Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш сыныппен қоштасу

Бастауыш сыныппен қоштасу

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

  Бастауышым – бал бұлағым  

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  
                   негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, 
                   еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы 
                   болуға тәриелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен 
                     сахнаны безендіру

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері  

4 – сынып  оқушылар. 
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 
4-сынып оқушыларын ортамызға.  
Әсем әуенмен сахна ашылады.


Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,  өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,ата-аналарына  да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.

Еренбұлан: Ассалаумағалейкум , ағайын !
Әсия : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
Еренбұлан: Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Әсия : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Еркебұлан : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Әсия: Қолға қалам ұстатып,
                   Білім құйған санаға

Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»

Бала шаққа болашақты жырлатып, 
                        Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
                        Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
                        Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !

:Армысыздар әжелер мен аналар
                        Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
                         Ел дәстүрін мәңгі сыйлап

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
       

Армысың сен, алтын ұя мектебім
                        Саған айтар жыр – алғысым көп менің
                          Жүректерге жаққан білім шырағын,
                          Мектебіме арналады бұл әнім !

Әсия :  Дұрыс айтасың Дәулет ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің   атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын  ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән «Мектебім»
Слайд «Мектептегі мерекелер»
Еркебұлан: Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыз мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
:

Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз (жетектеп келе жатқан суреті, алғашқы қоңырау)
             Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
              Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
             Өзің болдың ұстазым сенгеніміз
 Мектебіміз осы  ма ? -деп 
                    Жиырма жеті шәкірт келіпті.
                   
Жылы жүзді ұстазын
                    Алғаш рет көріпті.
                    Сәкенді Ұлту жетектеп
                    Ұстазына еріпті. 
                    Болашағы нұрлы деп
                    Ата-аналар сеніпті.
 

Оң  иығына Алтынбектің отырып,
              Оң қолында жез қоңырау соғылып
              Ақкумис шәкірт келді мектепке 
              Тұлым шашы , ақ бантигі желбіреп

  Кітап, қалам қолға алдық 
                    Бір сыныпқа жиналдық.
                    Ажырамай арамыз
                    Болашаққа барамыз.

Мектеп  деген білім кені , жыр кені ,
                  Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
                   Мектеп деген тәрбиеші адамға
                  Мектеп деген даналардың мекен.


 Ұлылықты  ардақ тұтар үнемі,
                    Атын ұя, ақ босаға киелі.
                    Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
                     Күллі шәкірт саған басын  иеді

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
                 Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
                  Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,
                  Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 

Мектеп -  үйім , ұстазым , менің ата-анам,
               Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
                Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
                Тамырланып , сан тарапқа тараған.

: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
                 Барар жерге тез жетеміз.
                Төрт жыл алған білім нәрін ,
                Азық етіп ер жетеміз.   
Ән : «                                     »

Еркебұлан: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әсия?
Әсия : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
4

Бибарыс : Дұрыс айтасың Жадыра, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен3бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жадыра : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
                  Бар асылын бізге жиып, мол береді.
                  Қанатымен су себелеп асыл жан
                  Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

:

  Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
                 Жирендік, ажыраттық жамандықты.
                 Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
                  Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
                Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
                Мейірлене қарап қойып біздерге 
                 Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

: Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
                      Басталған ақ батаңнан жас талабым.
                      Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
                       Ұстаздың ұлағатынан басталарын.  

: Нұр құйған санасына зейіндінің 
                      Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
                      Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
                      Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Бәрі :         Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                    Мың алғыс мына отты жүректерден !


Әсия : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
                  Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
                  Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін 
                Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін



ұстаздарымызға береміз ! 
Сөз кезегі ұстаздарда.
Әсия : Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. 
Ән : Ұстазым .
Еркебұлан : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
              Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
              Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін 
              Ақылды балаларың оны білген.
   Ән : «Әкелер»   Қияш Бибарыс
«Әкем-әнім»   Хұдайберген Мағжан 
Әсия: Әр ана өз баласын  мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін ! 
Еркебұлан: Ия , дұрыс айтасың   әсия. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып           өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?

: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
                 Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                  Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
                  Мәпелеген баласын аман болсын анашым ! 



Әсия : Осындай ана туралы жыр жолдарынан  кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз. 
Сөз кезегін  ата-аналарға береміз.

Еркебұлан : Ата-аналарға арнап Мизамбекқызы Гүлсараның «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар. 
Ән «Асыл ана» Мизамбекқызы Гүлсара 
Әсия : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп     табалдырығын жасқана аттаған едік.
Еркебұлан : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Әсия : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

:  Кітап қалам қолға алдық 
                      Бір сыныпқа жиналдық.
                      Ажырамай арамыз
                       Болашаққа барамыз.

: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
                       Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
                        Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
                        Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                   Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                    Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
                    Мектептің ережесін үйрендік біз.

:  Бастауышым – бал бұлағым ,
                 Алдым сенен балдың дәмін.
                 Әріп танып, білім алып
                 Рахметімді жаудырамын

: Бастауышым – балбұлағым ,
                       Лаулап жанған шам шырағым.
                        Өзің берген біліміңмен ,
                        Самғап ұшар тау қыраның.


7

Хормен  Ән «Бақытты балалық шақ»


: Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік. 

: Анашымдай сыр шерткен,
                               Ақыл білім үйреткен.
                               Ана тілін оқыдық,
                               Ерекше зор құрметпен.
                               Ана тілін сүйеміз ,
                               Құрметпен бас иеміз.
                              Ана тілмен қоштасамыз ,
                              Әдебиетпен достасамыз.



: Ойланып есеп шығартып,
                Төрт амалды  білдірген.
                Ғылымдардың патшасы ,
                 Математика данасы.

: Қазақ тілі пәнінен,
                 Білім алды балалар.
                 Сөйлемді, сөз таптарын ,
                  Етістіктің шақтарын ,
                 Жалғаулар мен жұрнақтар.
                  Ережесін жаттадық
                  5 – сыныпқа  барған соң,
                 Тіл мамандары  бағалар.

: Ой жіберсең бәріне,
                   Дүниетану пәніне.
                  Өмір сырын үйретер ,
                  Пәннің жақсы бірі де.
                  Жер байлығы көп екен,
                  Игеруді қалайды.
                   Осының бәрін білдірген ,
                   Дүниетану сабағы. 

Әсия: Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік. 
1.    Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?  
Жауап : 


Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.
Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра. 
Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра.
Бір минуттың қадірін  сабақтан кешіккен оқушыдан  сұра.
Бір секундтың қадірін  апаттан аман қалған кісіден сұра.


2.    Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар.  

:  Туған жерде өстім мен ,
                 Бір гүлі болып құлпырып 
                 Туған елім - күн көзі
                 Жайнай берем ұмтылып.


3.    Анаға  арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?  
  :    Ана- деген ең асыл,
                     Мейірімі күнмен тең.
                     Анама айтам мың алғыс,
                     Мені әлдилеп тербеткен.






4.    1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру. 

:   Қыстыгүні бақшадан
                   Алма теріп әкелдім.
                   Алма сатып,  көкеме
                   Шетелдік көлік әпердім.

Әсия : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен. 
Еркебұлан : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.

:   Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
                   Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
                   Бастауышта алған білім, жырларым ,
                    Азық болар мәңгі талай жылдарға.

:        Өтті сенде қызық шағым ,
                     Бастауышым – бал бұлағым .
                     Қоштасар күн жетті міне,
                     Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән   «Қош бастауыш» 



9

Хормен : Білім берген біздерге,
                  Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

Еркебұлан:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғадым.

«Бастауышпен қоштасу» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі береміз.

Әсия:

Өмір бойы біздің ыстық – суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт бөлген ата – аналарымыздың атынан

сөз береміз.

1- жүргізуші:

5- ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз, сабағымызды жақсы оқимыз – деп ант береміз. Сау саламатта болыңыздар.

 













































 

 

 

 

 

 



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

Бастауышым – бал бұлағым

Мақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп,
еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы
болуға тәриелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен
сахнаны безендіру

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері

4 – сынып оқушылар.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен сахна ашылады.


Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.

Еренбұлан: Ассалаумағалейкум , ағайын !
Әсия : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
Еренбұлан: Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Әсия : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Еркебұлан : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Әсия: Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға

Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !

:Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !

Әсия : Дұрыс айтасың Дәулет ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән «Мектебім»
Слайд «Мектептегі мерекелер»
Еркебұлан: Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыз мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
:

Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз (жетектеп келе жатқан суреті, алғашқы қоңырау)
Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз
Мектебіміз осы ма ? -деп
Жиырма жеті шәкірт келіпті.
Жылы жүзді ұстазын
Алғаш рет көріпті.
Сәкенді Ұлту жетектеп
Ұстазына еріпті.
Болашағы нұрлы деп
Ата-аналар сеніпті.

Оң иығына Алтынбектің отырып,
Оң қолында жез қоңырау соғылып
Ақкумис шәкірт келді мектепке
Тұлым шашы , ақ бантигі желбіреп

Кітап, қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.

Мектеп деген білім кені , жыр кені ,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекен.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Атын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән : «Мектебім »

Еркебұлан: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әсия?
Әсия : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Бибарыс : Дұрыс айтасың Жадыра, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен3бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Жадыра : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

: Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Нұр құйған санасына зейіндінің
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден !

Әсия : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін

ұстаздарымызға береміз !
Сөз кезегі ұстаздарда.
Әсия : Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Ән : Ұстазым .
Еркебұлан : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Ән : «Әкелер» Қияш Бибарыс
«Әкем-әнім» Хұдайберген Мағжан
Әсия: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін !
Еркебұлан: Ия , дұрыс айтасың әсия. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?

: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым !

Әсия : Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Еркебұлан : Ата-аналарға арнап Мизамбекқызы Гүлсараның «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
Ән «Асыл ана» Мизамбекқызы Гүлсара
Әсия : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Еркебұлан : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Әсия : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

: Кітап қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.

: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.

: Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын

: Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.

Хормен Ән «Бақытты балалық шақ»

: Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік.

: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз ,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз ,
Әдебиетпен достасамыз.

: Ойланып есеп шығартып,
Төрт амалды білдірген.
Ғылымдардың патшасы ,
Математика данасы.

: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын ,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
5 – сыныпқа барған соң,
Тіл мамандары бағалар.

: Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

Әсия: Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік.
1. Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?
Жауап :

Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.
Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра.
Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра.
Бір минуттың қадірін сабақтан кешіккен оқушыдан сұра.
Бір секундтың қадірін апаттан аман қалған кісіден сұра.

2. Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар.

: Туған жерде өстім мен ,
Бір гүлі болып құлпырып
Туған елім - күн көзі
Жайнай берем ұмтылып.

3. Анаға арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?
: Ана- деген ең асыл,
Мейірімі күнмен тең.
Анама айтам мың алғыс,
Мені әлдилеп тербеткен.

4. 1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру.

: Қыстыгүні бақшадан
Алма теріп әкелдім.
Алма сатып, көкеме
Шетелдік көлік әпердім.

Әсия : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен.
Еркебұлан : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.

: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.

: Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән «Қош бастауыш»

Хормен : Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !

Еркебұлан:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғадым.

«Бастауышпен қоштасу» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі береміз.

Әсия:

Өмір бойы біздің ыстық – суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт бөлген ата – аналарымыздың атынан

сөз береміз.

1- жүргізуші:

5- ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз, сабағымызды жақсы оқимыз – деп ант береміз. Сау саламатта болыңыздар.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров302
Номер материала 283679
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх