Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауышпен қоштасу (4класс )

Бастауышпен қоштасу (4класс )

Скачать материал

 

«Бастауышпен қоштасу»

«Қазақ күйі»

Мақсаты: Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, ой өрісін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектеуге машықтандыру. Үлкенді сыйлауға және кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

 

1оқушы:  Аслан

-  Қайырлы, күн құрметті қонақтар!

 2-оқушы:  Диляра

 Сәлеметсіздер ме, аяулы біздің ұстаздарымыз!

1-оқушы:  Аслан

-         Армысыздар, ақ жаулықты аналар!

2-оқушы  Диляра

-  Есенсіз бе, өр тұлғалы әкелер!

1-оқушы:  Аслан

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі күн ойымызға.

2-оқушы  Диляра

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

1-оқушы:  Аслан

-Құрметті қонақтар, бүгінгі күні  2011 жылдан  бастау алған 4«б» класының ұжымының құрылғанына да 4 жыл өте шығыпты. Биылғы жыл 2015-тің қалай келгенін бәріміз де байқамай қалыппыз. Сіздер біздің бастауышпен қоштасу мерекесінің куәсі болып отырсыздар!

- Ендеше, ортамызға бастауыш сынып түлектерін шақырайық: (аттарын атап

отырады)

Аслан:

- Балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған мерекелік бағдарламасын тамашалаңыздар!

Кешіміздің шымылдығын «Мектебім, аяулы мектебім» әнімен  ашайық.

2-оқушы Диляра:

Артта қалған 4 жылда алуан-алуан күндерді басымыздан кештік,

1-оқушы:қуандық,

2-оқушы:ренжідік,

3-оқушы:ашуландық,

4-оқушы:еркеледік,

1-оқушы:қиналдық, төбелесіп қалған кездеріміз де бар,

2-оқушы:басқа бұзықтықтарымыз да жоқ емес, тағы-тағы айта берсек өте көп қой,

3-оқушы: 

барлық кезде қыста да, көктем мен күзде де әрдайым қасымыздан табылған,

4-оқушы:білмегенді үйреткен,

1-оқушы:ренішімізді басқан,

2-оқушы:ашуға тоқтау қоя білген,

3-оқушы:қиналғанда жол көрсеткен,

4-оқушы:төбелескенде татуластырған,

1-оқушы:бұзықтығымызды кешірген,

2-оқушы:ауырғанда сезе білген  

бәрі бірге:

Аяулы ұстазымызбен,  бастауышымызбен қоштасу кешіне жиналып отырмыз.

Қайрат:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Мақсат: 

Армысыздар, ата-әже, аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Дильнара: 

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Диас: 

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім.

Аслан:  Ортаға Мақсатты «Анашым қартаймашы» әнімен қарсы алыңыздар.

Диляра: 

-         Аслан, бүгінгі ертеңгілігімізде осы 4 жылда білім – тәрбие берген, оңымыз бен   солымызды танытқан қаншама абзал жандар бар.....

Аслан

-         Әрине, Диляра, сөзіңді бөлейін. Сол керемет жандарға біздің балалардың  дайындаған жүрекжарды өлең жолдары бар.

Мәдениет: 

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бұл мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір-бір мықты.

 

 

 

Бибінұр: 

Орыс тілін үйреткен

Ақмарал  апай ақылшым.

Рахмет  айтам әрдайым,

Білімің берген биік шың.

Сырым: 

Дене тәрбиесі сабақтың ол сабағы

Ашылса екен БЕКЕТ ағайдың  қабағы.

Киініңдер! дегенін асыға күтеміз,

Арманымызға әрең дегенде жетеміз.

Дина:

Шәкірттерді компьютерде ойнатқан,

Жазира апай   төккен білім шуағын.

Танысып ап интернетпен, мой мирмен,

Бар әлемде жаңалықты қуамын.

Диана:

Өтіп жатыр ағылшынның азабы,

Білгендерге бәрі дағы анықтай.

Білмегендер отырады дым ұқпай

Дана  апай айта берер сабағын

Қайталайды-қайталайды жалықпай.

Ал, апайлар,  қайтсін енді апайлар

Бар  өнерін салып жатыр қайталай.

Қиналамыз, қысыламыз, тыпырлап,

Қайраңдағы сусыз қалған балықтай.

 

Диляра:

Ұлдар тобының орындауында аналарына арнаған  жүрек жолды өлеңдерімен қарсы алыңыздар

 

Ұлан:

Бүгін біздер ерекше шаттанамыз,

Армандарға қол бұлғап аттанамыз.

Күміс көмей әншіміз Ерслан ағай

Сымбатты да сабырлы Шалқар ағай

Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз

Алғыс айтып сіздерге ән саламыз.

Қайрат.

Атына заты сай ғой ол апайдың

Жаны жайсаң мінезі жадырайтын.

Екінші анасындай балалардың,

Әр баланың ойын көзден ұғатын.

Мақсат.

Жайдары апай ақылын айтады ол,

Әр кезде төзімді бол,ақылды бол.

Шыншыл бол,шыдамды бол, батыл болсаң

Қалмайсың орта жолда айтарым сол.

Аслан: Ортаға мың бұралған бишілерімізді «Жаяу» биімен қарсы алыңыздар.

 

Дильназ.

Сабира апай саялы,

Бар балаға аяулы.

Күн көзіндей күлімдеп,

Жүрегінің бар жылуын жаяды.

 

Биязы мінезімен байсалды,

Болсын дейді әр баланы білімді.

Армандары орындалсын деп тілеп,

Жүреді әр кез үйретумен ілімді.

 

Дина.

Әр кезде де ақыл-кеңес беретін,

Қарлыға апай бізден үміт күтетін.

Болса егер жомарт жанның біреуі,

Мен айтар ем Қарлыға апай ол енді,

Анна.

Өзін баласынан кем көрмейді,

Ол апайдың алдында қанша бала есейді.

Барлығына тәлім беріп шыңдайды,

Оқу білім бұлағы деген сөзді

Ұл қыздары ынта қойып тыңдайды.

Диляра: Бибінұрдың орындауында «Қосалқа» күйін тамашалаңыздар.

Медина: Ұсынғаны

Бәрі: адалдық,

Бибінұр: Үйреткені

Бәрі: адамдық.

Дина: Бар ұстазға тілейміз,

бәрі: Бақыт, табыс, амандық!

Диляра: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз, мына әнімізді  қабыл алыңыздар.

Айбар: 

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

 

Женя: 

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Дамир:

Мектеп кеме, білім теңіз

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Капитанның туы қолда.

Аслан: Айбар мен Сырымды «Джентелмен» биімен қарсы алыңыздар.

 

 

 

Ардақ:

 Ана деген асқар тау бар тым биік,

Биігіне жүрмейікші  көз тігіп.

Бұл есімді естігенде біз емес,

Тұратұғын табиғат та бас иіп.

Медина:

Ана деген сыры терең шыңырау,

Үңіле алмай сол тереңге тұрмын ау.

Айтыңдаршы, көргендерің бар ма өзі,

Мен қалайша көз жеткізбей жүрмін ау.

Әлібек:

Мейірім төккен нұр жүзің,

Тұрғандай сезем жанымда.

Адал бол деуші ең жұлдызым,

Сақталды сөзің жадымда.

Игі еңбек түбі осы ау деп,

Көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай мәңгі жасай бер,

Мәңгілік күндей анашым!

Аслан: Анна мен Динаның орындауында  «Нар ағаш» күйін тамашалаңыздар.

Нурмухаммед:

Әкем менің тәңірім, пайғамбарым,

Ұмтылатын биігім, айран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

Біліп алған япыр-ау қайдан бәрін?

Диляра: Сырым мен Дильназдың орындауында « Әкешім» әнін қабыл алыңыздар.

Дильназ

Ол жоқ болса ұйқым да қашты менен,

Көріскенде қуаныш шашты денем.

Әкеме ұқса әжемді қадіреймін,

Анашымды әкемше жақсы көрем.

Диас:

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

Хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешеім айтатын барлық істе,

Біздің үйде бас қазы әкем менің.

Диляра: Бишілер тобының орындауында «Военные шуточные вальс» биін тамашалаңыздар.

Мейірман:

Әкем барда , арқам кең, жоқ алаңым,

Бәрі орнында, киімім, тамағым да.

Төрт жағымыз құбыла, мен өскенде,

Барлық бабын әкемнің табамын да.

Аня:

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың.

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

 

Сағынған:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеудеге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

 

 Аслан: кешімізді « Ұстазға мың тағзым» әнімен аяқтаймыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауышпен қоштасу (4класс )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2015 848
    • DOCX 33.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бажиева Гулмира Алпысбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бажиева Гулмира Алпысбаевна
    Бажиева Гулмира Алпысбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13209
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов