Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ» атты баяндама
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ» атты баяндама

библиотека
материалов

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ» атты баяндама




«Біз тәуелді болып, еңбектеп, басымызды иген-де халықпыз. Тізерлеп отырған да халықпыз. Біз халқымызға мынаны түсіндіруіміз керек: тіземіз ендігі жерде ешкімге бүгілмейді, бұдан былай ешқашан еңкеймейміз-де. Тік тұрған халқымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз. Тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді-де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек.»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі жас ұрпақ болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект-деңгейі жоғары, білімді-де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын еңбасты мәселесінің бірі — өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

Тәрбие — қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаныңжағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті — қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Педагогика ғылымында баланы тәрбиелеуде бірнеше бағытты басшылыққа алады, олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие,рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және отбасылық мәдениет.

Қазақстан мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен формаларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілік, өз елін сүюге баулап келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе-деболады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге «нұрлы, ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл сапалар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде аса қажет.Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның Отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі орталықтарында, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу — мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» — деген еді.

Жалпы «патриотизм» ұғымына тоқталар болсақ, қазақ энциклопедиясының 9-томында (1976) былайша сипатталған: ««Патриотизм» (грек. Patriotes —отандас, patris — отан, туған жер) — Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды.

Патриоттық тәрбиені ойға алғанда, бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Сондықтан осы түсініктің санада орнығуына байланысты патриотизмнің мынадай екі қырын көруге болады:

1. Отан туралы жалпы түсінік. Ол халықтың дамуы, тарихы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл күйі, дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді.

2. Патриотизмнің теориялық деңгейі. Ол — Отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеруі. Отанға қызмет көрсету турасындағы патриоттық идеялар, патриоттық мінез-қылық нормалары.
Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлтжандылыққа, елжандылыққа сыйғызамыз.

Олай болса, патриотизм — қоғамдық сананың бір формасы, ол тарихи және топтық категория бола отырып қоғам дамуымен бірге дамып жаңа мағынаға, мазмұнға толықтырылып отырады. Патриотизм — әлеуметтік тарихи қалыптасқан сезім. Ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, олай болса ол Отанға қызмет көрсетуден басталады. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен — тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін — адам болуымыз үшін, салт-дәстүр —ұлт болуымыз үшін қажет.

Патриоттық тәрбие — өлшемдер ретінде таңдап алынған, бірнеше бөліктерден тұратын сабақтас сапа. Оған мыналар жатады:

Өзін өз мемлекетінің азаматы ретінде сезіну.

Мемлекет рәміздері мен дәстүрлерді қастерлеу.

Қазақ халқының тарихын білу қажеттілігі.

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін түсіну.

Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизм негізі мұраттарына мән берілді. Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні — оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді басты мақсат етеді.

Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылады:

ана тіліне сүйіспеншілік — туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлеу және жаза білу; ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білу —оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;

туған жерге сүйіспеншілік — туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман-көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп-баптау -экологтік ая;

туған елге сүйіспеншілік — өз ұлтын сүю, Отанын сүю, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасыныңгүлденуіне үлес қосу — азаматтық сапа аясы;

өз отбасындағы сүйіспеншілік — ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу — кісілік қасиетқалыптастыру аясы;

Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру — ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзгеұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу — қатынас мәдениетінің аясы.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. Ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпыазаматтық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді. Бұл сияқты арман-мұраттардың орындалуына бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығы мазмұнында алынған балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары қызмет етеді. Мысалы, М.Әлімбаевтың «Сөз құдіреті» өлеңінде:

Бал қаймақтай тәтті сөз,

Қара тастай қатты сөз — деп сөздің кісіге қалай әсер ететінін жеткізсе, әрі қарай:

Сөз — ой-пікір шалқары,

Сөз-де адамға тартады, — деген шумақтан ана тілінің мәні, сөздің кісіге қалай әсер ететіні, сөз арқылы кісіні тануға болатыны түсіндіріледі. Қазақхалқы үшін тілдің қай кезеңде тәрбие құралы болғандығына мән беріледі.

Ақын Ә.Тәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңіндегі:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен-де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен-де бірге өшемін, — деген шумағында тілдің ұлттық, елдік мән-маңызы насихатталады. Бұған қоса, туған жер, туған ел тақырыптарынқозғаған Абай, Ыбырай, Жамбыл өлең-жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,Ғабит Мүсірепов сияқты, ақын жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» атты үзіндісінде: «…Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл бір түрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі-де тәтті…» деп келетін жолдар арқылы жазушы ауылдың мамыражай қалпын суреттеп қана қоймай баланың жан-жүрегін баурап алып, оны тебіренте түседі. Онан әрі «Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз…» деген жолдар оқушының намысын оятып, ойын ұшқыр, санасын сергек етуге жәрдемдеседі. Осылайша оқушының туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінігіне жеңіл шығарманың бірі — Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесі. Шығарманың негізгі ойы —«Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс — әркімнің өз мекені, өз жері екен» деп тұжырымдалған соңғы сөйлемде берілген. Алайда оқушыны шығарманың өн бойында әңгімеленген жәндіктер әрекеті-ақ ойға қалдырады. Әсіресе, борсыған иісі бар шалшықта жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтанның — «Иісі қандай жақсы — нағыз майбатпақ« — деген жауабы таңдандырады. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ, ол «әркімнің өз үйі —өлең төсегі» немесе «туған жер — алтын бесік».

Бастауыш сынып оқушыларының сана-сезімін оятып, зердесін дамытатын үздік суреттелген, мазмұнды көркем шығармалар болып табылады. Көркем шығармалар баланың мінез-құлқын қалыптастырып, олардың бойында адалдық пен әділеттік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пенқайраттылық, намысшылдық пен ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қанаөз Отанының гүлденуіне үлес қосып, қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.

Қорыта айтқанда көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесін қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру — өзекті-де, күрделі мәселе болып табылады.

Бүгінде «Мен патриотпын» деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, текөз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Ол ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады. Сондықтан әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.

А.Байтұрсынов: «Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады, бірінші — бай тілі, екінші — байтақ жері».

Философ А.Айталының «Ұлттану» оқу құралында «Ұлтжандылық — халық рухы және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты.Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар осындайұлтжандылығымен мықты» делінген.

Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны — байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі-де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше.

Қолданылған әдебиеттер:

Айталы А., Ұлттану: Оқу құралы. Алматы. «Арыс». 2000ж., 226-бет.

Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы. «Ғылым», 1999ж.,200-бет.

Сейдахметов Л. Оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру. «Қазақстан мектебі». 2001ж.

Буря В. И. Воспитание у детей и подростков чувства патриотизма и гражданственности. «Практическая помощь учителю», 2005 г., № 5, стр. 21–23.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-245138

Похожие материалы