Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бастауыш сыныппен қоштасу -"Бастауышым -балбұлағым"

Бастауыш сыныппен қоштасу -"Бастауышым -балбұлағым"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

 Начало формы

Конец формы

Сабақтың түрі: Ертеңгілік

Сыныбы:   4-сынып

Тақырыбы:      БАСТАУЫШЫМ -БАЛБҰЛАҒЫМ

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

КөрнекілігіШуағын төккен 4 жыл»  Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

«Бастауышыңбастамаң,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам», «Білімтеңіз, мектепкеме», «Білім ал, еңбек ет, жас ұлан!
Үн қосып қиядан асыра.
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Сыңғырла қоңырау асыға,
Сыңғырла қоңырау тағы да» деп жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер, Қатысушылар: 4 «А» сынып оқушылары
Салтанатты түрде «Көңіл толқыны» күйі ойналады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімнің сөзі:Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат озгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «А» сыныбын ортамызға!

 (Музыкамен оқушылар ортаға шығады).                 

1 жүргізуші: Асанали :
Армысыңдар ұстаз қауым ата – ана,
Құлақ түріп жақсы лебіз батаға
Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп
Бастауыштың балалары ата – ана.
2 жүргізуші Диана :
Би биленіп ән айтылар аспандап
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ
1 – жүргізуші Асанали:
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.
2 - жүргізуші. Диана
Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты
1 - жүргізуші: Асанали.
Қадірлі: ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,
Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын
Қалаған бастауыш мектебімізбен.
2 - жүргізуші: Диана
Сондай - ақ біздің ыстығымызға
Күйіп, суығымызға тоңа білген оңымызбен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырған.
Екеуі: бірге - Салтанатты кешке қош келдіңіздер!
Ұстаз: - Қымбатты ата - аналар, ұстаздар сіздердің алдарыңызда тұрған мына оқушылар осыдан 4 - жыл бұрын 6, 7 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса, бүгін міне ес біліп етек жиған шәкірт. Біз бұл күнге жай жете салған жоқпыз. Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз әрқашанда есімізде болары сөзсіз. Осы жолда менің алдыма қойған міндетім еліміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймейтін, суыққа тоңбайтын, итерсең құламайтын, құласа жыламайтын, тепсе темір үзетін, қуса жеткізбейтін, әділ сөйлейтін, жақсылыққа да, жамандыққа да жақсылықпен жауап беретін азаматтар тәрбиелеу. Ал шәкірттерім қадамдарыңа гүл бітсін!
Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкіммен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген мына сендер
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бірдейсіңдер балғындарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Бәрің де қарлығаштар секілдісің,
Алтын ұя мектебінен ұшып тұрсың.
Самғаңдар биіктерге қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың!

Ән: « Мәңгі жаса»

Тахмина:Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән- мағына жатыр десеңші.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғайтын батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да бәрі-бір ұстаздан білім алған.

Сондықтан ұлағатты ұстаздар,

Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Еркебулан: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғылымдардың даналардың.

Өмірде сенің алған орыныңды

Бірі де жете алмас бағалардың.

Ислам: Байсалды мінезімен бір қалыпты

Меніңде көкейімде із қалыпты

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің «Біліммен күш толады»

Нұржанат :Мейріммен бірге жайған құшағың

Қуат берді самғап енді ұшамын

Өнегеңді өмірімде үлгі етіп

Арманымды бір өзіңе құшамын

Мектебім алтын ұям нұрын жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауын

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып

Зейнеп: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың

Мектебім саған мәңгі басымды ием

Мектебімде айтылмаған сыр барма

Мектебімде жырланбаған жыр барма

Мектебімде алаулаған жас шағым

Кетер мәңгі сізбен талай жылдарға

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата- анам

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып сан тарапқа тараған

Ән: «Мектебім»

Күй: «Көңіл толқыны»

Асанали:Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.

Диана:Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқаны,
Төлебидің тауып айтқан,
Ұлағатты сөздерінен нәр алды
Көрініс: «Қария мен бала»
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

Бала:

-Ата, ата, арман деген не?

Ата:

-Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

Ата:

-   Дос табу оңайма?

Бала:

-   Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Ата:

-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ата:

-Үйдегі алтын қазығың кім?

Бала:

Ата, үйдегі алтын қазық…

Ата:

Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, — депті қарт.

Ата:

-   Өмір сүру үшін не қажет?

Бала:

-   Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.

-   Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

Ата:

-Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала

Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.

Ата:

-Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

 Ән : «Болашағым бақытым»

Би: «Қазақ биі»

«Ойлы болсаң озып көр» ойыны.

Жұмбақтар шешу. (Оқушыларға)
1. Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)
 
2. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (Күнтізбе)
 
3. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)
 
4. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Апта күндері)
 
5. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (Сөйлем)
 
Нұржанат: Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан - мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

Зейнеп:Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзіңсің ағытқан,

Білімнің бұлағын.

Мен сенің көктемің

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе,

Алғысым көп менің!

Еркебұлан:  Анамдай сүйем мен,

Шеберін ғылымның.

Ұстаздан үйренем,

Өнерін білімнің,

Үйретіп іс сазын,

Мың жаса ұстазым!

Ислам: Сүйікті мұғалім,

 Бес алсам ұнадым,

Екі алсам сынадың,

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын,

Сүйікті мұғалім!

Тахмина:  Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал.

Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе де күймейді,

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап,

Жалқауды ол сүймейді

Ән:«Ардақты менің ұстазым»

Асанали: Ең жылы сөз айтатын, мейірім шуақ шашатын, шаршау дегеңді білмейтін бестік алсақ куанатын, жаман баға алсақ қызаратын мен үшін тоңып, күйінетін адам- ол ана.

Диана: Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, әліппені менімен бірге оқыған, шаршасам алдымнан шығатын, киіміммен тамағымды әзірлейтін, кейде біз үшін де сабағымызды орындай салатын адамның бар екенін білеміз-ол ана.

Көрініс:Өнерлі бала. Қатысушылар:3 бала,3 ана,  қария кісі.

Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.

1-ана.Диана:Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.

2-ана.Нұржанат:Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

- Сен неге үндемейсің?

3-ана.Тахмина: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді. 

3-ші бала(Зейнеп): Анашым саған көмектесейін деп шелегін алып кетіп қалады.

1-ана Диана: Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?

Қария -Асанали: Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.

Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.

Ән: Ана туралы

Ата-аналарға сұрақ

1.(Сұрақ жауап ойыны. )

-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

-мектептегі басты адам (оқушы)

-мұғалімдер күні тойланатын ай  (қазан)

-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)

-Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)

-Әріптері жиыны (алфавит)

-Балалар білім алатын жер (мектеп)

-Бұрышсыз фигура (шеңбер)

-Түнгі жарық (ай)

 2.Мақалды жалғастыру
1. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты – шешеге.)
 
2. Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер.)
 
3. Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас.)
 
4. Батыр туса – ел ырысы,... (жаңбыр жауса – жер ырысы.)
 
5. Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас.)
 
6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,... (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
 
7. Әдепті елдің баласы,... (алыстан сәлем береді.)
 
8. Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің.)
 
9. Сөз жүйесін тапса... (мал иесін табар.)
 
10. Жақыныңды жаттай сыйла,... (жат жанынан түңілсін.)
 
Би:Шығыс биі

Ән : «Сәлем саған туған ел »

Диана: - Ия бұл бастауыш мектеп патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін апайымызбен бірге өткізіп, біздей бүлдіршіндерді баптап, өз балаларындай қамқорлап жүрген ұстаздарымыз бар. «Мұғалім - мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқан болатын, мінекей бізде сол апайлар мен ағайымызға жүрегіміздің жылуын ұсынбақпыз.

Шексіз алғысымызды айтамыз.

Нұржанат: «Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,

Гүлнәр апайдан көп сұрарымыз.

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз.

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз.

Тілейміз Гүлнәрадай апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.

Еркебұлан:Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Бахыт апай

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

Диана:Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Назым апай осындай.

Тахмина:Баулыған әрбір өнерді,
Алмаш апай өнерлі.
Әсем әннін шебері,
Аспапта ойнайды мәнерлі.
Қызықтырып ән - күйге,
Бізді үйретіп келеді.
Асанали: Зухра апайға біз сендік,

                                 Шетел тілін үйрендік

                                 Ағылшынша жазып та ,

                                  Біз сөйлеуді үйрендік. 

Зейнеп: Монитор,пернетақта- сөздің басы

Өрлейді компьютермен өрге тасың

Бүгінгі жаhандану заманында

Динара апайымның зорғой бәсі

Күтеміз ықыласпен әр сабағын

Оқимыз жіберместен бір парағын

Барынша игеруге тырысамыз

Осы деп бұл заманның зор талабы


Ислам:Бар жағдайын ойлаған оқушының
Денемізді шынықтырып ойнатқан,
Көп шәкірттің досындай,
Жанболат ағай осындай
(Мұғалімдерге гүл сыйлау.)

Ән: Ұстазым.

«Жұмбақ жасыру » ойыны . (Көрермендердің жұмбақ шешуі). 
1. Шік түсті, бүк түсті, 
Алшы тұрды, тәйке тұрды,
 
Шеше алады бұны кім.
 
(Асық)
 
2. Қызыл қырман ойнайтын,
 
Қай мезгіл деп ойлайсың?
 
(Күз)
 
3. Аппақ дала, қара дән,
 
Дәнін сепкен – түсінуге жараған.
 
(Әріптер)
 

2.Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу. 
1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй) 
2. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)
 
3. Ит өлген жерде. (алыс, қашық)
 
4. Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам)
 
5. Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену)
 
6. Тайға таңба басқандай. (анық, нақ)
 
7. Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу)
 

Тахмина :  Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

Еркебұлан:  Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Ислам : Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Зейнеп:   Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

Би: Испан биі

Ән : «Жаса,Қазақстан!»

Нұржанат: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Зейнеп: Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Тахмина: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Диана:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Қош бол, қош бол,                                 бәрі

Сүйікті бастауыш

Би : «Қоштасу вальсі.»

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мұғалім :     Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

                       Балалардың есімі әулеттерге таралар

                        Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

                       Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп ,  келесі келесі сөзді қонақтарымызға берейік.

Директорға, директордың оқу жөніндегі орынбасары,( оқушыларға марапат қағаздарын тапсыру ) ата-аналарға сөз беру.

Мұғалім:

Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

 











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 24.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров29
Номер материала ДБ-097512
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх