Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Бастауыш сыныптарда білім беру үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың тиімділігі

Бастауыш сыныптарда білім беру үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың тиімділігі

библиотека
материалов

Бастауыш сыныптарда білім беру үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың тиімділігі

Шақа жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Рахимова Толкын Ныгметоллаевна



І. Кіріспе бөлім


Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында “Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып оқытудың қазіргі замаңғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейне материалдарын әзірлеу керек” – деп көрсеткен.

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - оқытудың жаңа технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.

Қазіргі қаманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру. әр сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасына елеулі әсер етуде.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отырады. Осыған орай мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде де әрекет етеді. Ақпараттық оқытудың тиімділігін төмендегі бағыттарға бөлуге болады:

  1. білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды;

  2. ақпараттық технология оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Қазіргі заманғы білім беру технологияларының іске асырудағы механизмдердің бірі – интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Ол оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болып табылса, ұстаз үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес ізденімпаздыққа үйрету құралы болып табылады.

Бұл тақта үш бағытта жұмыс атқарады:

  1. компьютер ретінде жұмыс жасайды, яғни электрон оқулықтарын үлкен экранда көрсете отырып пайдалануға, Интернет арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

  2. тақта “ActivStudio” бағдарламасы арқылы жұмыс атқарады, яғни керекті құралдар, суреттер, бейнехабарлар, дайындалған құжаттар, фигуралар, бояулар, карталар т.б. көптеген мүмкіндіктерді сабақта пайдалануға болады;

  3. жай тақта ретінде қолданылады, яғни тақтаның түр-түсін әрқилы өзгерте отырып, жазу тақтасы ретінде де пайдалануға болады.

Тәжірибеге сүйенсек, күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақта мен мультимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беруде.

«ХХІ ғазір мұғалімінің нобайы» оқушыларды оқытудың алуан түрлі әдістерін меңгеруі, яғни жай дәрісшеден ақпараттық білім беру қызметін ұйымдастырушыға айналуы керектігі» көрсетілген. Олай болса, оқытушылардың жаңа педагогикалық технолгия түрлерін, мақсаттарын, міндеттерін, олардың мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде іскерлікпен пайдалана білуге тиіс.


ІІ. Негізгі бөлім


Ақпараттық технологиялармен жаңа материалды түсіндіргенде, қайталағанда оқушылардың білімін, іскерлігін, әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен де жұмыс жүргізуге болады. Бұл технологияның тиімділігі – баланың өз бетінше ізденіп, шешім қабылдауына көмектеседі, басқа қарапайым технологиялық оқу құралдарына қарағанда оқушыларға жоғары сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық технологияларды сабақта жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз.

1) Сабақтарда слайдттардың көмегімен мысалдарды, есептерді, жаттығуларды, түрлі ойындарды, сөзжұмбақтарды, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, дидактикалық материалдар, сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушылардың білімін тексеруге болады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқынышы жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады. Өзіндік жұмыстарды орындағанда өзін-өзі бақылау қалыптасады.

Мультимедиялық презентациялар арқылы сабақ жоспарын құруға болады:

-слайд жасағанда сөздер саны неғұрлым өз болуы керек;

-тақырыбын нақты және үлкен шрифтпен жазылуы шарт;

-слайдта анықтамалар, терминдер, сөздер жазылуы керек;

-фон сызықтар көзге кері әсер еткізбейтіндей болуы керек;

-бір слайдта екі-үш минут кем уақыт болмауы керек. Өйткені, оқушылар назарын экранға аудырып түсіну керек;

-слайдпен қатар жүріп отыратын дыбыс қатты, оқушыны шаршатпайтындай болмау керек;

-басқа да негізгі нұсқауларды есте сақтап отырып, құрастыру.

Мысалы, қазақ тілі сабағының слайд түрінде өткізілген түрі: сабақ тақырыбы «Зат есімнік септелуі» СТО технологиясының «Қалпына келтіру» стратегиясы қолданылған.

hello_html_45d83696.png

















Жhello_html_2c144982.pngұмбақ шешкізу, жауабын септеп шығады:














2) Электронды оқулықтар – оқытудың автоматтандырылған процесі болып табылады. Электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады және оларды қазіргі уақытта ғалымдар мен озық тәжірибелі мұғалімдер жасақтауда. Біз озық электрондық оқулықты ғылым негіздері қамтылған ғылыми педагогикалық өнім ретінде қарастырамыз. Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

-кері байланысты іс-жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

-жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын күрт арттырады, сондай-ақ мұғалім өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады. Мысалы, 1 сыныпта дүниетану сабағында «Сезім мүшелері» тақырыбында электронды оқулықпен сабақ өткізілді.


hello_html_76e08915.png























3hello_html_6cbd3a31.png сыныпта математика пәнінен «Жазбаша көбейту» тақырыбында электронды оқулық тиімді пайдаланылып, жаңа тақырып оқушыларға жеткілікті жетті.



















3) Сонымен қатар, ақпараттық технология тек жеке даралықты қарастырмайды. Ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастыратынын айта кеткен жөн.


ІІІ. Қорытынды бөлім


Қорыта келе, әрбір сабақта осы озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер беретінін көруге болады. Кез келген сабақта тақырып бойынша «қандай жандай жаңалықтар шығуда, қандай жұмыстар атқарылуда» арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау, сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуінің кепілі.

Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану, өмір қажеттілігіне айналып отыр. Компьютерлік индустрияда технологиялар деңгейінің қарқынды дамуы білім беру үрдісінде кең мүмкіндіктерге жол ашуда.

Ақпараттық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасалады.






Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Бастауыш сынып» журналы – 2010 жыл;

  2. «Әдіскер мұғалім» журналы – 2010 жыл;

  3. «Бастауыш сыныптарды оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану» - Алматы, 2009 жыл;

  4. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» - 2013 жыл;

  5. «12 жылдық білім беру» 2008 жыл.






































Шақа жалпы орта білім беретін мектеп














Бастауыш сынып конференциясына баяндама


Тақырыбы:

«Бастауыш сыныптарда білім беру үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың тиімділігі»




Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Рахимова Т.Н.









2013 жыл

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-089082

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG