Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!(4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)

Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!(4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Бастауышпен қоштасу.docx

                        Бастауышпен қоштасу мерекесі

 

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

 Кіріспе сөз:

Мұғалім:

          Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «Б» сыныбын ортамызға!

 

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

 

Мұғалім:  Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Күз аруы», «Наурыз аруы», « Жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

    Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Азат : Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

             Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

             Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

             Өмір деген үлкен жолда тарландар,

Аружан: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 

Ақылбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

 

Айдана :Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Ақылбек : Айдана, осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі түлектер, біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.

Айдана:  Олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.

Азат: Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті  танып, 1-ден 100-ге дейінгі , 1000-ға, миллионға  дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге жетті.

Аружан: Содан бергі 4-жыл ішінде талай  өнерді бойымызға сіңіріп үйрендік. Бүгін міне, соның айғағы ретінде бізді білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымызбен, бастауыш мектеппен қоштасқалы отырмыз.

Аружан : Олай болса Ақылбек  алтын ұя мектебімізге арнап

 «Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: «Мектебім» хор

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

 

Азат : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

 

Ақбота : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

 

Дамир: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

Жандос:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

 

Ерхан:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

 

Азат :  «Мектеп вальсі»

 

Айдана: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып,білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Ал, осы ұстаз туралы не білеміз?

 

Аружан :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Азат:Дұрыс айтасың Аружан, ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 

Ақылбек : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 

Бағжан:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

 

Батырхан: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

 

Жанел:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

Бақберген: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

 

 

Айдана: Кәнекей балалар, барлығымыз бірге білім нәрімен сусындатқан бастауыш мектебіміздің ұстаздарына арнап

 « Бастауыш  мектеп » әнін шырқап берейік.

 

Ақылбек: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Азат: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Айдана: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

 

Рабиға : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

 

Серік: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

 

Олжас:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Дана:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

Айдана: Біздің кешімізге арнап сонау Өзбек елінен бір топ бишілер өздерінің шашуларын алып келіпті. Олай болса,  мың бұралған бишілеріміздің «Келинчек» биін  қабыл алыңыздар!

 

Тілектес :Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 

Жанел:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

Раузана: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

Дариға: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Айжан апай бағалар.

 

Дамир: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

 

Ақбота:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Маржан  апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

 

Ақылбек:  Айдана , менің саған қояр сауалым бар .

Айдана: Құлағым сенде.

Ақылбек:Қалай ойлайсың, армансыз адам бола ма? Арманның үлкен кішісі бола ма?

Айдана: Ақылбек , әрине армансыз адам болмайды.  Арман – алға жетелейтін жарық жұлдыз емес пе? Адам еңбектеніп ,қиындыққа мойымай, қажырлық танытса, ол өз мұратына ,арманына міндетті түрде жетеді деп сенемін. Ал,  арманның қаншалықты үлкен –кішілігін  Мұхтар Шақанов ағамыздың «Арман»  атты өлеңінен таба аларсың деп ойлаймын.   «   Арман   »

 

Азат: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 

Аружан:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

 

Ақылбек:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

 

Айдана: Иә, дұрыс айтасың Ақылбек. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

 

Ержан:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген

 

Бақнұр:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 

Бақберген:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 

Аружан : Олай болса, аналарымыздың құрметіне арнап  вокалды топтың орындауында «   Аналар  » әнін қабыл алыңыздар.

 

Азат: Әр ұлт бір-бірімен туған ана тілінде сөйлеседі.Ал, қазақ халқының ана тілі –қазақ тілі. Қазақ тілі – әрі мемлекеттік тіл, әрі ана тіліміз болғандықтан оны бойымызға ана сүтімен  дарыған туған тіліміз деп қастерлеп, құрметтейміз. 

 

Аружан: Елбасымыздың ұстанып отырған салихалы саясаты-үш тұғырлы тіл. Әр білімді азамат осы үш тілді жетік меңгеруі тиіс. Ал, біздің балалар 4 жылда неше тілді меңгерген екен?

 

Айдана: Аружан , бұл сұрақтың жауабын алдағы  көріністен таба аласың  деп ойлаймын.

Көрініс. «Астанадағы  оқиға»

 

Азат : Біздің балалар орыс тілін  қазақ тілінен кем білмейді.Аружан , Ақылбек, Ақбота сіздерге өздерінің жүрек жарды тілектерін орыс тілінде жеткізбекші.

 

Айдана: Биылғы жылы еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне 20 жыл толады. Бұл – тәуелсіз еліміздің төл тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға.

          Ата-бабаларымыздың аманаты – азаттығымызға қол жеткізіп, егеменді ел болғанымызға, етек-жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға мақтанамыз! Осы мерейлі тойға тарту ретінде «Егеменді елім» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Егеменді елім»

Ақылбек: Сыныбымыздың бұлбұл әншісі Әбди Дамирдің орындауында «                              »  әнін қабыл алыңыздар!                                                 

Ақылбек:Бүгінгі мерекеде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға шын жүректен алғысымызды айтамыз.

 

Айдана: Біздермен ойнап, күлетін,

               Сырымызды білетін

               Қасымызда қашанда

               Ән салып бірге жүретін

Хор:       Бақыт апайға мың алғыс!

Азат :   Дәріптеп орыс тілін үйрететін,

               Аударып қазақшасын сөйлесетін

               Гүлсім апай, Зияда апай тіл маманы,

               Қатені түсіндіріп ,жөндететін.

Хор:       Сіздерге көп рахмет!

Аружан:  Шынықсын деп бұл денем,

                 Жаттығамын күнде мен.

                 Жалықпастан сабақтан

                Мен ағайдан соны ұққам.

   Хор:     Жанмұрат ағайға мың алғыс!

Ақылбек:Бастауыш оқу ісін меңгерген.

                 Балғындарды алаламай тең көрген.

                 Роза апай бейнелеу өнерінен,

                 Береді қызықтырып, тереңінен.

Хор:          Роза апайға мың алғыс!

 

Айдана:  Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

                Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

                Сағына әркез суреттерді парақтап.

                Шәкірттерін жиі еске алатын.

                Жарқынай  апайға мың алғыс!   

 

Азат :     Айтқан кеңес ақылын,

                 Қалт жібермей ұғамыз.

                Анамыздай жақыным

                Салтанат апайға мың алғыс!   

 

Хор:         Ұсынғаны адалдық.

                  Үйреткені адамдық.

                  Бар ұстазға тілейміз,

                  Бақыт, табыс, амандық!

Азат:        Барша ұстаздар қауымына арнап бір топ бишілердің

 «Тиктоник » биін қабыл алыңыздар!

 

Аружан: Алдарыңызда  «Біздің жігіттер» КВН командасы өз өнерін көрсетеді. Қабыл алыңыздар!

 

Айдана: Бүгінгі тойымызға көрші Ресей елінен бір топ  бишілер өздерінің шашуларын алып келіпті. Ортада орыс биі «Смуглянка»

 

Ақылбек: Өтті сенде қызық шағым,

                  Бастауышым – бал бұлағым.

                  Қоштасар күн жетті міне,

                  Қимастықпен қол бұлғаймын – дей келе сөз кезегін директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Роза Кенішпай

кызына береміз.

Айдана Жер бетінің ғұмыры

                  Күн нұрымен арайлы

                  Біздің үйдің жылуы

                  Анамыздан тарайды.-деп аналарымызға сөз кезегін береміз.

Азат:    Сөз кезегін  алғашқы ұстазымыз  Жарқынай апайға   

               берейік.

Ақылбек: Бітіруші түлектерге өзінің жүрек жарды тілектерін  

                  білдіру үшін ұстазымыз Салтанат апай сөз кезегін  

                  берейік.

 Айдана:Ұмытпаймын жаныма

                Білім нәрін еккенін.

                Қош қымбатты ұстазым,

                Қош бастауыш мектебім.

 

Аружан:Кітап оқып, хат танып, есепті де шығардым.

                Өлең айтып шаттанып, би де билеп бұралдым.

                Соның бәрін үйреткен, бабын тауып баланың

                 Төрт жылымды сенде өткен, қимай кетіп барамын.-дей келе «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға  көп-көп рахмет.

 

Хор:      Қош бол, бастауыш!

                                   Қош бол, бастауыш!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!(4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.4-сыныптардың бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 1387
    • RAR 28.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабикенова Салтанат Ануарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50427
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек