Инфоурок Начальные классы Рабочие программыБастауыш сыныптарға арналған "Сергіту сәттерінің" жинағы

Бастауыш сыныптарға арналған "Сергіту сәттерінің" жинағы

Скачать материал

 

                   Ақмола облысы

                Қорғалжын ауданы

 

 

Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәттерінің жинағы

   

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі

 

Турлыбекова .Г.К.

 

          

 


 1.     Доп, доп,

Топ, топ,

Допты қоямыз.

                Аяқпен тебеміз,

Доп жоқ,

Қап, қап,

Тап, тап!

 

2.     Қар-қар-қар,

Гули-гули-гули.

Сен қайда барасың?

Мен жем жеуге барамын

Мен де барайыншы?

-Жоқ

-ЫЫЫЫЫЫ

Жылама, жылама

Жүр екеуміз бірге барайық

 

3.     Түлкі-түлкі-түлкішек

Түнде қайда барасың?

Апам үйіне барамын.

Апан саған не береді?

Ешкі сауып сүт береді.

Оны қайда қоясың ?

Тал түбіне қоямын .

Ит ішіп кетсе қайтесің ?

Бақан ала қуамын.

Жеткізбесе қайтесің?

Жылап, жылап қоямын.

 

4.      Ал балалар тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарайық, солға қарайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

 

 

 

5.     Жел соғады,

Жаңбыр жауады.

Ағаштар  қозғалады.

Балалар тығылады.

 

 

 

6.     Орнымыздан тұрайық,

Шапалақты соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

 

 

 

7        Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

 

 

 

 

 

8.     Ұзын мұртты тышқан,

Келе жатты жүмыстан.

Алдына үлкен доп қойдым,

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады,

Тау екен деп ойлады.

 

 

 

9.     Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

 

 

10. Бала, бала, балақан,

Қане, біздің алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай, былай ойнат.

 

 

Топ – топ , топ - топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса – жаса, жарқын күн,

Жаса – жаса, алтын күн.

 

 

 

 

   11.    Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ!

 

 

.

12.      Ал балалар түрайық,

Әсем шеңбер құрайық.

Ирек, кайнар, құсқанаты

Өрнектерін құрайық.

 

 

 

13.      Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашайық,

Беске бесті қосайық.

 

 

 

 

14.      Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық ,

Қалтамызға салайық.

 

 

 

15.      Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Орнынан тұршы,

Бетінді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашынды тарашы,

Бізбен бірге ойнашы.

 

 

 

16.       Есікте тұр бір құлып,

Біз оны қалай ашамыз?

Созамыз,

Айналдырамыз,

Соғамыз,ашамыз.

 

 

17.     Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбеғр құрайық.

Тостағанда ою бар

Ботагөз, балта, тұмарша.

Әшекейлеп бояйық,

Төрге іліп қояйық.

 

 

18.      Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

 

 

19.      Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды

Кемпірқосақ ашылды.

 

 

 

20.      Қане,  қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық.

Орнымызға қонайық.

 

 

21.      Шаршасандар балалар.

                Қолдарынды созындар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарынды сермендер.

Денелерің шынықсын,

Саналарын тынықсын.

 

 

 

22.      Орнымыздан тұрайық,

Көгершінге ұқсайық.

Көгершін боп ұшып ап,

Қане, қанат қағайық.

Орнымызды табайық,

Әдемі етіп жазайық.

 

 

23.      Қолды белге қояйық.

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

 

 

 

24.      Орнымыздан тұрайық

Шеңбер жасап алайық.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

 

25.      Тік тұрам да

Қос қолмен,

Таянамын бүйірді.

Топылдатып аяқты,

Шапалақтап қолымды,

Басымды мен шұлғимын.

Құс қанатша қолымды

Екі жаққа жаямын!

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымды мен табамын.

 

26.       Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

 

 

27.      1,2,3,

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

 

 

 

28.      Кіріселік жазуға,

Жазудан бес алайық,

1,2,3 жинап алып күш.

Тағы қалам алайық,

Тап-таза етіп жазайық,

Көркем етіп жазайық.

 

 

29         1,2,3

Байға жинап күш,

Қолға қалам аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

Кілен «бестік» аламыз.

 

 

30.       Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақтың астына

Тығыла қой, көбелек.

 

 

 

31.      Ал қанекей ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзінді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?

 

 

 

32.      Ормандағы шыршада

Аюлардың үйі бар.

Бәрі ұйықтап жатқанда

Ұйықтамайтын қоңжық бар.

Мазалайды анасын

Маған тамақ берші деп,

Балық пенен бал керек

Бәрін әкел тезірек.

Әлди-әлди ұйықтай ғой,

Тезірек сен ұйықтасан,

Орындалар арманын.

 

 

33.      Биік болып өсеміз.

Шыршадай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап

Билеп-билеп аламыз.

 

 

34.      Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болады екен он саусақ.

 

 

.

35.      Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

 

 

36.      Күнге қарап қол созамыз 1,2,3.

Қызғалдақтай ырғаламыз 1,2,3.

Дөңгеленіп би билейміз 1,2,3.

Үлкен болып біз өсеміз 1,2,3.

 

37.      Гүлдер, гүлдеркөп гүлдер

Хош иісті топ гүлдер .

Жайқалып олар өседі.

Суық соқса, жел соқса,

Солып олар қалады.

 

 

38.                      Маймақ аю

Маймақ аю қорбандап

Келе жатыр орманда.

Тауып алып мол жаңғақ,

Тығындайды дорбаға.

Бір мезетте дәу жаңғақ

Маңдайына кеп тиді.

Ашу басқан ол маймақ

Ызаланып қомпиды.

 

 

 

39.       Балақан

Кіп-кішкентай балақан

Алға созып алақан,

Оңға, солға қарайды,

Саусақтарын санайды.

Ей, балақан, балақан,

Неге создың алақан?

Кел шапалақ ойнайық,

Секіріп қол соғайық!

 

 

 

40.      Мысығым

Мысығым ұйықтап жатқанда

Тышқан түсті қақпанға.

Мысық оны бас салды,

Кызық ойын басталды.

Тышқан, тышқан, қаш енді,

Бір айлаға бас енді.

 

 

41.      Біздер тату боламыз

Гул-гул жайнапжанамыз.

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.

 

 

 

42.      Жастар бұрын көрмеген,

Салт-дәстүрі өлмеген.

Үйренеміз жақсыны

Заманымды өрлеген.

 

 

 

43.      Біздер бүгін баламыз

Өсіп алға барамыз.

2030-шы жылдары

Біз де азамат боламыз.

 

44.      Көжектерім тұршы,

Беттеріңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай  жүрші.

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

 

 

 

45.      Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Секең-секең ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай-ма?

Секірмей-ақ кей уақ.

 

 

 

46.      Біз айнала тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз.

Жәй жүреміз алдымен,

Бірте-бірте тездетіп,

Жүгіреміз желдетіп.

Тағы жәймен жүреміз.

Тыныш-тыныш дейміз де,

Орнымызға келеміз.

 

47.      Сыңғыр-сыңғыр сыңғырла,

Құлағымда ырғала.

Саусақтарда сақина,

Санап көрші қанекей.

1,2,3

Демалайық жинап күш.

 

 

48.       Аю келеді,

Ары-бері ойнақтап.

Шапқылайды,

Қыл құйрығы шошандап.

Өзі өте ұрыншақ.

 

 

49.      Құлыншағым сүйікті,

Ертең өсіп тай болар.

Қуып жетіп жүйрікті,

Желдейесіп бәйге алар.

 

 

50.      Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку-ка-ре-ку тұр-тұрлап,

Оятады баланы.

 

51.       Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен оң саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

 

 

 

52.      Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқында,

Жем шашайын жейсің бе?

«Кәмпит берші» дейсің бе?

«Кәмпит бізге болмайды ас,

Тары, сұлы, бидай шаш».

 

 

53.      Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз,

Жаман бала болмаймыз.

 

 

54.      Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш,

Қуанамыз, күлеміз,

Бейбіт өмір сүреміз.

 

55.      Қолымызданұстайық,

Керегені жасайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақты құрайық.

 

 

 

56.      Тату-тәтті» достармыз

1-2-3

Қол шапалақтап,

Отырмаймыз босқа біз

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз,

Ән шырқап.

1-2-3

Қол шапалақтап.

 

 

 

57.       Алақанмен жылуды,

Айналаға таратайық.

Бір-бірімізбен қол ұстасып,

Бақыт, күлкі сыйласайық.

Жүректі біз ашайық.

Бақыт нұрын шашайық,

Барлық жақсы тілекті.

Сіздерге бір арнайық.

 

58.      Ал, балалар тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Орнымызда тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Бойымызға күш жинап,

Бір демалып қалайық.

 

 

59.      Секір, секір, секір деп

Ойнаймыз біз секірмек.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 көп тіпті.

Бір мүдіріс жоқ тіпті.

Қайта, қайта секіріп,

Шынығамыз жетіліп.

Десек те, ойын жайдағы,

Секірмек шын пайдалы.

 

 

60.      Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығуда сергіп қаламыз,

1,2,3жоғары қолды созамыз.

Жоғары, төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

 

61.      Кел, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Құстарға ұқсап ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

 

 

 

62.      Бір, екі, үш,

Дем алайық жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Дыбыс пен әріп жазайық.

 

 

 

63.      Табиғат біздің анамыз,

Аялайық бәріміз.

Табиғатты құрметтеп,

Қол соғайық бәріміз.

 

 

 

 

64.       Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

 

 

 

 

65.      Орнымызда тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұбамыз.

 

 

66.      Биік-биік жартасқа

Өрмелеп шығайық,

Көк аспанның таза ауасын

Жұтып дем алайық.

Ағаштар болып тербелейік,

Мөлдір бұлақ болып ағайық,

Құс болып қалықтап ұшайық,

Орнымызға ақырын ғана қонайық.

 

 

 

67.       Біз гүлдерше өсеміз.

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

 

 

 

68.      Мықты болса іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Сонда құт пен береке,

Деп жатады ел неге?

Бұл жөнінде ел біледі,

Шаңырақ пен керегені

Тұтастырып тұрады,

Қайыспайтын уықтар.

Ел таңбасы-шаңырақ,

Болды елімнің белгісі.

 

 

 

69.      Армысың, досым!

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Әлемге жарық ұқсайық,

Күннің нұрын алайық,

Қасымызда досымыз,

Құшақтасып алайық

 

 (Қолдарын жоғары көтереді.

Қолын бұлғайды.

Алақандарын бір-бірінің алақанының  

үстіне   қояды.Шеңберге тұрады.

Айналады.Қолдарын созады,

 құшақтасады.)

 

 

70.      Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада,

«А» дейді, «Б» дейді,

«Р»-ға тілі келмейді.

 

71.      Жаңбыр болып себелеп,

Бұлт болып көшейік.

Судай таза мөлдіреп,

Үлкен болып өсейік.

 

72.      Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бойымызды жазайық,

Айналаға қарайық,

Отырайық, тұрайық,

Тынығып  бір алаған соң

Әсем өрнек салайық.

 

 

73.      Қолыма қамшы аламын,

Атқа мініп шабамын,

Құрық сілтеп асауға,

Мен атамдай боламын.

Ақ айранды ішеміз,

                Күбіні де пісеміз,

Күнге пісіп арқамыз,

Диірменге тартамыз.

 

 

74.      Қарлығаштар қанатын,

Самғап, самғап ұшады.

Қоян менен көжегі,

Ытқып-ытқып шабады.

 

 

75.      Орнымыздан тұрайық,

Бетімізді жуайық.

Айнаға қарайық,

Шашымызды тарайық.

Үстімізді жөндеп,

Жолға жиналайық.

 

 

76.       Жел уледі у-у-у...

Құйын келіп биледі зу-зу...

Қатты, қатты жел соқты ду-ду...

Жапырақтар қол соқты ду-ду..ү.

Шыдай алмай жапырақтар ох-ох...

Билеп кетті қалтырап пах-пах...

 

 

77.      Сағатың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағатың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Сағатқа қарап ақ,

Жаттығу оңай-ақ7

Қақпаға туралап

Теп допты, оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Теп допты, сол аяқ.

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

 

78.       Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Ағаштарға су құйып,

Өсіреміз саябақ.

 

 

 

79.       Деміңді ішке тез ал да,

Өз қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Ұшбұрыш сыз ауада.

Сол қол да бос тұрмасын

Жаттығу жасап тыңбасын!

 

 

 

80.      Қаз қанатын жайды,

Аққу мойнын созды,

Үйрек келіп қонды.

 

 

 

81.       Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даламды.

 

 

 

82.                Сары бояу-сарғалдақ,

Қызыл бояу-қызғалдақ.

Жасыл бояу-жайлауым,

Іздеп барар арманым.

 

 

83.                Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.

 

 

 

84.                      Толғанса күштер,

Туласа күштер,

Тулайды теңіз тасынып.

Долданып дауыл,

Шыңдарды ауыр,

Қолтықтап ұшар биікке.

 

 

 

 

86          Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

 

 

 

87          Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады.

Көк қарағай, қарағай,

 Мейірбанды анадай.

 

 

88.          Ата шалқан егіпті.

Шалқан үп- үлкен болып өсіпті.

Ары- бері тартып еді, тартылмады.

Алақай!Тартып, жұлып алдық!

(Отырады.Тұрып, қолдарын

жоғары көтереді.

Ым арқылы апаның,қыздың,

иттің, мысық пен тышқанның

келуін көрсетеді.

Бірін – бірі ұстап тартады.

Қолдарын шапалақтап,

секіреді, қуанады.)

 

89.          Мен шиемін,шиемін,         

Күннің көзін сүйемін.        

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

               (бастарын қорғайды)

  (киеді)

  (қолдарын жаяды)

  (басын иеді)

 

90..        «Күнбағыс»

Таңертең де күнге қарап тұрасын,              

Түсте тағы күнге қарап тұрасың,                

Кеш болса да күнге бетті бұрасың, 

Сонда өзің, айтшы, кім боп   шығасың?   

Таптым, таптым,                      

Күнді баққан,                                       

Үкі таққан,

Күнбағыс боп шығасың.

 

             (  Бастарын алға,жоғары

артқа қаратып,

күннің бағытына

 қарай қозғайды.

Алақанын жайып,

қолдарын ақырын  көтереді.

Сұраған кейіпте шапалақтау

              Бір- бірлерінің  қолдарынан

              мықтапұстап жоғары көтеріп,

              күнбағыстың бейнесін келтіреді) .

 

 

 

91         .Біз гүлдерше өсеміз,

              Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Ары- бері ырғалған.

 

 

92.         «Шанырақ»

              Балалар шеңберді айнала ұстап

              төбелеріне көтереді.

Олар «уық» сияқты қөлдарымен,

             «шанырақты» мықтап ұстайды да,

түндіктен «көк аспан мен жұлдызды»

көреді.

              Көтеріліп шанырақ,

              Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп.

Бәріміз жүрсек айналып,

Кйіз үй боп көрініп.

 

93.         «Ботақан мен бұзау»

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау оған ереді.

Алға созып мойынын,

Ойнақтайды ботақан.

Көкке қарай мұрынын,

Шүйіреді бұзауқан.

 

 

94.         Тауық тары жинапты,        

Оны ешкімге қимапты.      

Бөтегесін толтырып,           

Камбасына құймапты.        

Қыста тауық қақылдап,      

Тары іздеп жүр тақылдап.  

 

.             (тары теру қимылын жасайды,

қолдарын айқастыру,

бүйірлерін ұстау,

басын шайқау,

              тауық сияқты дыбыс шығару,

              тауыққа ұқсап жүру).

 

 

   95      .Торғай болып ұшайық,

Ұшып- ұшып алайық.

Бүркіт болып аң аулап,

Қыран құс боп самғайық.

Қарға болып жорғалап,

Қар үстіне қонайық.

 

 

 

  96.        Сағаттың тіліндей, иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ , жаттығу оңай – ақ

 

 97.       Отырайық, тұрайық, ал , балалар, бір ауық,

Әріп сырын ұғалық, «А» -дегенде отырып,

«Б» - дегенде тұралық.

«А».....»Б» ....»А» .....»Б»....

Отырып тұр тағы да.

Қайталайық тағы да, барлығымыз қосылып:

«А» ...»Б» ....»А» ....»Б» ...

Отырып, тұр тағы да.

 

 

 98.      Ал, балалар, тұрайық, мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап.

Қане, жүзіп алайық, оңға, солға бір қарап,

            Денемізді бұрайық.

 

 

 

 99.      Қимыл – қозғалыспен әндетіп корсету.

Бас, иық, тізе, саусақ,бас, иық, тізе,

 саусақ , саусақ, саусақ

( саусақпен сыртылдату)

Көз, мұрын, қол, ерін, көз, мұрын, қол, ерін

( алақанмен шапалақтау)

 

100.     Коктем келді, құс келді,          

Ойнаймыз біз саз илеп

Біздің көлге түсті енді,            

Былтыр кеткен қаз – үйрек.    

Көк көйлегін киді жер,            

Шешіп ақ қар ішігін.              

Емірене сүйді жел,                 

Тал – теректің бұршігін.      

 

.           (Шеңбер бойымен жүреді.

тоқтап шеңбердің ортасына 

қарайды да.

            Қолдарын екі жаққа жайып.

            Ұшқан қаз үйректі бейнелейді,

             шеңбер бойымен жүреді,

тоқтайды

қолдарын жоғары көтеріп,

тербелтіп, желдің соққаның

бейнелейді).

 

 

 

 

101.     «Жұптар»

 Балалар бөлмеде еркін қимылдайды.

 Мұғалім нұсқау береді:  «Екіден бірігіңдер!»,

«Жұбыңмен оң алақаныңды біріктір:»,

            «Жұбыңмен арқаңды түйістіріп тұр!» және т.б.

 

 

102.    «Күн мен  Ай»

Балалар «жұлдыздарға айналып» ,

шеңбер құрады. Күн мен Айдың

бетпердесін  киген балалар ортада тұрады.

«Күндіз күннің жарығынан жұлдыздар

көрінбейді» деген сөздер айтылғанда

 «ай» мен «жұлдыз» отырады.

«Кеш батып, түн болды» дегенде

 «ай» көтеріліп, әуен дыбысы арқылы

 «жұлдыздар» өздерінің жарық

сәулесін түсіре бастайды .

(балалар орындарынан тұрып билейді)

Әуен біткенде күн көтеріліп ай мен

жұлдыздар орындарына отырады.

103.     Орнымызда тұрамыз,

            Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз,

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

 

 

104.     Қызыл, сары, көк шар,          

Қолымызда көп шар.                     

Әуеде қалқиды,

әніміз шалқиды.

 

(қолдарымен ауада шеңбер сызу)

қолдарын көтеріп анда – санда шайқау

екі қолды соғып орнында секіру)

 

 

105.    «Толқын»

Қатар, қатар тұрайық, қане, қанесұрайық.

Кімнің болса бойы ұзын, капитаны кеменің.

 

Балаларды үш –үштен шығарып

 ұзын бойды салыстыру арқылы өлшейді,

 ең ұзын бала капитан болады.

Капитанның артынан балалар

 бірінен соң бірі орнында

отырып – тұрып толқынды бейнелейді.

 

106.      «Айгөлек»

Айгөлек – ай, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін, дөңгелеп.

 

 

107.    «Құлыншақ»

Құлыншағым – құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

 

108.    «Пойыз»

Қане, кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың.

Қатар –қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Пш – пш – пш, баста алға,

Қарап қалма, аспанға.

Пш – пш – пш, пш – пш – пш.

 

 

109.    «Денсаулық жолдары»

Шөп үстімен жүреміз

             Сытыр – сытыр – сытыр,

Тас үстімен жүреміз

Тырс – тырс – тырс.

 

Шалшық сумен жүреміз

Шолп – шолп – шолп,

Жолдарменен жүремі

Топ – топ – топ.

 

 

110      «Үй»

Менде үлкен үй,                 

Ал көжекте кішкентай.      

Қоңжық кетті үйіне,           

Көжек болып секіре.

 

(Қолдарын көтереді,

отырады , қолдарын түсіреді,

орындарынан тұрып жүреді,

             секіреді).

 

 

111      «Гүл».

Балалар қолдарын көтеріп,

саусақтарын біріктіріп,

 жабылып тұрған гүлдердің

 бүршіктерін келтіреді.

 Жайлап саусақтарын ашып

, алақандарын жайып

«гүлдің ашылғанын» көрсетеді.

 Төмендегі тақпақты кайталату:

 

Міне гүлдің бүршіктері,

              Ашылады әдемі.

 

112.     Аппақ қылып өңірді,        

Қар жауды! Қар жауды!

Көңілді балалар,                           .

Қызығып секірді, секірді.           

 

           ( Алақандарын ашу.

Қолдарын сермеу.

Қолдарын шапалақтау.

Орындарында тұрып секіру.)

 

 

 

113.    Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейміз енді шыршаға:

-Қуант, бізді таңырқат,

-Шамдарыңды жарқырат!

 

 

114.     Тіктеп титтей құлағын,    

Ботам былай жүреді,                 

Сыртылдатып тұяғын,               

Бұзау былай жүреді.                  

 

            (Қолдарын бойына қояды

            ботаның жүрісін салады,

аяқтарын тыпырлатады,

бұзаудың жүрісін салады)

 

115.    «Қаздар»

Қаздар қанат қағады,

«Каңқ – қаңқ» деп дауыстап,

Ұшып – ұшып алады,

Жем шоқиды тоқылдап.

 

 

 

 

116.    «Ауа, от, су, жер»

Жер!  (балалар отырады)

Ауа(қолдарын жоғары көтереді)

Су!  (қолдарымен толқынды бейнелейді )

От!  (орындарында тұрып айналады)

 

 

 

 

117.    «Жай және жылдам»

Шапалақта қолыңды,

Жай, жай, жай! Міне, былай!

Шапалақта қолыңды.

Тез – тез – тез! Тез –тез – тез !

Алға қарай адымда,

Жай, жай, жай! Міне, былай!

Жолыңнан еш жаңылма,

Тез – тез – тез! Тез – тез – тез!

 

 

 

118.      Дөңгелене тұрайық,

Киіз үйді құрайық,

Кереге болып керіліп,

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

 

 

119.     Ұшқыш болып ұшайық,

Тігіншіге ұқсайық.

Дөңгелене би билеп,

Бишіге біз ұқсайық.

 

 

120.     Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын, қысқа жолдарды

Біліп біздер алайық.

Оң жақта да, сол жақта да,

Биік үйлер бар екен.

 

 

121.   «Күн ұйықтайдй»

Күн ұйықтайды.

Күн оянды.

Жел соқты.

            Жаңбыр жауды.

Бұлт түнерді.

Найзағай шатырлады.

Күн ашылды, жел басылды.

 

122.     Алақай – ау балалар!

Қандай жақсы жазғы ай?!

Гүлге оранды кең дала,

Келді ауылға көп торғай.

 

 

 

123.     Пеш түбінде мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

 

 

124.          Жайқалады ақ бидай,

 Басын иіп аққудай.

 Трактор мен комбайн,

 Жүргізуге мен дайын.

 

 

 

125.      Қозғалтамыз аяқты

           топ – топ –топ,

Шапалақтап қолымызды

хлоп – хлоп –хлоп.

Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,

Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.

 

 

 


                             Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1.     Бала мен балабақша.

2.     Мектепалды даярлық.

3.     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

4.     Бастауыш мектепте оқыту.

5.     Бастауыш мектеп.

6.     Мектепке дейінгі білім. Бастауыш мектеп.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныптарға арналған "Сергіту сәттерінің" жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі

Турлыбекова .Г.К.


1. Доп, доп,

Топ, топ,

Допты қоямыз.

Аяқпен тебеміз,

Доп жоқ,

Қап, қап,

Тап, тап!

2.Қар-қар-қар,

Гули-гули-гули.

Сен қайда барасың?

Мен жем жеуге барамын

Мен де барайыншы?

-Жоқ

-ЫЫЫЫЫЫ

Жылама, жылама

Жүр екеуміз бірге барайық

2.Түлкі-түлкі-түлкішек

Түнде қайда барасың?

Апам үйіне барамын.

Апан саған не береді?

Ешкі сауып сүт береді.

Оны қайда қоясың ?

Тал түбіне қоямын .

Ит ішіп кетсе қайтесің ?

Бақан ала қуамын.

Жеткізбесе қайтесің?

Жылап, жылап қоямын.

3. Ал балалар тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарайық, солға қарайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 267 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2018 6932
    • DOCX 57.9 кбайт
    • 87 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турлыбекова Галя Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турлыбекова Галя Кенесовна
    Турлыбекова Галя Кенесовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24002
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1485 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 763 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 256 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов