Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Бастауыш сыныппен қоштасу" ертеңгілігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Бастауыш сыныппен қоштасу" ертеңгілігі

библиотека
материалов

hello_html_76cd797a.gifhello_html_m7f8b8127.gifhello_html_m676f5452.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m34fba4da.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m6663b0f5.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_7cf692e2.gifhello_html_m7879814b.gifhello_html_m3f527881.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m7879814b.gifhello_html_m68c4a17c.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m7879814b.gifhello_html_58d48495.gifhello_html_3c61198a.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_1fff66d1.gifhello_html_m308542ca.gifhello_html_44f79b17.gifhello_html_m4459a504.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: «Ел ордасы-Астана»

Сабақтың мақсаттары:

1. Қазақстан Республикасының астаналарына саяхат жасау. Ел ордасы Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру.
2. Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, экскурсия сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністер туралы бейне-слайд, карта, интерактивті тақта, кесте.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Сарыарқаның сауырында, ерке Есілдің бауырында орналасқан баршаның арманына айналған, әлем халқының назарын өзіне аударған жас қаламыз, бас қаламыз жайында болмақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ел ордасы-Астана» деп аталады.

Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес.Елордамыздың ортасында, желбіреген көк тудың астында «Атамекен» кешенінде өтеді.

2 .Психологиялық ахуал.

-Балалар біз көк тудың астында бақытты, алаңсыз өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да сабағымызды «Көк тудың желбірегені» әнімен бастап жіберейік.

Ән : Көк тудың желбірегені.

Бүгін біз Астана қаласына экскурсия жасаймыз. Оны сендер мына сұрақтарға жауап беру арқылы табасыңдар.

Бозоқ қаласының орны, Сыртқы шекарадан алыс орналасқан шетелге шығу,
«ТрансЕуразия» арнасына таяу орналасқан, 32 өлшем бойынша басқа қалалардан артықшылығы бар,
Сауда орталығы болған қала қалай аталады?
http://azbyka.kz/images/684/2.gif


Тоғжан : -Әрине, бұл – Астана. Біздің елімізді бүкіл әлем біледі. Астана — Еуразияның орталығы. Президентіміздің қолдауымен мемлекетіміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда.

Мұғалім: ия, балалар Астана туралы көп айтуға болады. Алдымен Қазақстанның тағы қандай қалалары астана болды? Олардың тарихына шолу жасайық.

Амир: Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Шымкент қаласының 225 шақырым жерде Сырдарияның оң жақ жағалауында орналасқан. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Ескі атауы «Шабғар».

Аяулы: Қызылорда қаласының тарихы бай. Қызылорда XIX ғасырдың ортасында Ақмешіт бекінісі деп аталған. 1908 жылға дейін Ақмешіт кейін Петровск деп аталған. 1925 жылдан бастап Қызылорда деп аталды. 1925-1929 жылдар аралығында Қазақстан астанасы болды.

Шамсиддин: Алматы Қазақстан Республикасының 3 астанасы. Алматы ең әдемі қалалардың бірі. Ол 1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі, кейін Верный қаласы болды. 1921жылдан Алматы қаласы деп аталды. Ал, 1929-1998 жылдарға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды

Аяужан:1980 ж Қара өткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1982 ж бекініс пайдалануға берілді. 1961 ж Ақмола облысы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 ж Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді.

Жансая: 1997 ж 10 желтоқсанда Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола қаласы Қазақстанның жаңа астанасы болды.

Айсұлу: Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. 1998 ж 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді. 1998 ж 10 маусымда ҚР жаңа Астанасының тұсаукесер тойы болды.

6 шілде Астананың туған күнін тойлаймыз.

Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.


Берілгені: Астана =0=------------- ?


Шешуі: Астана сөзінде 6 дыбыс бар. Оның 3-еуі (а) -дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

3 дауыссыз олар (с,т,н) дауыссыз дыбыстар себебі, өкпеден шыққан ауа қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

А) тілдің қатысына қарай:

3 (А) = тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс

Тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс жоқ.



Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.

Сөзде тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс жоқ.


Ә) жақтың ашылу дәрежесіне қарай:


3 (А) = ашық дауысты дыбыс, жартылай ашық дауысты дыбыс жоқ

Қысаң дауысты дыбыс жоқ


Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.Сөзде жартылай ашық және қысаң дауысты дыбыс жоқ.


Б) ерін мен езудің қатысына қарай:


3 = еріндік дауысты дыбыс жоқ

3 (а) Езулік дауысты дыбыс


Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда,ерін жиырылып, ауа қысылып шығады. Сөзде еріндік дауысты дыбыс жоқ.

Дауыссыз дыбыстарға мінездеме берейік.

3 (с,т,н) дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

А) үн мен салдырдың қатысына қарай:

3 =2(т,с) қатаң +ұ яң

1 (н) үнді

3 дауыссыздың 2- еуі олар (т,с) қатаң дауыссыздар. Себебі, бұл дыбыстар тек салдырдан тұрады.

1- еуі, ол (н) үнді дауыссыз дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда салдырдан гөрі үн басым.Сөзде ұяң дауыссыз дыбыс жоқ.

Ә) айтылу, жасалу тәсіліне қарай:


3 = 1 (Т) шұғыл +1 (с) ызың

1 (н) мұрын жол


1(т) шұғыл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбысталу мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.

1(с) ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбысталу мүшелері бір-біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.

1 (н) –мұрын жолды. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады.


Б) Жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай:

н-тіл алды дауыссызы

С-тіс дауыссызы

Т- тіл мен тіс дауыссызы

-Біз астананың ең әдемі жеріне барамыз. Ол- «Астана- Бәйтерек» кешені.(слайдтан көрсету)

-ол туралы не білесіңдер?

«Бәйтерек» монументі.
Тоғжан: Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды.

Мұғалім:

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады


-жақсы балалар, Енді тарихқа біраз жүгінейік. Бәйтеректің шығу тарихы туралы кім айтып береді?

Көрініс: Бәйтерек туралы

«Бәйтерек» сөзіне сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасату.


Шарты: әуен ойналып тұрады, қамшыны оқушылар бір-біріне береді. Әуен тоқтаған кезде қамшы кімнің қолында сол оқушы Бәйтерек сөзіне сөзссазындық талдаудың кез келген сатысын айтып береді.

Бәйтерек

1.Бұл сөз: айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жіңішке буынды

сөз.себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке

дауыстылар.

2.Бұл сөз: бәй-те-рек болып үш буынға бөлінеді. Себебі, сөздің

құрамында үш дауысты дыбыс бар. Бәй-рек буындары -бітек буындар. Се

бебі, буын дауысссыз дыбыстар басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып

тұр;

те – буыны ашық буын. Себебі, буын дауыссыздан басталып, дауыстыға

аяқталып тұр.

3.бұл сөз:

Бәй- болып екі жағдайда тасымалданады. Себебі сөз екі буыннан тұр

те немесе

рек буын жігіне сәйкес тасымалданған

4. Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған

сайын екпін сөздің соңғы буынана қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл

сөзде екпін (рек ) буынындағы (е ) дауысты дыбысына түсіп тұр

5. сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі, түбір сөз

6. сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі түбір сөз.



Бейбітшілік және келісім сарайы (слайд)

Мұғалім:Мына сурет туралы не айтуға болады?


Аяужан:«Бейбітшілік және Келісім Сарайы» — Қазақстан астанасы Астанада бүкіл әлемге әйгілі сәулетші сэр Норман Фостермен салынған пирамида. Сарай 2006 жылы «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының конгресін» өткізу үшін арнайы салынған. Сарайдың 1500 орынды Концерттік залы бар.

«Бейбітшілік және Келісім Сарайын» салу ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің идеясы.

Мұғалім сөзі:

Сарай Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер табылады.

 Ғимаратта орналасқандар:    

 

   ·        Опера залы;

   ·        Конференцияға арналған «Бесік-Колыбель» залы;

   ·        Баспасөз орталығы;

   ·        Keops Atrium салтанат залы;

   ·        Көрме павильондары;

   ·        «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы бар

-Балалар бүгін бізге қонаққа Украин елінен қонақтар келген екен. Олар біздің қонақжайлы, жомарт , кеңпейіл көңілімізге риза болып, өз өнерлерін көрсетпекші.

Би: Украйн биі.

Альмира:

Аяулы: Астана туралы бата сөз

Мұғалім: -Балалар, мынау Астананың қай жері деп ойлайсыңдар? Қазақстан картасы –«Атамекен» этно-мемориалдық кешені (слайд)

Арайлы : Бұл Қазақстан картасы –«Атамекен» этно-мемориалдық деп аталатын орын кешені. Бұл мұражай ашық аспан астында орналасқан. Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектілері кішкентай макет ретінде жасалған.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі таңда «Атамекен» Қазақстан картасы елорда тұрғындары мен қала қонақтарының ең көп келетін мәдени орындарының бірі.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылды.
Этнокешен Астана қаласының мәдени-әлеуметтік маңызы зор орындарының бірі болып саналады. Ол әлемнің 20 шақты осы тектес парктарының ішіндегі үздіктерінің бірі болып табылады. Қазақстанның әлемге әйгілі қалалары, ғимараттары, ескерткіштері кішірейтілген үлгімен жасалып, 1,7 гектар жерге сыйдырылған Этнокешен мақсаттарының бірі халықты рухани-тарихи құндылықтарымызды дәріптеуге, қадірлеуге және сақтауға шақыру. Жас ұрпақты тарихы бай қазақ жерінің мәдениетімен сусындатып, оны қадірлей білуге үйрету. Еліміздің мәдениет, экономика салаларындағы жеткен жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның табиғат аймақтарының ерекшелігін көрсету, тарихи құндылықтарымызды сақтау және көбейту болып табылады. 2014 жылы 8 қыркүйекте «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені өзінің 13 жылдық мерейтойын атап өтеді

-Міне балалар, айта берсек, Астананың көрікті жерлерін бүгінгі сабағымызда тауыса алмаспыз. Қазір Астана туралы қысқада нұсқа сөйлем құрап жіберейік


Астана –көрікті қала. Енді осы сөйлемге синтаксистік талдау жасап жіберейік.

1.Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар (.) және (-)

Нүктенің қойылу себебі, ойды аяқтап сөйлемді тиянақтап тұр.

Сызықшаның қойылу себебі, бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болғандықтан бастауыштан кейін сызықша қойылып тұр.

2.Айтылу сазы мен мазмұнына қарай хабарлы сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр.

3. Құрылысына қарай жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.

-Ал, балалар Елордамыз туралы қандай жыр-шумақтарын білесіңдер?

Асар:

Арманы асқарындай Астанамыз

Елорда, алтын орда –бас қаламыз

Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу

Ерен ерлік үлгісі-дастан-аңыз.

Тоғжан:

Астана бар әлемді елеңдетті

Тамырын Бәйтерек те тереңдетті

Аз жылда жаңа Астана салып алдық

Қай халық көрді мұндай кереметті.


Аяужан:

Домалап қазағымның өрге тасы

Думанмен дүрілдесін аспан асты

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп

Асқақтай бер, елімнің Астанасы

Жансая:

Құлшынған күншығыста жас қалаға,

Батасын берді Алатау бастап алға.

Ақжарқын Азияға нұрын шашқан,

Тілейміз құт, береке Астанаға.

Дамир:

Бүгінгі Астананың нұры қандай

Көгінде желбіреген туы қандай

Европаның төрінде билік айттық

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай

Арайлы:

Сананы түйткілдерден тазартайық,

Айтпаған шындық сөзді тартар айып

Авторы, сәулетшісі Астананың

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!(бәрі бірге хормен)

Ән: Астана. Орындайтын: Жайырбекова Аяулы
Мұғалім сөзі:

Астана көркем де ұлан байтақ екеніне көзіміз жетті. 1999жылы Астана қаласына «бейбітшілік қаласы» медалы мен Құрмет Дипломы тапсырылды. Бұл 100 жылда бір рет берілетін атақ. Осындай атақты Астана қаласы ие болғанына өте қуаныштымыз, мақтан етеміз!

Осымен, балалар сабағымыз аяқталды.

























































«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз


Қазақ елі (монумент)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b1/Kazakh_Eli_monument.jpg/400px-Kazakh_Eli_monument.jpg

Қазақ елі монументі

«Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсенбек Жүнісовжәне Жаңбыршы Нұркенов.

Сипаттамасы[өңдеу]

Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл –Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті.

«Қазақ елі» монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колонна да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ ортасында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.

Өзгеріс: тұғыр граниттің төрт қабырғасына жасалмақ. Оның биіктігі 20,1 метрге дейін көтерілетін болады, содан соң қабырғаларға жаңа көркемдік шешім бойынша қола барельефтер орнатылмақшы. Идея авторларының ойынша, бұл монументтің мазмұны мен көркемдігін аша түседі.

Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигураның биіктігі – 5 м, онда Н.Назарбаевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үстемдік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.

Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – «Қаһармандық» деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бейнелер шоғырланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.

Батыс жақ бетке орналастырылатын «Жасампаздық» атты барельефте авторлар Қазақстанның көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, металлургтер мен диқандар бейнесі көрінеді.

Ал монументтің шығыс жағындағы «Болашақ» атты барельефте тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары бейнеленген.

Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен аяқталады.

  • http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/0/0a/105091-11.jpg/103px-105091-11.jpg

«Қаһармандық»

 

  • http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/0/0d/105091-12.jpg/108px-105091-12.jpg

«Жасампаздық»

 

  • http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/b3/105091-10.jpg/102px-105091-10.jpg

«Болашақ»

 

  • http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/3/36/105091-9.jpg/120px-105091-9.jpg

«Бірлік»






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров190
Номер материала ДВ-333348
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх