Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалы«Бастауыш білім беру жүйесіндегі кіріктіру рөлі»

«Бастауыш білім беру жүйесіндегі кіріктіру рөлі»

Скачать материал
библиотека
материалов

«Бастауыш білім беру жүйесіндегі кіріктіру рөлі»



Бірманова Қымбат Исланбекқызы

Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 мектеп-гимназиясы»КММ

Қостанай облысы,Рудный қаласы





К ритерийлі бағалау тәсілдері

Іскерлікті игерту
Рефлексиялық басқару
Ізденіс пен шығармашылық
Кері байланыс
Тілдік дағдылар

Іс-әрекетке жетелеу
Рухани күш-қуат
Уәждерін арттыру

«Кіріктіру- бір оқу материалында немесе сол саладағы жинақталған білімді өзара терең енуін біріктіру. Қазіргі кезеңде қоғамның дамуында интеграциялық үдерістер күшейді. Бүгінгі таңда зерттеушілер ғылым салаларында және басқа да салаларда, білім саласындағы жаңа ғылыми пәндер тоғысында құралдарды тиімді пайдаланылады. Мысалы биохимия, биофизика, физикалық химия, астрофизика, экология,молекулалық биология,геоматем және т.б.).Бөлінген кіріктіру үрдістер жалпы білім беретін мектептерді сырт айналып кеткен емес.Білім беру мазмұнын жаңартуда мектеп білім беру жүйесін сонымен қатар жинақталған оқу қызметінің тәсілдері,білім, білік және дағдыларды қалыптастыру керек.Тәлім-тәрбиенің мазмұнында негізделген  оқушының жеке білімінің  жүйесі, ал жиынтық, әлемнің біртұтастығы туралы оқушының жеке  әлемі болып табылады.

Білім беру жүйесінде кіріктірілген сөзі екі мағынаға ие:

Біріншіден, айнала қоршаған орта туралы оқушының тұтас ойы (оқу мақсаты ретінде қарастырылған);

Екіншіден, пәндік білімнің жақындығындағы ортақ түсінік (бұл жерде кіріктіру-оқыту құралы ретінде).

Бастауыш білім мен тәрбиенің барлық жүйесі дәстүрліден кіріктірілген идеяға бағыттайды. Білімнің басты қаланатын негізі бастауыштан басталады. Басты бағыттаушы бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан оқу тәрбие үдерісіндегі интеграция ортасы да болып табылады.

Бұл тұрғыда кіріктірілген пәндер ғана емес, жоспар құрудағы оқу мазмұнын қалыптастыру,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданатын әдіс-тәсілдердің

баланың тұлғасын қалыптастыруда атқаратын қызметті шоғырландыру және жүзеге асыру керек. Пән мұғалімдері бірлесе бірге ізденіс жасау, жоспарлау, талқылау оқыту әдістерінің негізі болып табылады. Оқушы өз бетінше ізденуге, жеке шығармашылық жұмыс жасауға, көшбасшы ретінде бастамалар белсенділігіне ие болады. Ал мұғалімге өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылығын шыңдауға, жаңаша көзқараста жұмыс жасауына кіріктірілген сабақтар көп мүмкіндік береді.

Кіріктірілген сабақтарды өткізу қадамы:



































Интеграция, білімалушылардың білгірлігін оқытуға бағытталған және алған білімдерін бір жүйеге тоғыстыру. Оқу пәндерінің элеметтерін біріктіру. Мысалы:

Математика – информатика,математика – дүниетану,қазақ тілі-ағылшын тілі,

дүниетану-қазақ тілі,көркем еңбек – математика(геометриялық элементтер), дүниетану-музыка,әдебиеттік оқу- бейнелеу өнері.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп табалдырығын аттаған оқушының міндеті –жеке тұлғаны дамытып, білімге деген қызығушылығын нығайту, ынтасын арттыру болып табылады. Әлемдік білім беру кеңістігінде оқушы білімін критерийлі жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.Білім сапасын жақсарту мен келешекте бәсекеге қабілетті ұрпақ жолында енгізілген аталмыш бағдарламаның рөлі аса маңызды деп есептеймін.Баланың ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қабілеттерін қалыптастыру. Бұл тұста оқушылардың қоршаған ортаға ұғымдары кеңейіп, ойлау қабілеттері артып,пайымдау дағдылары шыңдала түседі. Ұшқыр ой, ұтымды жауапты қажет етеді.Өркенитеттің көшінен қалмау - заман талабы. Барлық игілік оқумен келетінін Ахмет Байтұрсынов «Ұлттың ұлағаты- мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты-оқу мен әдебиетте деген сөзі осыған келіп саяды. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесінің қыр-сырын зердеге тоқып енгізіп келеміз. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуынан оқытудың парадигмасы да өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшыырап, критериалды бағалау жүйесіне өтті.

Бастауыш сынаптағы жаңа білімді игеруде оқылым мен жазылымда кіріктірілген сабақтар өте тиімді. «Жер-ортақ үйіміз» тақырыбындағы дүниетану және математика пәніне саяхат, «Менің отаным Қазақстан» көркем еңбек пен дүниетану(жобалар, презентация,буклет), Пайдалы қазбалар ағылшын тілі мен дүниетану пәндері дәстүрлі сабақтарда жүзе асыруда қиындық келтіретін сабақтар кіріктірілген сабақтарда мындай міндеттерді шешеді:

  • Дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы оқу қызметінің уәжін арттырады ;

  • Әр түрлі пәндерде қолданады;

  • Ойлау жүйелеріне бағытталған жұмыс мақсатын ұйымдастыру: салыстыру, талдау, жүйелеу.т.б.;

Кіріктірілген сабақтарда оқушылар ұсынылған материалды қызығушылықпен тез игереді. Олардың зияткерлі мүмкіндіктері, қабілеттері одан әрі арта түседі.

Кіріктірілген сабақтардың артықшылықтары:

1. Тұтас әлемнің ғылыми бағытын қалыптастырады;

2. Түрлі пәндердің жаңа фактілер арасындағы байланыстардың көзі болып табылады.;

3.Мұғалім шығармашылығына,өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік береді;

4. Ізденіс, зерттеу арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты ояту;

5. Оқу-тәрбие үдерісінің қарқынын арттыруға мүмкіндік береді

6. Зияткерлі оқушыны кеңінен тәрбиелейді;

7. Оқушының ойлау мүмкіндігін дамытады;

8. Оқушының танымдық қабілетін қалыптастырады;

9. Оқушының салыстыру, талдау, шешім шығару қабілетін қалыптастырады;

10. Денсаулық сақтау бағытындағы сабақтар әр түрлі қызмет түрлері арқылы оқушылардың шаршамауына мүмкіндік береді

Интеграция – бастауыш білім беруді дамытудың қазіргі жағдайдағы басты қағидаттарының бірі

Кіріктірілген сабақтарда оқушылардың жұмыстарын топта, шағын топтарда ұйымдастыру барысында олардың бойында төмендегідей дағдылар қалыптасады:

  • Жаңа материалды өз бетінше игеру;

  • Шығармашылық тұрғыда ойла,талдау, қортынды жасау;

  • Өз ойын басқа оқушыға толық жеткізу;

  • Іскерлік қабілетін жүзеге асыру;

  • Өзін-өзі тексеру, бағалау.

Оқу үдерісінде білім алушы логикалық ойлау әрекетінің тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді. Нәтижесінде: оқыту мен оқу оқушының рухани дамуын қамтамасыз етеді және бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан да, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Американ ғалым философы Дейль Карнеги « Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Сондықтанда үлкен ынта, зейін және талап сондай-ақ оқушының пәнге деген қызығушылығы басым болу керек. Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы есту, тыңдау, көру және ауыз-екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы  жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Білімді игеру дегеніміз – оны ұғу, есте сақтау,  қолдана білу.   Білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің және оның бәсекеге қабілеттілігінің бірі өз білімдерін түрлі деңгейдегі білім додаларында, байқауларында растайтын дарынды балаларды оқыту нәтижелері  болып табылады.Оқу үрдісінде әр түрлі денгейдегі оқушылар қатыстырылған,олар өз арасында бірін-бірі үйретіп,орта құра алады.Жақсы оқушы мен төмен оқушы топ болғанда төмен оқушыға білімін толтыра алады және кіріктірілген сабақтарда мақал,сурет бойынша мәтін құру кезінде,мазмұнын айтуда өз мүмкіндіктерін артыра алады. Байқағаным нысанадағы 3 «Б» сыныбында ойлау қабілеті жоғары балалар бар,олар хабарларды тез меңгеріп,ойлауы тез болады. Кіріктірілген сабақтарда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, ресурстар қолданылады. Мен өзім үшін мынаны еске түйдім әр оқушы өз алдына дарынды және жеке дара. Әр оқушы ізденіспен жұмыс жасап әдебиет көздерін өзі іздеп, ұстаздар сияқты пайымдайды. Яғни мақсат жүзеге асты деген осы. Логикалық терең ойлау, жаңа құрылыммен ұсыну тек сабақ барысында емес сабақтан тысқары өзін дамытуда оқушы ізденіп жүреді, қоғамдық жұмыста болмасын алға тартылып, ортаға ой салатын оқушы көбейетіні анық.







Пайдаланылған әдебиет

1. Арысбаева З. «Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері» Қазақстан мектебі №1,2007ж







  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Бастауыш білім мен тәрбиенің барлық жүйесі дәстүрліден кіріктірілген идеяға бағыттайды. Білімнің басты қаланатын негізі бастауыштан басталады. Басты бағыттаушы бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан оқу тәрбие үдерісіндегі интеграция ортасы да болып табылады.

Бұл тұрғыда кіріктірілген пәндер ғана емес, жоспар құрудағы оқу мазмұнын қалыптастыру,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданатын әдіс-тәсілдердің

баланың тұлғасын қалыптастыруда атқаратын қызметті шоғырландыру және жүзеге асыру керек.
Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Организация работы по формированию медиаграмотности и повышению уровня информационных компетенций всех участников образовательного процесса»
Курс профессиональной переподготовки «Организационное и документационное обеспечение управления организацией»
Курс повышения квалификации «Менеджмент и маркетинг образовательного учреждения»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Руководство и управление образовательной организацией»
Курс повышения квалификации «Контрольно-надзорные мероприятия в общеобразовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Повышение финансовой грамотности в ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Управление процессом финансового планирования и консультирования в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Применение социальных медиа в обучении»
Курс повышения квалификации «Проблема управления качеством высшего образования с учетом внедрения ФГОС 3+»
Курс повышения квалификации «Основы анализа стратегических документов на примере ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Управление организацией»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Философия управления»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.