Инфоурок Начальные классы КонспектыБастауышпен қоштасу 1 сынып Сыныптан тыс

Бастауышпен қоштасу 1 сынып Сыныптан тыс

Скачать материал

«Шығыс Қазақстан облысы Семей  қаласының білім бөлімі» ММ

«№49 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ

Рахатқызы Сауле

 

Тақырыбы: « Бастауышым - бақытты шағым »

Мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныту, сәт – сапар тілеп табыстау.

Түрі:  ертеңгілік
Көрнекілігі:  Слайд презентациясы: «Менің сыныбым», шарлар мен гүлдер т. Б

Барысы:Залда А. Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.
Сынып жетекшісі келген қонақтарды отырғызып, кіріспе сөз сөйлейді:
- Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ – балалық шақ. Ендеше, сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естеріңде қалсын, балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен, бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз.
- Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!
- Олай болса, құрметті шәкірттерім сөз кезегі өздеріңде!

Нұрдос: - Ассалаумағалейкум, ағайын!
Айгерим:Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билейік, ән де бүгін шырқалар!
- «Сәлем – сөздің анасы» - демекші, армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Нұржан:Армысыздар!
Жарық сәуле көбейсін!
Армысыздар! Армысыздар!
Әсем әуен төгілсін! Орта толсын, жол ашайық!
Айнұр:- Қадірменді қонақтар, біз бүгін ең алғаш қалам ұстап, әліппемізді ұсынған ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз!
Нұрдос :- Сонымен, « Бастауышым - бақытты шағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Айгерим: Бүгін бізде үлкен қуаныш, үлкен той!
Айгерим:

Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Тойға шашу шашайық
Шырқап әнге салайық.
Нұржан:- «Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем» демекші, біз осы қай мектепте оқимыз?
Айнұр:- «Мектеп – ғылым патшасы» емес пе? Комуналды Мемлекеттік Мекеме « № 19 жалпы орта білім беретін  мектептің 4 «Д» сыныбында оқимыз.
Нұрдос :- «Жас келсе – іске» демекші, бұл мектеп ұстаздарының дені жастар. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы»- деген ғой.
Айгерим:- «Оқу білім – бұлағы, білім - өмір шырағы» - деген, бұл мектеп талай жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, азамат қатарына қосып келеді.
Нұржан:- Міне, біздің де осы киелі шаңырақтың табалдырығын аттағанымызға да 4 жыл болыпты.Келесі кезекте сыныбымыздың мың бұралған бишісі Нұрахметова Наргиз  бен анасы Гүлшат  апай   кешімізге би шашуымен келіпті. Қарсы алыңыздар!

Нұрбек:Көтеріп жүктің салмағын
Жолында өмір талмадың.
Мейірімің қандай шуақты
Ұстазым, асыл ардағым!

Шырын Қ:
Есіңде ме ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Санжар:Иә, ғұлама білгіш, ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан
Аса ірі ойшылдан,
Президент, ақыннан,
Ғарышкер ұлы батырдан,
Өнері тасқан актерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас - кәріден,
Оқушының бәрінен
Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»

Амантай:Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Дамир:Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырымнан қаққаның.

Жалғас:О, Ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,

Шәкіртім білім алсың, білсін дейсің.

Бағдат:Жылдар, жылдар өтсе де көп,
Ұмытпаймыз мәңгілік.
Қанша өмірде етсең еңбек,
Ұстаз сенің үлесің мол.

Адлен:Бар білім  бастауыштан басталады.
Шығармыз  шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Сауле Рахатқызы, әлі - ақталады.

Айгерим:Ұмытпас түлектерің, сізді Сауле Рахатқызы,
Қолына алғаш қалам ұстатқанды.
Алдыңызда әрқашан тағзым етіп,
Тұрады «Ұстазым» деп басын иіп.

Келесі кезекте сыныбымыздың мың бұралған бишісі Аманжолова Айнура мен анасы Динара апай   кешімізге би шашуымен келіпті. Қарсы алыңыздар!

Бекболат:Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым данасы.
әліппені құрметтеп,
жоғары орынға қоямыз!

Берикбол:  - Сонымен 4 жыл бойы біз: әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану, музыка, технология, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінен білім нәрімен сусындап келдік.

Наргиз:Мектебіміздің асыл діңгегі,

Шәкірттің аяулы жүрегі

Директор Ахмерова  Асия Сайбатталовна

Рахмет айтады түлегі

Гюзәл: Бастауыштың алтын тірегі,

Талай шәкірт мақтан тұтар жүрегі.

Оқу ісінің меңгерушісі Жүнісова Маржан Карапқызының

Ізгілік пен мейірімге толы.

Еркежан:Біржан Заманбекұлы мен Айсұлу Ахметжанқызы тәрбиелікке шақырған,

Санамызға қырын- сырын тоқытқан.

Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,

Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.

Бекжан:Жұмыста ылғи қайсарды,

Көрмейміз мұндай жайсаңды.

Мектептің мықты физругы,

Үлгі етейік Қуаныш Оралғазыұлы  ағайды.

Шырын И:Сания Жұмасияқызы мен Айгүл Амангелдіқызы апайлар

Орыс тілін танытқан,

Ойландырып ой- сананы дамытқан.

Баршаңызға тілеріміз – жақсылық,

Арналады өлең атты шабыттан.

Айсұлу:Анар Базарқызы  мұғалімге:
Бұлбұл үнін қаншалық,
Тыңдап жүрдік тамсанып.
Ақырында үйреттің
Тамылжыта ән салып.

Қуаныш:Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?
Ұстаз - ана жасады мына бізден
Ел танитын, азамат, бір - бір мықты.
Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»

Бейбіт:Білім алған өзіңнен,

Дәргер , ұшқыш, не ғалым.

Саған ыстық сезімнен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Назарбек:Мен де өзіңді әр дайым,

Қамқоршым деп ұғамын.

Күлім қаққан таңдайың,

Жарқынсың сен мұғалім.

Асет:

Байсалды  мінезіңізден бір қалыпты,

Менің көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Бекболат:Қоссаңдар бірді екіге,

Деуші едің – біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол , сабырлы бол,

Ақылмен істесең іс болады.

Берікбол:Беруші ең бізге айтып, өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай  өмір бойы жүрем сақтап. 

Ән: «Ұстазым»

Нұрдос:  2011-2012 оқу жылында өткен « Екі жұлдыз » конкурсының жеңімпазы «Әуесқой биші » номенациясының иегері Серікқазыева Айсұлу мен  үлкен мамасы             апаймен би шашуын ұсынамыз .Қарсы алыңыздар!

Айгерим:«Ана дегеніміз – әлемнің жан-дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен Расул Ғамзатов ағамыз.

- Ата-аналар мен оқушыларды қатыстыра отырыпойын өткізейік. Ата-аналарымыз сұрақтарға жауап беріңіздер:

Балаңыздың туған күнін атап беріңіз.

Балаңыздың ең жақын досын атап беріңіз.

Балаңыздың оқитын газет-журналдарын атап беріңіз.

       Балаға үлгі болатын кім?

       Үй ішіндегі татулық кімге байланысты?

       Балаңыздың арманын білесіз бе?

       Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?

Сізден айырмашылығын атаңыз?

Үйде бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі?

  Балаңыз болашақта кім болғысы келеті?

Енді оқушылармен «Мақалдың жалғасын тап» ойынын жүргізейік.

1.Атаға қарап…

Анаға қарап…

2. Ананың көңілі балада,…

Баланың көңілі…

3. Ата-ананың қадірін…

4. Атаның баласы болма,…

5. Жақсы сөз…

6. Ұяда не көрсең,…

7. Балалы үй-базар,…

8. Бала тілі -…

9. Оқу-білім бұлағы,…

10. Оқусыз білім жоқ,…

-Енді балалар іс қимылын жасырады, ал ата-аналарымыз сөзбен айтып табуы керек.

1. Маған ілгегімді тігіп берші.

2. Мен көйлегімді кірлетіп тастадым, жуып берші.

3. Мен ыдыстарды жуамын, сен маған балмұздаққа ақша берші.

4. Мен сабақ оқуым керек, сондықтан үй жинамаймын.

5. Менің көйлегім үтіктелмеген, соны үтіктеп берші.

- Ардақты да ұғымтал аналарымызға көптен-көп рахмет !

Ән  «Ана туралы жыр »

Айгерим:Келесі кезекте сыныбымыздың  күміс көмей әншісі Мукашева Еркежан  мен анасы Айгүл  апай   кешімізге ән  шашуымен келіпті. Қарсы алыңыздар!

Нұрдос:  «Еңбек етсең ерінбе жалқаулыққа жеңілме ,

Спорт тәннің жемісі түиіп алғын көңілге.
Салауатты өмір салтымен өзді өзіңді тәрбиеле,
Ең бастысы айтарым қанағат қыл күніңе
» деп, кекушенкан каратэ шеберлерін шақырамыз.

Айнұр:  Біздің сыныбымызда жас ақындарда бар . Ендеше , кезекті жыр шашуға береміз.  Ортада Қылышбекова Айгерімді шақырамыз.

Айгерім: «Денсаулық - ол  күлуің ,

                     Денсаулық – ол жүруің,

                     Ешбір жерің ауырмайды  » демекші, еркін күрес шеберлеріне кезек береміз.

Нұржан:

Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылды ізгі тілектер,

Болмашы ізгі тілектер,

Болмашы еш жаманат.

Нұрдос:

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Айнұр:

Алдында ұзақ жолың бар.

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман – есен болыңдар.

Айгерім:Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі « Бастауышым - бақытты шағым » атты кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауышпен қоштасу 1 сынып Сыныптан тыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2018 751
    • DOCX 27.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахат Сауле Рахатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахат Сауле Рахатқызы
    Рахат Сауле Рахатқызы
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2581
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 27 регионов