Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБастауыш сыныптарда ана тілін оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары

Скачать материал

Баймбетова Айгул Байшымыровна

Жамбыл облысы,Тараз қаласы,

И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназияның

қазақ тілі  мұғалімі

 

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары

Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Сондықтан, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сай туындап отырған қажеттілік. Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын жеке шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруі тиіс.

Білім мазмұны ақпарат көзі болып қана қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. бұл мақсатқа жету жолында оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз.

Оқыту барысында алдыма мынандай мақсат қойдым: оқытудың жаңа әдіс – тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгіштік, танымдық іс – әрекетіне, өмірге көз – қарасын қалыптастыру өз жұмыс тәжірибемде  дәріс беріп жүрген пәндерім бойынша алға қойған мақсатым: оқушылардың білімін іс – жүзінде пайдалана білуге үйрету. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Джон Дьюи «Білім еркіндікке барар жол: біз қоғам өміріне араласа отырып, өзгеше ойласақ, өз тәжірибеміздің нәтижелерін сараптай алсақ, басқалардың біздің өмірімізді басқаруына жол бермесек, жаңаны байыппен қабылдап, зерттеп, оның нәтижесін өз іс – әрекетімізді басқару үшін пайдалансақ, біз соншалықты еріктіміз» - дейді. Осы  бір қағидалы сөз қайсы бір білімді де саналы адамзатқа ой салары сөзсіз. Өзіме осы сөзді негіз ете отырып, ұлтымыздың қазіргі өзгермелі заманға бейімделген жастарын тәрбиелеп білім беруді нағыз болашаққа апарар жол деп білдім.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Оқытудың жаңа технологиялар мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидақтикалық талап секілді іс – әрекеттердің кешені ретінде пайдаланады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу –іс- әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технологияның түрлері қолданылады екен. Осындай жаңа технологиялардың бірі СТО бағдарламасын, күнделікті сабақ жоспарыма енгізіп келемін. Бұл бағдарламаның әдіс – тәсілдері оқушыларды тынымсыз іңзденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін, терең, жан – жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар.Көп ақпаратты талдай жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындау шарт:

1.     Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек

2.     Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру

3.     Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау

4.     Үйрену барысында оқушылардың бір – бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету

5.     Сын тұрғысынан  ойлауды бағалау

Ал, оқушыларға байланысты:

-         Сенімділікпен жұмыс жасау;

-         Бар ынтасымен оқуға берілу;

-         Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

-         Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет

Тек сонда ғана олар:

-         Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

-         Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес келеме?

-         Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Білім берудің маңызды шартты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту болып саналады. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларын жан – жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Мектепте білім мен тәрбие алу барысында бастауыш сынып  оқушыларының ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Іс жүзінде көріп жүргеніміздей, дәстүрлі оқу жағдайында  оқушылар бір – бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Ал топтық жұмыс кезінде оқушылар бір – біріне өз білгендерін түсіндіреді.

Өзімнің ана тілі пәні сабағын жүргізген СТО бағдарламасының «Рөлдерге ену» әдісінде оқушыларды 6 топқа бөле отырып топтық жұмыстың тиімділігіне көз жеткіздім. Алда осы ана тілі сабағымның толық барысымен танысасыздар. Осы жерде топтық жұмыстың тиімділігін атап көрсеткім келіп тұр.

1.     Сабақ үстінде тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге болады.

2.     Бір – біріне көмектесе жұмыс жүргізуге дағдыланады.

3.     Бірінің  білмегенін екіншісі толықтырып көпшіл болуға тәрбиеленеді.

4.     Сабақтың әрбір мазмұнын  тиімді пайдалану нәтижесінде, үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсалатын болады.

5.     Жеке – дара жұмыс жасап ізденетін оқушылар көптеп, яғни топпен бірге жұмыс істегенде шешуші бір мақсатқа, нәтижеге жететіндігін түсінеді. Өзара қарым – қатынастары нығая түседі.

Сто бағдарламасын сабақтарда пайдалана отырып көптеген міндетті мүмкіндіктерге жетуге болатындығын айта келіп, ана тілі сабағымның бір көрінісін әріптестеріме ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев. Балама хат

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп түсініп оқи отырып, Ж.Жабаевтың баласына жазған хаты, ондағы баласына берген рухани күш – жігері туралы мағлұмат беру. Қазақ батырлары туралы әңгімелеу.

2.Оқушылардың ой – өрістерін сөздік қорын, өз ойларын толық жеткізе білуін жетілдіру.

3.Патриоттық сезімдерін жетілдіре отырып, ұлтжандылыққа, өз Отанын қорғауға адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО жобасының, рольдегі оқушылар әдісі, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, баяндау

Көрнекілігі: Ж.Жабаевтың өлеңдер жинағы, Ж.Жабаевтың, баласы Алғадайдың суреттері, Ш.Мұртаза, Т.Рысқұловтың суреттері, рефераттар, теледидар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу

Ә) Зейіндерін сабаққа қарату

Б) Оқу құралдарын түгендеу

В) Психологиялық дайындық

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Кәне ортаға салайық

Гүліндей боп даланың,

Жайнап өсіп келеміз,

Салтыменен  бабаның

Иіліп сәлем береміз!

(Бәрі қолдарын кеуделеріне қойып қонақтарға сәлем береді)

Мұғалім:

Құрметті қонақтар сыныбымызға қош келдіңіздер!

-Балалар, бүгін біз үшін ерекше күн. Өйткені  сыныбымызға қала мектептерінен қонақтар келіп отыр. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді көрмекші. Бәріміз сабақта белсенділік танытып, тәртіп сақтайық.

ІІ.Үй тапсырмасын тиянақтау

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесін түсініп оқып келу және Тұрарға мінездеме беру.

Олай болса, үй тапсырмасына байланысты білімдерімізді сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетейік.

6 топқа бөлініп отырған оқушыларға сұрақтар беріледі,

1.     «Бала Тұрар» мәтінінің авторы кім, автор жайлы не білесіңдер?

2.     Тұрар оқитын сыныпқа кім келді?

3.     Келеген кісі нелерге назар аударды?

4.     Тұрар неге күдіктенді?

5.     Тергеуші неліктен  Атамырзаны есем Тұрарды таңдады?

6.     Тұрардың фамилиясында не мән бар еді?

Оқушылардың қосымша деректеріне  көңіл бөлінеді

Үй тапсырмасы бойынша бағалау

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Ал, балалар 6 олай болса жаңа сабағымызды бастайық. Алдымен мына сұраққа жауап беріңдерші. Қазақ тарихында және қазақ әдебиетінде «Жыр алыбы» атанған, бір ғасырдың куәсі болған ұлы тұлға кім? ( Оқушылардың жауабын тыңдау) олай болса Жамбыл Жабаев туралы не білетінімізді топтастырып алайық.

Жыр алыбы

 

             

 

Ж.Жабаев

 
Жамбыл обл.                                                     100 жасаған

Жамбыл тауы

етегінде туған                                                        ақын

 

(1846-1945) жылдары өмір                                  айтыскер ақын

сүрген

 

Ал енді Жамбыл атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабағымызда ақын атамыздың «Балама хат» өлеңімен танысамыз. Теледидардан Ж.Жабаев туралы көрсетіледі.

Ол үшін 6 топқа бөлініп отырамыз, 6 топ 6 рөлге енеміз. Бұл жерде мен реттеуші рөлін атқарамын

1-топ «Баяндаушы»                      2-топ «Зерттеуші»

3-топ «Сөз тапқыш»                     4-топ «Дәнекер»

5-топ «Сұрақ қоюшы»                  6-топ «Бейнелеушіі

Әр топтың атқаратын қызметтері түсіндіріледі.

«Баяндаушы» топ өлеңнің мазмұнын айтады.

«Зерттеуші» топ өздеріне әрі қарай  білгілері келетін жаңа мағлұматтарды табады.

«Дәнекер» тобы өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, өмірмен байланыстырады.

«Сұрақ қоюшы» топ, басқа топтарға сұрақ қояды

«Бейнелеуші» топ өлеңге байланыстырып сурет салады.

2. Балама хат» өлеңін әр топтан шумақтарға бөліп оқып шығады.

3.Әр топ өздеріне берілген рөлдерді орындайды

«Баяндаушы» топ өлең мазмұнын өз сөздерімен айтып береді.

Мұғалім: Олай болса өлеңді толығымен тыңдап көрейік. Осы топтың оқушылары оқып шығады.

«Зерттеуші» топ өлеңді оқи отырып, өлең жолдарында өздеріне таныс емес немесе тереңірек білгілері келетін жолдарды айтады?

«Сөз тапқыш» тобы өлең мәтінінен жүректі тебірентер сөздерді тауып оқиды.

Мысалы: есіңде, балам, бар шығар,

Айтқаным Отан әмірін:

Шегінбе жаудан, жанды сал,

Шешілмек содан тағдырың,

Айнымай балам антыңнан,

Әкеңнің тілін алыпсың... тағы да басқа жолдары қарастырылады,

«дәнекер» тобы өмірімен байланыстырады, яғни өзінің Отан алдындағы борышын өтеп жүрген баласы қолына қару алып жауға қарсы тұрса, Жамбыл атамыз қолындағы қаламымен баласына күш-жігер беріп,»жаудан қорықпа, сендердің жеңетіндеріңе сенемін» деп жігерлендірген. Оқушылар осы жерде қазіргі кездегі Отан қорғаушы жастармен олардың ата-аналарының балаларын әскерке жібергілері келмейтіндіктерін айтып өтеді.

5.«Сұрақ қоюшы» топ осы өлең мазмұны туралы және өмірмен байланыстыра сұрақ қояды. Басқа топтың оқушылары жауап береді.

6.«Бейнелеуші» топ өлең мазмұнына сай және Жамбыл атамызды, баласы Алғадайды бейнелеп, теңеу арқылы суреттерін салады. Салған суреттері бойынша өз ойларын білдіреді.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар әр бір рөлдің орындаушысы өздеріңе берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Сергіту сәті «Орамал тастамақ» ойыны. Әр оқушыға орамал тастай отырып, сұрақтарға жауап алынады.

-Өлең қай жылдағы оқиғаға негізделіп жазылған?

-Жамбыл атамыздың баласы кім екен?

-ХІХ ғасыр қазақ батырларын ата?

-ҰОС-ның батырларын ата?

-Жамбыл атамыздың қандай өлеңдерін білесің? (1-2 оқушыға оқыту)  

-Облысымыз қалай аталады?

Мұғалім жалпы оқушылардың ойын жинақтап шығады. Бұл өлеңде ақын атамыз соғысқа кеткен баласы Алғаддайдан хат алып, сол хатына жазған жауабын жырлаған. Алғадай ҰОС-на қатысады, бірақ соғыстан қайтып оралмайды. Алғадайдың артында Қуаныш атты ұл қалады. Өлеңде ақын баласына күш-жігер беріп. Жауларыңды жеңетіндеріңе мен сенемін деп жырлайды.

Ал, балалар, енді Абай айтқан екен «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, ақын-жазушы болмасақ та Жамбыл атамызға деген өз ойымызды хатымыз арқылы білдірейік, өлең шығарушылар болса қағаз бетіне түсірейік.

(Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды)

-Жұмысты орындап болған оқушылар оқып  береді?

ІҮ. Қорытынды

-сонымен, оқушылар, өлеңнен не түйдіңдер?

Оқушылардың ойын тыңдау

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңнің ұнаған жолдарын жаттау. Қосымша мәліметтер жинап келу. Сабақты аяқтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 208 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 771
    • DOCX 25.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймбетова Айгул Байшымыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баймбетова Айгул Байшымыровна
    Баймбетова Айгул Байшымыровна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29174
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека