Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі

Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі

Скачать материал

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

1 -Жүргізуші:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Аттанайық, бала шақтан болашаққа!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

1-жүргізуші
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

1,2-жүргізуші бірге:
4 «Ә» сыныбын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

2-жүргізуші:

 Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Олай болса, таныс болайық.

Журналдың тізімінде, 1-ші тұратын бұл жігіт  сынып озаты, сегіз қырлы бір сырлы  - Арманов Мирас

1-жүргізуші

2-ші болып тұратын  – 3 жыл орысша оқып 1 жылда қазақшаға да үлгерген Акшулаков Мирас

2-жүргізуші

Үшінші болып тұратын –сыныптың спорт секторы Асұлан Нұрасыл

1-жүргізуші

Төртінші боп тұратын  тізімде –сынып еркесі Азатханов Бекзат

2-жүргізуші

Тізімде бесінші, сыныптың әншісі де,бишісі де, сынып басшысы да бір өзі – Касенова Самал

1-жүргізуші

Алтыншы  боп тұратын сыныптағы ең пысық қыздардың бірі оқу озаты – Кенжина Еркежан

2-жүргізуші

Жетінші  боп жазылған,екі тілді де жақсы меңгерген, сыныптағы ең сүйкімді қыз – Мусабекова Сабина.

1-жүргізуші

Сегізінші  кім десек , ол Мұсатаев Ерасыл

2-жүргізуші

Тоғызыншы  боп жазылған апасының ерке қызы – Нұрсоветова Дайана

1-жүргізуші

Оныншы боп жазылған ,бойынан жігітке лайық мінездің бәрі табылатын салмақты жігітіміз – Омарханов Ельдар

2-жүргізуші

Он бірінші боп тұрған , оқу озаты, сынып белсенділерінің бірі – Саятұлы Қайрат

1-жүргізуші

Он екінші боп жазылған , оқу екпіндісі, ақылды қыз Сыдықова Махаббат

2-жүргізуші

Он үшінші боп  тұрған салмақты жігіт – Соков Еламан

1-жүргізуші

Журналдың тізімінің, ең соңына келіп ек, аяқтайды бұл тізімді,Тоқтасынов Арсен.

2-жүргізуші:

Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің аға–апайларымыз  өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

 

Ән: Учат в школе

1-оқушы

 Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

2-оқушы

 Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

1-жүргізуші:

 : Иә мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше аға-апайларымыздың  мектепке арнаған жырларын тыңдайық

1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы 
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

    Ән: Мектебім 

2үргізуші:

Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

1-жүргізуші:

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

2үргізуші:

  Олай болса, келесі жырлар ұстаздарға арналады

1-оқушы:             

 Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жирентіп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан – мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

 2-оқушы:             

 Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзіңсің ағытқан,

Білімнің бұлағын.

Мен сенің көктемің

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе,

Алғысым көп менің!

 3-оқушы:           

  Анамдай сүйем мен,

   Шеберін ғылымның.

Ұстаздан үйренем,

Өнерін білімнің,

Үйретіп іс сазын,

Мың жаса ұстазым!

 

 4-оқушы:           

   Сүйікті мұғалім,

  Бес алсам  ұнадым,

Екі алсам сынадың,

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын,

Сүйікті мұғалім!

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән:«Ұстазым»        

Би: «Ура,каникулы!»

Ән:      

Оқушы: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.

1-жүргізуші: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен мектеп директоры Шакабаев Қайрат Нұргалиевич марапатталады.

Оқушы:              

  Әкеміздей  мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Қайрат аға амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамыз болашаққа қадам басып.

 2-жүргізуші: «Кең пейілді, ұлағатты» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Муканова Гульнара Тургалиевна марапатталады.

Оқушы:              

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Гүльнар  апай осындай.

 

 1-жүргізуші: «Самая спокойная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі  Шакабаева Айгуль Габдрахмановна марапатталады.

 Оқушы:             

  Наших чувств нерастраченных чашу,

  И живое дыханье весны,

И любовь, и признательность нашу

Адресуем Айгуль Габдрахмановне  мы.

2-жүргізуші: «Ақ көңіл» номинациясымен өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімі Кайрбеков Марат Қабденович марапатталады

    Оқушы:                

   Ақ көңілдің ізі бар

   Нұр жайнаған жүзінде

   Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай

   Марат ағай, ризамыз өзіңізге.

1-жүргізуші:

«Өнерлі» номинациясымен музыка пәнінің мұғалімі Жумагулова Рысбике Боранбаевна марапатталады.

Оқушы:

Рысбике апай өнерлі,

Әсем әннің шебері.

Қызықтырып ән-биге,

Бізді үйретіп келеді.

 

2-жүргізуші: «Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен 4 «Ә» сынып жетекшісі,  алғашқы ұстазы Сасенова Перизат Курмашевна  марапатталады.

Оқушы:              

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Перизат Құрмашқызына

 Алғыс айтады түлегі.

Вальс билеу

оқушы :

Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

 оқушы :

Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.



 

 

 

 

 оқушы:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 оқушы:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: Ана туралы

 

2-жүргізуші:

Күндіз түні ойладыңыз бала қамын

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың

 Басқарып келесіз сіз  осы ұжымды

 Баршаны аялаған алақанын – дей келе

 Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Муканова Гульнар Тургалиевнаға   сөз берейік.

Бұйрық оқиды.

 2016 жыл.4 «Ә» сынып балдырғандары,бастауыш сатыдан   орта буынға  қабылдансын. Қабылданбас бұрын  ант берілсін!

1.Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға Ант етеміз!

2.Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың  еңбегін ақтауға Ант етеміз!

3.Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға Ант етеміз!

4.Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге Ант етеміз!

Хормен: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

 

Ән: «Қош бол,бастауышым!»

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

1 – жүргізуші:

Білімді жан әрқашанда бағалы,

Білім барда ақ шашың да даналы

Көрерменім аман – сау боп осымен

Ақ көгершін самғап ұшып барады.

 

2-жүргізуші

Өтті сенде қызық шағым, 
Бастауышым – балбұлағым. 

Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол бұлғадым. 

1-жүргізуші:

 Осымен 4 «Ә»-сынып оқушыларының «Аттанайық, бала шақтан болашаққа!» атты бастауышпен қоштасу кеші өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Аман сау болыңыздар! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.09.2016 879
    • DOCX 32.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сасенова Перизат Курмашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сасенова Перизат Курмашевна
    Сасенова Перизат Курмашевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 37677
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека