Инфоурок Начальные классы КонспектыБастауыш сыныпта ана тілін оқытуда мәтінмен шығармашылық жұмыс жүргізудің әдіс – тәсілдері

Бастауыш сыныпта ана тілін оқытуда мәтінмен шығармашылық жұмыс жүргізудің әдіс – тәсілдері

Скачать материал

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі

Бастауыш сыныпты оқытудың жеке әдістемелері пәндерінің оқытушысы

Абишева Роза  Жұбатқанқызы.

Бастауыш сыныпта ана тілін оқытуда мәтінмен шығармашылық жұмыс жүргізудің    әдіс – тәсілдері

Бастауышта ана тілі пәнін тиімді  оқытып үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Соның бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Кез-келген мәтінмен жұмыс жасау үшін, алдымен оның мазмұнын түсіну керек.

Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға , адами ізгі , эстетикалық тәрбие беруге, әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.

1. Мәтін бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне ,психологиялық күйіне ,біліміне  лайықтанып алынуы керек.

2. Мәтін тілі жеңіл, мазмұны  оқушыны қызықтыратындай  тартымды болуы қажет.

Бастауыш сыныптарда  «Ана тілі» оқулығында  мәтін бес  түрлі қызмет атқарады.

1) Мәтін оқушыға білім береді.

2) Оқуға үйрету құралы.

3) Оқушының ойын дамытады.

4) Тәрбиелік міндеттерді шешеді.

5) Оқушылардың тіл байлықтарын дамытады.

Өмірдегі түрлі оқиғаларды көркем образдар арқылы сөзбен бейнелеу арқылы баланың өмірді нақты түсінуіне септігін тигізіп,  қоршаған ортаға бейімдейді. Бұл жағдайлар мәтін арқылы көрініс табатындықтан мәтіндерге шығармашылық жұмыстар жүргізу барысында әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланған жөн. [4,92]

Олай болса төменде аталмыш әдіс-тәсілдер көрсетілген.

1. Мәтінмен таныстыру .

Мәтінмен таныстыру барысында мұғалім қосымша материалдарды, көрнекті құралдарды пайдаланып отырады. мәтін мазмұнына сәйкес салынған суреттер, сөз жұмбақтар, т. б. Дәлірек айтатын болсақ, Мысалы, «Ана тілі» оқулығындағы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты мәтінімен таныстыруда сабақ тақырыбын сөз жұмбақ не ребус арқылы шығарып алып, сосын оқушылардың өздеріне; - Жусан иісі сөзін қалай түсінесіңдер? «соғыс» дегенде көз алдарыңа не елестейді? деген сұрақтар қойып, тірек сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ойын жинақтауға, еркін өздігінен сөйлеуге ерік беру керек.

Оқушыларды мәтіндермен таныстырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру үшін кіріспе әңгіменің маңызы ерекше. Мысалы, алдында келтірілген мәтінді оқымас бұрын, Ұлы Отан соғысының басталуы, осы соғыста ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер туралы кіріспе әңгіме жүргізгеннен кейін оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады.

Мысал ретінде 4 – сынып «Ана тілі» оқулығындағы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» мәтінін бірнеше бөлікке бөліп оқытуға болады. Қу соғыстың адам баласы жүрегіне салған жарасы, оның зардабы жайында жазылған бөлікті бір балаға, келесі бөлікті «Аянға да қаралы қағаз келіп, оны оның қалай қабылдағаны; қараңғы ат қораның суреттелуі; іштей тынған Аянның сол қораға кіріп, көз жасына ерік беруі; Аянның балалармен қоштасуы; Аянды еске түсіруі» деген бөліктерге бөліп оқыту керек.

Әр бөлімді оқып бітіргеннен кейін, бірнеше сұрақтар арқылы оның мазмұны айтылады. Келесі сабақта шығарманың екі – үш бөлімін (көлеміне қарай) оқып келу тапсырылады. Бұл әдістің екеуі де пайдалы. Бірінде, оқушы оқиғаны аяғына дейін білуге асығып, шапшаң оқуға төселетін болса, екіншісінде, көркем шығарманы асықпай, онда әңгімеленіп отырған оқиғаға жан – жақты мән бере ойланып, түсініп оқуға дағдыланады.    [3,15]                      

2. Оқу барысында түсініксіз сөз кездесе қалса, бала оқып тұрғанда, мұғалім ол сөздің синонимін айта қояды. Мысалы, оқулықтағы «Сағыныш сазы» шығармасындағы, шаһар – қала. Бірақ баланың оқуын тоқтатып қойып, түсіндіруге болмайды. Мәтін аяғына дейін оқылады. Көлемді мәтіндерді сыныпта оқытуға үлгермейді. Оның үстіне мұндай мәтіндерді оқуға дайындық ретінде жүргізілетін әңгіме де уақытты көбірек алады да, оқуға уақыт мүлде аз қалады. Мұндай жағдайдан шығудың екі жолы бар.

Біріншісі – мұғалім дайындық мәтінді өзі кітаптан әр жерден үзінді оқи отырып айтады; бұл кезде оқушылардың кітаптары жабулы болады. Мұғалімнің әңгімесінен кейін мәтін балаларға үйден оқып келуге тапсырылады. Мұғалім үйге тапсырма берген кезде мәтінді басынан бастап аяғына дейін оқуға тиіс екендігін ескертеді. Өйткені, мұғалім шығарманың мазмұнын айтқан жоқ, дайындық әңгіме ретінде шолу жасады. Оқушылар келесі сабақта шығарманың мазмұнын басынан бастап әңгімелегені жөн. оқулыққа енген мұндай шығармалардың көлемі ұзақ болғанымен, мазмұны өте тартымды, тілі оңай балалар оларды өз беттерімен де қиналмай оқи алады.

Мұғалім шолу әңгімесінде тек қана бағыт береді. 4 – сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы көлемді шығармалар қатарына Ақселеу Сейдімбектің «Әйел - Ана», Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ», мәтіндерін жатқызуға болады.

Көлемі шағын мәтін оқылып болғаннан кейін, оның мазмұнын толық та, саналы меңгерту көбіне жоспар құрып оқыту және талдау жұмыстары ұйымдастырылады. Мұндай жұмысқа оқушылардың барлығы жақсы, орташа, нашар оқитындары қатысады. [1,69 б]

4-сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы «Ғажайып бақ», «Сәулелі жұлдыз іздеген адам», «Жусан иісі», «Жетім»,  деген мәтіндерді бөлімдерге бөліп оқытуға болады. Осы аталған мәтіндердің ішінен «Жетім» деген әңгімені алайық.  Әңгімені «Жалғыз жаяу», «Қасымның қаралы күйге түсуі», «Қасымның ағайыны Исаның қолына баруы», «Қасымның тауға жөнелуі», «Тау ішіндегі қорқыныш» деген сияқты жоспарға бөліп, әр бөлімнің қай жерден аяқталатынын оқушыларға тапқызуға тапсырма беруге болады.

 Сондай – ақ, әр бөлімге ат қоюға да болады. Әр бөлімді оқып, талдап болған соң, бір-екі оқушыға шығарманы тұтас бір рет оқытудың пайдасы мол. Онда оқушылар бір бөлімдегі ойды, екінші бөлімдегі оймен байланыстырып үйренеді. Мысалы, оқулықтағы «Тау қыраны» мәтінін алып қарасақ, әңгіме үш бөлімнен тұрады. Оқушыларға әр бөлімдегі негізгі ойды тауып, бөлімге ат қоюға тапсырма беріледі.

Шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын, сол бөлімге ат қойғыза беруге де болмайды. Өйткені, шығармаға ат қою – күрделі жұмыс. Сондықтан, қай мәтінге жоспар жасау керек, қай мәтінді бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай оқытуға болады, мәтіннің қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөле алады, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі – осы мәселелерді мұғалім алдын-ала ойластырады.

Мәтіндерді бөлімдерге бөліп, ат қоюға болатындарын 4-сынып «Ана тілі» оқулығы бойынша топтадық. Олар: «Қырдың жас түлегі», «Алғашқы көмек», «Құмырсқалар», «Ағаштар неге ашуланды?», «Суықторғай», «Компас». Бұл шығармалардың біразы әрі көлемді, әрі оқушылардың түсінуіне күрделірек болғандықтан мұғалімнің көмегімен талданады.

3. Мәтін бойынша қорытынды әңгіме

Оқылған шығарманың көлемі қандай болмасын, оны оқушылардың қаншалықты меңгергенін байқау үшін мұғалім қорытынды әңгіме жүргізеді. Бұл жұмыс та түрлі жолдармен ұйымдастырылады.Мысалы 4-сыныпта Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесін оқушылардың білімін бекіту

 оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту  технологиясының  әр түрлі стратегияларын тиімді  пайдалануға болады.

Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз. Бұл жұмыс жаңа сабаққа кіріспе ретінде жүреді .

Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.

V – білемін

+ - жаңа білім

   - білмедім, түсініксіз

? – таң қалдым, зерттеймін.

Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.

Сабақты қорту кезінде Топпен жұмыс: қима қағаздар таратылады.

І топ.

Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін “Тасбақаның шөбі” деп аталады деп ойлайсыз? Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едіңіз?

ІІ топ.

Сурет бойынша әңгімелеп бер... Өзің тасбақаны көрдің бе? Егер көрсең қайда көрдің?

ІІІ топ.

Өткен сабақтардан т.б. қосымша әдебиеттерден көрген-білгенің бойынша, мысалы, теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстырып көр, айырмашылығын атап бер…

ІҮ топ.

Әңгімеден халықтың қандай ырымдарын байқадың? Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің? Өзің қандай жан-жануар, аң-құстарды білесің? Оларға байланысты қандай ырымдарды білесің?

Ү топ.

Тасбақа жөнінде қандай ырымдарды былесің? Өз білетініңді әңгімелеп көр. Ол қандай шөптермен т.б. заттармен қоректенеді екен?

Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жолды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.

1.     Не? – Тасбақа.

2.     Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.

3.     Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.

4.     Жусандағы тасбақа.

5.     Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.

Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін. Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамыз.

Мәтіннің мазмұнын ашу, талдау мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушылардың оқылған мәтінді тереңірек, саналы меңгеруіне жәрдемі тиетін, оқылған әңгіменің мазмұнын толық қамтитындай, жүйелі түрде ойластырыла құрылған, сан жағынан көбірек болып келсе, қорытынды әңгімеде мәтіндегі сөйлемдер мен ұғымдарды қайталап, айтқызатындай емес, мәтіннің кейбір жерлерін салыстыра жауап беретіндей сұрақ болу керек.

 Сонымен қатар, шығарманың мазмұнын қорыту барысында ондағы кейіпкерлерге қарапайым түрде мінездеме беру, мәтіндегі көркем сөздер мен сөз тіркестерін талдау, көркемдік қасиеттерін таныту, сол әңгімеге салынған суреттерді қарау т.с.с. жұмыстар жүргізіледі. [2,220]

 4.Мәтінде көрсетілген жағдайларды әңгімелеу

Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру барысында, оның өмір сүрген ортасына, заманына тоқталуға тура келеді.

Мысалы, Мұхтар Әуезовтің «Жетім» шығармасындағы әке-шешесінен ерте айрылған кішкентай Қасымға Иса деген ағайыны мен оның әйелінің аяусыз соққысы, үйіне жолатпай қуып, сабауы, Қасымның өліміне себеп болуы сол замандағы аяусыз тағдырды бейнелейді. Мұнда оқушылар бақытсыз да сорлы өмірмен саналы түрде танысады. Мұндай шығармалар әділетсіздік пен зорлыққа деген қарсылықтарын білдіруге, қайырымды да кішіпейіл болуға жетелейді.

       Қортындылай келе , ана тілі сабағында мәтін және мәтінді дұрыс түсіндіре білу бастауыш сынып оқушысының  сөздік қорын байытудың таптырмас құралы деуге негіз бар. Мәтін мазмұнын игерту ,талдау сөздік қорды дамытады, ақыл-ой белсенділігін,шығармашылық қиялын  да  арттыруға болады.

Бүгінгі шығармашыл жас ұрпақ ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жарқын болашақ. Олай болса, болашағымызды  сапалы біліммен,өнегелі тәрбиемен сақадай сай қаруландырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

1.     Әбдікәрімова Т. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. Алматы, 2002.

2.     Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Р.Базарбекова. Ана тілі. 4-сыныпқа арналған оқулық. Алматы. «Атамұра». 2011.

3.     Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдасын қалыптастыру. Алматы. 1989.

4.     Львов М.Р., Рамзаева Т.Т., Светловская Н.Н.  Методика обучения русскому языку в начальных классах. Москва, 1987.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныпта ана тілін оқытуда мәтінмен шығармашылық жұмыс жүргізудің әдіс – тәсілдері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауышта ана тілі пәнін тиімді оқытып үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Соның бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Кез-келген мәтінмен жұмыс жасау үшін, алдымен оның мазмұнын түсіну керек.

Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға , адами ізгі , эстетикалық тәрбие беруге, әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі.

1. Мәтін бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне ,психологиялық күйіне ,біліміне лайықтанып алынуы керек.

2. Мәтін тілі жеңіл, мазмұны оқушыны қызықтыратындай тартымды болуы қажет.

Бастауыш сыныптарда «Ана тілі» оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.

1) Мәтін оқушыға білім береді.

2) Оқуға үйрету құралы.

3) Оқушының ойын дамытады.

4) Тәрбиелік міндеттерді шешеді.

5) Оқушылардың тіл байлықтарын дамытады.

Өмірдегі түрлі оқиғаларды көркем образдар арқылы сөзбен бейнелеу арқылы баланың өмірді нақты түсінуіне септігін тигізіп, қоршаған ортаға бейімдейді. Бұл жағдайлар мәтін арқылы көрініс табатындықтан мәтіндерге шығармашылық жұмыстар жүргізу барысында әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланған жөн. [4,92]

Олай болса төменде аталмыш әдіс-тәсілдер көрсетілген.

1. Мәтінмен таныстыру .

Мәтінмен таныстыру барысында мұғалім қосымша материалдарды, көрнекті құралдарды пайдаланып отырады. мәтін мазмұнына сәйкес салынған суреттер, сөз жұмбақтар, т. б. Дәлірек айтатын болсақ, Мысалы, «Ана тілі» оқулығындағы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты мәтінімен таныстыруда сабақ тақырыбын сөз жұмбақ не ребус арқылы шығарып алып, сосын оқушылардың өздеріне; - Жусан иісі сөзін қалай түсінесіңдер? «соғыс» дегенде көз алдарыңа не елестейді? деген сұрақтар қойып, тірек сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ойын жинақтауға, еркін өздігінен сөйлеуге ерік беру керек.

Оқушыларды мәтіндермен таныстырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру үшін кіріспе әңгіменің маңызы ерекше. Мысалы, алдында келтірілген мәтінді оқымас бұрын, Ұлы Отан соғысының басталуы, осы соғыста ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер туралы кіріспе әңгіме жүргізгеннен кейін оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады.

Мысал ретінде 4 – сынып «Ана тілі» оқулығындағы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» мәтінін бірнеше бөлікке бөліп оқытуға болады. Қу соғыстың адам баласы жүрегіне салған жарасы, оның зардабы жайында жазылған бөлікті бір балаға, келесі бөлікті «Аянға да қаралы қағаз келіп, оны оның қалай қабылдағаны; қараңғы ат қораның суреттелуі; іштей тынған Аянның сол қораға кіріп, көз жасына ерік беруі; Аянның балалармен қоштасуы; Аянды еске түсіруі» деген бөліктерге бөліп оқыту керек.

Әр бөлімді оқып бітіргеннен кейін, бірнеше сұрақтар арқылы оның мазмұны айтылады. Келесі сабақта шығарманың екі – үш бөлімін (көлеміне қарай) оқып келу тапсырылады. Бұл әдістің екеуі де пайдалы. Бірінде, оқушы оқиғаны аяғына дейін білуге асығып, шапшаң оқуға төселетін болса, екіншісінде, көркем шығарманы асықпай, онда әңгімеленіп отырған оқиғаға жан – жақты мән бере ойланып, түсініп оқуға дағдыланады. [3,15]

2. Оқу барысында түсініксіз сөз кездесе қалса, бала оқып тұрғанда, мұғалім ол сөздің синонимін айта қояды. Мысалы, оқулықтағы «Сағыныш сазы» шығармасындағы, шаһар – қала. Бірақ баланың оқуын тоқтатып қойып, түсіндіруге болмайды. Мәтін аяғына дейін оқылады. Көлемді мәтіндерді сыныпта оқытуға үлгермейді. Оның үстіне мұндай мәтіндерді оқуға дайындық ретінде жүргізілетін әңгіме де уақытты көбірек алады да, оқуға уақыт мүлде аз қалады. Мұндай жағдайдан шығудың екі жолы бар.

Біріншісі – мұғалім дайындық мәтінді өзі кітаптан әр жерден үзінді оқи отырып айтады; бұл кезде оқушылардың кітаптары жабулы болады. Мұғалімнің әңгімесінен кейін мәтін балаларға үйден оқып келуге тапсырылады. Мұғалім үйге тапсырма берген кезде мәтінді басынан бастап аяғына дейін оқуға тиіс екендігін ескертеді. Өйткені, мұғалім шығарманың мазмұнын айтқан жоқ, дайындық әңгіме ретінде шолу жасады. Оқушылар келесі сабақта шығарманың мазмұнын басынан бастап әңгімелегені жөн. оқулыққа енген мұндай шығармалардың көлемі ұзақ болғанымен, мазмұны өте тартымды, тілі оңай балалар оларды өз беттерімен де қиналмай оқи алады.

Мұғалім шолу әңгімесінде тек қана бағыт береді. 4 – сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы көлемді шығармалар қатарына Ақселеу Сейдімбектің «Әйел - Ана», Шыңғыс Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ», мәтіндерін жатқызуға болады.

Көлемі шағын мәтін оқылып болғаннан кейін, оның мазмұнын толық та, саналы меңгерту көбіне жоспар құрып оқыту және талдау жұмыстары ұйымдастырылады. Мұндай жұмысқа оқушылардың барлығы жақсы, орташа, нашар оқитындары қатысады. [1,69 б]

4-сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы «Ғажайып бақ», «Сәулелі жұлдыз іздеген адам», «Жусан иісі», «Жетім», деген мәтіндерді бөлімдерге бөліп оқытуға болады. Осы аталған мәтіндердің ішінен «Жетім» деген әңгімені алайық. Әңгімені «Жалғыз жаяу», «Қасымның қаралы күйге түсуі», «Қасымның ағайыны Исаның қолына баруы», «Қасымның тауға жөнелуі», «Тау ішіндегі қорқыныш» деген сияқты жоспарға бөліп, әр бөлімнің қай жерден аяқталатынын оқушыларға тапқызуға тапсырма беруге болады.

Сондай – ақ, әр бөлімге ат қоюға да болады. Әр бөлімді оқып, талдап болған соң, бір-екі оқушыға шығарманы тұтас бір рет оқытудың пайдасы мол. Онда оқушылар бір бөлімдегі ойды, екінші бөлімдегі оймен байланыстырып үйренеді. Мысалы, оқулықтағы «Тау қыраны» мәтінін алып қарасақ, әңгіме үш бөлімнен тұрады. Оқушыларға әр бөлімдегі негізгі ойды тауып, бөлімге ат қоюға тапсырма беріледі.

Шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын, сол бөлімге ат қойғыза беруге де болмайды. Өйткені, шығармаға ат қою – күрделі жұмыс. Сондықтан, қай мәтінге жоспар жасау керек, қай мәтінді бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай оқытуға болады, мәтіннің қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөле алады, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі – осы мәселелерді мұғалім алдын-ала ойластырады.

Мәтіндерді бөлімдерге бөліп, ат қоюға болатындарын 4-сынып «Ана тілі» оқулығы бойынша топтадық. Олар: «Қырдың жас түлегі», «Алғашқы көмек», «Құмырсқалар», «Ағаштар неге ашуланды?», «Суықторғай», «Компас». Бұл шығармалардың біразы әрі көлемді, әрі оқушылардың түсінуіне күрделірек болғандықтан мұғалімнің көмегімен талданады.

3. Мәтін бойынша қорытынды әңгіме

Оқылған шығарманың көлемі қандай болмасын, оны оқушылардың қаншалықты меңгергенін байқау үшін мұғалім қорытынды әңгіме жүргізеді. Бұл жұмыс та түрлі жолдармен ұйымдастырылады.Мысалы 4-сыныпта Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесін оқушылардың білімін бекіту

оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әр түрлі стратегияларын тиімді пайдалануға болады.

Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз. Бұл жұмыс жаңа сабаққа кіріспе ретінде жүреді .

Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.

V – білемін

+ - жаңа білім

—- білмедім, түсініксіз

? – таң қалдым, зерттеймін.

Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.

Сабақты қорту кезінде Топпен жұмыс: қима қағаздар таратылады.

І топ.

Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін “Тасбақаның шөбі” деп аталады деп ойлайсыз? Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едіңіз?

ІІ топ.

Сурет бойынша әңгімелеп бер... Өзің тасбақаны көрдің бе? Егер көрсең қайда көрдің?

ІІІ топ.

Өткен сабақтардан т.б. қосымша әдебиеттерден көрген-білгенің бойынша, мысалы, теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстырып көр, айырмашылығын атап бер…

ІҮ топ.

Әңгімеден халықтың қандай ырымдарын байқадың? Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің? Өзің қандай жан-жануар, аң-құстарды білесің? Оларға байланысты қандай ырымдарды білесің?

Ү топ.

Тасбақа жөнінде қандай ырымдарды былесің? Өз білетініңді әңгімелеп көр. Ол қандай шөптермен т.б. заттармен қоректенеді екен?

Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жолды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.

1.Не? – Тасбақа.

2.Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.

3.Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.

4.Жусандағы тасбақа.

5.Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.

Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін. Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамыз.

Мәтіннің мазмұнын ашу, талдау мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушылардың оқылған мәтінді тереңірек, саналы меңгеруіне жәрдемі тиетін, оқылған әңгіменің мазмұнын толық қамтитындай, жүйелі түрде ойластырыла құрылған, сан жағынан көбірек болып келсе, қорытынды әңгімеде мәтіндегі сөйлемдер мен ұғымдарды қайталап, айтқызатындай емес, мәтіннің кейбір жерлерін салыстыра жауап беретіндей сұрақ болу керек.

Сонымен қатар, шығарманың мазмұнын қорыту барысында ондағы кейіпкерлерге қарапайым түрде мінездеме беру, мәтіндегі көркем сөздер мен сөз тіркестерін талдау, көркемдік қасиеттерін таныту, сол әңгімеге салынған суреттерді қарау т.с.с. жұмыстар жүргізіледі. [2,220]

4.Мәтінде көрсетілген жағдайларды әңгімелеу

Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру барысында, оның өмір сүрген ортасына, заманына тоқталуға тура келеді.

Мысалы, Мұхтар Әуезовтің «Жетім» шығармасындағы әке-шешесінен ерте айрылған кішкентай Қасымға Иса деген ағайыны мен оның әйелінің аяусыз соққысы, үйіне жолатпай қуып, сабауы, Қасымның өліміне себеп болуы сол замандағы аяусыз тағдырды бейнелейді. Мұнда оқушылар бақытсыз да сорлы өмірмен саналы түрде танысады. Мұндай шығармалар әділетсіздік пен зорлыққа деген қарсылықтарын білдіруге, қайырымды да кішіпейіл болуға жетелейді.

Қортындылай келе , ана тілі сабағында мәтін және мәтінді дұрыс түсіндіре білу бастауыш сынып оқушысының сөздік қорын байытудың таптырмас құралы деуге негіз бар. Мәтін мазмұнын игерту ,талдау сөздік қорды дамытады, ақыл-ой белсенділігін,шығармашылық қиялын да арттыруға болады.

Бүгінгі шығармашыл жас ұрпақ ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жарқын болашақ. Олай болса, болашағымызды сапалы біліммен,өнегелі тәрбиемен сақадай сай қаруландырайық.

Әдебиеттер

1.Әбдікәрімова Т. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. Алматы, 2002.

2.Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Р.Базарбекова. Ана тілі. 4-сыныпқа арналған оқулық. Алматы. «Атамұра». 2011.

3.Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдасын қалыптастыру. Алматы. 1989.

4.Львов М.Р., Рамзаева Т.Т., Светловская Н.Н. Методика обучения русскому языку в начальных классах. Москва, 1987.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 238 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 3229
    • DOCX 23.3 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Роза Жубаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Роза Жубаткановна
    Абишева Роза Жубаткановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4781
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 57 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе