Инфоурок Начальные классы СтатьиБастауыш сынып білім беруде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып білім беруде жаңа технологияларды қолдану

Скачать материал

Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Бастауыш сынып мұғалімі

Керимбекова Махаббат Науканбаевна

Іле ауданы,

«№40 орта мектебі» МКМ

Бастауыш сыныпта жаңа технологияларды қолдану мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық қабілетін, ақпаратпен жұмыс істей білуін, өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етеді, ең бастысы білім сапасының динамикасы артады.Қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің қатарында оқушының өмірге бейімделуі, оның бойында өзін-өзі тәрбиелеу және алған білімін шығармашылықпен пайдалану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бастауыш мектеп – баланың одан әрі білім алу сапасына байланысты іргетасы. Ал бұл баланы ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету және оны оқуға үйрету басты міндеті болып табылатын бастауыш сынып мұғаліміне ерекше жауапкершілік жүктейді. Сондықтан мұғалімнің бірінші кезектегі міндеті – оқуға оң мотивацияны дамыту. Мұғалім балаға мектептегі үлгерім оның болашағы екенін түсінуге көмектесуі керек.Оқыту әдістерінің заманауи технологияларын жүйелі қолдану ғана тұрақты жоғары нәтиже беріп, эрудитті, рухани бай тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететініне сенімдімін.

Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше.  Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек.                Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады [1].

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданумен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз -әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез -келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр -сырын жетік түсіне білу керек. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге және ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан -жақты ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Стратегияның 80-нен аса түрі бар және жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп жіберуге болады [2].     

Аталған технологиямен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда сын тұрғысынан ойлау  жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау мақсатында: арнаулы бір тақырыпқа пікірталас, ой қозғау, «инсерт» кестесі; Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс: эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, фишбоун, шахмат тақтасы, торлы диаграмма, стратегиялар/әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; Кейіпкерге мінездеме беру үшін  өз ойын жазғызу , авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы;

Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады [3].

Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Броундық қозғалыс», «Стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады. «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», «Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі», «ПОПС формуласы», «Шахмат», «Фишбоун» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады және оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Бұл әдістердің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

Сабағымда жиі қолданатын жаңартылған мазмұн аясындағы интербелсенді әдістерге тоқталар болсам: «Үштік» әдіс - сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. SWOT талдау - бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі [4]. 

Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.

Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.

Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

– Сабаққа қызығушылығы артады;    – Нақты өз деңгейінде бағаланады;

– Жеке қабілеті айқындалады;           – Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

– Даму мониторингі айқын көрінеді;

Өз іс-тәжірибемде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Қорыта келгенде,  қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар  ойлауды дамыту,  қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.   Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. А.Ерболатов «Жаңа ақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл
2. Г.Сұлтанова «Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану» //Бастауыш мектеп №12 2005 жыл
3. М.Ералиева «Оқытудың қазіргі технологиялары» //Бастауыш мектеп №5, 2006 жыл

4. http://www.rusnauka.com/47_NIO_2015/Pedagogica/5_205792.doc.htm

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып білім беруде жаңа технологияларды қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 696 224 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2024 69
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кунтубай Арайлым Абзалкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кунтубай Арайлым Абзалкызы
    Кунтубай Арайлым Абзалкызы
    • На сайте: 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 909 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Основы кибербезопасности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек