Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Бастауышым - балбұлағым" ертенгілік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Бастауышым - балбұлағым" ертенгілік

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Бастауышым-Балбұлағым»

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

          Көрнекілігі: жазылған сөздер:

          «Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

          «Білім кілті – бастауышта» - слайд тақырыбы.

          «Қына тасқа бітеді,

          Білім басқа бітеді.»

          «Оқусыз – білім жоқ,

          Білімсіз – күнің жоқ»

          «Оқу- білім бұлағы,

          Білім- өмір шырағы.»

          Мұғалімнің кіріспе сөзі:

          Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

          Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпта  білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

 1-бастаушы: 

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

          2- бастаушы:

          Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

          Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

          Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

          Қыран құстай болашағын мәпелер.

          Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

          Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

       Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

      

Нұрлан: Диас, қандай қызық, біз енді 5 сыныпты аттағалы отырмыз. Осы бастауыш сыныптағы өмірімізді есімізге алсақ, қандай тәтті кезеңдер деп тамсанамын.

Диас: иааа, біз үшін осы 4 жылғы білім жолындағы өміріміз мәңгі есімізге сақталатыны анық.

Нұрлан: ендеше осы соңғы жылымызды қалай бастағанымызды есімізге түсіріп көрейікші

Диас: әрине, есімізде, біздің ең сүйікті қадірлі Асем апайымыз 1 сыныптан бүлдіршін кезімізден 3 сыныпқа дейін алып келді емес пе? әріп танытқан , сауатымызды ашқан Шахаргүл апайымыз да бар. бұл ұстаздардың еңбегін елеп ескермеу мүмкін емес.

Нұрлан: мың алғыс сіздерге ҰСТАЗДАР!!!!


Диас: Ал, жыл басын біз « Алтын күзбен» бастаған болатынбыз. Бас жүлде жеңіп алып, мәз майрам болғанбыз.


1 бастаушы:

Күз басталса, мереке ғой бәрімізге

Күздік жеміс, күздік оқу тәліммізге

Алтын күздің кешіне бір барып алып,

Өнеріне тамсанайық жас кәрімізде

Би : «Жемістер биі»


Диас: : Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.


Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Мәнерлеп оқу кеші: Айгерім, Әділет С., Еркебұлан


Нұрлан: Диас, қандай керемет! Мұндай өлең сөздерінен кейін мен тіпті жылап жібере жаздадым. Айдана апайымыз өлеінің сөз мәнісімен оқып үйреніңдер деп айтушы еді, біз үйренген сияқтымыз,ә?

Диас: иааа...мұның дүрыс! Ал енді жаңа жылда билеген биімізді өзгертілген түрінде тамашаласақ қалай қарайсың?

Нұрлан: ал, қанекей!


Би: « Флешмоб» Жаңа жыл биі


Диас: нұрлан, осы біздің сыныпта би де бар, оқуда бар, әнін неге тыңдамаймыз?


Нұрлан: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Ән: Балжан, Диас , С.Әділет «_____________________________ »


Нұрлан: көктем. Күн жылынып, жер бусанатын кез. 22 наурыз - Қазақ халқының Жыл басы. Бұл күнде күн мен түн теңеледі емес пе?

Диас: Иаа, биыл, биыл Қазақ Ассамблеясына 20 жыл болғаны да рас. Бізде мектебімізде өз үлестерімізді қостық. Қане, Нұрлан соны байқап көрейік?


Би: Қазақ биі « Балдаурен » және «Жігіттер » биі


Диас: Кең далалы, кең тілді қазақпыз

Құл емеспіз еркін елміз азатпыз

Қас тағдырдың қабағына көнбейміз

Ел намысын ешбір жауға бермейміз

Сертің осы азат жігіт азат қыз


Ән: Ақерке, Нұрасыл, Еркебұлан « __________________________________»


Нұрлан: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.


Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.


Вальс: Оқушылар биі


Диас: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Бәрі: « Ұстазға мың Алғыс!!!»


Хор: « Ардақты ұстазым» « мектебім менің мектебім »


Қолдарындағы шарларды көтеріп, « Қош бол бастауыш балбұлағым! »


Ұстаз тілегі:

Ата аналар тілегі :

Мектеп директорының құттықтау сөзі

Марапаттау рәсімі


  

1-оқушы: Жанель

         Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

         Айқара есік ашып тастағаны

         Бір мереке думан боп осы маңда

         Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

         Енді міне, сағымдай боп өте шықты

         4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

         Ұстаз ана жасады мына бізден

         Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

        2-оқушы: Камал

          Үйретіп бізге алғаш әліппені,

          Ұстазым ғылымға жол салып берді.

          Адамның ой-арманы мақсаттары,

          Оқудың сәулесімен жарық көрді.

       3-оқушы: Мадияр

           Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

           Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

           Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

           Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

      4-оқушы: Алтыным

           Жүзің жылы, құшағың кең

           Сенен түлеп ұшамын мен.

           Өзің берген біліміңмен                 

           Биіктерге шығамын мен.

     5-оқушы: Бекзат

            Ақылшы асыл ұстазым

            Өзіңе мен де ұқсармын.

            Жеткенше қайрат күш-әлім

            Биікке самғап ұшармын.

  2-бастаушы:  «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

6- оқушы: Самат

Оқындар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген, ұстаздар.

Ән арнадық, арнайы,

Тағзым ете, ұстазға!

 Ән (хормен) «Ұстазым».

    7-оқушы: Рахат

             Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

             Менің де көкейімде із қалыпты.

             Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

             Ерінбей үйреттің де әр әріпті  .

             Қоссаңдар бірді екіге  үш болады-

             Деуші едің,-біліммен күш толады.

            Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

   Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

1-сыныпта жазған дәптерлерінді сақтап қойған болатынмын, соны өздеріне ұсынуға рұқсат етіңіздер. 1-сыныпта жазуларын қандай болғанын көріп, тамашалаңдар.

8- оқушы: Өтеген

Дайындық топта оқытқан

Есімі бізге қымбатты

Ұмытпаймыз Әсия апайдың

Тал бойын әсем, сымбатты.

Дайындық топта оқытқан Әсия Шабданқызына сөз берейік.

9- оқушы: Алуа

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.

Санай ашып «Әліппенің» парағын

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.

10- оқушы: Гүлзат

Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім

Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,

Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.

11- оқушы: Томирис

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім.

Шәкірттің асыл қырағы.

12- оқушы: Аслан

Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

13- оқушы: Дархан

Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Мектебім»

1) Тамашадан үзінді: «Қазіргі алфавит»

2) Тамашадан үзінді: «Әжесі мен немересі»

3) Өтегеннің орындауында ....................

1-бастаушы:  

Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.

4) Би: «Қыздардың  биі»

5) Тамашадан үзінді: «Танысу»

6) Күй тарту

7) Ұлдардың «Каратэ көрсетуі»

2-бастаушы:  

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып.

Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,

Жүрген соң адам деген атақты алып.

Оқушыларға өз портфолиоларын ұсынамын, мұны жоғалтпай 5 – ші сыныпқа дейін сақтандар.

Ән«Армандастар»

«Білім кілті – бастауышта»  атты- слайдқа назар аударсақ.

Ата – аналарға сөз.

1-бастаушы:  

Қағылды міне әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау.

Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,

Шындық па осы япыр-ау!

Соңғы қоңырау соғылады.

Қорытынды:  Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңдар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров345
Номер материала ДВ-530050
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх