Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Бастауышым-балбұлағым" сценарий

"Бастауышым-балбұлағым" сценарий

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым»


Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым- балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1 – жүргізуші Гүлназ

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әнімен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.


2 – жүргізуші Мәди

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.


Хормен: Мектеп – кеме, Білім – теңіз

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.


1 - жүргізуші Мәди

Армысыңдар ұстаз қауым ата – ана,

Құлақ түрің жақсы лебіз батаға

Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп

Бастауыштың балалары ата – ана.


2 - жүргізуші Гүлназ

Би биленіп ән айтылар аспандап

Бірте – бірте көтерілді баспалдақ

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ


1 – жүргізуші Мәди

Барлық білім бастауыштан басталған

Алғыс саған үлкендермен жастардан

Рахмет саған алғаш ұстаз апайым

Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.


2- жүргізуші Гүлназ

Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де

Бастауышты орта буын жалғапты


1- жүргізуші Мәди

Қадірлі : ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар!

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,

Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын

Қалаған бастауыш мектебімізбен.


2- жүргізуші Гүлназ

Сондай-ақ біздің ыстығымызға

Күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан

Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы

Ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Екеуі бірге: Ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші Гүлназ

Мәди, ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын.

(вальс ырғағымен оқушылар мен ұстаздар кіреді, орындарына барып тұрады)


Оқушылар қаз – қатар тізіліп тақпақтарын айтады.

Гүлназ: Жырын жаттап жатамыз,

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз;

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге.

Кел, балалар оқылық!

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқығанннан кезінде

Озған алғаш сол екен

Әліппенің озін де,

Жазған алғаш сол екен.

Бұларды да мектептен

Білдік алғаш оқып біз,

Ұлы болып кетсек те,

Ұлы ұстазға шәкіртпіз.


Аида: Есігіңді алғаш ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?

Сенен артық дүниені табам ба?


Ақбаян: Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.


Алдияр: Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын,

Кетер мәнгі сөнбей талай жылдарға


Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім

Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім

Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің,

Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.


Жұпар: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,

Мектебім саған мәңгі бюасымды ием.


Өзіңсің балауса көктемім

Мен сенен нәр алдым,көктедім

Өмірде алғашқы өткенім

Рахмет саған, бастауыш мектебім.


Нұрсұлтан: Арымсың алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.


Динара: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тасталғаны.

Бір мереке думан болып осы манда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді, міне сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз-ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.


Дастан: Балғын шақта келіп едім,

Бала қызыққа еніп едім,

Тағдырымнын білігін де

Сеніп сізге беріп едім.


Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенде жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріміммен арқамыздан қаққаның.


Құралай: Жүзің жылы құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.


Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де дер әріпті.,


Қуаныш: Қоссандар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,- біліммен күш толады.

Алғыр болл, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен не істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең,тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.


Еламан: Жақсылықты жақтаймыз

Бәрін біліп жаттаймыз.

Кітаппенен дос болып,

Сенімдерді ақтаймыз.


Мәди: Ұстаздың бар айтқан,

Ұлағатың ұғындар.

Сөйтіп әрбір сабақтан,

Сәл есейіп шығыңдар.


Ұстазым- ұлағатты сая бағым

Шәкіртті өз балаңдай аяладым

Қолыма әліппенің кілтін берген

Адалдық ақ жолынды бағаладым.


Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен

Ұстаз әнің жаңғыртыпайтып тұрып.



Ізімқайыр: Жүзің жылы құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

(оқушылар ортаға жинақталып тұрады)

Гүлсая: Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші Мәди: Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Гүлсая: Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерлерін көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Биден шашу шашылсын!

Би: «Джемми». Орындайтындар: Қуанышбаева Аида мен Тұрғалиева Гүлназ


(Би биленіп жатқан кезде безендірілген орындықты ортаға апарып қою, оған хан барып, орындықта ұйықтап отырады. Оның қасына уәзір барады да қалғып-мүлгіп желпіп тұрады )

Сахнада би биленіп жатады. Сәлден соң музыка бәсеңдей барып тоқтатылады. Сахнада хан және күтуші отырады. Хан ұйықтап отырады. Күтушілері қалғып мүлгіп, оның артында желпіп тұрады. Сәлдең соң есінеп, керіліп оянады, жан жағына қарайды.


Хан: Ой,бұл өзі таң атып кетті ме? Кеш батып кетті ме? Әлгі уәзір мен ШаҺизада қайда?

Уәзір,Уәзір деп айқайлайды.

Уәзір: Қуланып жүгіріп келеді

Уа,хан мен мұндамын,ұйқыңыз жайлы болдыма? Не бұйырасыз?

Хан: Әлгі Шаһизада келдіме?

Уәзір: Жоқ,ханеке таң атты,кеш батты Шаһизада әлі жоқ.

Хан: Бұл не қылған сұмдық тауып кел

Уәзір: Жарайды ханеке бұйырығыңыз орындалады.


(Араб музыкасы ойналады, Шаһизада билеп келіп, Ханға сәлем береді)


Шаһизада:Сәлем бердім,ханекем!!! Көрмегелі ай өттіме, жыл өттіме, көп кешіктім айыпқа бұйыра көрмеңіз.

Хан: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі хан шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көреген білгендерінді баян ет.

Шаһизада: Айтсам ханекем айтайын

Қабағыңды байқайын

Таң қалатын бір іс бар

Көп сөз етіп жатпайын

Жаңа заман жақсы екен

Бақ беретін жақта екен

2012 –ні қарсы алып

Таң нұрланып атты екен

Мектеп деген бар орын

Ұстаз қойған талабын

Бастауыш пен қоштасу

Болады екен сол жерде

Рұқсат етсен ханекем

Мен де барам сол жерге.

Хан:Уа,Шаһизада,сонда жаңазаман 2012 жылға жеткен бе? Мұғалім деген кім өзі?

Шаһизада: Мұғалім білім береді. Нағыз күш сол жақта.

Хан: Шаһизада бұл жерге бізді де апаршы.

Уәзір: Құп, ханекем,мен дайынмын

Шаһизада: Жүріңдер ендеше.Ең бірінші баратын жеріміз, Садовый бастауыш мектебіндегі 4-сыныбында өтіп жатқан «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігіне барайық.

Гүлсая: Қош келдіңіздер, қонақтар!

Адасып жүрсіздер ме?

Қай елді мекенінен келесіздер?

Хан: Армысың балам! Біз ертегі еліндегі хан шаһарынан келеміз. Жаңа заманның бүлдіршіндердің өнерін тамашалаймыз.


Гүлсая: Жаңа ғасыр, жаңа заман, біз биыл 2012 жылға аяқ бастық. Шәкірттердің

өнерін тамашалаңыздар. Жүріңіздер, өздеріңізге қолайлы жерге жайғасыңыздар.

Хан,уәзір,Шаһизада үшеуі бір орынға отырады.


Гүлсая: Құрметті ханекем! Қазір біз өздеріңізге арнап 4 – сыныптың оқушылары «Испан» биін билеп береді. (Орындайтындар: Динара, Ақбаян, Гүлназ,Құралай)

(Бидің ортасында Хан, Уәзір, Шаһизада билеп шығып кетеді)


Гүлсая: Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық,

Ән айтатын әншілерді «Бақыт» әнімен қарсы алайық.


Ән: Бақыт

Орындайтын: Ахабаева Жұпар мен Құлжанбаев Қуаныш

1.Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық , бірде мүң

Бақытты сол сауаттанып төрт жылда

Білім Іздеп азаптанса кімде кім


Қ-сы:Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің

Бақытым да балалығым сол менің

Бастауышта ойнап- күлгенім

2.Бақытты- мен, бақытты сен анашым

Балалығым бақытты бір құшқаным

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Анам саған бақыт сыйлап жүргенім

Қ-сы.

3.Білім іздеп жоғары шық жасқанбанба

Бірақ жаным мұны естен тастама

Алғаш ұстаз салып берген сара жол

Бақытыңнан адастырмас қашанда

Қ-сы.


Көрініс: Талапкер

(ортаға жолаушы адам кіреді)

Гүлназ: Сәлеметсіз бе, жолаушы?

Жолаушы: Мен жолдан шаршап келе жатқан жолаушы баламын. Атым – Талапкер. Мен Бастауыш мектеп деген патшалықты іздеп келемін. Білімсізге білім беріп, саналы, сауатты адам тәрбиелеп, жан – жақты өнерлі азамат етіп шығаратын керемет патшалықтың атын ғана естігенмін.

Мәди: Өте тамаша Жолаушы жігіт .Сіз сол іздеген Бастауыш мектеп патшалығына келіп жеттіңіз .Сіз тіпті бүгін мерекелі сәттің үстінен түстіңіз .Мынау алдарыңызда тұрған сол бастауыш мектеп патшалығының биылғы жылғы түлектері.Өздерін 4-жыл оқытқан аяулы ұстаздарымен,білім берген бастауыш мектептерімен қоштасу сәті.

Талапкер:

Енді сіздер мархабат етсеңіз осы патшалықпен, оның білімді тұрғындарымен жақынырақ танысқым келеді!


Гүлназ:

Ал құрметті білімпаз жолаушы достым бастауыш мектеп патшалығының басты тұрғындары бүгінгі түлектерді көріп тұрсыз. Ал енді ұшқалы тұрған қырандарды баптаушы ұстазымызды ортаға шақырып сөз кезегін берейік.


Ұстаз: Қымбатты ата-аналар, ұстаздар бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер. Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті шәкірттерім үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі сол 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан балалар бастауыш сыныппен, алғаш көрген ұстаздарымен қош айтысқалы отыр .Осы қуанышты да қимас сәттеріміз қүтты болсын шәкірттерім.

Сіздердің алдарыңызда тұрған оқушылар осыдан 4-жыл бұрын 6 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса ,бүгін міне ес біліп етек жиған шәкірт.Алшәкірттерім біз бұл күнге жай жете салған жоқпыз .Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз әрқашанда есімізде болары сөзсіз.Осы жолда менің алдыма қойған міндетімеліміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймейтін, суыққа тоңбайтын , итерсең құламайтын, құласа жыламайтын ,тепсе темір үзетін, қуса жеткізбейтін ,сегіз қырлы бір сырлы азаматтар тәрбиелеу.Ал шәкірттерім қадамдарыңа қадамдарыңа гүл бітсін.

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкіммен жасқанбаймын.

Бастауышты бітірген сендер

Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Самғаңдар биіктерге қайрылмасын

Енді ғана қатайған қанаттарың

Ия, ия қатайды қанаттарың

Тағы бір өтсем бе екен санап бәрін

Мінекей бүгін міне бәріңе де

Қимасттықпен қараймын ШӘКІРТТЕРІМ!


Бірге Гүлназ, Құралай, Жұпар: Келесі орындалар ән өздеріңізге арналады.

Ән: «Ұстазым» Орындайтындар: Гүлназ, Құралай, Жұпар


Жолаушы: Ұстаздарыңда өздеріңде толқып тұр екенсіңдер.Қандай тамаша ! Бастауыш мектеп патшалығы қандай керемет патшалық! Бірін-бірі ерекше құрметтейтін ұстазы мен шәкірттері қандай бақытты! Осы патшалықты іздеп темір етігім тебінгідей ,темір таяғым тебендей болып жетіп едім.Шаршағанымды ұмыттырдыңдар .Ғажайып екен. Тағы не кереметтерің бар .Тамашалайық .

Гүлназ: Шаршағанды басатын ,сарайыңды ашатын ,тұла-бойыңдағы енжарлықтың бәрін қашыратын қоңырау деген ғажайып құрал бар бұл патшалықта .Ей, сиқырлы қоңырау кәне сергіт мына жұртты.

Қоңырау үні ұзақ соғылады.


Гүлсая: Келесі кезекте орындалатын «Қоңырау» биі

2 – жүргізуші Мәди:

Ия, бұл бастауыш мектеп патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін апайымызбен бірге өткізіп, біздей бүлдіршіндерді баптап ,өз балапарындай қамқорлап жүрген ұстаздарымыз бар.Мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсарин айтқан болатын,мінекей бізде сол апайларымызга жүрегіміздің жылуын ұсынбақпыз.Мәңгі қартаймай ортамызда мектебіміздің жүректері болып соға беріңіздер.

Мәди: Келесі кезекте ортаға «Мамбо» биімен Гүлназ бен Жұпарды шақырамыз.

Би: «Мамбо»


Гүлсая: Оқушылар ағылшын, орыс тілдерін оқып апайларының арқасында тіл үйренді. Сіздерге көптен – көп рахмет.


Тақпақтар:

1 – ші Ағылшын тілінде, 2-ші Орыс тілінде,3-ші Қазақ тілінде

1- ші оқушы Динара

Шуағы мол жаз күніндей қабағың

Таң нұрындай арайлы ғой ажарың

Жымиыл бір маңдайымнан сипасаң

Балбырайды бал-бұл жанып жанарым.

2-оқушы: Ақбаян

Ұлағатты ұстазымсың данамсың

Адалдыққа баулыған сен анамсың

Білгеніңдіұрпағыңмен бөліскен

Тұлғаң биік дархан жүрек адамсың.

3-оқушы: Ізімқайыр

Сол үшінде аяулысың адамга

Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға

Еңбегіңді қастерлейді бар адам,

Ұстаз атың ардақталып қашанда .

4-оқушы: Дәурен

Мәпеледің үйреттің

Әсемдігін жер-көктің

Шаршадың қанша шалдығып

Аянбай бізге тер төктің

Асхат,Айдана, Әділет тақпақтары.

5-оқушы: Еламан

Ұстаз жолы-ұлы ұлы жол

Ұстазым менің асқарым

Біздерміз жазған дастаның

Мөп-мөлдір болсын аспаның

6-оқушы: Қуаныш

Сен менің анамдайсың, әкемдейсің

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ

Адалдықпен парасаттан жаралғансың.


7-оқушы: Дастан

Көңілің бар шәкірттің таба алатын

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын

8-оқушы: Жұпар

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға

деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, біліктілікке, әдептілікке, әдемілікке, адалдыққа әділдікке ,көп нәрсеге үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс.


Гүлсая: Келесі кезекте орындалар әсем ән өздеріңізге арналады.

Ортаға «До свиданья школа!» әнімен Жұпар мен Алдиярды шақырамыз.


Талапкер: Қандай керемет көңіл, қандай мәдиниетті, ілтипатты қарым-қатынас. Менің осы патшалыққа деген ынтазарлығым тіпті күшейді. Тағы не кереметтерің бар?

Гүлназ: Достым Талапкер, біз бастауыш мектеп патшалығында тек білім алып қана қоймаймыз, өнерге де шыңдаламыз. Қазір тамаша көріністеріміздің куәсі болыңыздар.


Көрініс:Өсерлі бала.

Қатысушылар:3 бала,3 ана, қария кісі.

Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.

1-әйел: Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.

2-Әйел: Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп,баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

1-Әйел: Сен неге үндемейсің?

3-Әйел: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді.

  1. бала:Анашым саған көмектесейін деп шелегін алып кетіп қалады.

  2. 1-Әйел:Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?

  3. Қария: Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.

Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.

Гүлназ:

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қунышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын

Түн үйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Мәди:

Кім сендерді балалар, тербететін,

Еркелетіп ойнатып сергітетін.

Жалқау болсаң балалар жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Гүлназ: Анаңды Меккеге 3-рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың деген сөз бар. Анаға қандай қамқорлық жасасаң да артық болмас еді. Аналар біз сіздерге бас иеміз. Музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар!


Гүлназ: «Алға, Қазақстан» биімен сыныбымыздың ер балаларын шақырамыз.

Би: «Алға, Қазақстан»


Талапкер: Бүгінгі түлектер. Сендер бойларыңда әдептілік, өнер - білім де жарасым тауып тұр екен.Ризамын сендерге.Бұл патшалықтың ұстаздары еңбектеріңіз ерен екеніне көзім жетті.Бұл патшалық киелі патшалық деп түсінемін.Бүгіннен бастап осында қалғым келеді. Қабылдайсыз ба?


Гүлназ: Әуелі жолаушы жігіт үстіңдегі киіміңді тастап мектеп формасын киюің керек.

Талапкер: Әрине келісемін Өнер білімге үйренгім келеді.

Гүлназ: Енді сізді қабылдаймыз. Бүгінгідей «Бастауышым - балбұлағым» деп аталатын ертеңгілікке оң тілекпен келген жолаушы Талапкер, сіз болашақта мектеп деген үлкен шаһардың тұрғыны боласыз. Ұстазды құрмейтейтін адал оқушы бола біліңіз.


Гүлсая: Талапкер, сіздің құрметіңізге арнап 4-сыныптың оқушылары «Аяулы мектебім» әнін шырқамақшы.

Ән: «Аяулы Мектебім»

(Орындайтындар: Еламан, Мәди, Нұрсұлтан, Гүлназ, Динара, Аида)


1- жүргізуші Гүлназ: Ия шынымен де бұл киелі патшалық.Бұл патшалықтан ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,көкті шарлаған ғарышкер де, ақын да алғашқы ұстаздан білім алған.Кішкентай сәби жүрегін баурап одан түсінігі мол шәкірт жасау үшін ұстаз қанша тер төгеді десеңші.

Алғашқы ұстаз еңбек ететін бастауыш мектеп сені киелі демеске бола ма?

Болса менің кішкене бір табысым,

Қорғағаным ұстазымның намысын.

Ұстазымша білсем деймін өмірді,

Ұстазымша болса деймін әр ісім.


Гүлсая: Мектебімізде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімізде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімізде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға,- дей келе «Бала тілегі» әнімен Аида мен Жұпарды ортаға шақырамыз.

Ән: «Бала тілегі»


Гүлсая: Келесі орындалар әсем бидің куәсі болыңыздар «Бехилле» биімен ортаға 4-сыныптың оқушыларын шақырамын.

Би: «Бехилле»

Гүлсая:

Мерекеде басты қостық бәріміз,

Жарасады әніміз бен сәніміз.

Әуенімен тербелейік вальстің

Бірге толқып әсем сазбен жанымыз.

Білім-теңіз, мектеп кеме деседі,

Ұстаздардан тәлім алып еселі.

Садовыйдың жалын атқан жастары,

Өзгелерден тұрады ылғи көш ілгері,-дей келе ортаға бастауыш мектебіміздің түлектерін шақырамыз.

Би: «Астана вальсі» мектеп түлектері

Гүлсая:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды ұстаздарымыз баршаңды,- дей келе бірінші сөз кезегі мектебіміздің меңгерушісі Нұрбаева Болат Есмұқанқызына беріледі.


Гүлсая: 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан мектебіміздің ұстаздарына келесі сөз кезегін береміз. (ұстаздар өз тілектерін айтады)

Гүлсая:

Мында біреу жымияды қызына,

Мында біреу ақыл айтады ұлына,

Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,

Мында біреу елтіп отыр жырыма.


  • Ол кім?-десең,

Қуаныштан езулерің жымиған.

Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.

Баласының болашағы үшін өмір сүретін,

Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.


Ата-ана секілді таза бұлақ,

Перзентің бауырында жайнар құрақ.

Құттықтау сөз кезегін алады енді,

Ата-ана, ұл-қызына тілек арнап-дей келе құттықтау сөз кезегін ата – аналарға береміз. (ата – аналар тілектерін айтады)


1- жүргізуші Гүлназ:

Бастауышым – балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.


2- жүргізуші Мәди:

Бастауышым – балқұрағым

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраным.


Бірге Гүлназ, Мәди:

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Бірге оқушылар: Қош бол, балғын балалық,

Қош бол сүйікті бастауышым!







Гүлсая:

hello_html_m22561c07.pngҰшырады мектебің өз қолынан,

Көріне бер ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!


Гүлсая: Осымен , «Бастауышым - балбұлағым» атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет! Қош –сау болыңыздар!





11


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

"Бастауышым - балбұлағым" атты бастауыш сыныппен қоштасуға арналған сценарий 4 "А", "Б" сыныптарына негізделіп құрастырылды. Білімнің сара жолы мектептен басталатын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Автор
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1303
Номер материала 248208
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх