Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Бастауышым - балбұлағым" атты ертеңгілік. (4 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Бастауышым - балбұлағым" атты ертеңгілік. (4 сынып)

библиотека
материалов
hello_html_cd0192f.gif


Бастауышым балбұлағым!!!

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

1-жүргізуші: Аяжан

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Сұлтан

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сынып түлектерін ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

1-бастаушы: Сұлтан

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2- бастаушы:Аяжан

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз ,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

  • ХОР: «Ұстазым менің, ұстазым» 3 қыз айтады

1-бастаушы: Сұлтан

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Бастауышпен қоштасар тойымызға.

2-бастаушы:Аяжан

Бүгін тойды бастайық

Жырдан шашып мол шашу

Бастауышпен балалық

Бүгінгі бізде қоштасу.

1-бастаушы: Сұлтан

Қоштасу тойын бастайық

Ән мен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың

Әнмен шашу шашайық.

Аяжан:

Өнерліге әсем ән мен сән керек,

Өнегені қанжығаға өңгереді.

Рокн рол биін билегенде бишілер,

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.

  • Би: «Рок н рол» Мадина

15-оқушы:Айдана

Бізді үйреткен білімге жалықпастан

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз –шәкірт, біз- Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

1-оқушы:Нұрсұлтан

Бастауышым-бастамам

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам.

2-оқушы:Ақжол

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Аяжан: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Сұлтан?

Сұлтан :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Аяжан:Дұрыс айтасың Сұлтан, ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Сұлтан : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса ұстаз туралы өлеңдер тыңдап көрелік ұстаздарымызға арнаймыз!

3-оқушы: Әсел

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті .

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еі бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.




Аяжан: Фокус Батыр өз өнерін көрсетеді


1-Бастаушы:Бексұлтан

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

2-Бастаушы:Аяжан

Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан- мұғалім.

6-оқушы: Тимур

Білімнің қайнар бұлағы

Өмірдің жарық шырағы

Тұрағы өзің мектебім

Шәкірттің асыл қырағы

Нәріңді беріп құрғатпай

Сусаған шөлді қандырған

Сәулеңді шашып жүрекке

Жанымның отын жандырдың

Ән: «Армандастар» Нұрсұлтан, Берік, Еркеғали

7-оқушы: Жасмин

Аманат жүгін көтерген

Ұстаздық оңай іс емес

Шаршауын шәкірт өтеген

Ұстаздар осал күш емес

Ұстазым деген ұлы сөз

Жүректің берген бағасы

Мұғалім ұстаз бола алса

Баланың көп қой данасы

Сұлтан : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

8-оқушы: Олжас

Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім

Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім

Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің,

Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.

1-жүргізуші:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

2-жүргізуші :

Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!- дей келе

Ән: Заринаның орындауында «Ұстазға мың тағзым»

(көрініс) Батыр, Мейрамбек, Олжас, Нұрсұлтан, Олжас.

9-оқушы: Әйгерім

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.

10-оқушы: Еркеғали

Өзіңсің балауса көктемім

Мен сенен нәр алдым,көктедім

Өмірде алғашқы өткенім

Рахмет саған, бастауыш мектебім.



11-оқушы: Марсель

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын

Осы сырды үйреткен 4 сынып

Түстей боп міне бүгін артта қалды.

Аяжан:

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой үлкен ұлы әжелер

Ән: «Сағындым әже сағындым!» әні Әсел мен Раушанның орындауында қабыл алыңыздар

12-оқушы: Мадина

Армысың алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Аяжан: Мектеп, мектеп

Сұлтан: Аяжан дұрыс айтасың ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.

Аяжан : Олай болса Сұлтан алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін Аяулымның орындауында тыңдайық!

14-оқушы: Еркеғали

Аман болшы, ұстазым

Шәкірттердің бағына

Көріспей қалған кездерде

Күтеміз сізді құрметтеп

Иемін әркез басымды

Сіз берген білім нәрімен

Өмірге көзім ашылды.

1-жүргізуші: Бексұлтан

Мың бұралып билеген,

Аруды кім сүймеген- дей келе биші қыздарымызды ортаға шақырайық.

Би: «Қара жорға» Жасмин мен Айзада

16-оқушы: Батыр

Есімде екен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

17-оқушы: Раушан

Бастауыштан алдық біз білім нәрін,

Бар білімнің жинадық шырын балын

Бала деген ұстазға тартады екен,

Менің осы мектептен ұғынғаным,

18-оқушы: Шыңғыс

Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын ,ақылын

Мәңгі,мәңгі есімізде қалады.

2-бастаушы: Аяжан

Жақсы жырды жақ талмас жырлағанда,

Әсем ән нәр береді, сыр маған да.

Көрерменнің көңілі көкке жетер,

Анадай әсем әнді тыңдағанда.

  • -дей келе Шыңғыстың орындауында «Алтынсың ғой анашым» атты өлеңді қабыл алыңыздар.

19-оқушы: Аяулым

Арманым болып аңсаған

Мәңгілік қалдың мекендеп

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем мен.

  • Оқушы: Альбина

20-оқушы: Гүлбаршын

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

21-оқушы: Зарина

Анамыздай десекте

Әжеміздей десекте

Жарасады апайға

Тек жат қылық көрсетпе

Бірге ойнайды бізбенен

Бірге ойлайды бізбенен

Жұмбақты өзі шешеді

Шешуін біз білмеген.

Сұлтан:

«Пәндер айтысы» атты көрініс көрсетіледі.

Математика: Достар, жүріндер Ғылымға барып ақыл кеңес алып,Даудың төрелігін сұрайық.


Ғылым: (Марсель) Бұл не айқай, бұл не шу?


Математика(Еркеғали) тізерлеп амандасып,қолын көкірек тұсына қойып)Ғылым аға,біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.


Ғылым: (Марсель) Ендеше баяндаңдар.


Математика: (Еркеғали) Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше.Өйткені адам баласына керегі мен.Мен есеп болмасам,адамдар сағатты,сауданы,жерді,т.б.ғалымдар есебін қлай есептей алады.


Ана тілі: (Батыр) Жоқ.мәртебелі Ғылым,адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры,тіл байлығы,сөйлеу,тілдесу мәнін білмес еді.


Қазақ тілі: (Ақжол) (жүгіне отырып,қолы көкірек тұсында)Қазақ тілі болмаса дауысты,дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді.Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді.Буын-жұрнақты ажырата алмас еді.мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Орыс тілі: (Тимур) (Басын иіп) Ғылым тақсыр.менің айтар датым бар.Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ?мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып,ресми тілде сөйлеп,орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шындап жатыр емс пе?


Дүниетану: (Олжас) (нәзік кейіпте)Ал,мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып,денсаулығын нығайтып,табиғат аясында тынығып,салауатты өмір салтын құра алады.мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?


Дене тәрбиесі: (Мейрамбек) (бір-екі спорттық қимыл көрсетіп)Қымбатты достар,барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым.сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы,шымырлы болу керек қой.


Ғылым: (Марсель) Өзін-өзі тану,сен неге үнсіз қалдың?


Өзін-өзі тану: (Айбек) Мен достарымның сөздерін тыңдап қайран қалып тұрмын.Ақыры бір-бірімізбен байланысты екнбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жәйім бар.Олай болса,адам баласына тазалық,әдептілік,мәдениетті сөйлеу,сыпайы,тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.


Ғылым: (Марсель) Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым.десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екндеріңді ескертемін.Адамдар таза ауада тынығады,дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерге іс-сапарда болады,білімдерін шыңдайды,есеп арқылы қазына қорын молайтады,өз бойына мәдениетті қалыптастыру арқылы рухани мәдениетті қалыптастыру арқылы рухани мәдениетті қалыптастырады,бәріңіз де бір-біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар.Сондықтан «біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін»деген ұранды қағида етіп,татулықпен тарқасайық,достар!

29 оқушы: (Марсель)

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

30 оқушы: (Еркеғали)

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

31 оқушы: (Ақжол)

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Басқа апай бағалар.

32 оқушы: (Олжас)

Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.





Сұлтан: Хор: Мектебім аяулы мектебім





Аяжан: Ұстаздарға арнау.

1. Мадина

Білімділік-тіршіліктің тірегі,

Сандуғаш апай тереңнен түсіндіреді.

Сөйлегенде мәдениетті тілменен,

Барлық жанның елжіреген жүрегі.

2. Айдана

Жұмыста ылғи қайсарлы,

Көрмейміз мұндай жайсаңды.

Ұжымның мықты ұстазы,

Венера апайды айтсайшы.

4. Аяулым

Еңбек сырын үйреткен,

Шын көңілмен жүрекпен.

Әлібек ағай керемет,

Сабақ берген еңбектен.

5. Гүлбаршын

Шарзия апай орыс тілін дамытқан,

Ойландырып ой сананы дамытқан.

Баршаңызға тілеріміз- жақсылық,

Арналады өлең атты шабыттан.

7. Әсел

Жетілдіріп жеткіншектер білімін,

Сырын ашқан әніменен жырының

Мырзаш ағай еңбегіңізді бағалап,

Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.

5-оқушы: Раушан

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен

Ұстаз әнің жаңғыртып айтып тұрып.

Аяжан:

Ән: «Ұстазым» Жасминнің орындауында

22-оқушы: Берік

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

23-оқушы: Мадияр

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен

Күллі шәкірт басын саған иеді.

Сұлтан:

  • Сыныбымыздың домбырашысы Айзада оркестрмен : «Еркемай» әнін орындайды. Ендеше барлығымыз тыңдап көрелік.

24-оқушы: Мейрамбек

Мейірлі жандарды көргенде

Шарықтап биік қиялым

Анадай ұстаз мектебім

Алғысым айтар көп менің.

25-оқушы: Айбек.

Бастауышым тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Мұнда жақын туыстық

Мұнда тұңғыш дос таптық


26-оқушы: Айзада

Мектеп – үйім, Ұстаздарым ата – анам

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Хор: Ең соңғы қоңырау. Вальс шығады

1-жүргізуші: «Атамекен» әнін Жасминнің орындауында қабыл алайық!

Сұлтан:

Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,

Бізге үйреткен тәрбие мен тәлімді.

Қаламқас апай ісіңізден бақ тауып,

Шығардыңыз талай талант өнерді. – дей келе Сөз кезегін директордың оқу ісінің меңгерушісі Қаламқас апайға береміз.

Аяжан:

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Гүлнар апай осындай.-дей келе сөз кезегін Медеуханқызы Гүлнар апайға береміз.

Сұлтан

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның. – дей сөз кезегі Салтанат апайға беріледі.

Сұлтан: «Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен. Олай болса жарық дүние сыйлаған аналарымызға сөз кезегін береміз.

Аяжан: Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтар тілегін де - дей отырып сөз кезегін ардақты ұстазымыз Анар апайға береміз!

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Диплом тарату.

Аяжан: Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау,

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.

Сұлтан:

Алдында ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман - есен болыңдар - дей келе бастауышпен қоштасу кешін аяқтаймыз! Хош сау болыңыздар!




1-бастаушы

2-бастаушы

Музыкамен оқушылар кіреді.

Ән: «Ұстазым менің, ұстазым» Зарина, Айзада Жасмин

Би: «Испанский» Мадина, Алина

Батыр «фокус» көрсетеді

Ән: «Армандастар» 3 ұл айтады

Ән: «Ұстазға мың тағзым» Зарина (көрініс)

Ән: «Сағындым әже, сағындым!» Раушан мен Әсел

Ән «Мектебім» Аяулым

Би «Қара жорға» Жасмин мен Айзада Мадина

Ән «Алтынсың ғой анашым!» Шыңғыс

Квн: «Пәндер айтысы»

Хор: Мектебім аяулы Мектебім

Ұстаздарға арнау. Тақпақ

Ән: Ұстазым Жасмин

Оркестрмен ән: «Еркемай» Айзада

Мектеп вальсі

Хор: «Ең соңғы қоңырау»

Ән: «Атамекен» Жасмин


Диплом тарату.

Ұстаздарға сөз беру құттықтаулар

  1. Қаламқас апай

  2. Гүлнар апай

  3. Салтанат апай

  4. Ата-ана сөзі

  5. Анар

Диплом тарату


Құрметті ата- аналар, ұстаздар!

Сіздер Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын, сонымен қатар қадамдарың құтты болсын!» Сендерге тек ақ жол тілеймін!


Ұстаз тілегі:


Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


Диплом тарату.




Ұстазым менің, ұстазым


Ұстазым менің, ұстазым

Білімнің нәрін берген

Ұстазым менің ұстазым

Тәрбие тәлім берген.


Қайырмасы:

Ұстазым менің ұстазым

Ақылшы дана өзіңсің

Ұстазым менің ұстазым

Өмірде дара өзіңсің

Ұстазым менің ұстазым

Баршаға үлгі өзіңсің

Ұстазым менің ұстазым

Құрметке лайық өзіңсің


Ұстазым менің, ұстазым

Шәкіртпін өзіңе ерген

Ұстазым менің ұстазым

Ілім мен білім терген.


Қайырмасы:


Алтынсың ғой анашым!


Айналдым ана деген асқақ аттан

Ұлыңмын атқа мініп көкпар шапқан

Бүгінгі бұл мереке сіздердікі

Мейрамың құтты болсын болып жатқан.


Қ-сы:

Сенің анаң алтын

Менің анам алтын

Құлпыра бер қарындасым

Аман болып жалпың

Ақ жеңгейлер әні

Сұлу қыздар сәні

Аналарды құттықтап

Қол соғыңдар бәрін.


Біз түгіл пайғамбарда ұлы анадан

Қыз мүсін ару ана қынамадан

Тағасы тіршіліктің адам ата

Жар болған ана есімді бір-ақ адам.



Армандастар

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік

Бәрімізде жазылмаған дастан едік.

Қайдасыңдар - құрдастар.


Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?


Арман қуған қиял қуған кезің қайда?

Құрбы қыздар мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған кезің қайда?

Армандастар құрдастар.


Қайырмасы:


Бәрің достар әр тарапқа кеттіңдер ме?

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?

Қайдасыңдар, құрдастар?


Қайырмасы:



Алтынсың ғой анашым!

Айналдым ана деген асқақ аттан

Ұлыңмын атқа мініп көкпар шапқан

Бүгінгі бұл мереке сіздердікі

Мейрамың құтты болсын болып жатқан.

Қ-сы:

Сенің анаң алтын

Менің анам алтын

Құлпыра бер қарындасым

Аман болып жалпың

Ақ жеңгейлер әні

Сұлу қыздар сәні

Аналарды құттықтап

Қол соғыңдар бәрін.

Біз түгіл пайғамбарда ұлы анадан

Қыз мүсін ару ана қынамадан

Тағасы тіршіліктің адам ата

Жар болған ана есімді бір-ақ адам



«Ұстазым» Д.Қырықбаева

Тыңдаған көңілдегі толғамымды,

Шынығам тәрбиемен талғамымды

Өмірдің маған сыйы деп білемін

Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.

Талпынған балапан ем ұядағы

Қырандай жетілдірдің қиядағы

Ұстазға деген ыстық сағынышым

Бір әнге қалай ғана сия алады.


Қайырмасы:


Ұстазым менің

Қамқорым едің

Баулыған асыл өнерге.

Жүрегің дархан

Өзіңнің арқаң

Биікке шықсам егерде.


Өнердің мен білмейтін қатпарларын

Жаныма сіңіргенше тоқталмады

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

Қайырмасы:

Ұстазым менің

Қамқорым едің

Баулыған асыл өнерге.

Жүрегің дархан

Өзіңнің арқаң

Биікке шықсам егерде.


«Мектебім» Бота Бейсенова

Мектебім, аяулы мектебім,

Өзіңсің – өмірдің көктемі.

Нәр алып, қолымды созамын

Арманға көктегі.

Мектебім, келеміз тағы да

Күн сайын өзіңді сағына

Сыңғырлап соғылды қоңырау

Бар бала бағына.

Қайырмасы:


Мектебім, аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы

Нәр алып келемін.

Мектебім, аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы

Нәр алып келемін.

Келеміз қуаным біз дәйім

Мектебім, сен жайлы жыр дайын.

Айқара есігін ашады.

Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзіңді сүйемін

Білімді санама түйемін

Аяулы ұстаздар алдында

Басымды иемін!


Қайырмасы:


Ұстазым.

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын

Есімде әліппені жаттатқызып

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаны


Қайырмасы:


Ұстазым менің, ұстазым

Өзіңмен өткен қыс жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің, ұстазым.


Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.


Қайырмасы:


Атамекен

Жасыл жайлау, - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем!


Қайырмасы:

Қайда жүрсең Атамекен,

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен.


Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Асқар тауы аспанымен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.


Қайырмасы:


Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем!


Қайырмасы:








Ең соңғы қоңырау


Балғын шақ пәк күндер

Бұлдырап сағымдай

Қоштасар сәттің де

Жақындап қалған-ай


Балдәурен көктемім

Өткен шақ аралы

Сүйікті мектебім

Қия алмай қарадым

Жас толы жанарым

Гүл толы омырау

Сыңғырлап барады

Ең соңғы қоңырау



Алғысым көп менің

Аяулы ұстаздар

Мәңгілік өтемін

Болып мен қарыздар





Қызыл диск

  1. Мектебім –

  2. Мектебім +

  3. Анадай асыл мектебім +

  4. Анадай асыл мектебім -

  5. Мектебім сағынышым -

  6. Мектебім сағынышым +

  7. Мектебім аяулы мектебім

  8. Мектебім аяулы мектебім

  9. Мектеп вальсі - (көктем келді далаға)


Жасыл диск

  1. Ұстазым тұлғаңды +

  2. Ұстазым тұлғаңды -

  3. Ұстазға мың тағзым +

  4. Ұстазға мың тағзым -

  5. Ұстазым ғалымда, шахтерда -

  6. Ұстазым Қырықбаева -

  7. Ұстазым қырықбаева +

  8. Ұстазым -

  9. Ұстазым +

Ақ диск

  1. Ең соңғы қоңырау +

  2. Ең соңғы қоңырау -

  3. Ұстазм менің +

  4. Ұстазым менің -




Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп
















Тәрбие сағаты




















Сынып жетекшісі: Байсадыкова А.Б.









«Мектебім»

Мектебім, аяулы мектебім,

Өзіңсің – өмірдің көктемі.

Нәр алып, қолымды созамын

Арманға көктегі.

Мектебім, келеміз тағы да

Күн сайын өзіңді сағына

Сыңғырлап соғылды қоңырау

Бар бала бағына.

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы

Нәр алып келемін.

Мектебім, аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім.

Өзіңсің білімнің бұлағы

Нәр алып келемін.

Келеміз қуаным біз дәйім

Мектебім, сен жайлы жыр дайын.

Айқара есігін ашады.

Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзіңді сүйемін

Білімді санама түйемін

Аяулы ұстаздар алдында

Басымды иемін!

Қайырмасы:





Ұстазым менің, ұстазым


Ұстазым менің, ұстазым

Білімнің нәрін берген

Ұстазым менің ұстазым

Тәрбие тәлім берген.


Қайырмасы:

Ұстазым менің ұстазым

Ақылшы дана өзіңсің

Ұстазым менің ұстазым

Өмірде дара өзіңсің

Ұстазым менің ұстазым

Баршаға үлгі өзіңсің

Ұстазым менің ұстазым

Құрметке лайық өзіңсің


Ұстазым менің, ұстазым

Шәкіртпін өзіңе ерген

Ұстазым менің ұстазым

Ілім мен білім терген.


Қайырмасы:



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров229
Номер материала ДВ-483433
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх