Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаты

библиотека
материалов





Сабақ тақырыбы: Жылқы малдың төресі

Сабақ мақсаты: 1. Жеті қазынаның бірі жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту.

2.Жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру.

3. Халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.
Сабақ түрі: таным-сабақ

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын, мотивация, эссе, «Ақыл-ой Одиссеясы», «Жақсы-жаман» ойыны, суретті сипаттама т.б

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, көрсетілімдер, ат әбзелдері.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақта: /1-слайд/

Топ үшін жұмыс атқарамыз

Ізденеміз

Ой түйеміз

Білгенімізді толықтырамыз

Әрекеттенеміз

Ойланамыз

Жаңа мағлұмат аламыз

Өз ойымызды еркін білдіреміз


ІІ. Мотивация минуты ІІ -слайд Тақтадан ақ-қара түспен берілген жылқы бейнеленген әр түрлі әрекеттегі суреттер беріледі.Сұрақ: Қайсы әрекет 1-ші көзге түсті? Бұл көрініске қарап не ой түйдің?

Қанатты атты 1-ші көргендер: Ісіне өте ұқыпты, салмақты, тиянақты ісімен көзге көрінетіндер.

Мүйіздескен мүйізді ат көзіне түскендер: Ұрыншақтау, тынымсыз, істің аяғын тоспайтындар

Үстінде кісі отырған тулаған атты көргендер: Қандай іске бел шешіп кірісетіндер, қиындықтан қорықпайтындар.

Үстінде кісі отырған тулаған жұп атты көргендер: Көпшіл, айтқан істі ғана орындап, көп көзге түсуді қаламайтындар.

Атқа шапқан адам: Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, алдын болжай білетін жандар.

Таласқан жылқыларды 1-ші көргендер: Татулықты, адалдықты ұнататын сабырлы жандар

Асау атты көргендер: Қызу қанды, тез өкпелегіш, ісіне мығым жандар






Сабақ жоспары: /3-слайд/

  1. Мотивация

  2. Өткенге шолу

  3. Жылқы малының ең алғаш қолға үйретілуі туралы аңыз

  4. Қазақ халқының жылқыға қатысты таным түсініктері

  5. Қазақ мақал-мәтелдері мен Пайғамбар хадистеріндегі жылқы символикасы

  6. Атбегілік те өнер

  7. Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар

Сабақ тақырыбы /4-слайд/

Сыныпты топқа бөлу.Суреттер таңдау арқылы, яғни құлын суретін алғандар І-топ «Құлыншақтар» тобы, жылқы суретін таңдағандар «Қамбар ата» тобы.

Енді, қазір жылқы малы туралы өз білетіндігімізді ортаға салайық.

«Құлыншақтар» тобына: Жылқы малын сипаттауға тапсырма беріледі.

«Қамбар ата» тобына Жылқы малының пайдасы жайлы жазуға тапсырма беріледі. 2- минут уақыт беріледі. /5-слайд/

Оқушылар тапсырма орындауға кіріскенде, қатысып отырғандарға жылқы малына қатысты / сюжетті сурет/ суреті таратылып, әркім 1 сөйлемнен жазады.

Топтардың орындаған тапсырмалары тексеріледі де, жылқы малына сипаттама толықтырылады./6-слайд/

Сипаттамасы

Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады. Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг

Енді осы қасиетті жануар ең алғаш қалай қолға үйретілді екен? Аңызды тыңдайық.

Көрсетілім көрсетіледі. «Төрт түлік малдың ең алғаш қолға үйретілуі»

Осы көрсетілімді көрген соң оқушылар РАФТ әдіс бойынша хат жазады.

Р-роль

А-аудитория

Ф-факт

Т-тақырып

Осы тақырыпқа байланысты «Миға шабуыл»

Тапсырма: Өзімшіл, қатыгез Ақырап ханға хат жазу /Аңыз кейіпкері/







Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. Қазақтың қара домалақ балалары аяғын басысымен-ақ шыбықты ат қып мініп, қолына бишік ұстап, асыр сап, ат болып жарысып, кісінеп ойнайтындығы баршаға мәлім. Бұл көрініс халқымыздың қанында жылқы рухы мәңгі сақталып, біте қайнасып қалғанының айқын куәсі іспетті.

Жылқы еті туралы Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазақ халқы жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған . Арқан ескен.

Жылқы сүті туралы Жылқы шаруашылығының басты өнімі – сүті. Бие сүтінен қымыз ашытылады. Түркі халықтары этнографиясының көрнекті өкілі Л.Потапов: «Қымызды ойлап тапқан – көшпенділер. Сауып алынған бие сүтін тері ыдысқа құйып көшіп жүргенде, ыстық күнде шайқалған сүт өзінен-өзі қымызға айналған. Шайқалған сүтті ішіп көрген көшпенді, шөлінің қанып, жан сарайының ашылғанын, көңілінің көтерілгенін байқаған. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп

Жылқы атаулары

құлын (биенің жас төлі),

жабағы (6 айдан асқан құлын),

тай (1 жастан асқаны)

ат (піштірілген еркек жылқы)









сақа ат (11 – 12 жастағысы)

шобыр (ұзақ жолға төзімді ат),

тұғыр (салт мінуге қолайлысы)

мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат),

қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),

кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),

жасаған бие (20 жастан асқан бие)


«Ат шалдырту» ойыны Алыс жолдан шаршаған жолаушы атын демалдыруды «ат шалдырту» деген. Біз де қазір ат шалдырту ойынын ойнаймыз. Үйден жылқы малына қатысты мақал-мәтелдерді жаттау берілген. Екі топ оқушылары бір-біріне қамшы беру арқылы кезек-кезек айтады.

Сіз білесіз бе? бөлімі

Әр топтың спикерлері сырттай дайындаған қызық та таңғажайып деректерімен танысамыз

Құлыншақтар” тобына : Жылқы малының емдік қасиеттері туралы деректер

Қамбар ата” тобына: Атбегіліктің қыр- сыры

Ат жалында өскен қазақ халқы талай мыңдаған жылдардан бері жылқыны жанындай көріп, жадында сақтаған. Оның сын-сипатын, бағым-күтімін, бабын бес сусақтың саласындай білген бай тәжірибелі халық. Бірақ жылқы да адам сияқты оның өңі, түсі, мінез-құлқы, дене бітімі, жүріс-тұрысы әр түрлі болатындықтан бір қарағанда-ақ, «мынау жүйрік» деп бұрынғының «көріпкел» сәуегейлерінше айта салу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан да әр жақты толық сынауды талап етеді.

Жылқы түлігіне қатысты тұрақты сөз тіркестері

Жұмылған жұдырықтай жиылып жүретін, саяғы аз, айрандай ұйып, бірлік-берекесі артқан әулет

Торы айғырдың үйіріндей

Күш-қайратың қайнап, әл-қуатың тасып тұрған жастық шағыңда ел-жер аралап, қыр-сырына қанық, көпті көріп көзінді аш

атың барда жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп

Адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасіретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырын

ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр

Сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау, біртоға бәйбішені

бес биенің сабасындай деп береке, құтқа балады.

Баласы ер жетіп, есейіп, кісі қатарына қосылып азамат болуын

ат жалын тартып мінді

Түтеген қалың қою тұман /боранды/ көзге түртсе көргісіз тас қараңғыны

ат құлағы көрінбейді

Бірін-бірі қайта көрместей болып ренжіскен екі жақты

ат құйрығын кесісті

Араздасып барып татуласқан жандарды

ат тізесін қосты

Кедей-кепшік, тумысында бір жарымаған адамды

ауы атқа, аузы аққа жарымаған

Дүние жалғанды жалғап, артқы толқын келеді.

ат тұяғын тай басар

Ауыл-аймағын аузына қаратып, артынан ел-жұртын ертіп елге бас болған азамат

атқамінер

Басына түскен қайғы-мұңына ортақтасып, көңіл жұбатып тоқтау айтқанда

қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ


Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда қолданған. Жылқы малына қатысты ұлттық ойындар аталады.

Жылқы малына қатысты әдеп-ғұрыптар

  • Қазақтар жылқын ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. Бақан аттаған жарымайды деген сенім бар.

  • Сүрінген атты да ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін деп, көзін оң қолымен сүртіп тазалайды.

  • Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады.

Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген

Жаман-жақсы” ойыны

Құлыншақтар” тобы жылқыға қатысты барлық мағлұматтардың жақсы жақтарын айтады.

Қамбар ата” тобы жылқыға қатысты жаман жақтарды айтады

Сабақ қорытындыланады. Ұнады, ұнамады түстерін көтеру арқылы бағаланады.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров440
Номер материала ДВ-158874
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх