Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауыш сыныптарға арналған отбасылық сайыс сценарийі

Бастауыш сыныптарға арналған отбасылық сайыс сценарийі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ынтымақты отбасы. (отбасылық сайыс)

Категориясы: Тәрбие сағаты Отбасылық сайыс «Ынтымақты отбасы» Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.

Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд – шоу(әкесі,анасы және баласы)

Барысы:

Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана

Қарсы алайық! Көркіне ақылы сай келетін

Әлішер мен Дана тәте ортамызда.

2.Таң қалдырар білімімен бәріңізді

Сыйлайды ол жасыңызбен кәріңізді.

Амир менен Диана да келіп қалды

Шақырамын қарсы алуға бәріңізді.

3.Әр кімге ақыл, білім жарасады

Нағыз адам халқыменен санасады

Сайысқа бар күшімді саламын деп

Алуа мен Апасы да таласады.


Сайыс кезеңдерімен таныстыру

1. Таныстыру (топтың аты, ұран)

2. Қолөнер сайысы (топтық сайыс)

3. Мақал - мәтел сайысы (топтық сайыс)

4. Баламның таңғы асы «Жылдам әрі дәмді» (аналар сайысы)

5. Сурет сайысы ( балалар сайысы)

6. Балалар сайысы (жауап бер «21ғ.көшбашшылар желісімен»)


Мұғалім:

Келді міне бүгін сынауға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.


І кезең «Таныстыру»

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға (5мин)

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді


ІІ кезең «Өнерлі өрге жүзер»

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз қолөнерлерін тамашалайық. Әрбір отбасы өз қолдарынан не жасай алатынын көрсетеді. (10мин)


ІІІ кезең «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Шебер болсақ, тіл байып,

Шешендіктер бір ғайып.

Мақал - мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)

2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)

3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)

4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)

5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)

6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)

7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)

8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)

9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)



ІV кезең «Баламның таңғы асы»

Ана деген тіршіліктің иесін

Сыйлайтынын адал бала білесің

Өмір балын тамызар да ерніңе

Шымырлатып еріткен бар жүйесін

Кірпігімнің әр қағысын санаған

Көз аудармай күндіз түні қараған

Айналамда жүргендердің бірінен

Бар ма анамдай тірлігіме жараған – дей келе келесі кезекті аналар сайысына береміз. Сайыс «Баламның таңғы асы» деп аталады. Аналарымыз ас мәзірін дайын қыламын дегенше қысқаша бейнеролик тамашалаңыздар.


V кезең «Сурет сайысы»

Ыстық - ау кім - кімге де ана деген

Суыққа шалындырмай мәпелеген

Өмірдің соқпағымен өрге тартып

Алдымен адам бол деп жетелеген

Жас едім өмірге еркін бойламаған

Күні ертең не боларын ойламаған

Шарықтап кетсем дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор адам қайда маған дей келе келесі кезекті сурет сайысына береміз. Сайыстың шарты бойынша сайысқа қатысушы топтар белгілі бір уақытта кез - келген тақырыпқа сурет салып беруі қажет.


VІ кезең «Балалар сайысы»

Ана - бала, бала - ана бір ұғым

Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты дей келе сайысымыздың келесі кезегін балаларға береміз

1. Дарц ату

2. Есептер шығару

Қорытынды: әділ - қазыларға сөз беру




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДВ-372071
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх