықты жинап алады . Әр оқушы өзінің қолындағы асыған сыныппен қосыла хормен санап шығады . Асықтардың саны анықталған соң , салыстыру жұмысы жүргізіледі.

Кім асықты көп жинады ?



Нешеу ? Қаншасы артық ? (кем?) сияқты сұрақтар қоя отырып , жеңімпаз оқушыны мадақтайды. 

«Ақсүйек». 

Дидактпикалық мақсаты . Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру. 

Қажетті құрал - жабдықтар . Белгісіз санды табуға арналған кесте , әріпті өрнектер мен теңдеулер , 



Ойын мазмұны . Ойынға сынып трлық қатысады . Кстедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр . Кім дұрыс шығарса , сол ақсүйектң табады . Дұрыс шығармаса , көрмей аттап кетеді . Кім «ақсүйекті» көп жинаса , сол үтады . «Ақсүйек» жинаған бала мадақталады . Ойынды осылайша жалғастыра беруге болады . 

«Шырша безендіру». 

Дидактикалық мақаты . Ауызша қосу , азайту амалдарына есеп шығаруға қатысты оқушылардың білігін қалыптастыру . 

Қажетті құрал - жабдықтар . Көрнекті кестедегі шырша суреті . Боялған әртүрлі ойыншықтар үлгісі. 

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары тегіс қатысады . Сыртында 10 келеміндегі қосуға , азайтуға арналған өрнектер жазылған боялмаған ойыншық үлгілері таратылады . Оқушылар алдымен үлестеріне тиген ойыншықтарын сәйкес бояумен бояп , өрнек бойынша сәйкес тапсырманы орындап ойыншықты шыршаға іледі. Ойын осылай жалғаса береді. Ойыншықтар ілініп біткенде , піырша безендіру жұмысы аяқталып , дұрыс орындаған оқушылар мадақталады .

2.4. Толық ондықтар. Жүз.

Бұл тақырыпқа байланысты негізінен , мына сияқты мәселелер қарастырылады . Әріпті өрнектің мәнін табу ; шарты бірдей , сұрағы әртүрлі есептерді салыстыру ; шарты мен сұрағы арасындағы сәйкестік болмайтын мәтіндермен жұмыс ; берілген сұрақты шартқа сәйкестендіру ; теңдеу және оны шепіу ; қарапайым теңдеулер құру және оларды шешу тәсілдері ; 1-ге арттыру 1-ге кеміту ; бір таңбалы натурал сандар қатары ; он , ондық , ондықтармен санау ; бір ондықты қосу және азайту ; ондықтар қатары ; ондықтар - екі таңбалы сандар ; дециметр , ұзындықты өлшеу және салыстыру ; ондықтарды қосу және азайту; геометриялық фигураларды құрастыру және бөліктерге бөлу ; көпбұрыштарды еркін өлшеммен сызу ; көпбұрыштардың қабырғаларын өлшеу ; берілген екі санда пайдаланып , бірнеше тапсырма және есептер тұжырымдау ; теңдік және теңсіздіктер құру ; сурет бойынша есептер құру және шығару ; өрнектер құру ; мәндерін табу.



Осы мәселелерді оқытып - үйрету барысында мына сияқты дидактикалық ойындарды пайдалануға болады . 
«Аукцион» , «Баспалдаң» , «Гулдер , аралар» , «Қосындыны (айырманы) ата»«Сиқырлы mac)«Есте саңта», «Математикальщ домино» , «Қимақ», «Қол согу», «шапалаңтау», «Жубын man» және т.б. 

«Тізбек». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды 20 көлеміндегі сандардың нумерациясымен таныстыру. 

Оқыту құралдары . Магниттік шеңберлер , яғни геомерриялық фигуралар . 

Ойын мазмұны . Ойынға бір мезгілде 3 оқушы қатысады . Бірінші оқушы магниттің тақтаға 2 разрядты таблицаға цифрларды қойып шығып . Ал екінші оқушы сандарды атайды , ал үшіншісі ондық және бірліктен құралған қүрамын атайды . 

«Математикалық эстафета». 

Дидактикалық мақсаты . 20 көлеміндегі сандардың нумерациясын бекіту. 

Оқыту құралдары . 10 дөңгелек және 10 үшбұрыш . 

Ойын мазмұны . Мұғалім қатар бойынша сыныпты 3 командаға бөледі де ойын жарысты жүргізеді . Бірінші оқушы бірінші командадан дөңгелек пен үшбұрыштың көмегімен санды илюстрациялап көрсетеді , осы команданың екінші оқушысы цифрмен беогілейді, үшіншісі санның құрамын атайды , төртіншісі карточка арқылы санды көрсетеді . Осыған ұқсас 2 ай және 3-ші ісомандаларда жаттығулар орындайды . Қай команда бірде - бңр қате жібермесе немесе аз қате жіберсе , сол команда жеңіске жетеді. 

«Есте сақтау». 

Дидактикалық мақсаты . 20 көлеміндегі сандардың нумерациясы туралы білімдерін дағдыландыру. 

Ойын мазмұны . Оқушы допты қағып алып , мұғалімнің қолсоғуын тыңдап санап тұру керек . Мұғалім қол соғуын тоқтатқан кезде оқушы допты мұғалімге қайтару арқылы жауап айтады . Ойын осылай кезегімен жалғаса береді . Балалар 20-ға дейін санап болмайынша ойын жалғаса береді . Осыған ұқсас ойын барысын кері ұйымдастыруға болады . 

«Дыбыс санау». 

Дидактикалық мақсаты . Ондықтар және бірліктерден құралған сандарды атауға дағдыландыру. 

Оқыту құралдары . Екі разрядпен берілген таблица . 

Ойын мазмұны . Тақтаға екі разрядпен берілген таблица ілінеді. 


Мұғалім таяқшамен әуелі ондық разрядтары қанша болса сонша рет тақылдатып , одан соң бірлік разрядтарының санына сәйкес санды атап , цифрларды көрсетеді . Мысалы , алғашқы шыққан 1 дыбысқа ондық разрядты , ал одан соң 2 рет тақылдатқан дыбысқа бірліктер разрядтары сәйкес айтылып , балалар 12 санын атап цифрлармен көрсетеді. 

«Қол шапалақтау». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың ондық сандар құрамы жөніндегі білімдерін пысықтау. 

Ойын мазмұны . Мұғалім тақта алдына екі оқушыны шақырады . Оң жақтағы оқушы бірліктерді білдіреді , ал сол жақтағы - ондықтарды білдіріп тұрады . Мұғалім екі таңбалы санды атайды : оң жақтағы оқушы бірлік сандар үшін , ал сол жақтағы оқушы ондықтар үшін қол шапалақтайды . Қалған орындарында отырған оқушылар бақылаушының қызметін атқарады . Егер ондық сандар қүрамын оқушылар дұрыс көрсетпесе , онда оқушылар белгі беріп, қатесін дұрыстап отырады. 

«Клоун қонақта». 

Дидактикалық мақсаты . Ондықтарға арналған мысалдарды дұрыс, тез есептеуге машықтандыру .


hello_html_m4e20ede5.jpg



Ойын мазмұны . Клоун қонақта ойыны тапқырлықты , байқағыштықты қалыптастыру мақсатында өткізіледі . Мысалы , 1-ден 9-ға дейінгі сандар картонның екі жақ шетіне баған түрінде жазылып , ортасына клоун суреті салынады . Берілген сандардың біреуін алмастырып қойса , екі жақтағы сандардың қасындағысы 20-дан болады . Кім бұрын тапса сол оқушы жеңіске жетеді. 

«Үндемес». 

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды ойын барысында тапқырлыққа , мысалдарды тез , дұрыс есептеуге дағдыландыру . 

Ойын мазмұны . Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады . Ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады . Центрге жазылған санның жанына арифметикалық амалдардың бірінің тақтасы қойылады . Ценрдегі жазылған сан ғана тұрақты болып табылады . Ойын тәртібі төмендегідей . Мұғалімнің көрсеткішпен тақтаға контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді , ал балалар центрге жазылған сан мен амалды орындайды .

20 11 6 10



hello_html_731c1745.jpg 
Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады . Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса қолдарын көтереді де белгі береді . Ойынды өзгертуге де болады . Мұғалім санды көрсетеді, оқушылар үндемей кеспе цифрдан нәтижесін көрсетеді. 

«Математикалық эстафета». 

Дидактикалық мақсаты . Берілген мысалдарды балалардың дұрыс және тез шығаоып , осы сандар бойынша өрнек құрастырып , эстафетаны келесі балаға тапсыру . 

Ойын мазмұны . Кластағы парта қатарлары бойынша 3 командаға бөлінеді. Әр команда үшін тақтада мысалдар жазылған . 10+5 10+9 10+7 Бірдей уақытта әр командадан үш оқушы шақырылып отырады . Балалар сандар бойынша өрнек құрастырып , эстафетаны келесі балаға тапсырады .

Мысалы, 


10+5=15-тен 15-5= 10+9=19-дан 19-10= 10+7=17-ден 17-10=

өрнектерін құрып , шешуді келесі балаға тапсырады . Ойын осы сандарға байланысты барлық мысалдарды шығарып болғанша жалғаса береді . Осылайша әр команда оқушылары бір – бірімен байланысты төмендегідей мысалдарды құрады .

10+5=15 10+9=19 10+7=17

5+10=15 9+10=19 7+10=17

15=10+5 19=10+9 17=10+7

15=5+10 19=9+10 17=7+10

15-10=5 19-10=9 17-7=10

15-5=10 19-9=10 17-10=7

Тізбек құрудан бұрын орындаған команда жеңіске жетеді. 

«Мақсатқа жету». 

Дидактикалық мақсаты . Балаларды түрлі мамандық иелерімен таныстыра отырып , 20 көлеміндегі сандарды есептеуге машықтандыру. 

Оқыту құралдары . Сырт жағына мысалдар жазылған түрлі заттар. 

Ойын мазмұны . Күні бұрын түрлі мамандықты бейнелейтін карточкалардың сыртына өтілген тақырыптарға лайықты есептер жазылады . Ұшқыш болғысы келген оқушы самалет суретін алады да , сыртындағы мысалды шығарады .

Мысалдар жазылады . Кез келген фигураның аты аталғанда оқушылар сол фигураның бетін жабады .



«Өрмелебірақ қайта тусе біл» . 

Дидактикалық мақсаты . Балаларды ірі және үсақ өлшеуіштерді ажырата білуге үйрету. 

Ойын мазмұны . Бұл ойынды өлшеуіштер тақырыбын өткенде оқушылардың тез ойлануы және ірі, үсақ өлшеуіштерді ажыратып, естеріне сақтау үшін ұйымдастырылады . Онда оқушылар үсақ өлшеуіштерден ірі өлшеуіштерге дейін айтып шығады . Ірісіне дейін айта алмаса , жоғарылап барып , түсе алмағаны . Ойынды бірнеше рет қайталауға болады . 

2.3. Педагогикалық іс - тәжірибе нәтижесі. Біз нені 

үйрендік ?

Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс істеудің әдіс - тәсілдерін жете меңгеріп , бұлдіршендердің көңіл -күйіндегі өзгерістерді жете байқап , бір жұмыс түрінен екіншісіне тез ауысып оқуға қызығуын арттыруы керек . Сабақты тартымды , қызықты ойын түрінде жүргізу жас үландардың білімге ынта -ықыласын арттырады . Көңілі көтеріңкі бала , өзі істеген әрекеттерді сенімділікпен орындайды , шаттық сезімге бөленеді . Ойын балалардың іс - әрекетке шапшаң икемделуін дамытып , оларды тапқырлыққа баулиды . Осындай әдістерді қамтыған мемлекеттік іс - тәжірибе кезінде өткен өзімнің бірнеше үлгі сабақ жоспарларымды және «біз нені үйрендік?» тақырыбында ұйымдастырған жұмыстарымды ұсынбақпын .



Математикалық жарыс «Кім жүйрік».

Оқу - тәрбие мәселесін тиімді шешуде әрбір сыныпта орындалатын жұмыстың мақсатын , түрі мен әдіс - тәсілдерін кеңінен ойланып, түрлендіруіміз шарт .

Сыныптан тыс жұмыстың тиімді әрі оқушыны қызықтыратын бір түрі - математикалық жарыс. Математикалық жарыс баланың ой-өрісін дамытып, өткен бағдарламаларын материалдарды естерінде берік сақтауына, белгілі бір тақырып бойынша ойларын тез тұжырымдап, жинақтап айтуына, дұрыс сөйлеуге машықтандырудың тигізер әсері көп .

Оны ұйымдастыру барысында сұрақтары алдын-ала іріктеліп орындалатын жұмыстар көрсетіліп, жоспарланады . Жарыс жүргізуде балалар 2 командаға бөлінеді . Біздің сыныбымызда «Жүлдыз» , «Жалын» аталатын екі команда бар .

2004 -2005 оқу жылы аяғында «Біз нені үйрендік?» тарауы бойынша сыныбымызда «Кім жүйрік?» атты математикалық жарыс өткіздік . Осы өткізілген кейбір жарыстардың құрылысы мен өтілуіне , балалардың ойынға қатысуына тоқталайын .

Викторинаның сұрақтар мысалдарды шығаруды, санауды,сандарды оқуды және жазуды салыстыруды, қосуды жәнеазайтуды есептерді шығаруды қаншалықты иеңгергендіктерін,яғни оқушылардың ойланымпаздығын, байқампаздығын арттыру мақсатында өткізіледі.


Мысалдар шыгару. 
1. 7-D = 8 -П = 6-П = 9 -П = 

П- 6 = П- 4 = 

П- 7 = □ - 8 = 

9-4 + 5 = 16-6-9 = 

3 + 7 + 8= 13-3-6 = 

10-6+1 = 2 + 6 + 9 = 

10-9-1 = 8-3 + 7 = 

3 + 3+3= 4 + 4 + 4 = 

Қосуға арналған өлең - есептер 

1. Асан, Айша екеуі 
Қос қуыршақ, 
Бір құлыншақ, 
Екі ойыншық, 
Құстай ұшып
 

Үйден шықты ... Жауабы : Жетеуі. 

2. Талдан ұштпы топ торгай 
Емес бірақ көп торгай . 
Алдында оның - бастаушы 
Артында төртеу — қостаушы 
Онын жүйрік болса егер
 

Торгай үшеу есепкер . Жауабы : 5 торгай . 

III. Математикалық жұмбақтар шешу.

Математикалық жұмбақтар жауабында немесе айтылуында математикалық ұйымдар , символдар , терминдер болады . Мұнда жұмбаққа қойылатын талаптар да сақталады .


1. Түгел айтпасац небарын 
Төрт құлақ ma бір қарын Қазан
 

2. Жуз төрт түйме, 

Он бір ине . Есеп шот . 

3. Екі семсер айқасқан , 

Оқта - текте шайқасқан . Есеп шот . 

4. Төрт қол ұстап , беріп тур, 

Қырық аяқ теуіп , керіп тұр . Футбол . 

Ойын «Көңілді санау». 

Ойын ережесі. Бұл математикалық жарысқа жатады . Сондықтан екі команда нумерация бойынша қырағылығын сынасады . Қай команда тапсырманы тез орындаса , сол команда жеңімпаз атанады . Жеңімпаз команда үлкен жалаушамен , ал жеңілгендер кіші жалаушамен аталады . Тақтада суреттегідей толтырылған , сол сияқты бас таблицалар күні бұрын сызылып қойылады. 


V. Математикалық жаңылтпаштар. 


  1. Қырық құрықтық , 
    Сықық қырықтық. 


  2. Үй кіші ішіп пшетін , 
    Бес кіші ішік піштім . 
    Неше кіші ішік піштім ? 


VI. Математикалық тақырыптар әдеби тақпақ сияқты мәнерлеп 
оқылады . Тақпақ мазмұнында математика элементтері қамтылады. 
Математикалық тақпақта математиканың өмірдегі алатын орны , 
қоғам дамытудағы ролі көрсетіліп , оқушының мінез - құлықтары 
суреттеледі. 

1. Математикалыц тацпац «Бес» 
Мектебінен цалмайды,
 

Бес алган - ау шамасы , 

Қарсы алганда мамасы, 

Бес саусагы шошайды . Т.Бердияров . 

2. Матпематпикалыц тацпац «Есеп» 
Бес алманың үшеуін,
 

Досың сұрап алады . 

Айтшы сонда нешеуі 

Өз цолында ңалады . 

Сол досым сол алманың 

Бәрін алсын ! - дей салдым . Қ. Мырзалиев . 

VII Қызықты есептер түрліше болады : өлең есеп , қалжын есеп, тапқырлықты талап ететін есеп т.с.с.

Өлең есепте өлең жазу заңдылығын пайдалана отырып , математикалық есеп құрастырылады . He белгі, не белгісіз екендігі беріледі . Осы есепті шешуде байланыстырылалады . Табылған жауап негізделеді.



Қалжың есептер : өлең түрінде де , қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгендігімен , қорытындысы қалжың түрінде үшқары беріледі. Жауап тез талап етіледі.

Тапқырлықты талап ететін есептің шарты мен қорытындысы дұрыс пікірлер . Жауабын кеңірек ойлауға тура келеді. Жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін . Есептің бұл түрі мұғалімнен де , оқушыдан да аңғарымпаз болуды таоап етеді.



Тапцырлъщца арналган есептер.

А. Бір торда үш қоян отыр еді , үш оқушы оларды бір - бірден таратып алды . Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды . Ол қалай ? Жауабы : Бір оқушы қоянды торымен алып кетеді. Б. Менің қүрбым келе жатып бес теңге тауып алды . Екеуіміз келе жатсақ қанша тауып алған болар едік . Жауабы : 5 теңге не мүмкін емес .



«Біз нені уйрендік» тақырыбы бойынша өткенді қайталау пысықтау үшін викториналық сұрақтар осылай жоспарланды . Викторина өтпектен бір апта немесе он күн бұрын хабарланады . Жан - жақты қамтылған қызықты викториналар әр оқушының ой -өрісін дамытып , оқыту принциптерінің мазмұнын күшейтетіні даусыз. 

Сабақтың тацырыбы :

1-ден 10-ға дейінгі сандардың қатары .



Сабақтың мақсаты :

А. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қатарын жан - жақты меңгертуге жаттықтыру.

Ә. Сан қатарын мәнерлеп дұрыс жазуға дағдыландыру .

Б. Ауызша жылдам қосып азайтуға дағдыландыру .



Сабақтың тәрбиелік мәні:

А. Балаларды тазалыққа тәрбиелеу .

Ә. «Көрші» ұғымы арқылы мейірімді болуға шақыру .

Б. Үлкендерге қолғабыс жасауға , кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

Өткенді қайталау.

а. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың тура және кері санай берудегі 
машықтардың қалыптастыру , жаттықтыру .

ә. «Дыбыс» арқылы санды табу ойынын пайдалану арқылы қосу және азайтуға ауызша мысал . 2+4= 3-1= 20+2= 4-2= 5-2= 4+3=

Қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп ұрамен , оқушылар тыңдап отырып , алдарындағы цифрларынан тиісті санда көрсетеді. Мацсатым: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру .

б. «Түсін танып , атын айт» ойыны барысында оқушыларды


түстерді ажырата білуге жаттықтырамын .

Ойынның барысы :

Столдың үстіне әр түрлі жемістердің , көкөністердің суреттерін қоямын . Балаларды кезектеп тақтаға шығара отырып бұл заттардың атын сұраймын , дәмінің қандай болатындығын еске түсіремін , түсінің қандай екенін анықтаймын. 

в. «Шашылған сандар» ойынын ұйымдастыру. 
Ойынның барысы :

Едендегі шашылып жатқан сандарды ретімен орналастыруын қадағалаймын . Бүған бірнеше оқушыны қатыстыруға болады сан ретіне қарай .



Мақсаты :

Сандар ретін ажыратуға жағылыспауға әрі жылдам қозғалуға жаттықтыру.



Сергіту сәті

Бір уйде біз нешеуміз, 

Кел санайық екеуміз, 

Бас бармағым папам, 

Балан уйрек апам, 

Ортан терек агам, 

Шылдар шүмек мен, 

Титтеп бөбек сен? Оқулықпен жұмыс: 

а. «Жоғалган сандар» ойынын ұйымдастыру . 

Ойынның шарты : карточкаға жапсырылған цифрларды балаларға көрсетемін . Жоқ сандарды балалардың өздері үстелдің үстіне тауып , орнына қоюын талап етемін . 

Мақсатым :

Балаларды тез ойлап , шапшаң жауап беруге дағдыландыру .



ә. «Алдаркөсенің тапсырмасы» ойыны барысында ұсынылған өрнектердің бірнешеуінің алдарындағы цифрлар арқылы тек тиісті жауабын көрсетеді. Бірнешеуін тақтада орындайды .

10-1 = 9-1- 8-1- 7-1= 6-1=

9+1 = 8+1= 7+1= 6+1= 5+1= 

Ойынның барысы :

Алдаркөседен хат келгендігін , балалардың қалай оқып жатқандығын білу мақсатында бірнеше тапсырма бергендігін айтады .



Мақсатым : 10 көлеміндегі сандарды тез қосып , азайта білуге ойын арқылы дағдыландыру. 

б. Есеп : Майрада - Ігүл

Көкорайда - 9 гүл . Барлығы - ? Шешуі: 9+1-10 Жауабы : 10 гүл . Жұмыстың орындалу барысы.

Есептің текстесімен апликациялы пейзаж көрсете отырып таныстыру талдау.

- Балалар алдарындағы цифрлар арқылы партаның үстінде өрнек құру барысында шешуін табады .



Мақсатым : А. Есептің шартын қүра білуге шешуін таба білуге жауабын анықтай білуге үйрету .

Ә. Эстетикалық тәрбие беру ;

Б. Табиғаттағы заттар арқылы түстерді ажырата білуге жаттықтыру. 

Сергіту сәті. 

Оң ңолымда он саусақСол қолымда он саусақ, Қосып едім екеуін болып шықты он саусақ, Он аяқта бес башпай сол аяқта бес башпай қосып едік екеуін болып шықты он башпай .

Дәптермен жұмыс .

А. Тапсырманы орындау. 

Ә. Қорытындылау. 

Ойын түрінде «Қызықты эстафеталық жарыс» ұйымдастырамын .

Сөре Мөре

Бұл ойын 10 көлеміндегі сандардың құрамын табуға арналады . 

Б. Багалау.

Балалардың сабаққа қатысуын мақтау , мадақтау .



Сабақтың тақырыбы : 4 санының құрамы . 

Сабақтың мақсаты саның қүрамын анықтай отырып , өрнек құру арқылы мәнін табу . Теңдік және теңсіздңк таңбаларын дұрыс қоя білу (салыстыру арқылы) . Қоршаған дүниедегі заттардың ішінен төрт бұрышты табу . 

Сабақтың дамытушылыгы : танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру , есептеу дағдылары арқылы білімділік дағдыларын қалыртастыру. 

Сабақтың тәрбиелігі : Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу , ынтымаққа , жолдастық көмекке жетелеу. 

Әдіс тәсілісұрақ - жауап , түсіндіру , ойын , бағалау . 

Көрнекі құралдары : геометриялық фигуралар . дидактикалық материалдар , қуыршақтар , цифрлар . 

Сабақтың түрі : диалог сабақ . 

Сабақ жоспары: 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларға математика сабағы болатынын айту .

ә) оқу - құралдарын алып дайындатып қою . 

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап әдісімен бастадым .




  • Кеше біз қандай санмен таныстық ? 


  • 4 санымен . 


2. Сандар қатарын тура және кері санау . 
1,2,3,4.

4,3,2,1. 


Сандарды тақтаға жаздыру.

1,2,3,4. 


4,3,2,1. 

Жаңа сабаң.

1. Бүгін сендермен біз 4 санының құрамымен танысамыз . 4 санының құрамын анықтау үшін мен жоғарғы ұяшықтарға ойыншықтар қоямын . (Дидактикалық материалдарды пайдаланамын) . Жоғарғы ұяшықтағы ойыншықтарды санатамын.




  • Ойыншық нешеу ? (4) 


  • Енді екінші сөреде бір ойыншық ауыстырылып қойылды . 
    Бірінші сөреде неше ойыншық ? (3) 


  • Екінші сөреде ше ? (1) 


- Бірінші және екінші сөреде барлығы неше ойыншық ? 
Балалар ойыншықтардың орналасу ретін өздерінше айтып 
береді. (Оқушылардан кейін өзім толықтырып отырамын).

4 деген сен 3 пен 1-дің қосындысы .

Танымдық қабілет дамыта түсуге арналған жаттығулар .

Оқушылар шаршының ішіне өздері сан қояды .

2. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары . Оқушылар ойыншықтарды ауыстыра отырып , 4 санының қүрамын анықтайды .

-Балалар , бірінші сөреге неше ойыншық қойдыңдар ? (2)




  • Екінші сөреге ше ? (2) 


  • Бірінші және екінші сөреде неше ойыншық болды ? f4) Яғни 2 
    мен 2-нің қосындысы 4 болады . 1 мен 3-тің қосындысы да 4 
    болады. 


3 1 13

1+1+1+1-4 (1-ді 4 рет қосқанда 4 шығатынын тақтаға жазып көрсетемін).



3. Сергіту сәті: 

Орманда жогары, 

Ағашқа қонады. 

Орнымыздан тұрайық, 

Шеңбер жасап алайық 

Иіліп оңга бір, 

Иіліп сога бір. 

Алга ңарай бір адым, 

Артқа қарай бір адым

Жогары төмен ңарайьщ. Орнымызды табайық..

4. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары .

4 санының құрамын анықтау және санды қосып , азайту Теңдік және теңсіздік табу . 0<4 2<4 4=4 4>3 

5. Ойын «Жасырын санды man»

Бос текшелердің орнына сандарды тауып қояды .




1,2,3>4 сандары бойынша санамақтар айтады . 


  1. Логикалық ойлау жұмыстары. 


Әртүрлі фигуралардан төртбұрыш құрастырады . 


  1. Дәптермен жұмыс . 


Бос шаршының орнына тиісті сандарды тауып жазып , 4-ті қосып

азайту. 


2+2=4 4-2=2 4-1=3

0+4=4 4-4=0 4-0=4

8. Қорытынды . Оқушылардың білімін бағалау . 

Сабақ таңырыбы : 8 санының құрамы . 

Сабақ мақсаты:

А) 8 санының құрамын білуге үйрету .

Ә) 8 санының қүрамы жайлы түсінікті 2 санының қосындысы түрінде жазуды , сәйкес кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.

Б) Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету . Сабаң көрнекілігі : 8-ге дейінгі цифрлар , карточкалар , дидактикалық материалдар .



Сабақта қолданылган әдіс - тәсілдер : ішінара іздену , көрнекілік ойын. 

Пәнаралық байланыс Дүниетану . 

Жаңа технология Дифференциалдап оқыту (дамыта оқыту). 

Сабақ барысы. 

Ұйымдастыру

Бірінші білімдеріне сәйкес 3 бөлініп отырады .

Өткен сабақты пысықтау :

Үйге : 8 цифрын жазып келу тапсырылған және 8-ге дейін тура және кері санату.

Жаңа сабақпен таныстырмас бұрын 2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау. 

Жаңа сабаң : 8 санының құрамы .

Мұғалім түсіндірмесі: (практикалық түрде). 8 алманы алып оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігі қарастырыла отырып 8= + қосындылары құрастырылады .


 






Оңга, оцга тузу тур 






Солга , солга түзу тур . 






Алга царай бір адым 






Артца царай бір адым . 






Жогары, төмен царайъщ 






Орнымызды табайыц. 


Оқулықпен жұмыс .

Оқулықтағы тапсырма суреттерге қарай отырып , оның сюжетіне байланысты әңгіме құрып , 8 цифрды пайдаланып , 8 санының қүрамын схемаға сәйкес анықтау .

Қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып кетеді.

2-тапсырма

3 оқушы тақтаға шығып орындайды .

Жолақшадағы дөңгелектерді пайдаланып , қосу және азайту

амалдарын орындайды .

1. 7+1=8 6+2=8 5+3=8 8-7=1 8-6=2 8-5=3

3-ші тапсырманы балалар орнында отырып шығарады . Олар кесінділерді өлшеп , олардың ұзындықтарын салыстырғанша , мұғалім 8 санына байланысты жұмбақ жасырады .

Алдында 


3 балапан Егеу - екеу

Артында 


3 балапан Үскек - екеу

Ақ тауық пен

Балапан Тағы екеуден

Айтшы санын

балақан Қосса нешеу ?

(сегіз) (сегіз)

3-тапсырма

Қызыл түсті кесінді 8см салыстуру Көк кесінді 7см8см * 7см7см * 8см

Көк кесінді 1 см қысқа , ал қызыл кесінді 1 см ұзын . Оқулықтағы қалған тапсырмалар 3 топқа бөлінген . Оқушыларға , олардың білім деңгейіне қарай бөлініп беріледі.

Мұғалім : - Балалар , қазір жылдың қай мезгілі ?

-Қыс .

Қысқы өзгешелікті айтайықшы !



Оқушылар қысқы өзгешелікті айтады .

Енді осыған керісінше жазды еске түсірейікші . Жазда қандай өзгерістер болады ? Қане , еске түсірейік .

Жаздағы өзгерістерді айтады.

Ендеше жазды есімізге түсіре отырып ,



«Көбелек куып , гул терейік» ойынын ойнайық .

3-қатардан 3 үл , 3 қыз шығады .

Үлдар көбелек ұстайды , қыздар гүл тереді . Көбелекпен гүл артында балалардың білім деңгейіне байланысты оқулықтағы 4,6 тапсырмалар бар 1 номерлі көбелек пен гүлдегі тапсырма :

Сандарды салыстыру

0*8 5*8 8*2 3*8

8*8 8*7 4*8 8*6 т.б.

2 номерлі гүл мен көбелектегі тапсырма : 
Ұзындықты салыстыру

8см*6см Зсм*8см 4см*8см 8см*8см 8см*5см 8см*2см т.б.

3 нөмерлі гүлдегі, көбелектегі тапсырма :

Өрнектерді салыстыру

8-5 * 7-4 2+4 * 8-3 8-4 * 0+3

7-4 * 8-5 8-3 * 2+4 0+3 * 8-4 т.б.

3 топтағы отырған оқушыларға да осыған ұқсас карточкалар таратылып беріледі . Олар да орнында отырып , білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды орындады.

Оқулықтағы 5 тапсырма «Орныңды тап» атты ойыны арқылы орындалды .

2-ден 8-ге дейін цифр ұстаған оқушылар «Орныңды тап» деген сигнал бойынша орнын тауып , 0-ден 8-ге дейін тұра қалады немесе керісінше 8-ден бастап , 0-ге дейін тұра қалады .

Қррытынды : 8 санының құрамын айт .

Үйге тапсырма : Дәптер таратылып берілді , оның ішінде «8 санының құрамынтап» деген тапсырма бар .

Бағалау. 


Оқушыларға баға қойылмайды . Мадақтау арқылы бағалайды . 

Сабақтың таңырыбы : Есеп , есептің құрамды бөліктері. 

Сабақтың мақсаты : Есеп терминдерін еңгізіп оның құрамды бөліктері мен оқушыларды таныстыру . 


  1. Есеп термині туралы түсінік бер . 


  1. Оқушылардың ойлау , есте сақтау , ауызша , жазбаша есеп 
    шығаруға белсенділігін арттыру. 


  2. Оқушыларды ұқыптылыққа , саналылыққа , жинақылыққа 
    тәрбиелеу. 


Көрнекілігі дидактикалық материалдар , сандар , таңбалар жазылған схемалар . 

Әдістемелік тәсілдері: ұлттық ойындар , дидактикалық ойындар,

ауызша , жазбаша есептер шығару , сандарды салыстыру .

Сабақтың барысы : 

Үйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау . Санамақ .



Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау .

а) Біреу , екеу болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы 
оқушылырдың білімін бекіту.

б) 0-ден 10-ға дейін тура және кері санау.


Жаңа сабақ. Есеп . Есептің құрамды бөліктері.

A) ecen және оның құрамды бөліктері жайлы мәселе талдау .

Сөреге кітаптарды есепке байланысты орналастыру. Балаларды есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабымен таныстыру .

Шарты : 1-сөреде 4 кітап бар 2-сөреде 2 кітап бар .

Сұрағы : Екі сөреде барлығы қанша кітап бар?

Шешуі: 4+2=6 кітап .

Осы есепті талдап оқушылар мұғалім басшылығымен есеп құрастырады.

Асан , сен бірінші қатарға 3 қызыл дөңгелек қой .

Айжан сен екінші қатарға 2 көк дөңгелек қой . 

О О О 3 

о о 2

(Балалар есептің құрамын қайталап отырып, бұл есептің шарты екенін айтады).

Барлығы неше дөңгелек ? (Балалар мұны есептің сұрағы екенін айтады) .

Барлық дөңгелектерді қалай табуға болады ?

3+2=5

(Шешуі екенін айтады).



Мұны қалай айтуға болады ?

Барлығы 5 дөңгелек. (Бұл жауабы екенін айтады? )

5.0қулықпен жұмыс . № 1. Есептің шешуін және жауабын жазу .

6. Сергіту жаттығуы: біздің келер шамамыз, 5-тен 2-ні аламыз. 2-ге қосып екіні, жауабын тез табамыз .

3. 3<2 тура емес теңсіздікті шаршыны, үшбұрышты пайдалана отырып балаларға ұғындыру. ***> демек 3>2

4. 3=2 ойыншықтарды пайдалана отырып , тура емес теңдік туралы түсіндіру.

7.Дәптермен жұмыс : 2 цифрын жазу . 

.«Үндемес ойыны».

Дидактикалық мақсаты: Шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру:

Схемада көрсеткіш таяқшамен көрсетіп тұрып, орындалатын амалдар мен сандар көрсетіледі. Оқушылар үнсіз келіп, жауаптарын тақтаға жазады. Басқа оқушылар дұрыс жауапқа жасыл түсті текшелерін көрсетеді.

9. Математикалық диктант жүргізу .

а) 2 мен 2-нің қосындысының мәнін тап .

2+2 


5 пен 2-нің айырмасының мәнін тап

5-2 


ә) Тал басында тізіліп он жапырақ тұр еді

жел соқты да үзіліп ұшып кетті біреуі

ізінше онық жұлынып, түсті тағы екеуі

түр әлі де ілініп , жапырақтың нешеуі

ал білсеңдер қанекей, тақтаға келіп жаза қой . 

10. Сабақты қорыту:

«Ойлан тап» тапсырмасының әйнекшеден амал мен санды табу .



11. Үйге тапсырма.

Жоғарыда бірнеше сабақтардың күнделікті іс -көрсетілген , осы тақырыптар бойынша жүргізілген нәтижесі төмендегінше .



Қорытынды.

Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып , оны жетілдіру жолдары іздестірілуде . Болашақ қоғам мүшелерінің нарықтық эканомика жағдайларында өмір сүріп , нәтижесі қызмет етуінде математикалық білімпің жасайтин ықпалы мол . Орта мектепте математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой - өрісін дамыту болып табылады . Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қолданбақ . Сондықтан бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту көкейкесті мәселе екендігін қорытындылай келе :

І.Ойын арқылы қоршаған дүниені , бейнелей отырып , олардың өмірге көзқарасы қалыптасады . Шығармалық іс - әрекеті дамиды , өзіне ойын кезінде сенімі артып , күш - жігерін молайтуға жол табады .

2.0йындардың оқу - тәрбиелік сипаты да терең . Ойындар арқылы оқушылар индукция мен дедукция салыстыру және ұқсастық талдау түрлерін меңгереді.

З.Ойын оқушылардың алған теориялық білімдерін практика жүзінде үштастыруға тереңдете түсуге , оларды байқағыштыққа , танымдылыққа тәрбиелейді.

4.0йын бала дамуының негізгі құралы . Ойынды балалардың жас ерекшелігіне пәннің мазмұнына сәйкес сұрыптап пайдалану орынды .

5.Математикадан дидактикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады . Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде де өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде де қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 


  1. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж. 
    23бет. 


  2. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж. 
    Зббет. 


  3. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж. 
    40бет. 


  4. Амоношвили Ш.А. «Алты жастан мектепте» . 


  5. Амоношвили Ш.А. «Дидактикалық ойындар» . 


  6. Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық 
    ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. 17бет. 


7.
 Әлиева К. «1 - сыныпта математика сабақтарында дидактикалық 
ойындарды пайдалану» . 


  1. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту 
    методикасы». Алматы «Мектеп» 1978ж. 


  2. Баймуратова Б. «Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері». 


10. Блехер Ф.Н. «Дидактические игры и занимательные 
упражнения в 1-классе».

I1. Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу».


Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет . 


  1. Балғабаева Г. «4 санының құрамы» . Бастауыш мектеп 2- 
    2004ж. 42-43бет. 


  2. Бекжурсінова F. «Ойын - тиімді тәсіл». Бастауыш мектеп 2- 
    2000ж. 25бет. 


  3. Елубаев С. «Көкек . Санамақ. Үйқысын тап». Бастауыш 
    мектеп 6,7-2000ж.60бет. 


  4. Жапсарбаева «Бастауыш-білімнің іргетасы». Бастауыш мектеп 
    10-2004ж.23бет. 


  5. Иманбекова Т. «Балалықтың қанына ойын азық» . Бастауыш 
    мектеп 2-1999ж.14бет. 


  6. Қазенова Г. «Ойын арқылы оқыту». 4-2001ж. 12бет. 


  7. Қожағұлова П. «Бала және бос уақыт». 6-2003ж. 55бет. 


  8. Қоянбаев «Педагогика». Алматы 2000ж. 


  9. Қосанов Б.М. «Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой- 
    пікірдің қалыптасу тарихы». 


  10. Құрмалина «Математикада дидактикалық ойындар және 
    қызықты тапсырма» . Алматы «Атамұра» 1997ж. 

  11. "br />«Қазақ этнопедагогикасы» . «Санат» 2001ж. 


  1. Құрманалина , С.Ш. Сәрсенбаева , Өміртаева «Математикадан 
    дидактикалық ойындар және қықықты тапсырмалар. 1-сынып». 
    Алматы «Атамұра» 1997ж. 


  2. Құнантаева «Білім беру туралы заңда». Бастауыш мектеп 9- 
    2002ж. Збет. 


  3. Кішібаева Д. «Ұлттық ойындарды пайдалану». Бастауыш 
    мектеп 2-2004ж.22бет. 


  4. Крупская Н.К. «Мұғалім туралы.Таңдамалы мақалалар мен 
    сөздер» 2-басылым,толықтырылған. Москва 1960ж. 


  5. «Крупскаяның педагогикалық көзқарастары мен 
    қызметі».Москва 1969ж. 


  6. Макаренко А.С. «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» . 


  7. Мұхамеджан Ү. «Қимыл - қозғалыс ойыны». 2-2002ж.42бет. 


  8. Мамырбаева «Жаңа технологиялар сабақта». Бастауыш мектеп 
    7-2004ж. 45бет. 


  9. Мендалиев «Ұлттық ойындар». Қазақ мектебі 12-2003ж.25- 
    27бет. 


  10. Меңдалива Б. «Балалардың қозғалмалы ойындарды қажет 
    етуі». 12-2004ж. бОбет. 


  11. Наурызбайқызы Ә, С.Мұхамедқызы «Математикадан 
    дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар». Алматы 
    «Рауан» 194ж. 


  12. Нурахметова А. «Ойын әдістерін қолдануға студенттерді 
    кәсіби тұрғыдан даярлау». ¥лт тағылымы 4,5-2001ж.124бет. 


  13. Нұрғаева Г. «Ойын сабақ» Бастауыш мектеп 7-2001ж.35бет. 


  14. Оразбекова «Дидактикалық ойындардың маңызы» Бастауыш 
    мектеп 2-2000ж.40бет. 


  15. Оспанова «Бастауыш мектеп кластарында математиканы 
    оқыту». Алматы «Мектеп» 1987ж. 


  16. Петрова И.А. «Обучение воспитание и развитие детей шести 
    летнего возраста». Москва «Просвещение» 1990ж. 


39. 


  1. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары». Алматы 
    «Рауан» 1994ж. 


  2. Сағындықов «Ұлттық ойындарды оқу - тәрбие ісінде 
    пайдалану». Алматы «Рауан» 1993ж. 


  3. Сағымбекова «Ойыннан оқуға». Бастауыш мектеп 3-2002ж. 
    ЗЗбет. 


  4. «Төрт жылдық бастауыш мектеп кластарына арналған 
    бағдарлама». 1-4сынып. 


  1. Түндікбаев «Ойындар өткізу әдістері» . 


  2. Табылдиев Ә. «700 жұмбақ». Алматы «Жалын» 1985ж. 


  3. Төлтаева «Ұлттық ойындарды пайдалану» Бастауыш мектеп 
    9-2002ж.24бет. 


  4. Төленова Ү. «Ойын- тәрбие құралы». Бастауыш мектеп 10- 
    2000ж.22бет. 


  5. Төлекова «Білім берудің басты құралы - ойын» Бастауыш 
    мектеп 4-2000ж.60бет. 


  6. Ысқаққызы «Ұлттық ойындарды пайдалану». 7-2001ж.35бет. 


  7. «1-сынып математика»оқулығы. Алматы «Атамұра» 1998ж. 



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 02.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров534
Номер материала ДБ-229991
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх