Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру»

«Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру»

Скачать материал

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектеп

 

 

Баяндама

Тақырыбы:  «Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру»

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Н.Маханова

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Тараз қ.2014ж.

 

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ САПАСЫН АРТТЫРУ»

 

Маханова Нұрбану Әбдіхалыққызы

Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектеп

 

«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың

ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды

жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру

 -  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...

Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» [1]     

                        Н.Назарбаев

 

   Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру көкейкесті мәселелердің бірі.

Елбасының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» жолдауында он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп айтылған болатын.

«Интерактивті»  сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді.

Білім берудегі  интерактивтік  технология  - бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе  бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен  шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз - өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік ( ағылшын,орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды, электрондық oқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. Бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген. [2]     

     Интерактивті тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни, бастауыш мектепте оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді. 

    Интерактивті тақта бастауыш сыныптар үшін өте қолайлы. Оқушылардың қызығушыларын арттыруда, сабақ барысында дидақтикалық материал түрінде қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген кезде мұғалімге түсіндіру барысында, оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші ретінде қолданылады. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына, өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой - өрісін кеңейту, біліктілігін нығайту. Бұл технология оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде ашылуы, оның жан – жақты дамуына табиғи әсер етеді. [3]     

Мысал ретінде өзімнің «Матиматика еліне саяхат» қайталау сабағында ақпараттық технологияларды пайдаландым, яғни интерактивті тақтаның тасымалдау, кітапхана қорын ашу, жазу, сызу және т.б, артықшылықтарын молынан қолдандым. [Слайд]     

Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы  оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи  объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Педагогтар XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің артуына тиімді әсерін береді.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.

Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг, курстар өткізілуде.

Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз. [4]

Мысалы, Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.

Мен, бастауыш сынып бірлестігінде осы мәселелерді қозғап, сыныптан тыс тәрбие сағаттарында, міндетті түрде осы мәселелер төңірегінде ой қозғау керек екендігін мұғалімдерге айтып, оқушыларды өзін-өзі жетілдірудің бірден-бір жолы жетістікке жетуге ұмтылу екенін түсіндіремін. Міне, осындай жұмыс түрлерін жүргізе отырып, бастауыш сынып мұғалімдерінің мәртебесін көтеруімізге болады. Барлығы да мұғалімдердің іскерлігі мен білімі, ой ұшқырлығы мен біліктілігі арқылы жүзеге асады.

Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиалық мә­тіндер жазылған бейне материал­дар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, анима­ция­ларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүм­кін­дігі мол. Бұл жан-жақты, дарын­ды әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір та­маша баспалдағы деуге толық негіз бар.

Жаңа техноло­гия­лар мен инновациялардың мүм­кіндіктері шексіз, артықшылық­та­ры орасан. Оған «оnlaine» режимін­де интерактивті байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткізуге болады.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген мұғалiм өзінің сабағында ақпараттық технологияларды пайдалануы олардың әлемдiк кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың кез-келген пәндi игеруге қызығушылықтарын арттырады.

   Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.

Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.

Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.

Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.

Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.

Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.

Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек  күттірмес талабына айналуда.

Интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу. Қашықтықтан оқыту формасына көшу. [5]

Электрондық оқулық және оның құрылымы

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттi бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды. [6]

Жаңа ақпараттық технологиялардың құралдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 Қорытынды

 Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.

 Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

 Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану - білім саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сондықтан сабақ үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану арқылы оның тиімділігін, ұтымдылығын көрсету мақсатында «Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру» атты баяндамамды сіздерге ұсындым, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Әдебиеттер тізімі:

1.      www.kitaphana.kz

2.      www.goo.kz/files/articles/art_2966.dos.

3.      www.petropavl.kz

4.      www.adamzat.kz

5.      Т. К. Кенжебаев, С.А. Көшімбетова «Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары», - Тараз 2004ж.

6.      www.adamzat.sabak.kz

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 1106
    • DOCX 70.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маханова Нурбану Абдыхалыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6974
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе