Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш сыныптар онкүндігіне арналған іс-шара жоспары Тақырыбы: «Жұмбақтар еліне саяхат»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бастауыш сыныптар онкүндігіне арналған іс-шара жоспары Тақырыбы: «Жұмбақтар еліне саяхат»

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:"Жұмбақтар еліне саяхат"
Сабақтың мақсаты: Шағын драмалық көрініс көрсете отырып,оқу барысында алған білімдерін нығайту,сайысқа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау шапшаңдықтарын дамыту,
Тәрбиелілігі:Ұжымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу .
Көрнекілігі: Ханшайымдар киімдері, суреттер,дидактикалық материалдар т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Уа, халайық, халайық!.
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Жұмбақ шешіп жарысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Жұмбақ шеру жасайық,
Көңілді кеш жасайық!
Ханшайым:
Балалар, менің бір затым жоғалды.Қалай тапсам екен? Менің сарайым сондай үлкен! Оны табу үшін бірнеше айлар керек болар!
Құрметті оқушылар! Мен өзімді таныстырып өтейін. Мен-Жумбақтар елінің ханшайымымын. Менің елім, аты айтып тұрғандай,сан қилы жұмбақтарға толы.Бүгін мен өзіме өте қымбат бір затымды жоғалтып отырмын. Оны табуға көптеген білімді оқушылардың көмегі қажет.
1-уәзір! . Дат, Ханшайым!
Ханшайым.Датың болса, айт
1-уәзір.Менің білімді жасағым бар.Олар сіздің кез келген заттарыңызды тауып бере алады.
Ханшайым. Тамаша! Олай болса, ортаға шақыр.
2-уәзір:О, құдіретті Ханшайым! Менің де жасағым кем түспейді.
Ханшайым: Дұрыс-ақ.Бірігіп іздесек, нәтижелі болары хақ.
2-уәзір. Ендеше, жасағымызды ортаға шақырайық.Топқа бөлу( қошақандар, ботақандар суреттері арқылы , кейін өздеріне эмблема болады)
1-уәзір. «Қошақандар» тобын ортаға шақырайық.
2-уәзір."Ботақандар" тобы ортаға шықсын!
Ханшайым: Құрметті сайыскерлер.Менің ең қасиетті, ғажайып затымды іздеулеріңіз тапсырылады. Ал сайысты қортындылайтын менің ең қадірлі, ең ақылды ұстаздарым болады. (әділ қазы мүшелерін сайлау--------------------------
Ендеше, сайыскерлерге «іске сәт» демекпін.
1-тур.

Әріптер жұмбағы.

Қос аяққа ұқсаған.

Тізесінен тұсаған  (А)

Қатар тұрған қос қазық ,

Қол ұстасқан достасып (Н)

Екі қолы таяқ бір

Мықынына таяп тұр (Ф)

Екі “К” көп күресті

Арқаларын тіресті (Ж)

Топ сақина секілді

Оң бүиірі кетілді (С)

Жалғыз таяқ болып тұр

Төбесінде доп тұр (І)

Ажырамас достай-ақ

Қолтықтасқан қос таяқ (Х)

Әріп десең бүйірі тоқ,

Сан десең салмағы жоқ(О)

2-тур.Қарлы ханшайым жұмбақтары 
1-уәзір.О,құдіретті Ханшайым! Қар елінен Қарлы ханшайым сізге опасыздық жасауға келіп тұр. Қарлы ханшайыммен шайқасуға рұқсат етіңіз! 
Ханшайым. Менің адал уәзірім.Сіздің қызметіңізге шүбәм жоқ. Қарлы ханшайым бұл жолы қандай жұмбақ жасырып сынағалы тұр? Соны білейік. 
Қарлы ханшайым. Ха-ха-ха! Менің жұмбағымды ешкімде шеше алмайды. Бұл жолы мен жеңіске жетемін! 
Ханшайым.Қателесесің , Қарлы ханшайым. Бұл істі шешетін менің мықты жасақтарым бар. Ерікті соларға берелік. 

Өздері білетін жұмбақ (бір-біріне жасыру)

Кішкентай ғана бойы бар, 
Айналдыра киген тоны бар (Қой) 
Кезекті бір жануар, 
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағысы бар, 
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)
Басында таяғы бар, 
Төрт аяғы бар. 
Сегіз құлағы бар, 
Иегінде сақалы бар. (Ешкі) 
Туа сап жүгіріп кеткен, 
Енесі қуып кеткен. (Құлын) 
Тікен-тікен тік пісте, 
Қысы-жазы бір түсті. (Шырша) 
Сөзі дана,үні жоқ 
Сөйлемейді тілі жоқ 
Қолыңа алсаң шешен, 
Ақылы асқан көсем. (Кітап) 
Бірі үлкен,бірі кіші, 
Туысқан бірге бес кісі. (Саусақтар) 
Тұмсығын балға етіп, 
Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ) 

Самағайды, 
Бірақ ізі қалмайды. (Бүркіт) 
Ұзын мұртты сарылар, 
Қойнында наны бар. (Бидай)

3-тур. Сандар жұмбағы.

Ала шапан киініп

Қарбыз жатыр үйіліп

Қарбыздарды шетінен

Санап шықтым екіден

Бесеу болды жұп саны

Нешеу болды түп саны (10)

Алдында үш балапан

Артында үш балапан

Ақ тауық пен балапан

Айтшы санын ,балақан (8)

Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане ,кім тез шешеді(5)

Талдан ұшты топ торғай

Емес бірақ көп торғай

Алдында оның бастаушы

Артында төртеу қостаушы

Ойың жуйрік болса егер

Торғай нешеу ,есепкер (5)

Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт ,айырып? (5)

Тал басында

Тізіліп

Он жапырақ тұр еді

Жел соқты да

Үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның

Жұлынып

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі (4)

Табақта бес алма

Қолымда 2 алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

Бір алма атама

Бір алма апама

Нешеуін алады,

Нешеуі қалады? (5)

4-тур .Сөзжұмбақ шешу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 














 

1.Аяғы бар ,басы бар

Арқалаған тасы бар

Бұл не ?

(тасбақа)

2.Жапалақтап жауады

Жердің бетін  жауады

Бұл не аппақ мақтадай ?

Қанекей кім табады

(қар)

6.Табаныма байладым

Қосаяқпен айдадым.

(шаңғы)

4.Өзі айлакер ,өзі қу

Жүрген жері айқай да шу

(түлкі)

5.Сол аяқпен оң аяқ

Кезек оны тебеді

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді.

(доп)

3.Ұрлап ішіп

Үйде сүтті қоймайды

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

(мысық)

 

5-тур Санамақ

2-уәзір.О,Ханшайым сізге ертегілер елінен Данышпан қарға келіп тұр.
Ханшайым:Данышпан қарға бізге қандай жұмбақ әкелдіңіз?
Данышпан қарға:Қымбатты балалар, мен сендерге әр түрлі санамақ айтайын .Сендер мұқият тыңдаңдар.

Кел ,санайық,санайық,санайық та табайық

Ойын бастаушы;Жаңа ойынды көрейік ,ойын аты санамақ

Санап талдап берейік,әрбір атты даралап.

Ал,санайық,санайық,ретіменен әдепкі

Құралдарды табайық,құрылысқа қажетті.

Балалар;

Балта,балға,бұрғы,егеу,күрек,сүргі,қашау,зембіл,ара,қайрақ,қалақ,қайла.

-Тоқта қайта сана

Жә,жә,жетті ,қанша болды бәрі?

Балалар;12 болды саны.

Ойын бастаушы;

Ойын шартын жаңалап,тағы ойнайық санамақ

Енді аң мен құстарды ,түгендейік саралап.

-Бүркіт,елік,үкі,қарға,құлан,түлкі,барыс,бұғы,тартар,шымшық,бұлбұл,арқар

Балалар;12 болды барлығы.

-Ал санайық,санайық мақсат мынау ондағы

Ағаштарды табайық,көпшілікке белгілі.

-Қарағай,қайың,шырша,үйеңкі,емен,арша,самырсын,терек,алма ағаш,долана,жиде,қарағаш,шие.

Балалар;13 болды бәрі.

Ал,санайық,санайық, сыныптағы қыздарды

Әдемі, Асель, Айшалина ,Айым, Айнұр, Жансая, Жанелия,Сая,Динара,

Мадина, Самира, Гулжанат.

Балалар;13 болды барлығы.

Ханшайым. Мінекей, менің шартымды орындап негізгі кезеңге де аяқ бастыңдар.Енді,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. 
Тапсырма.Жұмбақты шеш. 
Сандықты ашып көріп ем, 
Іші толған маржан екен. 
Маржандарын теріп ем, 
Білімді болып қалған екем. (Кітап) 
Ханшайым. Бәрекелді менің қадірлі сайыскерлерім. Мен жоғымды таптым, ол –Алтын кітап болатын. 

Ханшайым. Қадірлі қонақтар! Бүгін менің арманым орындалды. Жоғалған Алтын кітабымды тауып , қуанып отырмын.Оны табуға көмектескен жасақтарыма алғысым шексіз.Маған жасаған жақсылықтарыңызға көп-көп рахмет.Ендігі сөз кезегін менің ақылды әділ қазыларыма беремін. 

Қорыту. Жеңімпаздарды марапаттау.














































Мағжан Жұмабаев ауданы

4 Булаево орта мектебі














Бастауыш сыныптар онкүндігіне арналған іс-шара жоспары

Тақырыбы: «Жұмбақтар еліне саяхат»











1-сынып жетекшісі:

Габдулина З.Б.







Булаево қаласы



Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров349
Номер материала ДВ-130995
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх