Инфоурок Другое Другие методич. материалыБастауыш сыныппен қоштасу "Сарқылмас ұлылықтын бастауысын. Саған мәңгі бас ием бастауышым" (4-сынып)

Бастауыш сыныппен қоштасу "Сарқылмас ұлылықтын бастауысын. Саған мәңгі бас ием бастауышым" (4-сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием,   

                    Бастауышым!»  

                                                                                                                                                  

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 4жыл білім алған бастауыш  сыныппен қоштасып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, ұстаздары мен  ата-аналарына балалық алғыстары мен сүйіспеншіліктерін білдіру. Өз  Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, шарлар

 

Барысы :

 Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, ақ жаулықты апалар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4  – сынып түлектерін ортамызға!

 

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

 

 «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп  «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием,  Бастауышым!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

 

 

Томирисқа

Сіздің бала-Томирис

Көркіне ақылы сай, дара.

Байыптылық, ізгілік

Бір өзінде қаншама!

Ата-ана, сізге көп рахмет,

Томиристай балаға

“Ақбота”, “Кенгуру” интеллектуалды ойындарының қатысушысы

Мектепішілік пәндер олимпиадасының  қазақ тілі пәнінің ІІ орын жүлдегері

Айдарбек Томиристі ортаға шақырамыз.

 

Ақботаға

Білім көзі қайнар.

Сенім артар үнемі

Ол сыныптың жүрегі.

Анасының-сенімі,

Үміті мен тірегі.

Алғыс айтып Анаға,

Тек қуаныш тілейміз

“Ақбота”, “Кенгуру” интеллектуалды ойындарының қатысушысы

Мектепішілік пәндер олимпиадасының  қазақ тілі пәнінің І орын жүлдегері

“Әнші балапан” байқауының жүлдегері Алдабергенова Ақботаны қарсы алайық.

 

                Диасқа
Әдепті ғой, тәрбиелі үлгілі ,
Біздің елдің болашағы ертеңі. Болашақта ғалым болар қараңыз,
Диас-біздің үміт артар баламыз.
Ата-анаға шексіз алғыз айтамыз.

“Ақбота”, “Кенгуру”, “Алтын жабағы” интеллектуалды ойындарының қатысушысы, аудандық пәндер олимпидасында математика пәнінен ІІ дәрежелі дипломның  жүлдегері, аймақтық ғылыми жоба сайысының  ІІІ жүлделі орын иегері  Болат Диасты ортаға шақырамыз.

 

Аққуға...
Еліктің лағындай елгезек,
Майысып, жымиып тұр бөлек.
Инабат, сыр-сымбат, кербездік,
Бойына жарасып тұр бүгіп.
Ата-ана, сіз жайдары үнемі,
 Бересіз үлгілі өнеге.

“Ақбота”, “Кенгуру” интеллектуалды ойындарының қатысушысы

Мектепішілік пәндер олимпиадасының  қазақ тілі пәнінің ІІ орын жүлдегері Егінбек Аққуды қарсы алыңыздар.

 


Ән: « Бала тілегі»

 

Диас:

 Армысыздар жас достар,
Болашаққа жол бастар.
Білім деген ғажаптың,
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.


Аққу:

Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.

Ән:Алғашқы ұстаз

 

Диас
Мектебім, сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, жетемін,
Сен бұлақ, мен қайың бұр ашқан
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Мектебім, жылы ұя бесігім,
Күнде ашық мен үшін есігің
Білімнің шуағы мол сепкен,
Ұстазым, қымбат қой есімің!

Аққу
Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!

Томирис

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Ақбота
Бастауышым- балбұлағым 
Лаулап жанған шам шырағым. 
Өзің берген біліміңмен, 
Самғап ұшар тау қыраның. 
Ұмытпаймын жаныма, 
Білім нәрін еккенің. 
Қош қымбатты ұстазым, 
Қош бастауыш мектебім! 
Өтті сенде қызық шағым, 
Бастауышым- бал бұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол бұлғаймын. 

Ән: Ұстазым

                        Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

                        Барар жолға тез жетеміз.

                        Адаспаймыз ұлы жолда

                        Ұстаз берген білім қолда.

 

Оқушылар өз өнерлерінде көрсетіп жатырсыңдар жақсы енді  «Мектеп» кеме «Білім»  теңізінде саяхат жасайық.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

 

Қазақ тілі аралынан  саяхатымызды бастайық.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
2.Заттың атын білдіретін сөздер?- Зат есім.
3.Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері?- тұрлаулы.
4.Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу?-3

5.Түбір дегеніміз? - Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.
6.Жалғау дегеніміз?– Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша 
7.Жұрнақ дегеніміз?– Сөз мағынасын өзгертетін қосымша
 

Түбір сөзге жұрнақ жалғап туынды зат есім жаса

Күй-

Егін-

Балық-

Ас-

 

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп, 
Айырсаң ішетұғын дәрі де – есеп. 
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау, 
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. 

 

Келесі математика аралына саяхаттайық. 
Салыстыр:
I.  200•3 >450 + 50
II. 670 + 6 > 2•300
III. 742 + 8 < 400•2
Есепте:
I. (20 + 30) • 4=200
II.
(30 + 60) • 5=450
III.(90 + 10) • 5=500
Теңдеу шеш.
I.х+20=8*5
20
=х
II. 52-х=64:2
20
=х
III. х-27=100:2
77
=х

 

Логика аралына саяхат

 

«Сергіту тапсырмалар »

1.Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

2. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1) 

4. 6 аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не? (Адам орындықта отыр) 

5.Құмырсқаның туған күні болды.1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді,асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады.Секіріп 2 шегіртке келеді,шәй ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп дастарханға отырады.
Сұрақ: Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?  7
6.Дүкеннен мен сабын алдым, 
Оның және қабын алдым, 
Екі дәптер, бір қарындаш, 
Тіс ысқышты тағы да алдым 
Есептеші сонда бәрі, 
Қанша болды, қолда бары.  6
7.Сауысқан ормандағы жануарларға: “- Асығындар аралар бәріне бал таратады”- дейді.
1-ші бөшкені көтеріп Аю келеді. 2- ші кесе алып Ақтиын келеді. 3- ші келген Қоян табақ көтеріп келеді. 4-ші Түлкі құмыра ұстап келеді.5-ші Қасқыр кострюл әкелді.
Сұрақ: Қоян нешінші келді? Ең кіші ыдыс кімдікі? Ең үлкен ыдыс кімдікі? 

Үшінші,Ақтиіндікі,Аюдікі

 «Сиқырлы квадрат» толтыру 
I топ 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын шаршыға орналастырғанда тігінен де көлденең де, диогоналынан да цифрлар қосындысы 15 болуы керек 
4 9 2 
3 5 7 
8 1 6 
II топ Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 2,4,6,8,10,12,14,16,18, сандарынан қай бағытта алсақ та қосындысы 30 болатындай етіп орналастыр. 
8 18 4 
6 10 14 
16 2 12 

3. «Ойымды жалғастыр» сайысы.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 

4.2санын 5рет жаза отырып, және : , + амалдарын пайдалану арқылы 7 санын шығарып алу. (2 : 2 + 2+ 2+ 2 =7) 

 

Дүниетану аралына сяхат

1.Адамдардың күтіп –баптауымен өсетін өсімдіктер қандай өсімдіктер? Мәдени өсімдіктер
2..Көптеген шөптесін өсімдіктер бір маусым ғана өседі. Олар гүлдейді,тұқым береді,содан кейін қурайды. Бұлар – қандай өсімдіктер? біржылдық өсімдіктер 
3. Топырағында ылғал аз ,ыстық ,шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктерді қандай өсімдіктер деп атайды? Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
4..Жердің өсімдік өсетін үстіңгі борпылдақ қабаты? Топырақ
5. Түсі қоңыр ,май сияқты сұйық? Мұнай
6..Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Құм,саз,тұз
7. Өрмекші ,қарақұрт,кене қандай топқа жатады? Өрмекшітәрізділер
8. Ұлу,шырышты ұлу,кальмар,сегізаяқ қандай топқа жатады? Былқылдақденелілер
III.Жауынқұрты,сүлік қандай топқа жатады? Құрттар

Әдебиеттік оқу аралы
Сөздерге түсінік бер: 
1..Жытыру- Тығу,жасыру
2.Көзайымына айналу- Қуанышты болу
3..Басына іс түсу - Қиындыққа тап болу
4.Оқымысты бала әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? Әлкей
5. Өзін – өзі жеңген бала мәтініндегі басты кейіпкер кім? Арман
6.Диалог дегеніміз… Екі немесе бірнеше адамның бір – бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог деп атайды
7 Монолог дегеніміз... Әдеби шығармада кейіпкердің өзіне – өзі қарата айтылған,ішкі сырын білдіретін ойы
8. Мысал дегеніміз... Аң,хайуанат,заттарды кейіпкер етіп,солардың әрекеті арқылы адам бойындағы мін,кемшілікті келеке етеді.

Білімнің  теңізінде әрдайым осындай белсенділікте, ізденімпаздықпен еш кедергісіз жүзе беріндер.

 

 

Туған жер- алтын бесігім,

Тербеттің мені төсінде.

Жүреді сенің есімің

Мәнгі де бақи есімде.

Ән: Туған жер

Оқушылардың көрінісін тамашалаңыздар

«Көбелектер»

-Оқушылар сендер осы көрністен қандай ой түйдіңдер

- бір-біріңе адал, қалтықсыз сеніп, ортақ көзқараста болсаңдар  ғана достықтарың берік болады. Сондықтан достықтарын берік болып түрлі өмір белестерінен жаңылмай,  қиындықта бір-бірлеріңе  қол созып көмектесіңдер.

Ата-аналармен  ойындар  ойнау.

1.“Кім мәреге бірінші жетеді?” 

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты.. (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады).


2.«Кім жылдам жауап береді»

1. Адам тамақ істерде, ең бірінші не салады? (көз)

 2. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, ал 2 аяқ пен неше кг болады?

3. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут кетеді?

4. Тал басында тізіліп,

     Он жапырақ тұр еді

     Жел соқса да үзіліп

     Ұшып кетті біреуі

     Ізінше оның үзіліп

    Түсті тағы біреуі

    Тұр әлі де үзіліп

    Жапырақтың нешеуі?  (4)

5. Бес бұтақты ағашта

    Бұтақ сайын екі алма

    Біреуін бер Мұратқа

    Сонда қалмақ неше алма?  (0)

6.Білім күні қай күні? – (1 қыркүйек)

 

7.Мектептегі ең жоғарғы баға – (бес)

8.Жеті күн – (апта)

9.2-ні үш рет қосқанда қанша болады? – (8)

10.Екі сабақтың ортасында не болады? (үзіліс)

11.нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

12.сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)

13.мектептегі басты адам (оқушы)

14.мұғалімдер күні тойланатын ай  (қазан)

15.Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)

16.Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)

17.Әріптері жиыны (алфавит)

18.Балалар білім алатын жер (мектеп)

19.Бұрышсыз фигура (шеңбер)

20.Түнгі жарық (ай)

 

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Диас
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, 
Суыққа шалындырмай, мәпелеген. 
Өмірдің соқпағымен өрге тартып, 
Алдымен адам бол деп жетелеген. 

Томирис
Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! 

Ақбота
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: Әке Ана 

Аққу – Біз нені үйрендік? 

: – Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді. 

– Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды. 

– Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік. 

Біз кім боламыз? 
Хормен: – Адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам. 

– Бізді болашаққа не бастайды? 
Хормен: – Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім. 

– Біз нені сүйеміз? 
Хормен: – Ата- ананы, халқымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді! 

 

Ақбота;

Біз 4  сынып ұлдары мен қыздары  ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға,  өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

Ата-аналар мен оқушыларды марапаттау.

Хормен:

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Ән: Мектебім.

Ұстаз сөзі: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен,  болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.

 

         Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

 

«Мектеп – білім»  кемесін

Басқарып бүгін  келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ  жарқын  сәлем  етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Сөз кезегін  береміз.

Келген қонақтарға сөз береміз

 

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар

Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар.

 Білім жолы – сара жол

 Ізденіңдер, талмаңдар.- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

 

.

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Жолдыбай негізгі мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. 
Саған мәңгі басымды ием,    
                    Бастауышым!»

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Шамиғанова Д.Ғ.

 

 

 

 

20.05.16ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныппен қоштасу "Сарқылмас ұлылықтын бастауысын. Саған мәңгі бас ием бастауышым" (4-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 309 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 1655
    • DOCX 68.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамиганова Данагуль Галымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамиганова Данагуль Галымовна
    Шамиганова Данагуль Галымовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30290
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой