Инфоурок Дошкольное образование Научные работыБАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТІЛ САБАҚТАРЫНДА КӨРКЕМ СӨЙЛЕУДЕ «ДИАЛОГ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТІЛ САБАҚТАРЫНДА КӨРКЕМ СӨЙЛЕУДЕ «ДИАЛОГ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Скачать материал

Найзабекова Г.М.


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТІЛ САБАҚТАРЫНДА КӨРКЕМ СӨЙЛЕУДЕ

«ДИАЛОГ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп көрсеткен.Олай болса,келер күнді бүгінгіден де нұрландырып, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім.

Мектептегі білім берудің бүгінгі таңдағы мақсаты- қоғам сұранысына сай бәсекеге қабілетті,ұлттық мәдениетті,әртүрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын,ақпараттық кеңістікке икемді,әрі тез бейімделетін жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.

Осы бағытта мектепте заман талабына сай жаңа педагогикалық технологиялардың философиясын меңгерген ұстаз ғана, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, оқу мүмкіндігін ескере отырып,инновациялық технология элементтерін ұтымды пайдалана біледі.

Бұл орайда жоғары оқу орындарымен байланыстың берер мүмкіндігі зор болғандықтан да, ол мектебіміздің басты назардағы жұмыстарының бірі болып отыр. Оқу жылы бойында жоғары оқу орындарының профессорлары, доцент, кандидаттары мектеп мұғалімдерімен, сондай – ақ оқушылармен тығыз жұмыс жүргізді.

Ел болашағы- білімді ұрпақтың қолында болғандықтан,келешекке кемел біліммен қадам басу жолында жеке тұлғаның табиғи қабілетін,нақты мүмкіндігін айқындап,соған негіздей оқыту-бүгінгі күннің басты талабы екені анық.

Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін- бүгінгі күні әр оқушының бойында –білім мен мәдениеттің басты негізі қалануы үшін ,қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру қажеттігі туындауда.

Ол үшін,ең әуелі,мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

«Диалог»технологиясына негізделген сабақ төмендегі сипатқа тән:

-зерттеушілік;дамытушылық, бағалау-бағдарлау.

«Диалог» формалы сабақ фильм, аудио мультфильмдерден тыңдағаны арқылы өзара ой талқы, әңгімелесу,монолог,диалогты көрсетуге мүмкіндік жасайды.Түрлі тақырыптағы кейіпкерлермен сөйлесу- диалог тәсілінде жиі қолданылады.

Мұндай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өздеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді.

Диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы -деп санаймын.

Диалогтік әдіс- сынып оқушыларымен талапқа сай:

1.Жұптық
2.Топтық
3. Ұжымдық түрде жүзеге асырылады.

Диалог-екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшіліктері болады;күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;ресми қарым-қатынасқа құрылуы;ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлілігі;сөйлемдердің ықшамдалуы;сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Тіл сабақтарында бұл ерекшеліктердің барлығын ескеріп қолданылу аясын жүйелі түрде жүзеге асыруға болады.Ол үшін:диалогқа қойылатын талаптарды білу қажет:сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу;айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіре алу.Технологиядағы ескеретін ерекшеліктер:

Диалогта ой ауысып отыратындықтан, әңгімелесуші оқушылар –бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болса,әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.)Диалог талабының бірі:

Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездеседі,сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беруді басты назарда ұстау.

Күнделікті тіл сабақтарында жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті жиі қолданып,әңгіме түрінде іске асырып келемін.Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік.

Өз іс-тәжірибемде,диалогтік әдісті қолдану арқылы оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру ,өзара пікір алыса білуге дағдысын қалыптасытырып, оқушының өз ойын өлең арқылы да жеткізу дағдысын қалыптастырдым.

Оқушылардың және өзімнің шығармашылық жұмыстарымның топтамасының түрлі дейңгейдегі баспа беттерінде үздіксіз жарияланып өз оқырмандарымен қауышуы-бұл жұмыстың нәтижесі –деп санаймын.

Диалогтік әдістің жүзеге асырылу жолының тиімділігі;әр сабақ сайын түрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыру,біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен анықталады.

Сынып оқушыларының еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше.Ол үшін бұл әдіс-тәсілдерді жүзеге асырудың тиімділігіне келсек;менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру-әдістері де көп көмегін тигізеді. Мектепте интерактивті тақта көмегімен электронды оқулықтағы түрлі тапсырмаларды көптеп тыңдату өз септігін тигізеді.

Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың көркем сөйлеу, тілі дамып ,шығармашылық қабілеті шыңдалады.

Диалогпен жұмыс үйде де жалғасады.Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар беруге болады.

Диалогтарды әр сабақ сайын қайталап тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет -деп ойлаймын.

Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.

Қорыта айтқанда ,мұғалім өз сабағында оқытудың озық технологиясын жүйелі қолданып, шығармашылық жұмысты жүйелі жүзеге асырса,оқушының тілі дамып, ауызекі сөйлеуі,сөздік қоры дамиды,білім сапасының артаныны сөзсіз.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТІЛ САБАҚТАРЫНДА КӨРКЕМ СӨЙЛЕУДЕ «ДИАЛОГ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 222 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2016 644
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Найзабекова Гульнара Мырзахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3702
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование: особенности обучения и воспитания детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста с отклонениями в развитии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 604 человека

Курс повышения квалификации

Компетенции тьютора и его роль в современном дошкольном образовании

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста

Специалист по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста (помощник воспитателя, няня)

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе